kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Үстеуден өткенді қайталау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілі пәнінен -сыныпқа арналған "Үстеуден өткенді қайталау" тақырыбындағы сабақтың жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Үстеуден өткенді қайталау»

Ашық сабақ жоспары

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Үстеуден өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

  1.Білімділік: үстеу, үстеудің құрамдық, мағыналық түрлерінен өткен тақырыптарды қайталау, алған блімдерін бекіту.

  2.Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, ой-пікірін қалыптастыру, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.

  3.Тәрбиелік: оқушыларды ана тілін құрметтеуге, ұлтжандылыққа, елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, ашық сабақ

Сабақтың типі: қайталау, бекіту сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Галереяға саяхат», «Кубизм», «Домино» әдістері, салыстыру, сұрақ-жауап, жаттығу, тапсырмалар орындау,  бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі:  тапсырмалар, электронды оқулық, семантикалық карта, кубик, түрлі-түсті қағаздар, микрофон. 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а)Оқушылармен амандасу:

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Сәлеметсіз бе!

-Отырыңыздар!

ә)оқушыларды түгендеу, кезекшімен сұхбат:

-Сыныпта кім кезекші?

-Сыныпта мен кезекшімін.

-Бүгін сабақта оқушылар түгел ме?

-Сыныпта ...

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Үйге...

б)аудитория тазалығына көңіл бөлу;

в)топты психологиялық тұрғыдан әзірлеу.



Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Мен елімді сүйемін» тренингін ұйымдастырамын.

Егер сіздің досыңыз болса, көршіңіздің басын сипаңыз;

Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;

Егер сіз иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;

Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.

Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;

Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар!



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Галереяға саяхат» әдісі арқылы үйге берілген «Аққулы көл» тақырыбына жазып келген ойтолғауларын тексеремін.

Ойынның мақсаты: Әрбір оқушы орындап келген өз жұмысын сыныптағы өзіне ұнаған бір жерге іліп қояды. Осыдан кейін барлық оқушылар сыныпта еркін қозғала отырып, барлық жұмыстарды қарап шығады. Стикерлерге өздерінің ұсыныстарын, ескертулерін, түзетулерін, толықтыруларын жазып қалдырады.

ІІІ. Қызығушылықты ояту.

-Балалар, қазір біз сендермен ойын ойнаймыз.

«Домино» ойыны шағын топтарда ойналады. 25-30 сұрақ(тақырып бойынша оқу материалының көлеміне қарай одан аз да, көп те болуы мүмкін). Әр сұрақ жеке парақшаларға жазылады және олардың жауаптары да жеке парақшаларға жазылады. Жауаптар топтағы барлық оқушыларға бірдей жақсы көрінетіндей столдың орта тұсына орналастырылады. Осыдан кейін оқушылар кезекпен сұрақтарды тартып ашады. Кім бірінші үлгереді, столдың ортасында жатқан жауаптардың ішінен дұрыс жауапты тауып алып, сұрақты жабады. Осылай сұрақтар біткенше жалғаса береді.

Сұрақтары:

  1. Үстеу – қимылдың, іс-әрекеттің, сын-сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын, жай-күйін білдіретін, өзгертуге, грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге көне бермейтін сөздер.

  2. Мекен үстеуі – қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіреді.

  3. «Ертең» – мезгіл үстеуі.

  4. Мезгіл үстеуі – қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді.

  5. Топтау үсеуі – әрекеттің топталып немесе бір-бірлеп істелгенін білдіреді.

  6. Күшейткіш үстеуі – Ең, аса, тым.

  7. Себеп-салдар үстеуі – қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді.

  8. «Төмен, ілгері» – мекен үстеуі.

  9. Қазақ тіліндегі сөз табы – 9

  10. Үстеудің мағыналық түрлері – мезгіл, мөлшер, мекен, мақсат, себеп-салдар, сын-қимыл, күшейткіш, топтау.



IV. Сабақты бекіту.

«Кубизм» стратегиясы. Оқушыларға шаршы пішіндес кубик беріледі, балалар оны лақтырып, түскен санға байланысты сұрақтарға жауап береді.

