kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Салауатты ?мір салты. Киім ж?не ая?киім гигиенасы. Жеке бас гигиенасы. Киім ж?не ая?киім к?тімі. Киімді ж?ндеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

III. Жа?а саба?. Салауатты ?мір салтыны? факторлары: 1. Тама?тану (уа?ытымен). 2. Тазалы? (шаш, тері, ?ол, ая?), тазалы? ??ралдары (жеке тіс щеткасы, тара?, с?лгі). 3. Киім мен ая?киім тазалы?ы. 4. Т?р?ынжайды? тазалы?ы. 5. Шыны?у, таза ауада серуендеу. Жеке бас гигиенасы Дені сау, сымбатты болу ?шін тазалы? ережелерін орындау ма?ызды. Тазалы?ты орындау аз ?ана н?рседен басталады: с?лулы? ж?не ?ол, ая?, тіс, шаш, тырна? тазалы?ына ?ам?орлы? жасаудан. Шаш?а к?тім жасау. Шашты? ?ш т?рі болады: ??р?а? шаш, ?алыпты шаш, майлы шаш. ?алыпты шаш – берік, майыс?а?. М?ндай шашты 40-45°С температурада?ы сумен, с?йкес келетін сусабынмен аптасына бір рет жуу керек. ??р?а? шаш – жі?ішке, ??сіз, же?іл ж?лынады, ?штары ?иылады. Бас терісінде ??р?а? ?абырша?тар – ?айыз?а? жиі пайда болады. М?ндай шашты ??р?а? шаш?а арнал?ан сусабынмен 10-14 к?нде бір реттен жиі жумайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Салауатты ?мір салты. Киім ж?не ая?киім гигиенасы. Жеке бас гигиенасы. Киім ж?не ая?киім к?тімі. Киімді ж?ндеу»

Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты. Киім және аяқкиім гигиенасы. Жеке бас гигиенасы. Киім және аяқкиім күтімі. Киімді жөндеу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік:
оқушыларға салауатты өмір салты, киімдері мен аяқкиімдеріне күтім жасау дағдысын қалыптастыру. Сонымен қатар сөгілген тігістерге жөндеу жасауды орындай білуді үйрету, киімдер мен аяқ киімдерге қойылатын және жеке бас гигиеналық талаптармен таныстыру.
б) Дамытушылық: Оқушыларды жинақылыққа жүйелілікке, ойды тұжырымдай білуге үйрету, жұмысқа деген зейіндері мен мұқияттылығын дамыту.
в) Тәрбиелік: еңбек мәдениетіне, іскерлікке, ұқыптылыққа өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: киім түрлері, слайд.
Пән аралық байланыс: биология.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу, оқушылардың көңіл күйіне, денсаулығына баса назар аудару.
ә) Сабаққа қатысуын бақылау: жоқ оқушыларды белгілеу, кезекшілерді анықтау, құралдарды тексеру.
б) оқушыларды топқа бөлу.
Оқушылардың сабаққа зейінін аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі. «Мен бәрін жасай аламын» деп әр оқушы батыл болу үшін мынадай сөздер айтады.
1. Бүгінгі күн тамаша!
2. Мен өзімді жақсы сезінудемін.
3. Менің көңіл-күйім керемет жақсы.
4. Мен барлығы қолымнан келетініне сенімдімін.
5. Барлығы қолымнан келеді.
6. Мен жұмыс істеуге дайынмын.
Бағалау критерийлерімен таныстыру (топ басшылары жауап берген оқушыны белгілеп отырады)
II. Өткен сабақты қайталау.
1. Интерьер дегеніміз не?
2. Интерьер композициясы дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Ас үйге қандай талаптар қойылады?
4. Дизайнер дегеніміз кім?
5. Интерьер дизайнерінің атқаратын қызмету.
6. Пәтер деген қандай үй түріне жатады?
7. Үйдегі ең көп қолданылатын бөлме?
III. Жаңа сабақ.
Салауатты өмір салтының факторлары:
1. Тамақтану (уақытымен).
2. Тазалық (шаш, тері, қол, аяқ), тазалық құралдары (жеке тіс щеткасы, тарақ, сүлгі).
3. Киім мен аяқкиім тазалығы.
4. Тұрғынжайдың тазалығы.
5. Шынығу, таза ауада серуендеу.

