kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жеке бас тазалығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Даярлық  сыныпта өткен ашық сабақ жоспары.Тақырыбы: Жеке бас тазалығы. Мақсаты: оқушыларға жеке бас тазалығын сақтауға баулу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жеке бас тазалығы»

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Валеология
Тақырыбы: Жеке бас тазалығы
Мақсат - міндеттері: Балалардың «Сәлеметсің бе?», «Сау бол!» деген сөздердің мағынасы жөніндегі білімдерін бекіту. Дәрігер Салауатпен, Әліппе - дәптермен таныстыру. Жұқпалы аурулар жөнінде мәлімет беру, қолды жуу дағдыларын қалыптастыру.
Құралдар: әліппе - дәптер, тақырып бойынша сюжетті суреттер

Мұғалімнің іс - әрекеті
Ұйымдастыру Педагог балаларға бір - бірімен амандасуға ұсыныс жасайды
Педагог балалармен «Амансың ба?», «Сәлеметсің бе?» деген деген сөздердің мағынасы туралы әңгімелеседі. Адамдар бір - бірімен кездескен және қоштасқан кезде айтылатын амандасу және қоштасу сөздері – ғажайып сөздер, осы сөздер арқылы бір - біріне денсаулық және қайырымдылық тілейді.
Негізгі Балалардан ата - аналары мен жақындары ұйқыдан оянған кезде, балабақшаға немесе мектепке келгенде, таныстарын кездестіргенде қандай ғажайып сөздерді қолданатынын сұрайды.
Педагог амандық сөздерге жеке - жеке, қысқаша түсінік беріп өтеді.
Балаларға «Сәлеметсің бе?», «Амансың ба?», «Сау бол!» деген сөздерді амандық сөздер ретінде түсіндіре отырып, «Неліктен олай ойлайсыңдар?» деген сұраққа жауап алынады.
«Амансың ба?» деген сөз – бұл басқа адамға саулық, ұзақ өмір тілеу деген мағынаны білдіреді. Біз кездескенде амандасып, бір - бірімізге денсаулық тілейміз.
- Адам ауырғанда өзін қалай сезінеді? Ауырмағанда адам туралы не айтуға болады? Денсаулық деген не?
Әңгімелесу барысында балалар ауырған кезінде өзін қалай сезінетіні жөнінде айтып береді.
Адам ауырса ыстығы көтеріледі, жата бергісі келеді, терлейді, әлсіреп, тамаққа тәбеті болмайды, көңіл күйі бәсеңдейді. Дәрігер оларға дәрі, екпе дәрі жазып береді.
Ауырған бала балабақшаға, мектепке бармайды. Үлкендер жұмысқа бармайды. Олар үйде дәрі ішіп, емделеді.
Дені сау адам – еш жері ауырмайтын адам. Оның көзі жақсы көреді, құлағы анық естиді, қоларды, аяқтары мықты, қайратты, жігерлі, көңілі көтеріңкі болады, тамақты жақсы ішеді, жақсы ұйықтайды, балабақшаға, сабаққа немесе жұмысқа көңілді барады.
«Денсаулық» деген сөз – «денеңнің саулығы» деген мағынаны білдіреді.
Ендеше, «Денсаулық – зор байлық!» деп халқымыз айтқандай, оны ешнәрсеге теңеуге болмайды, адамдар бір - біріне ең алдымен денсаулық тілейтінің себебі, міне осында.
Педагог балалардан ауырып тұрған (басы, тамағы) және дені сау, көңілді адамды бейнелеуді ұсынады.
- Сендерге қайсысы көбірек ұнады – ауырған адам ба, әлде денсаулығы мықты адам ба?
Ғалымдар қазір адамның ауырмай өмір сүруіне, денсаулығының мықты болуына, оны қорғауға қалай көмектесуге болатыны жөнінде ойлануда.
Валеология – денсаулық туралы арнайы ғылым.
Педогог «валеология» сөзінің құпиясын ашады. «Валео» - латынша «сау бол», ал «логос» - ғылым деген сөзден шыққан.
Валеология – денсаулық туралы ғылым, ол балаларды ақылды, көңілді, дені сау болып өсуге баулиды. Ең бастысы, ол ауырмай, салауатты өмір сүруге үйретеді.
Әліппе - дәптермен жұмыс.
Балалар Дәрігер Салауатты сымбатты, әдемі, денсаулығы мықты адам екендігіне назар аударады.
Оның атының өзі салауатты өмір сүру дегенді білдіретінін түсіндіреді. Осы салауатты өмір салты Дәрігер Салауаттың сымбатты, әдемі, денсаулығының мықты болуына көмектескен.
Салауат балаларды «Валеология» әлеміне қызықты саяхат жасауда басты көмекшілері болатын Денсаулық әліппесімен танысуға шақырады.
Оқу. Гигия туралы аңыз.
Аңызды талдау.
Панацея адамдарды түрлі ұнтақтармен, қою, сұйық дәрілермен емде, барлық ауруға арналған бір ғана дәріні әлі күнге дейін іздеумен келеді.
Гигия ауруды болдырмаудың заңын үйретіп, денсаулығы күшті, рухани жағынан мықты болуға жетелейді. Сондықтан гигия «Валеология» әлемінің сүйікті қонағы болады.
Балалар педагогпен бірге Әліппе - дәптердегі аңыз мәтінін оқып, суреттерге зер салады.
Тазалық туралы әңгіме:
Әр адам жеке басының тазалық тәртібін сақтауға міндетті. Қарапайым ережелер күнделікті дағдыға айналуы тиіс. (Бұл не?)
Педагог балалармен сабын және су жөнінде әңгіме жүргізеді.
Кімде - кім үнемі қолын сабындап жуып жүрсе, ол ауырмайды.
Дымқылдап күнде сен,
Қолыңды сүйкесең,
Кетіп кір - ласың,
Тап - таза болсың.
- Қолыңды күніне неше рет жуасың?
- Тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін, серуеннен соң немесе қоғамдық көліктен түскеннен кейін, лас жұмысты орындаған соң қолды міндетті түрде жуу қажет.
- Су мен сабын – нағыз досың. Сен қолыңды сабындағанда на пайда болады?
- Қолымызда сабын көпіршігі пайда болды. Әр көпіршік қолымыздағы кірді кетіреді, ал су оларды жуады.
Практикалық әрекет.
- Қолды қалай тазалап жуу керек?
Қолымыздағы сабынды алып, оны сулап сабындаймыз. Сабынды орнына қойып, қолды уқалаймыз, сол кезде «сабын қолғабы» пайда болады. Таза сумен көпіршікті жуып кетіріп, қолымызды сүлгімен жақсылап сүртеміз.
Педагог балаларға қалай сабындап жуғанын, сүлгімен тазалап сүрткенін қимылмен көрсетуді ұсынады.
- Әр адамда жеке басының тазалығына арналған заттары болуы шарт: сүлгі, тіс щеткасы, тарақ, қолорамалы, т. б.
Балалар шеңберге жиналып, күлімдеп, бәрі бірге ғажайып сөздерді қайталап қоштасады. Сау бол!
Балалар кездескен және қоштасқан кезде айтылатын амандасу және қоштасу сөздері ғажайып сөздер екенін, осы сөздер арқылы бір - біріне денсаулық және қайырымдылық тілейтінін қайталайды.

