| ССабақ тақырыбы | Жануарлар және тіршілік |
| Сыныбы | 5 |
| Өткізген: Туменбаева Гульнар Зайнуллиевна БҚО. Сырым ауданы ЖББ Қызылағаш негізгі мектебі |
| Осы мақсатқа қол жеткізетін оқу мақсаттары | 5. Т/А6 Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру. |
| 5.О5. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру. |
| ӘТН3.Антоним,синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану. |
| Күтілетін нәтиже | Жануарлардың тіршілігі жайында ақпаратбереді, жануарлардың мінез-құлықтарын сипаттайды, сыныптастарымен пікір алмасады. |
| Сабақтың түрі | Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы |
| Пәнаралық байланыс | Жаратылыстану |
| Қажетті құрал-жабдықтар | Интерактивті тақта, слайдтар, «Жануарлар әлемі» циклінен деректі фильмі, А4 парағы, қайшы, түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер, маркер, кесте, желімқағаздар |
| Оқыту әдістері | Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, «Шаттық шеңбері» тренингі, эссе, «Жеке әңгіме» техникасы, «Жағымды сөздер» тәсілі |
| Дереккөздері | Әдістемелік құрал, интернет желісі |
| Тапсырмалар |
| Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті |
| Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | «Шаттық шеңбері» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді. Орнымыздан тұрайық, Артқа қарай бұрлайық. Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық! | Оқушылар сәлемдеседі. |
| Өткен сабақты тексеру | Үй тапсырмасын тексеру. Сөздің тура мағынасы деген не? Сөздің ауыспалы мағынасы қалай жасалады? Мысал келтір. | Тақырып бойынша сұраққа жауап береді. |
| І. Қызығушылықты ояту. | Қуан шаттан, Қуан шаттан. Қуанатын күн бүгін Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін! /Бір - бірлеріне күлімсіреп қарау. Көңіл – күйлерің сұрау./ Оқушылардың жаңа сабаққа деен қызығушылығын ояту барысында «Төрт түлік» туралы деректі фильм көрсетіледі. Ой шақыру сұрақтары: | Деректі фильм көрсетіліп, сұрақтарға жауап беріледі. |
| ІІ. Мағынаны тану. | Білу. Түсіну. А/. Тыңдалым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындайды. | Тыңдалым. Интернеттен «Жануарлар әлемі» деген видеохостингке кіреді, айтылған ақпараттарды есте сақтайды. |
| Ә/. Айтылым. Оқулықтағы 2,3-тапсырманы орындайды. Алыс, шалғай. Алыс-жақын. Бүгін, қазір. Бүгін-ертең Амандасу, сәлемдесу. Амандасу-қоштасу. Тіл қату, сөйлеу. Тіл қату-тіл қатпау. Қуану, шаттану. Қуану-қуанбау Көп,мол. Көп-аз | Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беру, синоним, антонимдерді табу. |
| 2. А/.Оқылым.Талдау және қолдану. 4,6-тапсырманы орындайды. Қандай жануар тез жүгіреді? Қай жануарды халық бағбан деп атаған? Ән салатын жануарлар бар ма? Ақылды жануарларға нелер жатады. | Оқылым. Мәтінді оқиды, берілген сұрақтарға жауап береді. |
| Ә/. Жазылым 7-тапсырма | Сөздер | Синонимі | | Адам | Пенде, кісі | | Жұмбақ | Құпия, жасырын | | Жылдам | Тез,шапшаң т.б | | Сөздерді тауып, синонимдік қатар құрайды. |
| Айтылым. 8-тапсырма Қабыландар. Қасқырлар. Киттер. Дельфиндер. | |
| Сергіту сәті. Қарлығашқа ұқсайық , Кәне қанат қағайық . Қарлығаш боп ұшайық , Ұшып, ұшып алайық. | |
| Жинақтау. 10-тапсырмаларды орындайды.  | Сурет бойынша суреттеме жазады. |
| ІІІ. Бағалау. | Қалыптастырушы бағалау. «Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады. | «Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады. |
| ІҮ.Үйге тапсырма | 5-тапсырманы орындау. | |
| Ү.Ойтаразы | 11-тапсырма «Қазақстанда тіршілік ететін жануарлар» /эссе жазу/ | |