  1. Талда:  Фонетикалық талдау

Анағұрлым

1.Жуан буынды сөз.

а.б  а.б  б.б  б.б

2.а-на-ғұр-лым

3.Ана-ғұрлым

   Анағұр-лым (екі түрлі жағдаймен тасымалданады).

4.Анағұр-лым – сөз екпіні -лым буынындағы ы дауысты дыбысына түседі.

5.Сөзде буын үндестігі бар

Анағұр-лым – лім

А – дауысты, жуан, ашық, езулік

Н – дауыссыз, үнді

Ғ – дауыссыз, ұяң

Ұ –дауысты, жуан, қысаң, еріндік

Р – дауыссыз, үнді

Л – дауыссыз, үнді

Ы – дауысты, жуан, қысаң, езулік

М – дауыссыз, үнді



  1. «Ертең»: сөз табы, құрамына қарай, мағынасына қарай қандай сөз.

  2. Қолдан: «Жоғары» үстеуін пайдаланып сөйлем құрастыр.

  3. Үстеу сенің өміріңде қандай орын алады?

  4. Мына сөйлемді сөйлем мүшесіне талда: «Мұнда бүгін аса үлкен әбігер бар.»

  5. Орхон-Енисей  ескерткіштеріндегі үстеулердің мағыналық түрлері нешеге бөлінеді?  

 

V. Сабақты қорытындылау.

«Табиғат тамашасы» ойыны арқылы үстеудің мағынасына түрлерін еске түсіріп, тақтада тұрған күнге жапсырады. Үстеудің сұрақтарын шөпке жапсырады, құрамына қарай түрлерін тауға жапсырады. Ал үстеудің анықтамасын көлге жапсырады.

-Балалар, ненің көрінісі шықты?

-Табиғаттың.

-Дұрыс айтасыңдар, бұл сұлу да көрікті табиғат тамашасының көрінісі.



Рефлексия «Тілші болғым келеді...»

Әр оқушы тілшінің рөлінде сыныпта отырған ұстаздардан сұхбат алады.

Сұхбат сұрақтары:

  1. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыз?

  2. Бүгінгі сабақ сізге ұнады ма? Не себепті?

  3. Осындай ашық сабақ тағы болғанын қалайсыз ба?

  4. Сіз Жалтыр негізгі мектебіне тәжірибеден өтуге келгеніңізге өкінбейсіз бе?

  5. Сізге ұстаз болған ұнай ма?

VІ. Үйге тапсырма. Үстеудің барлық түрлерін қатыстырып «Табиғаттың сұлу көрінісі» тақырыбына мақала жазып келу.

VII. Бағалау. Оқушылардың білімдерін талапқа сай бағалаймын.

VIII. Қоштасу. Сабақ аяқталды, сау болыңдар.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Үстеуден өткенді қайталау

Автор: Кажигалиев Акежан Максатович

Дата: 21.11.2017

Номер свидетельства: 440058

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "?стеуден ?ткенді ?айталау "
    ["seo_title"] => string(29) "ustieudien-otkiendi-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "171051"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423637239"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "Конспект урока по  казахскому  языку  на тему:" ?стеуден ?ткенді ?айталау " "
    ["seo_title"] => string(76) "konspiekt-uroka-po-kazakhskomu-iazyku-na-tiemu-ustieudien-otkiendi-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "139889"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417807949"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Презентация по казахскому языку "?стеуден ?ткенді ?айталау " "
    ["seo_title"] => string(67) "priezientatsiia-po-kazakhskomu-iazyku-ustieudien-otkiendi-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "139896"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1417809045"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Саба?ты? та?ырыбы: ?стеуден ?ткенді  ?айталау "
    ["seo_title"] => string(49) "sabak-tyn-tak-yryby-ustieudien-otkiendi-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "178703"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1424873747"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Саба?ты? та?ырыбы: ?стеуден ?ткенді ?айталау "
    ["seo_title"] => string(51) "sabak-tyn-tak-yryby-ustieudien-otkiendi-k-aitalau-1"
    ["file_id"] => string(6) "178709"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1424874019"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства