Сабақтың тақырыбы: Адал ұрпақ тәрбиелей білейік!
Сабақтың мақсаты:
Сахнадағы іс- қимылдардың, сахнаға төселдіру.Көркем сөз оқу өнерінен жан – жақты мәлімет бере отырып, сөз өнері мен сөйлеудің әдіс – тәсілдеріне төселдіру, сөйлеу техникасы- дұрыс дем алу, дикция (үні, сазы), дауыс сапасын дамыту жолдарын көрсету. Жалпы оқушыларға «өнер» ұғымын түсіндіру, өнерге құштарлық сезімдерін ояту, өнерлі адамдардың жетістіктері арқылы қызығушылықтарын қалыптастыру және эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Балалармен сәлемдесу, сабаққа дайындау
2. Жалпы «Сахна өнері» үйірмесінің мақсатын түсіндіру:
1. Өнерлі дегеніміз кімдер?
2. Өнердің түрлері бар ма?
3. Ауылымызда өнер адамдары барма?
«Сахна » өте киелі орын. Көптеген мәдениеті жоғары дамыған елдердің театр залы үнемі көрерменге толы болады. Театрды күнделікті өмірінің бір бөлшегіндей көріп, тіпті кейбірі өмірін онсыз елестетуге қорқады. Ал бізде ше? Бізде қалай? Сахна бос емес, шымылдық ашулы… Ал көрмендер залы ше? Сахна ауасын сағынып, өнерге шөлдейтіндердің саны тым азайып барады.
«Театр мұражай сияқты, біз оған бармаймыз, бірақ оның бар болғанына қарсы емеспіз» дейді. Иә, расында солай ғой. Театр, театр деп жар салып жатамыз. Ал оған барып жатқан қаншамыз бармыз? Уақыт жоқ дейсіз бе? Тұрмыстық проблемалар, күнделікті күйбең тіршілік, күн көріс үшін жан талас, бала-шағаның қамы үшін қарбалас… Сізді демалыссыз жұмыс жасауға мәжбүр ететін де осы бітпейтін проблемалар. Уақыт тауып, демалыңыз. Материалдық байлықпен қоса рухани байлық та жинаңыз. Компьютермен дос болған балаңызды неге театрға алып бармасқа?
«Адам бүгін театрға ертең адам болып қалу үшін барады» дейді атақты режиссер Робер Лепаж. Театр – нағыз тәлім-тәрбие мен тағылымның ортасы. Киелі өнердің ордасына бас сұққан бала мәдениетті де үйренеді. Сахнаға көз тіккен бала өмірді көреді. Жақсы мен жаман арпалысып жатқан заманның ащы шындығын біліп, ақ пен қараның ара жігін ажырата алады. Нағыз мәдениет те, нағыз өнер де театрда.