Жеке бас гигиенасы
Дені сау, сымбатты болу үшін тазалық ережелерін орындау маңызды. Тазалықты орындау аз ғана нәрседен басталады: сұлулық және қол, аяқ, тіс, шаш, тырнақ тазалығына қамқорлық жасаудан.
Шашқа күтім жасау.
Шаштың үш түрі болады: құрғақ шаш, қалыпты шаш, майлы шаш.
Қалыпты шаш – берік, майысқақ. Мұндай шашты 40-45°С температурадағы сумен, сәйкес келетін сусабынмен аптасына бір рет жуу керек.
Құрғақ шаш – жіңішке, өңсіз, жеңіл жұлынады, ұштары қиылады. Бас терісінде құрғақ қабыршақтар – қайызғақ жиі пайда болады. Мұндай шашты құрғақ шашқа арналған сусабынмен 10-14 күнде бір реттен жиі жумайды.
Майлы шаш – кір, сыртқы түрлі майлы болып көрінеді. Мұндай шашты майлы шаштарға арналған арнайы сусабынмен аптасына 2 рет жуу керек.
Киімге күтім жасау.
Киімді кию кезінде сыртқы түрін қалпына келтіру үшін ЫЖӨ қолданылады. Мақта - мата және зығыр маталардан тігілген және кракхмалданған киім-кешектерді тым кептіріп жіберуге болмайды, оларды жеңіл дымқылдап үтіктеп қатпарлану пайда болмауын қадағалау керек. Созылған киімдер қалпына келуі және пішінін ұстауы үшін киім ілгішке 1 сағат іліп қою керек. Жуар алдында бұйымдарды мата түріне, түсіне және кірлеу дәрежесіне қарай бөлу қажет. Ақ бұйымдарды боялған бұйымдармен араластырып жууға болмайды. Киім ілгішті киім өлшеміне лайықтап таңдап, бір ілгішке 2 киімнен артық ілмеу керек.
Аяқкиімге күтім жасау.
Аяқкиімге күнделікті күтім жасау оның пайдалану мерзімін ұзарта түседі. Аяқкиім - біздің негізгі киім-кешегіміздің бірі болып саналады. Аяқкиімді күні бойы киіп жүреміз, сондықтан ол аяққа ыңғайлы, жайлы, денсаулыққа зиянсыз болуы керек. Оны күн сайын балшық, шаңнан тазартып отыру керек. Аяқкиімді шаң-тозаң түспитін, құрғақ орында сақтаған дұрыс. Жаңа аяқкиімді киер алдында түссіз креммен майлап, жылтырағанша ысқылау керек. Жаңа аяқкиімді алғаш рет жаңбырлы күні киюге болмайды.
Аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар:
1. Аяқкиім табан пішіні мен өлшеміне сай болуы, аяқты қыспауы, қан айналымына кедергі келтірмейтіндей болуы тиіс.
2. Аяқкиім қысып, қан айналымға кедергі келтіретін болса, аяқ ісіп кетеді.
3. Аяқкиім жұмсақ, жеңіл, иілгіш болғаны дұрыс.
4. Тар және өте жіңішке туфлилерді сатып алмаған дұрыс. Әсіресе өкшесі тым биік аяқкиім зиян «табанының пішіні өзгереді, омыртқа қисаяды, ішкі органдар орнынан жылжиды».

Киімді жөндеу.
Киімге жүргізілетін уақытылы жөндеу – оның киілу мерзімін ұзартады. Жапсырмалы жамау сәндік болуы мүмкін. Оның түсі, суреті мен пішіні қалау бойынша таңдалады. Сәндік жапсырма жамауды бекіту үшін тікелей және ирек түріндегі машина сырмалары қолданылады. Қазіргі уақытта терможапсырмалар жиі қолданылады.
Жамау – бұйымның жыртылған, сөгілген жерін бүтіндеу. Егер киім жыртылса оны лактырып тастамай, жыртылған жерін жамап, әлі де болса серуенге, ойынға шыққанда киюге болады.
Жамаудың бірнеше түрлері бар: торлап жамау, кестелеп жамау, көктеп жамау, желімдеп жамау.
Жыртылған мата қандай болса жіпте сондай түске сәйкес келу керек.
IV. Сарамандық жұмыс.
Сарамандық жұмысты бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережені еске түсіру мен оқушылардың бір-біріне сәттілік тілеуімен басталады.
1. Қайшымен жұмыс кезіндегі ережелер.
2. Инемен жұмыс кезіндегі ережелер.
3. Электр үтігімен жұмыс кезіндегі ережелер.
Жұмыс кезінде оқушыларға нұсқаулық көрсетіліп отырады.
Сергіту сәті.
Суреттерге қарап отырып, мақал-мәтел табу. (слайд)
V. Жаңа сабақты қорытындылау.
1. Салауатты өмір салты дегеніміз не?
2. Салуатты өмір салтының факторлары қандай?
3. Жеке бас гигиенас дегеніміз не?
4. Гигиена дегеніміз не?
5. Шаш күтімі дегеніміз не?
6. Аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар.
7. Жамаудың қандай түрлері болады?
VI. Сабақты бекіту.
Рефлексия


Не білдім?

Не үйрендім

Не білгім келеді




VII. Қорытынды. Бағалау.
Бағалау парағы бойынша, оқушылардың бағаларын қою.
VIII. Үйге тапсырма.
100-103 бетті оқу. Реферат жазу «Киім және аяқ киім гигиенасы». Жұмысты аяқтап келу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Автор: Салыбаева Кунжан Жанаталаповна

Дата: 14.06.2016

Номер свидетельства: 334506


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства