kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?стеуден ?ткенді ?айталау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: ?стеуден ?ткенді ?айталау Саба?ты? ма?саты: 1)?стеуден ал?ан теориялы? білімдеріні? де?гейін ба?ылау 2)?стеуді? ?зіндік ерекшеліктерін ажырата білу, ал?ан білімдерін ж?йелеу, талдау ж?мыстарын ж?ргізу 3)С?йлеу м?дениетін ?алыптастыру, адамгершілікке, ?йымшылды??а т?рбиелеу Саба?ты? т?рі: ?айталау саба?ы ?діс т?сілдер: С?ра?-жауап, талдау, топтастыру, ?жымды?, ба?алау Саба?ты? барысы: I. ?йымдастыру - Амандасу. - Психологиялы? ахуал. О?ушыларды шатты? ше?беріне ша?ыру. - Біз к?нде аспан?а ?ара?анда не к?реміз? К?нні? к?зі бізге не береді? К?нні? к?зі бізді ?алай жылытады? Олай болса, ж?ректерімізді ?стап , жылуын сезінейікші. Ж?рек жылуын бір-бірімізге берейік. О?ушылар бір-біріне жылы с?здер айтады. II. ?й тапсырмасын тексеру ?йге берілген 294 – жатты?уды тексеру III. Жа?а саба? I. Жады?да ж?рсін! Ассоциация. ?стеу туралы ?андай ма?л?мат жина?тадындар? Екі тірек сызбаны толтыру Кестені толтыр?ан со?, о?ушылар ережелерін айтады. ІІ. Ма?ынаны тану а) Кестемен ж?мыс ?стеулерді ??рылысына ?арай талдау ?) Туынды ?стеуді? жолдары бойынша кестені толтыру б) Ашы? тест в) ?стеуді с?йкестендірі?із III ?жымды? ж?мыс Тапсырма: іс - ?рекетті? мезгілін, сын-бейнесін, м?лшерін, мекенін білдіретін ?стеулерді, к?шейткіш ?стеулерді тауып, с?ра? ?ой. ІV. Зерделі с?зге зер сал. Ма?ал – м?телдерді? ма?ынасын ашу. Морфологиялы? сатылай кешенді талдау а) ?ш о?ушы ма?ал – м?телдерді? ма?ынасын ашып, та?тада жазыл?ан ма?алда?ы ?стеуді тауып, сатылай кешенді талдау жасайды. V. Білгенге - маржан. Топты? ж?мыс. - О?ушыларды негізгі, туынды ?стеу ар?ылы екі топ?а б?лу. (негізгі ?стеу, туынды ?стеу). /О?ушылар ?а?аз?а жазыл?ан негізгі, туынды ?стеулерді та?дайды, та?дап ал?ан ?стеулері бойынша екі топ?а б?лінеді/ а) Екі топ о?ушыларына б?лек- б?лек тапсырма беріледі «Негізгі ?стеу» тобыны? тапсырмасы: 1. ?андай шы?армадан алын?ан ?зінді, авторы кім? ?андай шы?армаларын білесі?дер? 2. М?тін ішінен ?стеулерді теріп жазып, с?з ??рамына ж?не ?стеуді? ??рамды? т?рлеріне жіктей отырып, с?зжасам бойынша кешенді талдау жаса. «Туынды ?стеу» тобыны? тапсырмасы: ?стеулерді тап, олар?а с?ра? ?ой. Ма?ынасын т?сіндір. ?стеулерді? ?ай с?збен байланысты екенін сызбамен к?рсет. ?) ?р топтан бір о?ушы т?рып келесі топ?а с?ра? ?ояды. С?ра??а барлы? о?ушылар жауап бере алады. О?улы?пен ж?мыс жасайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?стеуден ?ткенді ?айталау »

«Степногорск қаласының білім бөлімі» ММ

№2 Ақсу орта мектебі











( 6 – сынып, қазақ тілі )









№2 Ақсу орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің

мұғалімі Исабекова А.Т.

















Ақмола облысы Степногорск қаласы

2 Ақсу орта мектебінің қазақ тілі мен

әдебиет пәнінің І санатты мұғалімі

Исабекова Айнагүл Тлеутсқызы







Сабақтың тақырыбы: Үстеуден өткенді қайталау


Сабақтың мақсаты: 1)Үстеуден алған теориялық білімдерінің

деңгейін бақылау

2)Үстеудің өзіндік ерекшеліктерін ажырата

білу, алған білімдерін жүйелеу, талдау

жұмыстарын жүргізу

3)Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,

адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы


Әдіс тәсілдер: Сұрақ-жауап, талдау, топтастыру, ұжымдық, бағалау


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру

  • Амандасу.

  • Психологиялық ахуал. Оқушыларды шаттық шеңберіне шақыру.

