Жаңа сабақ «Идея туралы ойлар» әдісі (10 минут) Сұраққа жауап алған кезде, бұл идея туралы оқушының ойын сұрау жолымен ойлау логикасын ашамын. Мысалы: “Пунктуация туралы не білесің?” Жалпы тілімізде қанша тыныс белгі бар? Қәне, ойланып көрейік. (оқушы өз ойын ортаға салады) Тыныс белгілері автордың ойын дәл , түсінікті тиянақты етіп жеткізуде нақты рөл атқарады. Біз жазба тілдегі тыныс белгілері дұрыс қойылмаған болса айтушының көңіл күйі мен айтылмақ ойын өз дәрежесінде қабылдай алмаймыз. Тыныс белгілері туралы ілім пунктуация ( лат. – нүкте ) деп аталады. Пунктуация | Негізгі қызметі | Айтылған ойды екіұшты етпей дәл, түсінікті жеткізу | Қосымша, көмекші қызметі | Мәтінді оқығанда адам көңіліндегі жан дүние өзгерістері мен ым-ишара, кідіріс арқылы берілетін құбылыстар | Пунктуация- жазу тіліне қызмет ететін шартты белгі. Мыс: Мен күдіктеніп қалдым. Әй тоқта (қатты айтып едім, басын шошына көтерді) Қазақ тілінде қолданылатын тыныс белгілер Негізгі тыныс белгілер | нүкте | Сұрақ белгісі | Леп белгі | Қос нүкте | Көп нүкте | Нүктелі үтір | үтір | сызықша | тырнақша | жақша | Мәтіннің тыныс белгілері 3 белгіге сүйенеді Грамматикалық ұстаным-сөйлемнің құрылысы. Мысалы: Шығыс кітаптары арқылы танып білген аңыз –дастандар негізінде Абай «Масғұт», «Ескендір» «Әзім» тағы басқа көлемді дастандар жазады. Грамматикалық негіз-біреу, ой біршама тиянақты , жай сөйлем, сондықтан тыныс белгісі сөйлемнің соңында қойылған. Мағыналық ұстаным-сөздің мағынасын айқындаушы. Міне, балам, осы менің батам болсын. Ол – Барластың ақын шәкірті. Ойдың кімге арналғандығы және сөйлемдегі ой иесі айқындалып тұр. Интонациялық ұстаным- Тыныс белгілерін дауыс ырғағына қарй қою түрі. Абай : -Бұл кісі кім , аға? –деп еді. Анау таңданып: - Е, білмеуші ме ең, Шөжікеңді ?.. Бұл Шөже ақын емес пе? –деді. Оқулықпен жұмыс: 123-жаттығу (Тыныс белгілерінің қойылуы мен қызметін айтыңдар) (ауызша) 126-жаттығу Мәтінді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздерді сөз табына талдау. 1.Ол-жіктеу есімдігі, телескоп-зат есім, жалпы, деректі, арқылы-септеулік шылау,айдың-ай-ілік септік тұлғасындағы зат есім, жалпы, деректі, жер-зат есім, жалпы, деректі тәріздес-септеулік шылау, топырақтан-шығыс септік тұлғасындағы зат есім,жалпы, деректі Жаратылғанын-өздік етіс тұлғасындағы есімшелі етістік, білді-жедел өткен шақ тұлғасындағы етістік. «Өз жұбыңды тап!» ойыны (5 минут) (оқушылардың қолына бөлек –бөлек үлестірмелі қима қағаздар беру, сол қағаздарға жазылған сөздер арқылы жұптастыру, тыныс белгісін ерекшелеу ) Ертең ел жайлауға көшеді /нүкте/ Есен – саумысың? / сұраулы/ Қош келдің, ағатай! /леп/ Сен келгенде..... Ә, оны айту міндетті емес. /көп нүкте/ Осылай боларын білдім бе мен?! /сөйлем соңына қаббаттасып қойылатын/ Мен Айдын,Әсем үшеуміз келдік. /үтір/ Айтарын білдім: тас- түйін боп алған. / қос нүкте/ «Жас келсе іске» деген сөз / тырнақша Үйде шешен ,-дауда жоқ. / сызықша/ 1. Балалар, сендердің ойларыңша тыныс белгілерінің сөйлем ішінде, сөйлемнің соңында қойылуы деген не, қандай маңызы бар? 2. Олар қандай қызмет атқаруы мүмкін? (Оқушылар өз ойын ортаға салады.) Жағдай оқылыды. Егер сіз онымен келіссеңіз, айтылған әрекетті орындауыңыз қажет. «Өзіндік қабылдау» жаттығуы (3 минут) Шарты: қағазды екіге бөліп сызып, сол жағына «менің кемшіліктерім», оң жағына «менің жетістіктерім» деп өз ойын ашық, жасырмай жазу керек. Менің артықшылығым Менің жетістіктерім 1. 1 2. 2 3. 3 (10 минут) |