Қорытынды
Валеология – денсаулық туралы ғылым.
Жеке бастың тазалық ережесін сақтайық.
«Сәлеметсің бе?», «Амансың ба?», «Саумысың?», «Сау бол!» - ғажайып сөздер.
Үйге тапсырма: ата - аналармен бірге денсаулық туралы мақал - мәтел, жаңылтпаш жаттау және сабын туралы жарнама ойлап келу.

Күтілетін нәтиже:
- Балалар жеке бас тазалығы жайлы білуі керек
- Оқылған аңыздың мазмұның түсінуі керек


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Жеке бас тазалығы

Автор: Магрупова Нургуль Жумагельдиевна

Дата: 01.02.2017

Номер свидетельства: 386306

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "Валеология п?нінен «Жеке бас тазалы?ы» та?ырыбыны? жоспары"
    ["seo_title"] => string(66) "valieologhiia-p-ninien-zhiekie-bas-tazalyg-y-tak-yrybynyn-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "272942"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452091853"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Жеке бас тазалы?ы "
    ["seo_title"] => string(21) "zhiekie-bas-tazalyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "238312"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1444549741"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Валеология "Жеке бас тазалығы""
    ["seo_title"] => string(35) "valieologhiia_zhiekie_bas_tazalyg_y"
    ["file_id"] => string(6) "347145"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1475422224"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "ЖЕКЕ БАС ГИГИЕНАСЫ"
    ["seo_title"] => string(22) "zhiekie-bas-gigiienasy"
    ["file_id"] => string(6) "315098"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459836873"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(194) "Салауатты ?мір салты. Киім ж?не ая?киім гигиенасы. Жеке бас гигиенасы. Киім ж?не ая?киім к?тімі. Киімді ж?ндеу"
    ["seo_title"] => string(125) "salauatty-omir-salty-kiim-zh-nie-aiak-kiim-ghighiienasy-zhiekie-bas-ghighiienasy-kiim-zh-nie-aiak-kiim-kutimi-kiimdi-zhondieu"
    ["file_id"] => string(6) "334506"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1465910996"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства