а) Ж.Баласағұн қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
ә) Ж.Баласағұн кім?
б) Қандай ғылым салаларымен айналысқан?
в) Баласағұн туралы қандай еңбектерде жазылған?
(Абай энциклопедиясы, тарих оқулығы, қазақ совет энциклопедиясы,
Ел тұтқа кітабында Баласағұн туралы мағлұматтарын оқу).
Жаңа сабақ. І. «Құтты білік» дастаны туралы.
«Құтты білік» дастанын хижра есебі бойынша 462 жылы, жаңаша жыл санау бойынша 1070 жылы жазып бітірген. Шамамен 54 жасында жазып бітірген.
«Құтты білік» дегенде айтылатын «білік» формасының 2 түрлі мағынасы бар. Бірі – білім, екіншісі – билік ету, басқару. Ал «құтадғу» сөзінің негізі «құт» сөзінен, яғни «бақыт» екені мәлім. Ғалымдар әр түрлі етіп аударды «Бақыт кітабы», «Бақытты етуші басқару», «Басқару туралы білім» т.б. Белгілі орыс ғалымы «Құтты білім» (Благодатное знание) деп аударған.
Композициялық құрылысы жағынан дастан 6500-ден астам бәйіттен (екі жолды өлең) тұрады. Бұл 13000 өлең жолы деген сөз. Соның бәрі 85 тарауға бөлінген.
ІІ. Жоспары:
Төрт кейіпкер
Күнтуды – Әділет.
Айтолды – Дәулет.
Өгдүлміш – Ақыл.
Өдғұрмыш – Қанағат.
«Бес нәрседен қашық бол».
Адам баласының қадір-қасиеті біліммен, ақылмен.
Хас Хажыптың қызметі.
«Жаз» өлеңі.
«Құтты білік» дастанының идеясы төрт принципке негізделіп жазылған. Оқушыларды осы төрт кейіпкердің сұхбатымен таныстыру.
ІІІ. Кітаптағы дастаннанберілген үзіндіні үш топқа оқытып, сол үзінді бойынша жұмыс жасау.
І топ. Бес нәрседен қашық бол. (Берілген үзіндіні Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен салыстыру.)
Құтты білік Ғылым таппай мақтанба
5 нәрседен алыс бол 5 дұшпан
ІІ топ. Үзіндіде қандай мәселе қозғалған?
Шын достық Пайда үшін дос болу
ІІІ топ.
Тілдің пайдасы Тілдің зияны
Әрбір топтағы оқушылар адам бойындағы жағымсыз қасиеттер туралы, достық туралы, тіл туралы білгендерін ортаға салып, ойларын бөлісті.
ІҮ. Баласағұнның «Жаз» өлеңін Абайдың «Жаз» өлеңімен салыстыру.
Ү. Түркі тіліндегі дастанның дыбысталуы мен қазақ тіліндегі баламасын салыстыру.
ҮІ. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.
а) «Құтты білік» дастаны қандай тараулардан тұрады?
ә) Дастанның композициялық құрылыс туралы не білеміз?