kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мен анама к?мектесемін. Ы??айлас салалас ??рмалас с?йлем.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: Ы??айлас салалас ??рмалас с?йлемдерді айыра білуге ,олармен лексикалы? та?ырып аясында с?йлемдер к?ра білуге ?йрету.

Дамытушылы?: Ауызекі с?йлеу,сауатты жазу, ойлау ?абілеттерін дамыту.

Т?рбиелік:Е?бек етуге,ата-аналарын сыйлап ,олар?а к?мектесуге т?рбиелеу.

 

Саба?ты? т?рі: жа?а білім беру саба?ы.

Саба?ты? ?дісі: т?сіндіру,топты? ж?мыс,?айталау,с?ра?-жауап,іздендіру.

Саба?ты? к?рнекілігі:интерактивтік та?та, сызба кестелер, асы?тар

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мен анама к?мектесемін. Ы??айлас салалас ??рмалас с?йлем. »

Сабақтың тақырыбы:

Мен анама көмектесемін. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді айыра білуге ,олармен лексикалық тақырып аясында сөйлемдер кұра білуге үйрету.

Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу,сауатты жазу, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Еңбек етуге,ата-аналарын сыйлап ,оларға көмектесуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,топтық жұмыс,қайталау,сұрақ-жауап,іздендіру.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивтік тақта, сызба кестелер, асықтар


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу

2.Кезекшімен сұхбат

3.Оқушылармен сұрақ-жауап.


-Ал ,енді балалар ,бүгін біздің сабағымыз ерекше сабақ ,топпен жұмыс жүргіземіз.

Оқушыларды екі топқа бөлу.Әр топ өз топ басшысын,яғни спикер сайлайды.

Топ басшылары өз топтарымен ақылдасып , топ аттарын айтады

1-ші топ: Алғырлар

2-ші топ: Білімділер

Әр топ алдыңда жапсырма қағаздан жасалған алтын сақа жатады.Топ сұраққа жауап берер кезде алдында жатқан алтын сақаны көтеру керек.Дұрыс жауап берілген топқа бір асықтан беріліп отырады, бұл асықтармен топтың жинаған ұпайлары саналып отырады.Сабақ соңында әр топ жиналған асықтарын

санайды ,қай топ көп асықты жинаса, сол топ өте жақсы баға алады

Үй тапсырмасын тексеру:

-Ал ,енді үйге не берілді?

-Үйге «Ата–анаға көмектес» тақырыбы бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындау.

1 деңгей:

Сөздердің антонимін табыңдар: Сөздердің синонимін табыңдар:


шағын- міндет-

қиын- үнемі-

еңбекқор- қолғабыс-

соңғы- еңбектену-

кейде- кәсіп-




2 деңгей:

Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңдар:


жекеменшік үйде, қатты бағалау, айналаң,

қиын жұмыс,жалықпай еңбек ету, рақатына батасың


3 деңгей:

«Мен ата-анама қалай көмектесемін?» тақырыбы бойынша шағын

әңгіме құрау.


Осы үйге берілген тапсырмаларын тексеріп, өткен сабақ бойынша білімдерін тексеру мақсатында сұрақтар қойылады.

-Балалар еңбектене біледі екенсіңдер, ата-аналарыңа көмектесе алады екенсіңдер, ал енді осы «еңбек» туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Оқушылар білетін мақал- мәтелдерін айтады( ұпайлары есептеліп отырады).


Жаңа сабақ:

-Бүгінгі біздің алдыңғы сабақтарда өткен «Еңбек» модулі бойынша ,

лексикалық тақырып «Мен анама көмектесемін» , грамматикалық тақырыбымыз «Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем».

Ендеше барлығымыз «Құрмалас сөйлем» туралы ережелерді еске түсірейік:

1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2.Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?

3.Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

4.Салалас құрмалас сөйлем түрлерін атаңдар.

-Жарайсыңдар, құрмалас сөйлем туралы жалпы білімдеріңді байқадым,

енді бүгінгі сабақ тақырыбына көшейік.

1 слайд.

Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем







Мысалы:Ертең мен атамның ауылына барамын және оған көмектесемін. Ертең мен атамның ауылына барамын да,оған көмектесемін. Ертең мен атамның ауылына барамын,әрі оған көмектесемін.


Жалғаулықты әрі жалғаулықсыз





Жай сөйлемдерінің бірі екіншісіне мағыналас бағынады





Жалғаулықтары:және,мен,

бен,пен,әрі,да,де,та, те

да,та,те





-Ал енді осы жалғаулар арқылы өзіміз бір сөйлемді түрлендіріп көрейік.

Тақтамен жұмыс.

-Біз «Отбасы»модулін өткенде , «Қазақ отбасы» тақырыбындағы мына берілген сөйлемге мән берейік:

Қазақ отбасында әкені сыйлауға үлкен мән беріледі ...бала әкесін сыйлап өседі.

Көпнүктенің орнына ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын қоямыз.

Осыдан кейін келесі сұрақ қойылады:

-Отбасында әкеден басқа тағы кімді сыйлаймыз?

-Дұрыс айтасыңдар,ананы сыйлаймыз.

-Ал енді бүгінгі лексикалық тақырыбымыз «Мен анама көмектесемін»,

енді мына өлеңге назар аударыңдар.

Тыңдалым әрекеті: Аудио дыбыста С.Әлімқұловтың «Қалсын апам қуанып»

өлеңі оқылады


Апамызды сыйлайық, Кел,самауыр қайнатып,

Үйдің ішін жинайық. Дастарқанды жайнатып,

Бұрынғыдай егесіп,Отырайық бөлмеде

Ерегісіп тұрмайық. Бөпемізді ойнатып.


Қалмау үшін керісіп, Гүлдерді де суарып,

Кел,алайық келісіп. Еденді де жуайық.

Атқарайық үйдегі Келген кезде жұмыстан

Жұмысты тең бөлісіп. Қалсын апам қуанып.


Аудио дыбыстан кейін өлеңнің мағынасын түсіндіру,содан кейін оқушыларға осы өлең бойынша тапсырмалар беріледі, тапсырмалар орындау барысында әр топқа ұпай беріледі.

1- тапсырма . Өлеңді мәнерлеп оқу (интонациясына мән беру)

2 -тапсырма. Өлеңді өз сөздерімен айту

3 -тапсырма.Өлең жолдарынан ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем құраңдар

4- тапсырма.Қарамен жазылған сөздерден антонимдік, синонимдік қатар жасау.


Оқулықпен жұмыс.( Ауызша)

Осы тапсырмаларды орындағаннан кейін оқулықтағы 34 -бет, 3-тапсырмаға назар аударамыз. Сөйлемдердің мағынасын түсініп оқып,әрі екі сөйлемнен құрмалас сөйлем жасаңдар.

1.Ана-әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны,ардақтысы,қамқоршысы,жанашыры,қадірлісі.

2.Ана-өмір нұрын себуші,ақ жол нұсқаушы.

3.Ананың жан жылуы,аялы алақаны баласын әлдилеп,әлпештеуге жаралған.

4.Жылылық пен шексіз мейірімділікке толы ана жүрегі қашан да баласы үшін лүпіл қағып тұрады.

5.Ананың балаға деген махаббаты-мәңгілік әрі шексіз.

6.Ананы мәңгі қастерлеп,құрмет көрсету,қамқорлық жасау-әрбір баланың парызы.


Сабақты қорыту:

Бүгінгі тақырып бойынша ой толғау ,тірек сызба арқылы:


Анаға көмек?




















Үйге тапсырма:

Ережелерді қайталау. «Апам қалсын қуанып» өлеңін жаттау.


Бағалау.

Сабақ соңында әр топтың жинаған асықтарын санап , ұпай санын шығарып сол бойынша бағалау.















«Тахтаброд орта мектебі»КММ





Онлайн сабақ

Тақырыбы:

Мен анама көмектесемін.

Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем






Қазақ тілі пәнінің мұғалімі :Иманбаева Айнагуль Амангельдиновна
















2014 ж






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мен анама к?мектесемін. Ы??айлас салалас ??рмалас с?йлем.

Автор: Иманбаева Айнагуль Амангельдиновна

Дата: 31.10.2014

Номер свидетельства: 124692


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства