Урок по казахскому языку в 11 классе. На тему "Послание Президента - 2050". Цель этого урока: ознакомить детей с посланием Президента, через парную, групповую работу дети высказывали свое мнение и развивали свою речь, любили свою Родину и знали ее историю. На протяжении всего урока применялись 7 модулей программы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«урок по казахскому языку»
«Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Тохтаров орта мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі
қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Мунтаева Алия Жусуповна
Қоғамдық – гуманитарлық бағыт, қазақ тілі, 11-сынып, «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», жаңа тақырыпты оқу, топтық жұмысы, әңгімелесу.
Андатпа
Білім беру жүйесін жаңартуға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өтсе, «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды қадап айтты. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады.
Сабағымда оқушыларға тапсырма беру арқылы бірнеше модульді пайдаландым. Сын тұрғыдан ойлау, оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және АКТ арқылы оқушылардың білімін толықтыра түстім. Сабақты бастамас бұрын сыныптағы атмосфераны қалыптастыру үшін тренинг өткіздім. «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбындағы сабағым топпен жұмыс түрінде өтті. Осы сабақтың мақсаты: Елбасының жолдауын оқып, талдау жасайды, өз ойларын жеткізе алады, 11 сынып оқушылары сөйлем түрлерін біледі және оларға сатылай кешенді талдау жасайды, мәселелі сұрақтарға жауап беріп, сыни тұрғысынан ойлайды. Жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқытуды» басты назарға алдым. Диалог негізінде оқушылар мен мұғалім арасында өзіндік ой-пікірді жүйелеу амалы қарастырылады.
Оқушылар «Егер мен Президент болсам, халқына Жолдауым...» эссе жазып өз отанына қандай үлес қосатынын, халыққа қандай жағдай жасар екенін туралы жазды.
ХХІ ғасыр- ғылым мен техниканың көз ілеспес жылдамдықпен даму заманы, сондықтан уақыт талабына сай, білімді де парасаты, жан дүниесі кемел, намысшыл, ұлтжанды, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу - баршамыздың алға қояр мақсатымыз.
Қысқа мерзімді жоспар
Тақырыбы: «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
Мақсаты: 11 сынып оқушылары диалог арқылы мәтінмен жұмыс істеуге біледі, сыни тұрғысынан ойлап, негізгі оларын ортаға салады, сөйлем түрлерін біледі және сөйлемдерді сатылай кешенді талдау арқылы талдайды, патриоттық сезімдері арқылы Отанына қандай үлес қосатынын, халыққа қандай жағдай жасар екенін айтады.
№
Кезеңдері
тәсілі
Мерзімі
Қойылатын сұрақтар
Күтілетін нәтиже
1
Сәлемдесу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Треннинг «жылы тілектер»
2 минут
Жылы атмосфера орнауы
2
Ой қозғау
Топтастыру
Жеке жұмыс
5 минут
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз? - ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек? - Біздің тұңғыш президентіміз туралы не білесіңдер? -2014 жылдың17 қаңтар күні ҚР Президенті халқына нені жарияланды?
Қазақстан туралы білімдерін ортаға салып,айтып беруі.
3
Сыныпты мақал-мәтелдер арқылы 2 топқа бөлу
2
мақал-мәтелдерді оқып, не туралы айтып беру (Отан туралы және тіл туралы)
Өз ойларын жеткізуі, қазақ тілін дамытуы
4
Ебасының жолдауы (видео)
1 минут
Елбасының жолдауын тыңдап, керекті мағлұмат есте алады
5
Мәтінмен жұмыс «Елбасының Жолдауы»
Топтық жұмыс
9 минут
Оқушылар өз бетімен оқып, топтың ішінде талдап, содан соң өз ойларын флипчатқа жазып, тақтаға шығып түсіндіреді
диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады
6
Мәтінмен жұмыс
Топтық жұмысы
5 минут
Мәтін бойынша тапсырмаларды орындау.
1 топ: «синквейн» әдісі.
2 топ. «венн диаграмма»
2030 және 2050 стратегиясы
Сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытады
7
Сергіту сәті
2 минут
Қазақстан суреттерін көріп,музыканы тыңдайды
Қазақ еліне, музыкаға сүйспеншілік арттырады
8
Грамматика «Сөйлем»
Сатылай кешенді талдау
Жеке жұмысы
5 минут
Сызба арқылы сөйлемге талдау жасау (дәптермен жұмыс)
сөйлемге байланысты тапсырмаларды дұрыс орындауы.
9
Бір-бірін бағалау
2
Дәптерді бір-бірімен ауысып, тапсырманы тексереді
Критериалды бағалау қолдануы
10
Эссе «Егер мен президент болсам, халыққа жолдауым ...»
5 минут
Өз ойларын дұрыс жеткізу
Сөйлемдер дұрыс құру, шығармашылық қабілеттерін дамытады
11
Қорытынды
3 минут
Сөзжұмбақты шешу
Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек. 1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық) 2. Отағасының антонимі (отанасы) 3. Ата-ана тәрбиелейді? (бала) 4. «…-біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы) 5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын) 6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу)
12
Бағалау
2
минут
Нәтижені тексеру
Формативті, суммативті бағалау
13
Үйге тапсырма
1 минут
«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» шағын шығарма жазу
14
Рефлексия (кері байланыс)
жазу
1минут
Екі жұлдыз,бір тілек
Кері байланыс орнатылады
«Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Тохтаров орта мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
«Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»