kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тәрбиелік мәні

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ыбырай алтынсарин керемет ғұлама ұлы ағартушы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тәрбиелік мәні»

Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық

колледжінің педагогика және оның әдістемесі пәндерінің оқытушысы Ақылбекова Л. Б.


Ыбырай Алтынсариннің еңбектерінің тәрбиелік маңызы


Бір кұдайға сыйынып,

Кел, балалар окылық,

Оқығанда көңілге

Ықылас пен тоқылық- деген

небәрі төрт жолдан ғана тұратын осы өлең шумағын бүкіл қазақ даласында білмейтін адам кемде - кем десек, қателеспеген болар едік. Өйткені, бұл өлең жүз жылдан астам уақыт Қазақстанның оқулық кітаптарына еніп, мектеп табалдырығынан аттаған әрбір баланың алғашқы әліппесі болып келеді. Сондықтан да ол, өлең жолдары әрбір қара таныған казақтың көкірегінде сакталып, жүрегінде жатталып келеді. Қазак халқы бұл өлеңдермен бірге, оны жазып шығарған және басып тараткан адамның да есімін жақсы біледі. Ол- Ыбырай Алтынсарин. Ол 1841 жылы 20 шы қазанда қазіргі Қостанай облысының Затабол ауданында дүниеге келген Алтынсарин жасаған "Қырғыз хрестоматиясы" тарихи мәдениеттік тұрғыдан және педагогикалык кұндылығы жағынан тамаша ескерткіш болып табылады. Алтынсарин өзінің хрестоматиясын жасағанда сол кездегі орыс тілінде шыққан оқу кітаптарының барлық таңдаулыларынан зор педагогтік шеберлікпен теріп алып, жас балалардың тілегін неғұрлым толық қанағаттандыруға, олардың саналылығын өзінің тәрбие беру жөніндегі мақсаттарына сай етіп жүргізуге тырысады.

Ол ел - жұртты орыс халқының өнер білімі, техникасына шақырып кана коймай, соны тікелей іске асырушы да болады. Қазақ балаларына арналған орыс мектебінде оқып терең білім алған Ыбырай қазақ даласында тұңғыш рет пәндік жаңа сипатты мектептер ашып, орыс таңбасы негізінде окулықтар жазды, соны алдымен өзі тәжіриебеде батыл колданып, ескі жүйеге карама -қарсы мазмұнды білім беріп окытудың бастаушысы болды.

Рас, Ыбырай ең алдымен, орыстың, кала берді Европа окымыстыларының педагогикалық көз қарастары мен окыту, оқулыктар жасау әдістері мен қарулана отырып, солардың тәжірибесін қазақ жастарынан талап - тілектеріне қарай бейімдеп құруға айырықша зер салды.

Сәйтіп ұлы ағартушы осы арқылы мәдениеттен кенже қалған халқымызды өнерлі, білімді елдердің катарына косуға батыл адым жасап, тыңнан жол салды.

Ы. Алтынсарин туған әдебиетіміздің тарихынан көрнекті прозашы ретінде де ерекше орын алады. Өйткені оған дейін қазақ жазба әдебиетінде көркем проза әлі калыптаса қоймаған еді. Ол Еуропалық үлгідегі шағын керкем қара сөз жанрын қазақ оқырманына әкелді. Мұнда қаламгердің шағын әңгіме, новеллалары жастарды оку-білімге ұмтылуға, өнерді меңгеруге, кәсіп үйренуге, еңбекті сүюге, Отанын қадірлеуге, сондай-ақ талапты, жігерлі, кішіпейіл болуға тәрбиелейді. Жалқаулық, надандық, залымдық, зұлымдық, тәкаппарлық секілді жаман әдеттерден аулақ болуға үндейди.

Еңбекті сүю, қадірлеу — Ыбырай әңгімелеріндегі негізгі такырыптардың бірі. Мұны жазушы шығармаларында кейде ашық үгіт, айқын насихат түрінде берсе, кейде дидактикалық мысал немесе белгілі бір оқиға үлгісінде беріп, шешімін оқушы назарына ұсынады.

Еңбек тақырыбын қозғаған Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш", "Бай баласы мен жарлы баласы", "Дүние қалай етсең табылады?", "Байлық", "Әке мен бала", "Асыл шөп", "Қыпшақ Сейіткұл", "Киіз үй мен ағаш үй", т.б. әңгімелері — өзінің өнегелігімен, бейнелілігімен, көркемдігімен еріксіз есте қалатын туындылар.

"Өрмекші, кұмырсқа, карлығаш" әңгімесінде аталған жәндіктер мен құстық тіршілік етуімен таныстыра отырып, окушысын еңбекті сүюге тәрбиелейді. "Жұмыссыз, еңбексіз жүрген бір жан не бір жәндік жоқ. Сен де солар секілді еңбек ет, боска жүрме" — деген ой айтады жазушы.

Ы.Алтынсариннің енді бір топ шығармалары халкымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бейнелейтін этнографиялық сипатта келеді. Бұл шығармалардын жастарды елдің, халықтың тарихы мен ұлттық тағылымы туралы мәліметтермен тәрбиелеудегі орны ерекше маңызды,

Мұның бірі:өлген адмды жерлеу және оған ас беру дәстірі жайында болса, екіншісі: құда түсу, қыз ұзату және той жасау салты туралы дер едік. Кезінде жарық көрген (1970,1879жж) бұл зерттеу мақалалары оның казақ өмірінде елеулі орын алатын салт-дәстүрді жетік білетінін , сол ғұрыптардың елдің тұрмыс-тіршілігіне діни салт-санасына карым-катынасын жете бағалайтын білімдер кісі екенін айкын танытады.

Айталық, өлген адамның тірі күнінде өтей алмаған ораза, намазы үшін берілетін ысқаттың (садаканыя) «күнәні сатып алу» деп аталып, оған тиесілі азыкты молданың өзі алмай, кедейлерге берілуі тиіс екені атап көрсетіледі. Немесе Ы.Алтынсариннің өлген адамға койылатын есксрткіші мен үйіне жасалатын белгілердің мән- манызын ашып, баяндауы да ел тіршілігінің талаптарына бағындырылып отырады. Осыған орай ол : «Бейбіт ауыл төңірегіндегі ең биік жердің үстіне қазылады , ал оның үстіне салынатын ескерткіш алыстан көрінетін болуы үшін , мүмкіндігікше катары биік етіп қаланады; еркектердін ескерткішінің тәбесіне - найза , әйелдердік бейітінін үстіне - бақа немесе піскек, ал балаларлікіне- бесік қойылады. Бұл бейіттерді жергілікті қазактардың бәріде жақсы біледі, елсіз, жолсыз – ен далада келе жаткан жолаушыға ол бейіттер жөн сілтейтін белгі болып табылады... Өлген кісіні жерлейтін орынды карастырғанда, оның бейітінің суға жақын болуы еске алынады, өйткені жүргіншілердің сол бейітті бағдарлап су тауып ішу мақсаты кездестіріледі» [ 3;323 ],- деп көрсетеді.

Ы.Алтынсарин мұрасының басым көпшілігі әдеби көркем шығармалар болып келеді, алайда сол өлеңдері мен көркем әнгімелерін ол тек педагогикалық - тәрбиелік мұрат-максатқа сәйкес жаратады, бұл жәйт оның жазушылығы мен педагогтығының бір арнадан бастау алатындығын аңғартады.

Ы.Алтынсариннің ұстаздық, тәрбиешілік қызыметінің өзі негізінен жастарды өнер-білім, техниканы игеруге шақыру, сол аркылы қазак даласын жайлаған қараңғылык пен надандылыққа қарсы батыл күрес ашуға бағындырылады. Осы орайда, ол көркем әдебиеттің әсіресе, поэзияның әсер ыкпалын тиімді пайдалануын қарастырады.

Сан алуан аудармалары да Ы.Алтынсарин каламынан кейін құлпырып сала береді, мұндай сипат, оның бір топ өлеңдер мен әңгімелерге жасаған өңдеу-өзгерістерінен де анық байкалады.

Ақын өзі жазған, не елден алып өндеген өлеңдерінде олардың тәрбиелік нақыл-насихаттық мәніне ерекше зер салады. Сол арқылы жас буынды ізгілік пен адамгершілікке, әділдікке, зейінділік пен еңбекке баулуды көздейді. Бұл топтағы жырлар көбінесе, мағынасы мақал-мәтел сияқты өткір , көлемі шағын болып келеді.

Ы.Алтынсариннің ақындық қуатының ерендігі мен жаңашылдығын танытатын шығармалары деп оның «Жаз», «Өзен» атты өлеңдерін атауға болар еді. Бұларда ақын тамылжыған табиғат пен жан-жануар адам өмірін өзара астастыра суреттейді. Ыбырайға дейінгі поэзиямызда дәл осындай бірыңғай табиғат сипаттамаларының жоқтығын еске алсак, онда бұл туындының әдебиетімізден алатын орны мен мәні айкындала түспек. Ыбырай озық үлгідегі орыс әдебиетінен үйрене отырып бұл салада тыңнан жол салып қана қоймай, көшпелі қазақ өмірінің тыныс-тіршілігі мен жанды көріністерін сомдай сипаттайды.

Ыбырай өлеңдерінің сыртқы түр-кұрылысында айта қаларлықтай соңы сипаттар үшыраса бермейді. Бұлардың бәрі де, бұрыннан келе жатқан, қалыпты өлең түзілісімен жасалған, алайда ол сол қарапайым жолдарға жаңа мазмұн, тың орам бере біледі. Кейде, бала ықыласын еселеп арттыру үшін, өлеңнің ішкі сырын ашпай, пернелеп, орағыта айтатын тәсілді ұстанады. Мәселен. «Бала, бала, бала деп» атты өлеңнің ішіндегі «Түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянған» деген тармақтар болмаса, оның кім туралы айтылып отырғанын айыру қиын болар еді, Ы.Алтынсарин осыны әдейі алып, бала ынтасының артуына септігі тиеді деп ойлаған.

Ыбырай енді бірде, әр ұғымды өз орнында алып, салыстырмалы ұғым мен қарама-қарсы мәнде де ұтымдылық танытады.

Ыбырай әр алуан пікір таласын оқиға арқауы еткен, әңгіме халықтык аңыз, ертегілерде де айрыкша мән береді. Мәселен, «Жан-жануар, аңдардың дауласқаны» атты әңгімеде жан-жануарлардың өзара дауласқанын келтіре отырып, олардың адамға тигізетін, пайда, көмегін ашу көзделген. Ал, оқудағы балалардың үйіне жазған хаттары деген бөлімде балалар мен ата-аналардың карым-қатынасына, бір-біріне деген, ізет-бауырмалдылығына назар аударады. Сол арқылы олардың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелемек болады. Сондай-ақ «Қара батыр» ертегісіндегі ұшқан кұс, жан-жануарлардың бір-біріне тілдесуінің өлеңмен өрлеуі, жоқтау, коштасу жырларының молдығы да ұстаз ұстанған тәрбиелік мақсатқа бағындырылған. Тіпті «Бай ұлы», «Жәнібек батыр» әңгімелері де билік, дау-талас, тартыс кұскаларын жастарға үлгі ету үшін алынған.

Ыбырай әңгімелерінің басты ерекшелігі олардың көпшілігінің әлеуметтік сипатының айқындығы дер едік. Айталық, «Бай мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй» әңгімелерінде автор халкымыздың тұрмыс-тіршілігін, яғни көшпелі өмір мен коныстану жәйттерін, соңғысының мәдениет пен білім үшін пайдалы екенін ашып, дәлелдемек болған. Бұл үшін әңгіменің де негізгі түйіні еңбек пен оның адам тұрмысындағы орнын, мәнін белгілеу. «Бай мен жарлы баласында». Ол еңбек пен тәжірибенің пайдасын Үсен бейнесі аркылы көрсеткен болса, Асан образы мен жатыпішер, жалқаулыктың зиякын әйгілейді. Ел-жұртты отырықшылыққа, диқаншылықка үндей келіп, бұл кәсіптің көшпелі тіршіліктен артықшылығын өзара салыстыра отырып әңгімелейді.

Ыбырай Алтынсарин өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ халқының жаңа буынын тәрбиелеуге арнап, олардың өзің мәдениетті елдерден үлгі ала отырып, білімді де сапалы азамат болып жетілуіне айтарлықтай үлес қосты. Сол мақсатта қазақ жастарына арнап мектептер ашып, оқулықтар жазды. Өзінің төл өлеңдері мен көркем әңгімелеріне қоса, орыс әдебиетінен мәні ешпес ғажайып аудармалар жасады. Халык болашағын орыс мәдениетімен бірлікте деп санап, сол игі мақсатта тендесі жоқ елеулі еңбек етті. Біз және келешек ұрпақ әрдайым Ыбырай атамыздың өшпес мұрасын жадымызда сақтауымыз керек деп ойымды аяқтағым келеді.



Пайдалаған әдебиеттер тізімі


1. Ы Алтынсарин. Қырыз хрестоматиясы. –Алматы Мектеп, 1879.

2. Ы Алтынсарин. Таңдамалы шығармалары /құрастырған Б.С.Сүлейменов. –

Алматы,1955.

3. Ы Алтынсарин. Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы.-Алматы:

Мектеп, 1879-540 бет.

4. Ы Алтынсарин. Таңдамалы шығармалары.- Алматы:Ғылым, 1994.

5. Алтынсарин тағылымы. – Алматы. Жазушы, 1991- 384 бет.

6. Ы Алтынсарин. Таза бұлақ.- Алматы. Мектеп, 1976-456 бет.

7. Әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы.-Алматы.Мектеп, 1985 ,19 т.

8. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы.-АлматькМектеп, 1984-255 бет.

9. Отетілеуов Е.Жаттамақ.-Алматы Балауса, 1994-288 бет.

10. Ламашев Ә. Ы.Алтынсарин оның орыс достары мен

ізбасарлары.- Алматы :Қазақстан,1998 -498 бет.

11. Самойлович.Литература Турецких народов.- Петроград:Литература Востока,1919. 12. Гос архив УССР .Ф.1.№25524 (материалдарды тапсырған М.Әбсеметов)

13. Ламашеев Ә. Ы.Алтынсарин.-Алматы:Өнер,1976.

14. Құдиярова А. Педагогика тарихы.-Алматы:Рауан, 2004-443 бет.

15. Жарықбаев Қ. Қазақтың тәлімдік ой пікір антологиясы. – Алматы. Рауан,

1994. 1 том

16. Жарықбаев Қ.,Қалиев С. Қазақ тәлім- тәрбиесі.-Алматы:Санат, 1995.

17. Қоянбаев Ж.,Әбиев С. Педагогика.-Алматы: Рауан, 2003.

18. Қайьтрбеков Ғ. Дала коңырауы.- Алматы :Өнер,1974.

19. Балдиков А. Ыбырайдын ізбасарлары. Егемен қазақстан, №10. 1993.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тәрбиелік мәні

Автор: Ақылбекова Луиза Бекетқызы

Дата: 28.11.2016

Номер свидетельства: 363546

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Ыбырай  Алтынсарин  ?аза? ?дебиеті тарихында?ы орны "
    ["seo_title"] => string(53) "ybyrai-altynsarin-k-azak-diebiieti-tarikhyndag-y-orny"
    ["file_id"] => string(6) "154697"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421179460"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Ыбырай Алтынсарин. 9 сынып "
    ["seo_title"] => string(25) "ybyrai-altynsarin-9-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "168363"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423226603"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Ы. Алтынсарин «Әке мен бала» әңгімесі"
    ["seo_title"] => string(37) "y_altynsarin_kie_mien_bala_n_ghimiesi"
    ["file_id"] => string(6) "360401"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479558047"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(131) "Ы.АЛТЫНСАРИН ШЫ?АРМАЛАРЫН БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА О?ЫТУДЫ? Т?РБИЕЛІК МА?ЫЗЫ."
    ["seo_title"] => string(77) "y-altynsarin-shyg-armalaryn-bastauysh-synyptarda-ok-ytudyn-t-rbiielik-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "310865"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459104714"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Ыбырай Алтынсарин "Таза б?ла?""
    ["seo_title"] => string(31) "ybyrai-altynsarin-taza-bu-lak-1"
    ["file_id"] => string(6) "310866"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459104789"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства