kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока по казахскому языку на тему:" ?стеуден ?ткенді ?айталау "

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                                                                                               Гульнара Умирбаева,  Атырау ?аласы, №20  мектеп-лицейді?   ?аза? тілі мен ?дебиеті  п?ні м??алімі

Саба?ты? та?ырыбы:   ?стеуден ?ткенді ?айталау

Саба?ты? ма?саты: 

 Білімділік:    О?ушыларды? ?стеуден ал?ан білімдерін пысы?тау. Бір ж?йеге

                      келтіріп ?орыту,  теориялы? білімдерін  практикамен ?штастыру.

                      О?ушы білімін есепке алу.

   Дамытушылы?:   Абай шы?армаларынан ?зінділер келтіру ар?ылы о?ушыны?   а?ын?а деген ?ызы?ушылы?ын ту?ызу.  Шы?армашылы??а баулу,  тіл байлы?ын жетілдіру. Ізденімпазды? ?асиеттерін   ?алыптастыру.

  Т?рбиелігі:      О?ушыларды адамгершілікке, ?дептілікке,шапша?ды??а  т?рбиелеу. ??лама а?ын Абай?а деген ма?таныш сезімін ту?ызу. Елін, тілін с?юге одан ?рі баулу.

Саба?ты? типі:   ?ткен материалды ?орытындылау, білім мен іскерлік  да?дыны ж?йелеу,  жина?тау

Саба?ты? т?рі:   Д?ст?рлі саба?

Саба?ты?  ?дісі:  С?ра?-жауап,  топпен ж?мыс, СКТ, шы?армашылы? ж?мыс

К?рнекілік:  Сызба, слайдтар, т?рлі тапсырма  материалдары.

?зі? ойла?, ?зі? тап, ?зі? ізден, Деген а?ыл о?имын к?зі?ізден-

Талай ?аза? келеді с?з алдырма, Даналы?ты ?йреніп ?зі?ізден.                                                                                                                                                                                          ?адыр Мырза-?лі

Саба?ты? барысы:

І. ?йымдастыру

ІІ. Ма?ынаны тану

ІІІ. “?ле? - с?зді? патшасы, с?з сарасы”

IV. “А?ыл –?айрат, ж?ректі бірдей ?ста”

V. “Білімдіден шы??ан с?з,

       Талапты?а болсын кез”

VI. “Жа?сыны? аты ?лмейді,

         ?алымны? хаты ?лмейді”

VII.  ?орытынды:  “Аталар с?зі, а?ылды? кені”

VIII. Ба?алау

IX.  ?йге тапсырма

ІІ.  Ма?ынаны тану

- ?стеу нені білдіреді?

- ?стеуді? ма?ыналы? т?рлері  ?андай?

- ?стеуді? ??рамды? т?рлері ?андай?

- ?стеуді? емлесі

ІІІ. "?ле? – с?зді? патшасы, с?з сарасы"

„К?з” тобы     ...     ?йрек-?аз,   ?шып т?рса сымпылдап

                                                                   (Жо?ары-т?мен)

Жо?ары –т?мен

1. Б?л с?з екі ??рамнан т?р. Жо?ары-т?мен

2. ??рамына ?арай к?рделі ?осарлану ар?ылы жасал?ан

3. С?зде бір лексикалы?, бір грамматикалы? ма?ына бар

4. Лексикалы? ма?ына мекендік атау

5. Грамматикалы? ма?ынасы ?стеу

6. С?ра?ы ?айда?

7. Ма?ынасына ?арай мекен ?стеуі

„?ыс” тобы:

Ержеткен со? т?спеді уысыма,

?олымды мезгілінен ... сермедім.  (кеш)

 Кеш

1. Б?л с?з бір ??рамнан т?рады

2. ??рамына ?арай дара

3. Жасалу жолына ?арай негізгі

4. С?зде бір лексикалы?, бір грамматикалы? ма?ына бар

5. Лексикалы? ма?ынасы мезгілдік ??ымды білдіреді

6. Грамматикалы? ма?ынасы ?стеу

7. Ма?ынасына ?арай мезгіл ?стеу с?ра?ы ?ашан?

Жаз тобы

...        ж?ріп, аны? бас,                     

Е?бегі?  кетпес  дала?а.

                               (А?ырын)

 А?ырын

  1. Б?л с?з бір ??рамнан т?рады

  2. ??рамына ?арай дара

  3. Жасалу жолына ?арай негізгі

  4. С?зде бір лексикалы?, бір грамматикалы? ма?ына бар

  5. Лексикалы? ма?ынасы ?имыл іс-?рекетті білдіреді

  6. Грамматикалы? ма?ынасы ?стеу

  7. Ма?ынасына ?арай сын-?имыл  (бейне) ?стеу с?ра?ы ?алай?

 

Жаз?ыт?ры тобы

... ?арап ?ырым?а,

М?? мен зарды ?ол?а алар.         

                             (?ыранша)

1. Б?л с?з екі ??рамнан. 

2. ??рамына ?арай дара

3. Жасалу жолына ?арай туынды

. С?зде бір лексикалы?, екі грамматикалы? ма?ына бар

5. Лексикалы? ма?ынасы ?имылды? жай-к?йін  білдіреді

6.1 Грамматикалы? ма?ынасы – зат есім

    2 Грамматикалы? ма?ынасы – ша туынды ?стеу

        тудырушы   ж?рна?

7. Ма?ынасына ?арай сын-?имыл (бейне)  ?стеу с?ра?ы ?алай?

ІV. "А?ыл-?айрат, ж?ректі бірдей ?ста"

К?з тобы

   Адам баласыны? е? жаманы- талапсыз.

  Талап ?ылушылар да неше т?рлі болады.

   (Е? –тым, аса,  ?те к?шейткіш ?стеу)

?ыс тобы

 Адамны? к??ілі шын мейірленсе,

білім-?ылымны? ?зі де адам?а мейірленіп,

 тез ?ол?а т?седі .

(Тез-   жылдам, шапша?, лезде-?имыл-сын ?стеу)

Жаз тобы

??дайдан ?оры?, пендеден ?ял, текке ж?рме.

Бала?  бала болсын десе?-о?ыт, мал аяма.

(Текке- бос?а, бекерге, ??р

бос?а-себеп-салдар ?стеуі)

Жаз?ыт?ры  тобы 

Білім – ?ылым ?йренбекке талап ?ылушылар?а

 біраз шарттары бар. Оларды білмей, 

 іздегенмен табылмас.

(Біраз – талай, бірталай, ?ыруар-  м?лшер ?стеуі)

V. "Білімдіден шы??ан с?з,

       Талапты?а болсын кез"

„К?з” тобы

         С?р б?лт т?сі суы? ?аптайды аспан,

         К?з болып, дым?ыл т?ман жерді бас?ан

         Білмеймін той?аны ма, то??аны ма

         Жыл?ы ойнап, бие ?аш?ан, тай жарыс?ан.

            Жасыл ш?п, б?йшешек жо? б?рын?ыдай,

            Жастар к?лмес, ж?гірмес бала шулай

            ?айыршы шал-кемпірдей т?сі кетіп,

            Жапыра?ынан айырыл?ан а?аш ?урай.

С?р б?лт, дым?ыл т?ман, жапыра?ынан айырыл?ан  а?аш ?урай. Б?л ?ле?де  к?шпелі  елді? к?згі тіршілігі мен таби?атты? ж?деу к?рінісі  суреттелген. Жазда?ы жасыл ш?п,  жастар к?лкісі,  бала шуылы  жо? екенін айтады.

„Жаз” тобы

Жаздыг?ні шілде бол?анда,

К?корай шал?ын, б?йшешек

?зарып ?сіп тол?анда;

К?ркіреп жат?ан ?зенге

К?шіп ауыл ?он?анда;

Ш?р?ырап жат?ан жыл?ыны?

Шал?ыннан жоны ?ылтылдап.

Мына ?ле?ді о?ыса?, к?з алдымыз?а ауыл жазы елестейді. Малшы ауылдарды? жаз жайлау?а келгеннен кейінгі  тіршілігін суреттейді.  ?лкендерді? ке?есін,  бозбаланы?  ??с салуын,  жыл?ышыларды? е?бегін,  ?ыз-келіншекті?  ?й тігуін бейнелейді.

?ыс тобы

А? киімді, денелі, а? са?алды,

Со?ыр, мыл?ау, танымас тірі жанды.

?сті- басы а? ?ырау, т?сі суы?,

Бас?ан жері сы?ырлап, келіп ?алды.

Демалысы – ?скірік, аяз бен ?ар,

К?рі ??да? – ?ыс келіп, ?лек салды.

?шпадай б?ркін киген о?шырайтып,

Аязбен ?ызарып ажарланды.

?ыс ?ле?індегі ?рекет таби?аттан г?рі адамны? ?рекетіне ??сайды. ?ысты  шал?а,  демалысы-?скірік,  аяз бен   ?ар,  к?рі ??да?а  те?ейді. 

Жаз?ыт?ры тобы

Жаз?ыт?ры ?алмайды ?ысты? сызы,

Масатыдай ??лпырар жерді? ж?зі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер к?нні? к?зі.

    ?ырда?ы ел ойда?ы елмен араласып,

    К?лімдесіп, к?рісіп,  ??ша?тасып.

   Шаруа ?у?ан жастарды? мойыны босап,

   Сыбырласып, сырласып, мау?ын басып.

А?ын б?л ?ле?де к?ктемгі тіршілікті к?рсетеді.  ?ыстан шы??ан ел ерекше ?уанады.  Б?л мезгіл шаруа?а ?олайлы, жан?а жайлы болып келеді.  К?н к?зін  баласына еміренген ата-ана?а те?ейді.

VI. «Жа?сыны? аты ?лмейді,

     ?алымны? хаты ?лмейді...»

О?ушы:

      Біз б?гінгі саба?та  Абайды? тек а?ын ?ана емес,  данышпан адам екенін білдік. А?ын ?з артына ?ыруар мол ?сиет ?алдыр?ан екен.  Оны? ?ле?дері ?ара с?здері б?гінде ?з м?нін жой?ан жо?.   Абай  есімі,  оны?  ?сиеті  ?рпа?  есінде  м??гі  са?талады.

О?ушы:

Абай  ?ле?дерін,  ?ара с?зін о?у ар?ылы бойымыз?а адамгершілік ?асиеттерді  жина?тай білдік. Білім алып,  е?бек етсе? ?ана болаша?та  елімізді? бір ?ажетіне пайда?а асатынымызды білдік.  Білім алуды, е?бек етуді ?зімізге міндет деп санаймыз.

VII. ?орытынды: «Аталар с?зі,

                                а?ылды? кені»

“Абайды таныту ар?ылы біз ?лемге ?аза? елін танытамыз.   Абай  ?р?ашан бізді? ?лтты? ?ранымыз  болу?а тиіс”   Н. ?. Назарбаев

 VIII.  Ба?алау.

IX.     ?йге тапсырма:  

  «Мені? ма?танышым – Т?уелсіз ?аза?стан»   та?ырыбына ?стеулерді ?атыстыра   отырып м?тін ??рау.

 

 

 

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока по казахскому языку на тему:" ?стеуден ?ткенді ?айталау " »

Гульнара Умирбаева, Атырау қаласы, №20 мектеп-лицейдің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі





Сабақтың тақырыбы: Үстеуден өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың үстеуден алған білімдерін пысықтау. Бір жүйеге

келтіріп қорыту, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.

Оқушы білімін есепке алу.

Дамытушылық: Абай шығармаларынан үзінділер келтіру арқылы оқушының

ақынға деген қызығушылығын туғызу. Шығармашылыққа баулу,

тіл байлығын жетілдіру. Ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Ғұлама ақын Абайға деген мақтаныш сезімін туғызу.

Елін, тілін сүюге одан әрі баулу.

Сабақтың типі: Өткен материалды қорытындылау, білім мен іскерлік дағдыны

жүйелеу, жинақтау

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс,

СКТ, шығармашылық жұмыс

Көрнекілік: Сызба, слайдтар, түрлі тапсырма материалдары.

Өзің ойлаң, өзің тап, өзің ізден,

Деген ақыл оқимын көзіңізден-

Талай қазақ келеді сөз алдырма,

Даналықты үйреніп өзіңізден.

Қадыр Мырза-Әлі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Мағынаны тану

ІІІ. “Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы”

IV. “Ақыл –қайрат, жүректі бірдей ұста”

V. “Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез”

VI. “Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді”

VII. Қорытынды: “Аталар сөзі, ақылдың кені”

VIII. Бағалау

IX. Үйге тапсырма

ІІ. Мағынаны тану

- Үстеу нені білдіреді?

- Үстеудің мағыналық түрлері қандай?

- Үстеудің құрамдық түрлері қандай?

- Үстеудің емлесі

ІІІ. "Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы"

Күз” тобы

... үйрек-қаз,

Ұшып тұрса сымпылдап.

(Жоғары-төмен)

Жоғары –төмен

1. Бұл сөз екі құрамнан тұр. Жоғары-төмен

2. Құрамына қарай күрделі қосарлану арқылы жасалған

3. Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар

4. Лексикалық мағына мекендік атау

5. Грамматикалық мағынасы үстеу

6. Сұрағы қайда?

7. Мағынасына қарай мекен үстеуі

Қыс тобы:

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен ... сермедім. (кеш)

Кеш

1. Бұл сөз бір құрамнан тұрады

2. Құрамына қарай дара

3. Жасалу жолына қарай негізгі

4. Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар

5. Лексикалық мағынасы мезгілдік ұғымды білдіреді

6. Грамматикалық мағынасы үстеу

7. Мағынасына қарай мезгіл үстеу сұрағы қашан?

Жаз тобы

... жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

(Ақырын)

Ақырын

1. Бұл сөз бір құрамнан тұрады

2. Құрамына қарай дара

3. Жасалу жолына қарай негізгі

4. Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар

5. Лексикалық мағынасы қимыл іс-әрекетті білдіреді

6. Грамматикалық мағынасы үстеу

7. Мағынасына қарай сын-қимыл (бейне) үстеу сұрағы қалай?



Жазғытұры тобы

... қарап қырымға,

Мұң мен зарды қолға алар.

(Қыранша)

1. Бұл сөз екі құрамнан.

2. Құрамына қарай дара

3. Жасалу жолына қарай туынды

. Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына бар

5. Лексикалық мағынасы қимылдың жай-күйін білдіреді

6.1 Грамматикалық мағынасы – зат есім

2 Грамматикалық мағынасы – ша туынды үстеу

тудырушы жұрнақ

7. Мағынасына қарай сын-қимыл (бейне) үстеу сұрағы қалай?

ІV. "Ақыл-қайрат, жүректі бірдей ұста"

Күз тобы

Адам баласының ең жаманы- талапсыз.

Талап қылушылар да неше түрлі болады.

(Ең –тым, аса, өте күшейткіш үстеу)

Қыс тобы

Адамның көңілі шын мейірленсе,

білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп,

тез қолға түседі .

(Тез- жылдам, шапшаң, лезде-қимыл-сын үстеу)

Жаз тобы

Құдайдан қорық, пендеден ұял, текке жүрме.

Балаң бала болсын десең-оқыт, мал аяма.

(Текке- босқа, бекерге, құр

босқа-себеп-салдар үстеуі)

Жазғытұры тобы

Білім – ғылым үйренбекке талап қылушыларға

біраз шарттары бар. Оларды білмей,

іздегенмен табылмас.

(Біраз – талай, бірталай, қыруар- мөлшер үстеуі)

V. "Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез"

Күз” тобы

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылған ағаш қурай.

Сұр бұлт, дымқыл тұман, жапырағынан айырылған ағаш қурай. Бұл өлеңде көшпелі елдің күзгі тіршілігі мен табиғаттың жүдеу көрінісі суреттелген. Жаздағы жасыл шөп, жастар күлкісі, бала шуылы жоқ екенін айтады.

Жаз” тобы

Жаздыгүні шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда;

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда;

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғыннан жоны қылтылдап.

Мына өлеңді оқысақ, көз алдымызға ауыл жазы елестейді. Малшы ауылдардың жаз жайлауға келгеннен кейінгі тіршілігін суреттейді. Үлкендердің кеңесін, бозбаланың құс салуын, жылқышылардың еңбегін, қыз-келіншектің үй тігуін бейнелейді.

Қыс тобы

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті- басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Демалысы – үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбен қызарып ажарланды.

Қыс өлеңіндегі әрекет табиғаттан гөрі адамның әрекетіне ұқсайды. Қысты шалға, демалысы-үскірік, аяз бен қар, кәрі құдаға теңейді.

Жазғытұры тобы

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.

Шаруа қуған жастардың мойыны босап,

Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.

Ақын бұл өлеңде көктемгі тіршілікті көрсетеді. Қыстан шыққан ел ерекше қуанады. Бұл мезгіл шаруаға қолайлы, жанға жайлы болып келеді. Күн көзін баласына еміренген ата-анаға теңейді.

VI. «Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді...»

Оқушы:

Біз бүгінгі сабақта Абайдың тек ақын ғана емес, данышпан адам екенін білдік. Ақын өз артына қыруар мол өсиет қалдырған екен. Оның өлеңдері қара сөздері бүгінде өз мәнін жойған жоқ. Абай есімі, оның өсиеті ұрпақ есінде мәңгі сақталады.

Оқушы:

Абай өлеңдерін, қара сөзін оқу арқылы бойымызға адамгершілік қасиеттерді жинақтай білдік. Білім алып, еңбек етсең ғана болашақта еліміздің бір қажетіне пайдаға асатынымызды білдік. Білім алуды, еңбек етуді өзімізге міндет деп санаймыз.

VII. Қорытынды: «Аталар сөзі,

ақылдың кені»

Абайды таныту арқылы біз әлемге қазақ елін танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс”

Н. Ә. Назарбаев

VIII. Бағалау.

IX. Үйге тапсырма:

«Менің мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына үстеулерді қатыстыра отырып мәтін құрау.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Конспект урока по казахскому языку на тему:" ?стеуден ?ткенді ?айталау "

Автор: Умирбаева Гульнара Жулдаскалиевна

Дата: 05.12.2014

Номер свидетельства: 139889


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства