Ма?саты: денсаулы? туралы ?ылым – Валеология ж?нінде т?сінік беру.
Балаларды? «Амансы? ба?», «Саумысы??» деген с?здерді? ма?ынасы ж?ніндегі білімдерін бекіту.
Д?рігер Салдауатпен ?ліппе д?птермен таныстыру.
Іс ?рекет кезе?дері
Т?рбиешіні?-т?сілдері
Баланы? іс-?рекеті
Т?йсік т?рткісі
?йымдастырушы ізденуші
I ?йымдастыру кезе?і
Балалар, ?азір бізде жа?а Валеология деген саба? ?теді. ?демі отырып, м??ият ты?даймыз.
Балалар! Балалар, ата-аналар, жа?ын адамдар ?й?ысынан оян?ан кезде немесе мектепке келгенде сол сия?ты достары?, таныстары? к?шеде кездесіп ?ал?анда ?андай с?з айтасы?дар?
Неліктен олай деп ойлайсы?дар?
«Амансы? ба?» - деген с?з – б?л бас?а адам?а саулы?, ?за? ?мір тілеу деген ма?ынаны білдіреді.
Шатты? ше?бері.
Денсаулы? дегеніміз не?
Денсаулы? деген с?з – денені? саулы?ы деген ма?ынаны білдіреді.
Просмотр содержимого документа
«Жеке бас тазалы?ы »
Саласы : Денсаулық
ҰОІӘ: Валеология
Күні:
Тақырыбы: Жеке бас тазалығы.
Мақсаты: денсаулық туралы ғылым – Валеология жөнінде түсінік беру.
Балалардың «Амансың ба?», «Саумысың?» деген сөздердің мағынасы жөніндегі білімдерін бекіту.
Дәрігер Салдауатпен әліппе дәптермен таныстыру.
Іс әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің-тәсілдері
Баланың іс-әрекеті
Түйсік түрткісі
Ұйымдастырушы ізденуші
I Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, қазір бізде жаңа Валеология деген сабақ өтеді. Әдемі отырып, мұқият тыңдаймыз.
Балалар! Балалар, ата-аналар, жақын адамдар ұйқысынан оянған кезде немесе мектепке келгенде сол сияқты достарың, таныстарың көшеде кездесіп қалғанда қандай сөз айтасыңдар?
Неліктен олай деп ойлайсыңдар?
«Амансың ба?» - деген сөз – бұл басқа адамға саулық, ұзақ өмір тілеу деген мағынаны білдіреді.
Шаттық шеңбері.
Денсаулық дегеніміз не?
Денсаулық деген сөз – дененің саулығы деген мағынаны білдіреді.
Дененің ауру-сырқаудан аман, қайратты, жүгерлі, көңілдің көтеріңкі болудың өзі денсаулықтың белгісі.
Әліппе дәптермен жұмыс.
Валеология – бұл денсаулық туралы ғылым, ол біздің ақылды, көңілді, дені сау және аққөңіл бала болып өсуге баулиды.
Ең бастысы – ол бізді ауырмай өмір сүруге үйретеді.
Дәрігер Салауатпен танысу.
Әліппе дәптермен жұмыс.
Орман дәрігері кім жәнеоны Дәрігер Салауаттан қандай айырмашылығы бар?
Керемет!
Енді мақал-мәтел жаттап алайық.
Денсаулық – зор байлық.
Әдемі отырады, мұқият тыңдайды.
Сәлеметсің бе?!, Амансың ба! Саумысың! Деген сөздерді айтамыз.
Шамалары жеткенше жауап береді.
Дөңгелене тұрып алып, бір-бірімен, содан соң тәрбиешімен амандасады.
Шамалары жеткенше әңгімелейді.
Мұқият тыңдайды , есте сақтайды.
Балалар «Орман дәрігері» Айболит ертегісінің мазмұны бойыншща, бейнеленген суреттер бойынша әңгшімелейді.
«Орман дәрігері» жануарлардың ауруын емдейді.
Дәрігер Салауатты сымбатты, ұзын бойлы, тік денелі, спорттық дене бітімді дәрігер.
Рефлексивтік
Балалар, бүгін қандай сабақпен таныстық?
Кездескен кезде адамдар міндетті түрде не істеу керек?
Қоштасқан кезде не айту керек екенін білесіңдер ме?
Орман дәрігері деп кімді айтамыз?
Спорттық дене бітімді дәрігер кім?
Валеология.
Міндетті түрде амандасуы керек.
Сау болыңыз!
Айболит.
Дәрігер Салауат.
Күтілетін нәтиже: Денсаулық туралды ұғым. Валеологияны ұғыну.
Мақсаты: Ертеңгілік жаттығудың денсаулыққа пайдасы жөнінде айту, бала денсаулығының басты кепілі- ждене бітімі туралы мағлұмат беру.
Балаларға ағзаны қорғауда тыныс алу мүшесі мұрынның маңызы жөнінде айтып таныстыру.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Іс әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің-тәсілдері
Баланың іс-әрекеті
Түйсік түрткісі
Ұйымдастырушы ізденуші
I Ұйымдастыру кезеңі
а) Шаттық шеңбері
Тәрбиеші балаларды шеңберге жинайды.
Қане, бәріміз шеңберге тұрайық. Менімен бірге қайталаңдар.
Мынау менің жүрегім
Бәрі осыдан басталған
Мынау басым ақылды
Бәрін өзі атқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.
II өткен сабақты қайталау.
Валеололгия дегеніміз не?
Дәрігер Салауат кім?
Үлкендер мен балалар қандай ғажайып сөздер білуі керек?
-Тазалық туралы қандай ереже білесің?
Ертеңгілік жаттығу туралы әңгімелесу.
Жаңа күн немен басталады?
Ұйқыдан тұру және жаттығу жасау дегеніміз не?
Ұйқыдан ояна сала төсектен тез тұрудың қажеті шамалы.
Төсекте жатып керілу қажет.
«Велосипед», «көпір», қол қимылдары сияқты бірнеше қарапайым жаттығулар жасау.
Терезені немесе есікті ашып, бөлмені желдету.
Жуыну (немесе душқа түсу), тісті тазалау қажет.
Таңертеңгілік жаттығу жасау.
Жаттығу күні бойы жақсы көңіл күймен, сергек, күшті болып, күліп жүруге дем береді.
Таңертеңгілік жаттығу бала денсаулығының жақсаруына, нығаюына, денесінің өсуіне бағытталған. Үнемі жасалған жаттығу жігерлікке, табандыққа, тіртіптілікке, қажырлыққа тәрбиелейді.
«Үнді елінде қалай жүреді?» дидактикалық ойын.
-Дене бітімі дегеніміз не? Кімнің омыртқасы түзу болуы мүмкін?
Балаларға омыртқаның түзу болуы үшін жаттыулар жасау ұсынылады.
-Басыңа сөмке қойып жүр.
-Кітапты басыңнан түсіріп алмай айналып кел.
-Гимнастикалық тақтайшаның үстімен су құйылған пластик стаканды басыға қойып жүріп өт.
Әңгімелесу.
Балалар екі-екіден тұрып, бір–бірінің арқасына массаж жасап, омыртқаларын саусақпен басып көру барысында өздері талдау жасайды.
-Егер үзақ отырсаң, арқаң талады.
-Массаж қан жүгіртеді.
Әліппе дәптермен жұмыс.
Балалармен бірге омыртқаның негізгі көмекшісі табан екенін, оның жүріс кезінде үлкен рөл атқаратынын талқылау.
Табан пішінінің бұзылуы «жалпақтабан» ауруына әкеп соқтырады. Бүндай ауруға жол бермес үшін Дәрігер Салауат табанға арналған жаттығулар жасауды ұсыну.
Тыныс алуды дамытуға арналған жаттығулар.
Шармен ойын: «Кім шарды тез үрлейді».
Балаларға терең тыныс алып, тыныс шығаруды ұсыну. Адам өкпемен тыныс алады. Тыныс алған кезде өкпеге қажетті ауа барады.
Ауаны жұтқан кезде, өкпе қапшық секілді кеңейеді, ауаны шығарғанда қалпына келеді.
Жұмбақ:
Түсі бар көрінбейтін,
Біртұтас бөлінбейтін.
Тынысы ол тіршіліктің,
Ешқашан көрінбейтін.
(ауа).
«Иіс арқылы анықта» ойыны.
Балалардың көзін жұмдырып, жемісті иіскеу арқылы табуды ұсыну.
Адам мұрны мен тыныс алып қана қоймайды, иіс те сезеді.
Мұрын -иіс сезу мүшесі.
Адам тыныс алған кезде шаң мен микроб түсуі мүмкін. Егер суық тигенде уақытында емделмесе, асқынып, құлақ, өкпе, жүректің ауруы мүмкін. Ауырмас үшін шынығу қажет.
Есіңе сақта!
Мұрынды саусақпен, үшкір затпен шұқуға болмайды.
Мұрынға бөгде зат тығуға болмайды.
Қаьтты сіңбіруге, мұрынды тартуға болмайды, бұл құлақ ауруына шалдықтыруы мүмкін.
Басқа адамның колорамалын пайдаланба. Әр адамның жеке өзінің қолорамалы болуы қажет.
Мұрынды шынықтыруға болады. Ол үшін күніне екі рет тұзды сумен шаю керек.
Балалар амандасады.
Шаттық шеңберіне жиналып
бірге қайталайды.
Сұрақтарға толық жауап береді.
Мұқият тыңдайды.
Балалар әліппе дәптерден берілген суреттерді салыстырып, омыртқасы қисайған баланы көрсетеді.
Иісі арқылы жемісті табады.
Рефлексивтік
-Сонымен бүгін біз не үйрендік?
Сұрақтарға толық жауап береді.
Күтілетін нәтиже: ертеңгілік жаттығудың денсаулыққа пайдасы жөнінде ұғыну.
Нені білуі керек: таңертеңгілік жаттығу жасау, бөлмені желдету, жуыну,
Нені білді: омыртқаның негізгі көмекшісі – табан, оның пішінінің бұзылуы жалпақтабан ауруына әкеп соқтырады. Мұрын иіс сезу мүшесі.
Саласы: Денсаулық.
ҰОӘІ: Валеология.
Күні: қазан.
Тақырыбы: Күн тәртібі.
Мақсаты: Балалардың күн тәртібі туралы білімдерін кеңейту.
Күн тәртібін жүйелі орындаудың денсаулықты нығайтудағы маңызын түсіндіру.
Ұйқының адам денсаулығы үшін маңызы туралы ұғымдарын кеңейту. Ұйқы күн тәртібінің құрамды бір бөлігі деген түсінік қалыптастыру.
Іс әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің-тәсілдері
Баланың іс-әрекеті
Түйсік түрткісі
Ұйымдастырушы ізденуші
Қолдарына гүл ұстаған балалар дөңгелене отырады. Педагог гүлді бір – біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте – бірте көбейіп, педагогтың өзіне бір құшақ гүл – «Тілек шоғы» болып оралады.
«өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтып оралады», - деп қорытынды жасау.
«Менің таңым» өлеңін мәнерлеп оқу.
Әңгімелесу.
Таңертеңгілік жаттығу не үшін қажет?
Омыртқаның қисаюы деген не?
Омыртқа қисаймау үшін не істеу қажет?
Жалпақ табан дегеніміз не?
Омыртқа қисаюынан және жалпақтабандақтан қандай жаттығу көмектеседі?
Таңертең тұрған кезде не істейміз?
Күндіз немен шұғылданамыз?
Кешке немен шұғылданамыз?
Түнде не істейміз?
Дидактикалық ойын «Жыл мезгілдері».
Табиғат өз өмірінде белгілі бір тәртіпті сақтайды. Ол тәртіп «Жыл мезгілдері» деп аталады.
Адам табиғаттың бір бөлігі, сондықтан ол да өз өмірінде белгілі бір тәртіп сақтап, арнайы бір өмір салтына бейімделуі керек. Адамның бұл тәртібі күн тәртібі деп аталады. Күн тәртібін сақтайтын балалар ақылды, сымбатты, дені сау болып өседі.
Күн тәртібін не үшін сақтау керек?
Ұйқыға уақытында жатып, ерте ояну керек.
Тазалық ережелерін сақтау керек.
Уақытында тамақтану қажет.
Денсаулық сақтау үшін күн тәртібін орындау қажет.
Дәптермен жұмыс.
Әліппе дәптердегі суреттерге қарап, күн тәртібі туралы әңгіме құрастыру.
«Күн және түн» қимыл ойыны.
Әңгімелесу.
Жұмбақ шешу.
Дүниеде не тәтті?
(ұйқы).
Сен ұйықтап жатқанда кәдімгі оқиға сияқты түс көресің. Шын мәнінде мұндай оқиға өмірде болмайды. Кейде түс қызықты, ал кейде қорқынышты болуы мүмкін. Түсте қорқудың қажеті жоқ.
Күні бойы секіру, жүгіру, ойнау, сөйлесу, күлуден ағза шаршайды. Ал ұйықтағанда дене демалады, жаңа күш жинайды.
Ұйықтар алдында жеке бас тазалық ережелерін сақтау: жуыну, тіісн тазалау, сонымен қатар ойыншық, кітаптарды жинау керек.
Сергіту сәті.
Тілек айтады.
Өлеңді мұқият тыңдайды.
Өз білгендерін әңгімелейді.
Балалар өз көңіл күйлерін белгілейді.
Күн тәртібін есте сақтайды.
Қызығушыылқпен ойын ойнайды.
Ұйқы.
Балалар өздерінің ұйқысы жайылы айтып, талқылайды.
Қимыл қозғалыс арқылы жасайды.
Рефлексивтік
-Сонымен бүгін біз не үйрендік?
Сұраққа толық жауап береді.
Күтілетін нәтиже: Күн тәртібі жайында ұғыну.
Нені білуі керек: Уақытымен тамақтану, дем алу.
Нені білді: Тазалық ережелерін сақтау, күн тәртібін бұзбау.