kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ы.АЛТЫНСАРИН ШЫ?АРМАЛАРЫН БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА О?ЫТУДЫ? Т?РБИЕЛІК МА?ЫЗЫ.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ы.Алтынсарин ХІХ ?асырды? екінші жартысында ?аза?станны? білім беру ж?йесіні? дамуы мен ?алыптасуына ?лкен ?лесін ?ос?ан. Жа?аша мектептер ашып, жа?аша білім беру ж?йесін ??ру?а е?бек сі?ірген ?стаз.

Ыбырай ?з замандас отандастарыны? а?артушылы? ой-пікірлерін ?уаттап, ?аза? жерінде о?у-білімні? шамшыра?ын жа?ты, педагогтік-демократиялы? к?з?арасты? негізін салды.Ы.Алтынсарин мектепті ?аза?тар?а білім беруді? шешуші ??ралы деп есептеді, сол ар?ылы ?аза? хал?ыны? ?о?амды? ?міріне ?сер етуді, ?о?амды? прогреске ба?ыттауды к?здейді.

      Ы. Алтынсарин о?ыту ?дістерін жа?а ба?ытта о?у?а деген баланы? ынтасы мен ?ызы?ушылы?ын арттыруды к?здей отыра ??рды. Мектеп о?уында, ана тілін ?йретуде ?лы педагог К.Д. Ушинскийді? тере? ойларын басшылы??а алды.Ы.Алтынсарин мектептеріні? о?у жоспарлары мен ба?дарламаларыны? ??рылымы, о?улы?тары мен оны? мазм?ны ?лтты? білім беру талабына сай ??рылды.?лтты? мектепті? ?сіп-?ркендеуіне, ?лтты? білім базасын ?алыптастыруда ?лтты? ?з ана тіліне жазыл?ан о?улы?тар ?ажеттілігіне ол ерекше к??іл б?лді.

Ол К.Д.Ушинскийді? “Балалар ?лемі”, Л.Н.Толстойды? “?ліппе ж?не о?у кітабын”, Б.Ф. Бунаковты? “?ліппе мен о?у ??ралын”, Тихомировты? “Грамматиканы? элементарлы? курсын” о?у ??ралы ретінде ?сына отырып, кейін соларды? ?лгісімен ?зі де “?аза? хрестоматиясы”, “?аза?тар?а орыс тілін ?йретуді? бастауыш ??ралы “ атты екі о?у ??ралын бастырып шы?арды.

Хрестоматия?а Ыбырай Алтынсарин біріншіден, ?аза? хал?ыны? батырлары, шешен-билерін, ертегілерді, а?ыз-??гімелерді енгізсе, екінші б?лімінде, дидактикалы? ??гімелерді, ?шіншіден, орыс, батыс классиктеріні? т?лімдік-т?рбиелік м?ні бар ??гімелерін енгізді.

Ол ?зіні? хрестоматия?а енгізген ?деби шы?армаларыны? б?рін негізгі педагогты? ісімен ты?ыз байланыстыра білді. Ол хрестоматия?а енгізген шы?армаларды іріктеуде, біріншіден, ?р халы?ты? т?рмыс-тіршілігі мен салт-д?ст?рлерінен хабардар ету к?зделсе, екіншіден, о?ушыларды адалды??а, ?айырымдылы??а, е?бекке, тап?ырлы??а, ??ыптылы??а, адамгершілік ?аситеттерді бойына сі?іру к?зделеді. ?шіншіден, бастауыш сынып о?ушыларыны? о?ып ?йренуіне же?іл, жаты? ??гімелерді беруге тырысты.

Оны? шы?армалары жас ?рпа?ты мейірімділікке, адалды??а, ізеттілікке, а?ылдылы? пен білімділікке, т.б. ізгі ?асиеттерді ?йретуге ша?ырады. Ыбырай «?аза? хрестоматиясына» ?ара батыр, Бай?лы, Жиренше шешен, Тазша бала туралы ертегі,Бай баласы мен жарлы баласы, Таза б?ла?, ?ке мен бала т.б. т?лімдік м?ні зор ??гімелерін енгізді.?аза? хрестоматиясына енген Ыбырайды? к?ркем шы?армалары ?зіні? а?артушылы? идеясына ба?ындырыл?ан. Ол ?дебиетті бала санасына ?сер ететін, с?йтіп, оны жа?сы, ?негелі істерге ?йрететін мы?ты ??рал деп атап к?рсетті

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ы.АЛТЫНСАРИН ШЫ?АРМАЛАРЫН БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА О?ЫТУДЫ? Т?РБИЕЛІК МА?ЫЗЫ.»

Жумабаева Ж.К.

бастауыш сынып мұғалімі

№3 Қарабалық орта мектебі

Қостанай облысы

Қазақстан Республикасы


Ы.АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫН БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ОҚЫТУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ.

Ы.Алтынсарин ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлесін қосқан. Жаңаша мектептер ашып, жаңаша білім беру жүйесін құруға еңбек сіңірген ұстаз.

Ыбырай өз замандас отандастарының ағартушылық ой-пікірлерін қуаттап, қазақ жерінде оқу-білімнің шамшырағын жақты, педагогтік-демократиялық көзқарастың негізін салды.Ы.Алтынсарин мектепті қазақтарға білім берудің шешуші құралы деп есептеді, сол арқылы қазақ халқының қоғамдық өміріне әсер етуді, қоғамдық прогреске бағыттауды көздейді.

Ы. Алтынсарин оқыту әдістерін жаңа бағытта оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздей отыра құрды. Мектеп оқуында, ана тілін үйретуде ұлы педагог К.Д. Ушинскийдің терең ойларын басшылыққа алды.Ы.Алтынсарин мектептерінің оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымы, оқулықтары мен оның мазмұны ұлттық білім беру талабына сай құрылды.Ұлттық мектептің өсіп-өркендеуіне, ұлттық білім базасын қалыптастыруда ұлттық өз ана тіліне жазылған оқулықтар қажеттілігіне ол ерекше көңіл бөлді.

Ол К.Д.Ушинскийдің “Балалар әлемі”, Л.Н.Толстойдың “Әліппе және оқу кітабын”, Б.Ф. Бунаковтың “Әліппе мен оқу құралын”, Тихомировтың “Грамматиканың элементарлық курсын” оқу құралы ретінде ұсына отырып, кейін солардың үлгісімен өзі де “Қазақ хрестоматиясы”, “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы “ атты екі оқу құралын бастырып шығарды.

Хрестоматияға Ыбырай Алтынсарин біріншіден, қазақ халқының батырлары, шешен-билерін, ертегілерді, аңыз-әңгімелерді енгізсе, екінші бөлімінде, дидактикалық әңгімелерді, үшіншіден, орыс, батыс классиктерінің тәлімдік-тәрбиелік мәні бар әңгімелерін енгізді.

Ол өзінің хрестоматияға енгізген әдеби шығармаларының бәрін негізгі педагогтық ісімен тығыз байланыстыра білді. Ол хрестоматияға енгізген шығармаларды іріктеуде, біріншіден, әр халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерінен хабардар ету көзделсе, екіншіден, оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, еңбекке, тапқырлыққа, ұқыптылыққа, адамгершілік қаситеттерді бойына сіңіру көзделеді. Үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларының оқып үйренуіне жеңіл, жатық әңгімелерді беруге тырысты.

Оның шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке, т.б. ізгі қасиеттерді үйретуге шақырады. Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» Қара батыр, Байұлы, Жиренше шешен, Тазша бала туралы ертегі,Бай баласы мен жарлы баласы, Таза бұлақ, Әке мен бала т.б. тәлімдік мәні зор әңгімелерін енгізді.Қазақ хрестоматиясына енген Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің ағартушылық идеясына бағындырылған. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, сөйтіп, оны жақсы, өнегелі істерге үйрететін мықты құрал деп атап көрсетті.

Ыбырайдың шығармаларын оқи отырып, ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады.Ыбырай әңгімелерінң негізгі қайнары халық тұрмысынан алынған. Өмірді, адам әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс әсірелеп суреттеп, шындықтан алшақтамаған. Кейіпкерлерді шынайы өмірге тән әректтері арқылы бейнелеуді мақсат тұтты.

Бастауыш сыныптан бастап Ыбырай Алтынсариннің шығармаларының тәрбиелік жағын оқушыға баса түсіндіру ұстаздың міндеті деп білеміз.    
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері оқушының жас ерекшеліктері мен сынып айырмашылығына қарай бағдарлама бойынша  беріліп отырады.
Ыбырайдың өлең, әңгімелері түгел дерлік оқушысына түсінікті, тілі жеңіл, тәрбиелік мәні зор, оқып отырған оқырманына үлкен ой салатындай тақырыбы әсерлі, көркем бейнеленген және ойын жеткізуде тілдік стиль ерекшелігі зор.
Мектеп бағдарламасына Ыбырай Алтынсариннің шығармаларының оқушыға жеңіл, түсінікті оқушының жас ерекшелігін ескере  отырып кейбір әңгіме, өлеңдері берілген. Оның қай шығармасы болса да, баланың тіл мәдениетін көркейтуге, дамытуға әсері мол. Оны балалар сүйіп, ынтыға оқиды. Өзі өшсе де сөзі өшпейді дегендей, өзі жоқ болса да біз үшін оның еңбектері мәңгі өшпейтін мұра болып қалмақ.

Кітаптың беташары оқуға шақырудан басталып, оның әлеуметтік мәнін түсіндіру болса, сонымен қатар негізгі тақырыбының бірі - еңбек. 
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде, ең кішкентай жәндіктердің де өмір, тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүретінін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. Қарлығаш, өрмекші құрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа дейді. Мысалы, Ыбырайдың «Әке мен бала»- деген шығармасында мынадай мәселе қарастырылады: кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, «аз жұмысты қиынсынып», бойкүйездікке салынушылық өмірде көп кездеседі. Бұл - жақсы әдеттің нышаны емес. Сондықтан балаларды жастайынан-ақ бойкүйездікке, жалқаулыққа қарсы еңбекке тәрбиелеу мәселесіне Ыбырай ерекше көңіл бөлген. Жастарды еңбек етуге дағдыландыруды үгіттеген оның басқа да әңгімелері аз емес. 
Жазушы «Атымтай жомарт»-әңгімесінде еңбекті дәріптейді. Ешнәрсеге мұқтаждығы жоқ Атымтай еңбектен ұдайы қол үзбейді. Бұл ел аузында ертегі-жыр болып кеткен, ежелгі араб жұртының әңгімесі болатын. Ыбырай осы ел аузындағы ертегіні балаларға арнап, әңгіме ұсынды. Әңгіменің идеясы да, кейінгілерге үлгі боларлық жағы да Атымтайдың сөзінен анық көрінеді. Атымтай бір сөзінде: «Күн сайын өз бетімнен тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады екен», - дейді. 
Алтынсаринның тәрбие жөніндегі негізгі тақырыбының бірі - талап. Талап етіп талпынбаса, адам баласы ешбір алға баспаған болар еді. «Талапты ерге нұр жауар»-деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған пікір. Жастық шақ - жігер, қайраттың толы кезі. Бойдағы жасырын талант, өнерлерін жарыққа шығарып қалатын кез де осы. Ол үшін талап керек. Әр нәрсені де жігермен істе, өзіңнің не нәрсеге қабілетің, ыңғайың бар, қолыңнан не келеді, соны жақсы біл, қай өнердің соңына түссең, әрі өзіңе, әрі қоғамға пайда келтіре аласың, талаптан да таңдап ал дейді. Кейде талаптың, жігердің жоқтығынан жап-жақсы өнердің жарыққа шықпай кетуі де мүмкін. Сондықтан өз талабыңмен өрге шық дегенді айтады. Міне, Ыбырай «Талаптың пайдасы»- деген әңгімесінде өзінің осы пікірін, негізгі идеясын жеткізіп бере алды. Жазушының бұл арадағы көздегені - Петрдің ақылдылығын көрсету ғана емес, жас баланың талабын, сол талаптың арқасында неге қол жеткендігін көрсету, кім талап етсе, сол мақсатына жететіндігін дәлелдеу. 
Ыбырай жас ұрпақтарға дұрыс тәрбие беру, оларды жас кезінен дұрыс баулу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Баланы дұрыс күт, түзу тәрбиеле, қисығын түзе, адасса айқын жолға сал деді. Бұл жөнінде де елге үлгі боларлық әңгімелер жазды.
Махаббат, мейірімділік туралы, әсіресе, «Мейірбанды бала», «Шеше мен бала», «Аурудан аяған күштірек» деген үш әңгімесін алуға болады. 
Махаббат, мейірімділік ата мен ананың үй-ішіне деген махаббатынан басталады. Адамгершілікті ту қып көтерген ұлы адамдар да алдымен өз атасын, өз туғандарын сүйеді. Олардың кейбіреулері өсе келе тек «атасының баласы болмай, адам баласы» бола біледі. Тек өзіме ғана болсын деген мещандық көзқарасты аттап өтіп, адам деген ардақты атқа ие болушылардың шын бақыты үшін қол созады. 
Ананы қандай түрде бағалап, қалай сүюдің айқын үлгісін жазушы «Аурудан аяған күштірек» деген әңгімесінде айқын көрсеткен. Тәрбие мәселесін сөз қылғанда, ерекше тоқтап өтуге керекті мәселенің бірі - Ыбырай еңбектерінде түрлі елдердің мәдениет майданындағы өзара достық қарым-қатынастарды да бейнелеп отырады. Ыбырай балаларға шетелдің жақсы адамдарын үлгі етуі - оның жалпы адам баласының достық идеясын аңсағандығын көрсетеді. 
«Бай баласы мен кедей баласы» атты Алтынсаринның әңгімесінде, бізше, үлкен идея бар. 
Ғасырлар бойы еңбекшілерді қанап, халықты қанауды ата мирасындай көріп, соның арқасында үлде мен бүлдеге оранып өскен бай баласының басына күн туғанда дәрменсіздігін суреттеу арқылы жазушы сол қоғам құрылысының тамыры шіріп, оның адамдары өмірдің жасаушысы, күресушісі емес, бишарасы, үстемдік етуші таптың үлкені - жауыздық пен қаярлықтың қапшығы да, жасы - мүгедектіктің бейнесі деген қорытындыға келетін сықылды. 
Шығармасының бас кейіпкері етіп, бай баласы мен кедей баласын алуының өзінде үлкен сыр жатыр. 
Егер оның көздегені тек Үсеннің ақылдылығы, Асанның ақылсыздығы, яғни бір жастағы балалардың бірі ақылдырақ, екіншісі ақылсыз болуы мүмкін екендігін көрсету болса, онда оларды екі таптан шығарудың қажеті болмас еді. Жазушының бұл жерде көрсетейін дегені - биологиялық, не психологиялық мәселе емес, әлеуметтік мәселе.
Ы.Алтынсарин өзінің барлық оқулықтарында, әдістемелік еңбектерінде жас ұрпақты тәрбиелеудегі оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін көтеріп, өзектілігін шешуге ұмтылады және қазақ халқына білім берудің рөлін және оның маңызын, оның әлеуметтік ортаны қайта жаңғыртудағы рөлін көрсетеді. Оның әңгімелерін тақырып жағынан еңбек пен өнерге баулитын және адамгершілкке тәрбиелейтін шығармалар деп қарастыруға болады.


              Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Алтынсарин Ы. «Қазақ хрестоматиясы». Алматы, 2003 ж.
2.Ахметова Ә. «Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы». Алматы, 1992ж.
3.Асылов Ұ., Әміров Р. «4 класс қазақ тілі оқулығына әдістемелік нұсқау». Алматы, Рауан 1997 ж.
4.«Алтынсарин әңгімелері». Алматы, Мектеп 1980 ж.
Алтынсарин Ы. «Өнер – білім бар жұрттар». Алматы, Жалын 1991ж.
5.«Алтынсарин оқулары». Білім, 2005ж. 5-7б.
Әбдікәрімова Т. «Ана тілі оқулығы». 3 сынып. Алматы 2003ж.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ы.АЛТЫНСАРИН ШЫ?АРМАЛАРЫН БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА О?ЫТУДЫ? Т?РБИЕЛІК МА?ЫЗЫ.

Автор: Жумабаева Жулдузай Кужахметовна

Дата: 27.03.2016

Номер свидетельства: 310865


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства