| Кайданова Айгерим Хусаиновна. СҚО Петропавлқаласы Қазақ мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі |
Күні: | Сынып: 8 Ә Пән: Қазақ тілі |
Тақырыбы | Тіл ұстарту. Төл сөз және төлеу сөз бойынша өткенді қайталау. |
Мақсаты | Төл сөз бен автор сөзі, төлеу сөз туралы білімдерін кеңейту, орын тәртібі мен тыныс белгілеріне шолу жасау. |
Жалпы мақсат | Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Оқушылардың ойлау қабілетін, зейінін, пәнге деген қызығушылығын, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту; |
Күтілетін нәтиже | Тақырыптың мазмұнын толық біледі,пікірлерін дәлелдейді, тапсырмаларды орындайды, өмірде қолдана алады. |
7 модульдің қолданылуы | АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”. |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Есте сақтау диктанты, рөлдік ойын, эссе, креативті тест, жаттығу. |
Қолданылатын ресурстар | Проектор, суреттер, түсті қағаздар мен қарындаштар, ноудбук |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал | Сәлемдесу. Түгелдеу. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу үшін тілек жазылған бүктемелі қағаздарды оқушыларға таратамын. (1-2мин.) | Әр топтан оқушы кезекпен бүктемелі қағаздарды алып дауыстап оқиды. |
Сабақ кезеңдері | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
Үй тапсырмасын тексеру | Төлеу сөздің жасалу жолдарына байланысты 6 cөйлем жазу.(4мин.) | Үй жұмысын орындап келген оқушыларға + таңбасын қойып шығамын. | Оқушылардың арасынан әр топтан бір – екі оқушыдан сөйлемдерді оқиды. |
| Есте сақтау диктанты
(3 мин) | Тақырыпқа қатысты 21 сөздер мен сөз тіркестерін беремін. 20-21 сөз жазып үлгерген оқушы + таңбасына қол жеткізеді. | Оқушылар есте сақтап берілген уақытқа сай барлық сөздерді дәптерлеріне жазып шығулары тиіс. |
| Бонусты тапсырма
(2мин.) | Тақтада берілген ережелерді оқушыларға оқытқызамын және ол қайсысына тән екеніне жауап береді. Жауапты дұрыс айтқан оқушыға таңба қоямын. | Тақтада берілген ережелер бойынша сөйлейді |
Қызығушылықты ояту | Бейнематериал «Ерте, ерте, ертеде» (2 мин.) | Оқушыларға ертегі тыңдатып көрсетемін. Бейнематериал бойынша сұрақтар қоямын. Мыс: Қалай ойлайсыңдар, бейнебаянның сабағымызбен қандай байланысы бар? | Оқушылар топта, жекелей сұрақтарға жауап береді. |
| Шығармашылық тапсырмалар (12 мин) | І топ. Рөлдік ойын. Ғаламтор жайлы сөйлесіп тұрған адамдардың диалогы. ІІ топ. Төл сөз бен төлеу сөздерді қатыстырып өлең шығару. ІІІ топ. Суретке қарап төл сөздер мен төлеу сөздерді қатыстырып мәтін құрайды. Оқушылардың біріне-бірі қойған бағасына қарап өзім барлығын бағалаймын. | Арасындағы бір оқушы төл сөздерді төлеу сөздерге айналдырып тұрады. Әр топ өзіне берілген тапсырмаларды орындайды, қорғайды,бір-бірін тыныс белгілер бойынша бағалайды. |
| Жаттығулар (3 мин.) | Тақтада берілген сөйлемдерге тыныс белгілерін дұрыс қойып шығу.Берілгені: 5 сөйлем. 5 сөйлем дұрыс болса ғана ұпайға ие болады. | Оқушылар дәптерге берілген жаттығуды орындайды. |
Бекіту | Эссе (5мин.) | Әр оқушыға 63 сөзден тұратын эссе жазғызуды тапсырамын. Тақырып Төл сөз, автор сөзі, төлеу сөз. | Оқушылар берілген уақыт арасында 63 сөзден тұратын эссе жазып шығады. |
Қорытынды | Креативті тест (5мин.) | Тестік тапсырмалар экраннан кезекпен шығып тұрады. | Оқушылар өзінің жауабын қолындағы карточкаларды пайдалана отырып береді. Дәлелдейді. Сол бойынша баға алады. |
Бағалау | Тақтадағы Вассерман матрицасы бойынша бағалаймын. |
Рефлексия | Стикерлерді толтыру | Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну | Ұсынылған стикерді толтыру |