2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын, танымдылықты дамыту.
3. Елжандылыққа тәрбиелеу .
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:
Сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу, сабаққа дайындалу
2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)
3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау
ІІ Қайталау
1. Құрмалас сөйлемнің қандай түрлері бар?
ІІІ Жаңа сабақ
Құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуын ыңғайлас салалас дейміз.
Қостың ар жағынан қара кер ат аттың басындағы жүген сылдырлады, шөп суылдады. Көмірден май да шығады, темір қорытатын кокс те шығады. Мен бұл арада үндемедім және үндеуді қажет те көрмедім.
Сиырдың тұқымы да жақсы, бабы да Ол кісі ойға қарай шұбатылған
Келіскен екен. Қадырдың киімі жұқа жолмен төмен кетті, мен жарға
әрі денсаулығы да мықты емес.Кел- асылған жолмен жоғары кеттім.
гендер арасында Абай бұрыннан бі- Жастардың қолы қырықтықта,
летін Дәндібай, Еренай сияқты қарттар аузы әнде.
бар және екі-үш орта жастағы адам бар.
Және жалғаулықты шылаумен келгенде, әрі шылауы қайталанбай бір-ақ рет келгенде, жай сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды.
97-жаттығу. Берілген құрмалас сөйлемдердің ыңғайлас салалас екенін дәлелдеңдер. Құрамындағы жай сөйлемдері қалай байланысып тұрғанын түсіндіріңдер.
98-жаттығу. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар да, қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін ажыратыңдар. Тыныс белгілерінің қойылу себебін анықтаңдар.
Жалғаулықты шылаулардың қайсысы жай сөйлемдерді байланыстырып, қайсысы бірыңғай сөйлем мүшелерін байланыстырып тұрғанын ажыратыңдар
99-жаттығу.
Көшіріп жазып, тиісті тыныс белгілерін қойыңдар. Ыңғайлас салаластағы мезгіл ұғымына түсінік беріңдер (бір мезгілде ме, іле-шала ма?)