  • Біз күнде аспанға қарағанда не көреміз? Күннің көзі бізге не береді? Күннің көзі бізді қалай жылытады? Олай болса, жүректерімізді ұстап , жылуын сезінейікші. Жүрек жылуын бір-бірімізге берейік. Оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген 294 – жаттығуды тексеру

III. Жаңа сабақ

I. Жадыңда жүрсін!

Ассоциация.

Үстеу туралы қандай мағлұмат жинақтадындар?

Екі тірек сызбаны толтыру























Кестені толтырған соң, оқушылар ережелерін айтады.

ІІ. Мағынаны тану

а) Кестемен жұмыс


Үстеулерді құрылысына қарай талдау


Құрылысына түрлеріне қарай

Негізгі үстеу

Туынды үстеу

Күрделі үстеу

кешке

жылай-жылай

биыл

бұлбұлша

жаздгүні

ақшалай

ала жаздай

бірге

тотыдайын




ә) Туынды үстеудің жолдары бойынша кестені толтыру


Жасалу жолдары

Мысалдар

-ша, -ше

-лай, -лей, -дай, -дей,

-тай, -тей

-дайын, -дейін,

-тайын, -тейін

-шама, -шалық

-майынша, -мейінше



б) Ашық тест


р/с

Сұрақ

Жауап

Ережесі

1



2



3




4




5

Мезгіл үстеуді табыңыз



Күрделі үстеуді табыңыз



Себеп – салдар үстеуінің сұрағы



Емлеге сай жазылған үстеу



Көп нүктенің орнына тиісті үстеуді қойыңыз


... бәріміз Қазақстан ұшағымен сапарға шығамыз

а) әдейі

ә) босқа

б) ертең


а) тез

ә) бірден

б) бостан-бос


а) не мақсатпен?

ә) не себепті?

б) қайдан?


а) күні – бойы

ә) талай-талай

б) ала жаздай


а) ілгері

ә) қазір

б) аңдаусызда

себебі,




себебі,




себебі,




себебі,




себебі,


в) Үстеуді сәйкестендіріңіз


тыстан кездесті

қасақана оқыды

шарасыздан көбейді

өте жақсы айтты

анағұрлым келісті

бүгін келді

кезекпен сөйледі




III Ұжымдық жұмыс

Терме диктант

Бір сабақ жіп

Баяғыда бір шал мен кемпірдің жалғыз қызы болыпты. Күндердің күнінде қыздың шешесі дүние салады. Бірталай уақыт өтеді. Бірде үсті-басы әбден тозып кеткен қызын көрген әкесі:

  • Қызым, басқа ештеңе істемесең де, ендігәрі үстіңе бір сабақ жіп іл, - депті.

Қызы әкесінің айтқанын орындамақ болып, етегіне бір сабақ жіп іліп өткізе беріпті. Бір мезгіл жолаушылап келген әкесінің алдынан жүгіріп шықса, қыздың үстіндегі жалбыраған жіптерінен әкесінің аты үркіп, өлтіріп кете жаздапты. Өз қызын әзер таныған әкесі бұрын айтқан сөзі есіне түсіп қапаланған түрімен төмен қарапты.

Тапсырма:

іс - әрекеттің мезгілін, сын-бейнесін, мөлшерін, мекенін білдіретін үстеулерді, күшейткіш үстеулерді тауып, сұрақ қой.



ІV. Зерделі сөзге зер сал. Мақал – мәтелдердің мағынасын ашу.

Морфологиялық сатылай кешенді талдау

а) Үш оқушы мақал – мәтелдердің мағынасын ашып, тақтада жазылған мақалдағы үстеуді тауып, сатылай кешенді талдау жасайды.

1) Шапшаң жүрсең шаң жұқпас

2) Ашаршылықта бай баласы

Бұрын өледі

3) Түстік жерге өтірік айтсаң

Кешке ізіңмен барады

ә) Үстеу қатысқан мақал – мәтелдерді айтқызу


V. Білгенге - маржан.

Топтық жұмыс.

  • Оқушыларды негізгі, туынды үстеу арқылы екі топқа бөлу.

(негізгі үстеу, туынды үстеу).

/Оқушылар қағазға жазылған негізгі, туынды үстеулерді таңдайды, таңдап алған үстеулері бойынша екі топқа бөлінеді/

а) Екі топ оқушыларына бөлек- бөлек тапсырма беріледі

«Негізгі үстеу» тобының тапсырмасы:

1. Қандай шығармадан алынған үзінді, авторы кім? Қандай шығармаларын білесіңдер?

2. Мәтін ішінен үстеулерді теріп жазып, сөз құрамына және үстеудің құрамдық түрлеріне жіктей отырып, сөзжасам бойынша кешенді талдау жаса.


жаз бойы үстеу

мезгіл

күрделі үстеу сөздердің тіркесуі

арқылы жасалып тұр.


Жаз бойы жалғыз тіршілік етті. Ащы көлдің солтүстік жағын жайлаған бес – алты ауыл Көксеректен биыл көресіні көрді. Күндіз көл жағасында, қамыста жатады.

Түнде бір ауылдың шуын бір ауылдікіне қосып, бықтырып тигендей қылады. Жаздай жеген қозы, бұзауының саны елу – алпысқа жетті.

Түнгі ауылдың қорасына шапқанда күзетшінің айтағы, иттердің үріп тұрғаны – барлығы да бұған бөгет емес, кей – кейде түнде жарқ етіп, гүрс беріп мылтық та атылады. Даусынан ғана сескенеді. Аз ұзап кетеді де, ол тыныштала бергенде қайта соқтығады.


«Туынды үстеу» тобының тапсырмасы:

Үстеулерді тап, оларға сұрақ қой. Мағынасын түсіндір. Үстеулердің қай сөзбен байланысты екенін сызбамен көрсет.

Аян үй тапсырмасын үнемі орындайды. Жазуды қатесіз, шапшаң жазады. Таңертең жаттығу жасайды. Үй жұмысына ұдайы көмектеседі. Жұмысты тез істейді. Мектеп кітапханасынан кітап алып оқиды. Бүгін жас оқырмандар кездесуіне қатысады.


ә) Әр топтан бір оқушы тұрып келесі топқа сұрақ қояды. Сұраққа барлық оқушылар жауап бере алады.

Оқулықпен жұмыс

295 – жаттығу. Сөйлемдерден негізгі үстеу мен туынды үстеулерді ажыратып, қалай жасалғанын айтыңдар.

Негізгі үстеулер: мүлдем, тез...

Туынды үстеулер: кешке...

VІ. Білім сыны

Екі топтың оқушылары бір-біріне тапсырма беріп, бағалау ережесі бойынша білімдерін бағалайды.

І топтың тапсырмалары

1.Үзінді кімнің шығармасынан алынған?

Үзіндіден үстеуді тауып, құрамына, мағынасына қарай талда.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға.

2. Мына сөздерді қандай үстеулермен айтуға болады?

ертеңгі уақыт –

осы жыл –

жерге арқасын бере жығылу –

3. Жоғары, қыстыгүні, ілгері, жылдам үстеулеріне антоним болатын үстеулерді тап.

4. «Ана тілі» тақырыбында үстеулерді қатыстыру арқылы ой толғау


ІІ топтың тапсырмалары

1.Мақалды толықтырып айт

Қай уақытта тұрған жігіттің ырысы артық, әйелдің бір ісі артық?

Еріншекке қашанғыдан қашанғы оңай?

2.Қай сөйлемде мақсат үстеуі бар?

а) Әңгімені әдейі созып айтты.

ә) Еріншектің ертеңі бітпес.

б) Көп оқыған білмейді,

көп тоқыған біледі.

3.Қай сөйлемде күшейткіш үстеу бар?

а) Ауыл тым алыс емес.

ә) Анаға қарап қыз өсер

б) Арттан соққан жел үдей түсті

4.Ой толғау

«Астана» тақырыбында үстеулерді қатыстыру арқылы ой толғау

Бағалау тәртібі:

  1. Топ ережесін сақтау – 1

  2. Жауаптары тақырыпқа сай болу – 2

  3. Стилистикалық қателер жібермеу – 2

VІ. Рефлексия. Не білдім? Не білгім келеді? Не қиындық тудырды? Оқушылар сабақ бойынша өз ойларын білдіреді.

1) оқушылар үстеудің құрамдық, мағыналық түрлеріне мысал келтіреді.

2) үстеудің мағынасын айтады.

3) қатыстырып сөйлем құрайды.


Үйге тапсырма: 295 – жаттығу (2)


Оқушылардың білімдерін бағалау












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
?стеуден ?ткенді ?айталау

Автор: Исабекова Айнагуль Тлеутсовна

Дата: 11.02.2015

Номер свидетельства: 171051

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "Конспект урока по  казахскому  языку  на тему:" ?стеуден ?ткенді ?айталау " "
    ["seo_title"] => string(76) "konspiekt-uroka-po-kazakhskomu-iazyku-na-tiemu-ustieudien-otkiendi-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "139889"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417807949"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Үстеуден өткенді қайталау"
    ["seo_title"] => string(29) "ustieudien_otkiendi_k_aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "440058"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1511291054"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Презентация по казахскому языку "?стеуден ?ткенді ?айталау " "
    ["seo_title"] => string(67) "priezientatsiia-po-kazakhskomu-iazyku-ustieudien-otkiendi-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "139896"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1417809045"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Саба?ты? та?ырыбы: ?стеуден ?ткенді  ?айталау "
    ["seo_title"] => string(49) "sabak-tyn-tak-yryby-ustieudien-otkiendi-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "178703"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1424873747"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Саба?ты? та?ырыбы: ?стеуден ?ткенді ?айталау "
    ["seo_title"] => string(51) "sabak-tyn-tak-yryby-ustieudien-otkiendi-k-aitalau-1"
    ["file_id"] => string(6) "178709"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1424874019"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства