Химия саба?тарында о?ушыларды? шы?армашылы?
?леуетін дамыту.
Елімізді? Президенті Н.?. Назарбаев ?зіні? 2030 ба?дарламасында «Елімізді ілгері жылжытатын, экономикасын к?теруге ?з ?лесін ?осатын бізді? келешек ?рпа?ымыз, ?азіргі жастарымыз»- деп жастар?а ?лкен ?міт артады. Елімізді барыс?а айналдыратын осы жастарды? ?олында деп атап к?рсетті. Ал б?л білім беру ж?йесіні? барлы? буындарына ?лкен міндеттерді ж?ктейді.
Ол міндеттер ?аза?стан Республикасыны? «Білім туралы За?ы» мен бас?а мемлекеттік білім беру стандартында на?ты к?рсетілген.
1. Б??ан Елбасымыз Н.Назарбаевты? ?аза?стан хал?ына арнал?ан жолдауында айтыл?ан «ХХІ ?асырда білімін дамыта алма?ан елді? ты?ыры??а тірелетіні аны?» деген пікірі на?ты д?лел.
2. ?ай жерде ж?мыс істесекте, ?р м??алімні? алдында ?ой?ан ма?саты: жан – жа?ты білімді, кез келген ?иынды?тардан ?зін алып шы?а алатын, а?ылды да, парасатты бойында адамгершілік ?асиеті мол, т?рбиелі о?ушыны мектеп ?абыр?асынан о?ытып шы?ару.
«Мектепті? жа?сы болуы – ?стаздар ?ауымынан»- дегенде с?з бар. Сонды?тан ?р м??алім о?ытуды? ?азіргі жа?а технологиясын, немесе жа?а ?діс – т?сілдерін саба??а тиімді пайдаланса ?ана, келешек ?рпа?ты? ж?йелі білім алуына, дамуына жол ашылма?.
«Адам ?рпа?ымен мы? жасайды» - дейді хал?ымыз. ?рпа? жал?асты?ымен адамзат баласы мы? емес миллионда?ан жылдар жасап келеді. Жа?сылы??а бастайтын жары? ж?лдыз - о?у. «Надан ж?ртты? к?ні – ?ара?, келешегі т?ман», - деп М.Дулатов айт?андай, егеменді елімізді? тірегі - білімді ?рпа?. Сусыз, ??р?а?, таса к?ле?ке жерге д?н ексе? ?нбейтіні сия?ты, жас ?рпа?тарымызды т?рбиелемесек ?спейді, ?нбейді. ?азіргі мектеп м??алімдеріні? алдында т?р?ан басты міндет – о?ушыларды? шы?армашылы? білім да?дыларын ?алыптастыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Химия сабақтарында оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту.
Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің 2030 бағдарламасында «Елімізді ілгері жылжытатын, экономикасын көтеруге өз үлесін қосатын біздің келешек ұрпағымыз, қазіргі жастарымыз»- деп жастарға үлкен үміт артады. Елімізді барысқа айналдыратын осы жастардың қолында деп атап көрсетті. Ал бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына үлкен міндеттерді жүктейді. Ол міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы» мен басқа мемлекеттік білім беру стандартында нақты көрсетілген. 1. Бұған Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында айтылған «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық» деген пікірі нақты дәлел. 2. Қай жерде жұмыс істесекте, әр мұғалімнің алдында қойған мақсаты: жан – жақты білімді, кез келген қиындықтардан өзін алып шыға алатын, ақылды да, парасатты бойында адамгершілік қасиеті мол, тәрбиелі оқушыны мектеп қабырғасынан оқытып шығару. «Мектептің жақсы болуы – ұстаздар қауымынан»- дегенде сөз бар. Сондықтан әр мұғалім оқытудың қазіргі жаңа технологиясын, немесе жаңа әдіс – тәсілдерін сабаққа тиімді пайдаланса ғана, келешек ұрпақтың жүйелі білім алуына, дамуына жол ашылмақ.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман», - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Шығармашылық – бұл нақты іс-әрекет барысында жүзеге асырылатын өз бастауы, өту барысы және нәтижесі болатын үрдіс. Бұл үрдіс 3 кезеңнен өтеді: дайындық, ізденіс, орындау. Осы деңгейлерге сәйкес шығармашылық қабілеттерінің құрылымын анықтайды, өз бойынан оларды талдайды, бағыттай отырып дамытады және жетілдіреді.
Сонымен қатар әрбір адам ортасына деген көзқарасы мен әрекетіне қарай бір-бірінен өзгешеленеді. Адамның айналасын танып білуге жануардан айырмашылығы ортаға бейімделуінде емес, оған шығармашылықпен қарауында. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекетке көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет. Балаларды оқытуға зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының басымдығымен түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруда ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашады. Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өнімге қол жеткізуінде, екінші жағынан, ізденіс процесінің мәнділігінде. Шығармашылық – ойлау қабілетінің ең жорғарғы қасиеті. Шығармашылық арқылы оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді. Тіл дамыту жұмыстары жан-жақты болса, ойының дәлдігі, тілінің көркемдігі артады. Тақырыпты меңгеруге өз күшіне сену қасиеті қалыптасады. Мектеп қабырғасында оқушылар жақсы да, жаман да оқиды. Адам бойындағы дарындылықты табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектенуге баулу. Ол үшін мұғалімге жақын аямай еңбек ету қажет. Орта буынды шығармашылық мүмкіндігі зор, шығармашылықпен тұрақты, белсенді айналасуға икемді жас деуге толық болады. Осы арада оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік – оларды психологиялық дайындықтан өткізу, яғни балалық шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырып, «сенің қолыңнан бәрі келеді екен ғой», «өзің де бәрін біліп, үйреніп аласың» деп олардың кішкентай жетістіктерін мадақтап, көтермелеп отырамын. Алдындағы жетістіктеріне құптаушылық көрсетіп, сезім күйін бақылап, қамқорлық жасаймын. Оқушының қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беріп, алдыға проблема қойып оны шешуге ықпал жасап отырамын. Сабақ беру үрдісінде оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы зор. Жазба жұмыстары олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасын, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу және одан қорытынды жасау қасиеттері байқалып тұруы қажет деп ойлаймын. Шығармашылық жазба жұмыстары – тіл дамыту жұмыстарының бір түрі. Жазба жұмысын жазарда оқушыға міндетті түрде бағыт-бағдар беремін. Шығармашылық жазба жұмыстарының мақсаты – логикалық ойлауды дамыту, шығармашылық қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге қалыптастыру. Әр сыныпта қабілетті, икемділігі, қызығуы, дамуы, ой-өрісі, сөйлеуі, сырт бейнесі әр түрлі оқушылар отырады.
Қазіргі замандағы ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс — әрекетіне қабілетті, еркін және жан — жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалу тиіс. Олар:
Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;
Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;
Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу;
Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз — оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс — әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады.
Мен өз сабағымда дамыта оқыту технологиясымен бірге, ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланамын. Бұл технологиялардың нәтижесінде, ең алдымен оқушының өз бетімен жұмыс істеу әрекеті мен қазіргі заманға сай ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы, интерактивті тақтамен жұмыс істеу біліктілігі және қызығушылық белсенділігі артады. Біз сабақты қанша сапалы, білімді, шеберлікпен өткізсек те, ал бала – оқушы тарапынан өзіндік белсенділік, әрекет болмаса жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес. Кезінде, өз бетіндік жұмыстың бала дамуындағы рөлін жете көре білген және ол жөнінде еңбек жазған ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Бала білімді тәжірбие арқылы өз бетімен қосымша алуы керектігін айтады. Бұдан біз 20-30 жылдардың өзінде – ақ А.Байтұрсынұлының дамыта оқыту теориясында оқушының өзбетіндік танымдық әрекетінің рөлін көре біліп, оның бала дамуындағы маңызын өз кезінде қозғағандығын байқаймыз. Дамыта оқытудағы мұғалімнің міндеті - балаға орындалатын жұмыс түрлерін білім дәрежесіне байланысты шағындап беру, және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт бағдар беру, көрсету, үйрету. Оқушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылық қабілетін дамыту үшін әртүрлі тапсырмалар беруге болады. Мысалы: 8 сыныпта химия сабағында « Алғашқы химиялық ұғымдар» тарауында Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда сөйлем құрауға тапсырма беріледі, бұл сөйлемнің 1 – де оттегі жай зат, 2- де химиялық элемент ретінде айтылуы керек. Темір жай зат, екіншісі химиялық элемент ретінде. Келесі тапсырмада: 1. Су молекуласында оттегі атомы бар 2. Балықтар судағы еріген оттегімен тыныс алады. 3. Темір оксидінің құрамында темір атомы бар. 4 ,Балта, балға темірден жасалады. 9 сынып «Металдар» тақырыбында жұмбақтарды пайдалануға болады.
Ақ металл айналады тыным таппай Жүргендей су бетінен орын жақпай Аздан соң суға сіңіп, жоқ болады, Оқушы, ал, ойлан бұл қандай металл. ( сілтілік металл + Н2О әрекет етеді. Оқушыларға неге тез ериді – белсенді металл, нәтижесінде не түзіледі – сілті, дей келе олардың химиялық қасиетін түсіндіріп тәжірбие көрсетіледі және т. б.
Оқушыларға металдардың физикалық қасиеттерін оқығанда өлең жолдарын құрастырып, таныстыруға болады.
«Химиялық портрет»
Алтындай менің ардақтым,
Қорғасындай салмақтым.
Көптен көрмей өзіңді,
Электрондай зар қақтым.
Өзің менің оттегім,
Өмірім сенсіз жоқ менің.
Мінезің мыстай майысып,
Сынаптай сырғып кетпегін.
Шаштарың қара көмірдей,
Мүсінің құйған темірдей.
Кальцийдей менің аппағым,
Өзіңнен асыл таппадым.
8 сынып. «Оттегі» тақырыбына Иісі де, дәмі де жоқ, ұсталмайды, Ол болмаса жер бетінде өмір жоқ Ақыры жанған отың тұтанбайды. (оттегі)
Екі соқа ертегі Революция жылдары. Тақырыбы: Металдар Темірден бір шеберханада екі соқа соғылады. Оның бірі диқаншының қолына тиеді де, бірден жұмысқа кіріседі, ал екіншісі сатушының дүкеніне түсіп ешбір пайдасыз жатып қалады. Бірнеше уақыттан кейін екі кездесіп қалады. Екіншінің қолындағы соқа бұрынғыдан да жарқырап кеткен. Ал ешбір қимылсыз дүкенде жатқан соқа қарайып тот басып қалыпты. - Сіз қалайша осылай жарқырап, жақсарып кеткенсіз – деп сұрайды тот басқан соқа. - Мені жарқыратқан еңбек , қымбаттым – деп ,жауап береді, ал сен ешбір еңбексіз, қимылсыз жатып қалғандығыңнан сені тот басып бұрынғыдан жаман болып кетіпсің.
Мақал – мәтелдерді сабаққа пайдалану. «Су» - тақырыбына. 1. Сумен ойнама – батарсың, отпен ойнама – жанарсың. 2. Су бергеннің сауабы бар, су төкеннің жауабы бар. 3. Ақпаса – су сасиды, ойламаса ми сасиды – деп айта келе оқушылар су туралы өздері білетін мақал –мәтелдерін , құрастырылып жазылған өлеңдері мен шығармаларын оқиды. Осындай оқушылар шығармашылығымен өткізілген әрбір сабақ қызықты ,әрі тартымды өтеді.