Сабақ | Мектеп: «№27 Өмірзақ орта мектебі» КММ | ||
Қазақ әдебиеті | Мұғалімнің аты-жөні: Конысбаева Г.Ж. | ||
Күні: | |||
Сынып: 9 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |
Сабақтың тақырыбы: | Шешендік өнер: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздері | ||
Бөлім атауы | Атадан қалған асыл сөз | ||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Т/Ж: 9.1.2.1. Әдеби шығармадағы психологизмді анықтау; А/И: 9.2.4.1. Автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу; | ||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушы орындай алады: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздерінің мазмұнын біледі, сұрақтарға жауап береді, өзіндік пікір айта алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздеріндегі психологизмді анықтап, талдау жасай алады. Оқушылардың кейбіреулері орындай алады: Автор стиліне сүйене отырып, мысал келтіре алады, шынайы өмірмен байланыстырып шығармашылық ойтолғау жаза алады. | ||
Бағалау критерийлері | Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздеріндегі психологизмді анықтайды, автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазады. | ||
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздерінің мазмұнын біледі, сұрақтарға жауап береді, өзіндік пікір айта алады, Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздеріндегі психологизмді анықтап, талдау жасай алады, автор стиліне сүйене отырып, мысал келтіре алады, шынайы өмірмен байланыстырып шығармашылық ойтолғау жаза алады. | ||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Сайқы – белгісіздеу, дүдөмалдау, түсініксіздеу; Сауат- 1) діни сөз; мадақ ретінде айтылатын дұға, намаз 2) араб сөзі; бітім, кешірім деген мағынаны білдіреді; Жақайым- Кіші жүздің бір бөлігі алты ата Әлімнің ішіндегі шекті руының бір тармағы, ру аты; | |||
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Жорықта ту көтерген батырлар. Билік айтқан даналар. | |||
Талқылауға арналған сұрақтар:
| |||
Ишара: мадақтау, қошеметтеу, жылы шырай таныту. | |||
Алдыңғы оқу: | Ж. Баласағұн «Құтты білік» дастаны. | ||
Құндылықтарға баулу: | «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы.Тарихтың,мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Құрмет.Тілге құрмет. | ||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, Қазақстан тарихы. | ||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |
Сабақтың басы (7 мин) | І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу. оқушылардың сабаққа толық қатысуын тексеру, назарын сабаққа аудару. ІІ. Психологиялық ахуал орнату. «Жұлдыз жорамал» тренингін ұйымдастырамын. Орындау шарты: Оқушыларға сары, жасыл, қызыл түсті жұлдызшаларды өз қалауларымен алғызамын. Жұлдызшалардың артында «Бүгін сені сәттілік күтіп тұр», «Ата – анаңа алғыс айтуды ұмытпа», «Досың сенің кеңесіңе зәру» деген сияқты жорамалдар болады. Содан кейін оқушылар жорамалдарды оқып, бір – біріне сәтті күн тілейді, ынтымақтастық қарым-қатынас орнатады. ІІІ.Сыныпты топқа бөлу. Әр түрлі жұлдыздардың түсі арқылы топқа бөлемін.
4. Үй тапсырмасы. Ж. Баласағұнның «Құтты білік» дастаны бойынша сұрақтарға жауап беру. «Попкорн» әдісі арқылы жүзеге асады. Орындалу шарты: Өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар жылдам орындарынан тұрып сұраққа жауап берулері керек. Дескриптор:
ҚБ: Мадақтау сөздер арқылы ауызша бағалаймын. | Интербелсенді тақта
Жұлдыз жорамал | |
Интербелсенді тақта
«Қазақ әдебиеті» оқулығы, Алматы. «Мектеп» 2019ж. 22-27 беттер, А4 қағазы, түрлі – түсті маркерлер А4 қағазы, түрлі – түсті маркерлер | |||