Тақырыбы: Табиғатты аялай да, бағалай да білейік
Табиғат-ол өсімдік
Өсімдік-бұл жасыл желек,көкмайса құрақ,қызыл-жасыл гүлдер.Өсімдік ашыққанда тамақ,шөлдегенде сусын,ыстықта көлеңке,сая,суықта пана,ауырғанда дәрі,ренжігенде қуантатын табиғаттың сұлу көркі-гүл.
Табиғат-ол Жануарлар әлемі
Жүгірген аң,ұшқан құс,дала ажары ақбөкен,әні мен сәні бұлбүл,су аруы Аққу табиғатымыздың сәні емес пе?!
Табиғат-ол Жер Ана
Барша байлықтың анасы- Жер Жерді күтіп баптай білу,оның қойнауындағы қазба байлықтарын дұрыс игере білу,Жер ананы түлетіп гүлдендіре білу –біздің борышымыз.
Корініс:Мұңлы музыка ойналады
\Аққайың,құс,әкесі,баласы
Аққайың:орман едік бір кезде біз жайқалған,
Аң мен құстың әсем әні сайраған.
Әні кеткен,бұл өлкенің сәні кеткен,
Аң мен құстың бас сауғалап бәрі кеткен.
Жалғыз қалдым,жалғыздықтыңжыры көп,
Анам,әкем,бауырларым,қайдасың?
Кей адамдар жауыздықпен асырып жүр айласын.
Жалғыздықтың мұңы көп.
Соны айтуға адамзатқа тілім жоқ.
Әкесі:Ағашта қалмапты ғой өзі?
Баласы:әке,бар ағашты өзіміз кесіп алдық қой.
Әкесі:е,міне,жалғыз қайың қалыпты ғой,соны алайық.
Баласы:әке,ол әлі жас қой,әлі өссінші! обал емеспе