Просмотр содержимого документа
«Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктері»
10.09.2020 ж.
ТАҚЫРЫП: Тәрбие үрдісі, оның ерекшеліктері
Жоспар:
1. Тәрбие беру үрдісінің маңызы
2. Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері
3. Оқушының тұлға болып қалыптасуына әсер ететін факторлар
4. Жас ұрпаққа тәрбие берудің негізгі бағыттары
Адамзат баласы болғаннан бастап, тәрбие үрдісі бірге келеді. Әрбір ұлт өкілі, әрбір адамзат ұрпағының болашағы туралы ойлағанда оның тәрбиеге байланысты болатынын түсінді.
Тәрбие үрдісі – жеке адамды мақсатты бағытта жүйелі түрде қалыптастыру. Талай ғасырлар бойы өмір сүрген ата бабаларымыздың өмірдегі іс -тәжірибесін, әдет ғұрыптарын тіршілік болмасын кәсібін игеру және өзіне тән ұлттық сананы, ұлттық идеяны қалыптастыру болып табылады.
Адам тәрбиесі мен даму бірлігінің өзара байланыстылығы – тәрбие үрдісінің заңдылықтарының бірі. Тәрбие мазмұны формалары мен әдістері көбіне баланың жалпы дамуы деңгейінде жүргізіледі және оған тәуелді. Ал олардың дамуы – ең алдымен тәрбие берудің нәтижесі. Жеке адам тәрбиелене, үйрене отырып дамиды (С.Л. Рубинштейн). Тәрбие дамуды жетелейді. Ол Л.С. Выготскийдың айтуы бойынша адамнан озық тұрады.
Тәрбие үрдісі адамның дамуын оның өміріндегі әлеуметтік тәжірибені игеруіне, білімді икемділік пен дағдыларды жай жинақтауға ғана әкеп салмайды. Даму алдымен адамның психикалық іс-әрекетінің сапалық өзгеруіне, жаңа қасиеттің қалыптасуына әкеп соғады.
Тәрбие үрдісінің күрделілігі тәрбие беру тек ғылым ісі ғана емес тәрбие ісі, өнер әрі шығармашылық іс екендігі белгілі. Тәрбие үрдісінде белгілі дәрежеде табысқа жету көбіне тәрбиеші мен баланың жеке дара ерекшеліктеріне байланысты. Демек тәрбие үрдісі - жалпы мақсатқа жетуге жеке адамды жан-жақты дамытуға бағытталған тәрбиеші мен оқушының бірлескен өзара байланысты қызметі.
Тәрбие беру үрдісі – педагогикалық процестің өте маңызды және өзіндік ісі бағдары бар бөлігі екендігі белгілі. Тәрбие үрдісінің өз мазмұны өз ұстанымдары бар және барлық іс-әрекетті өзіне тән жұмыс формалары, әдістері мен тәсілдері көмегімен іске асырылатын іс.
Сондықтан педагогика ғылымында өзіндік жолы, бет бағдары бар тәрбие теориясы мен әдістемесі педагогика ғылымының саласы ретінде өз алдына қалыптасты. Соған орай тәрбие беру үрдісін іске асыру әдістемесі - тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен ұстанымдары, формалары мен әдіс тәсілдері туралы толық та теориялық және практикалық іс-шараларды іске асыру жолын іздестіреді.
Тәрбие үрдісінің оқытудан айырмашылығы баланы ата-анасы туғаннан бастап ер жеткенше тәрбиелейді. Бала ер жеткен соң өзі тәрбиешіге айналады.
Тәрбие үрдісі мектепте өткізілетін оқу – тәрбие жұмысының негізгі бөлігі. Оған пән мұғалімдері, тәрбиешілер, оқушылар, білім мекемесі және қоғамдық ұйымдар бірлесе ат салысатын күрделі жұмыс.
Ертедегі ата бабаларымыз білімді толық игермесе де балаларын кәсіпке, білімділікке мәдениеттілікке имандылыққа, үлкенді сыйлауға, елін, жерін қорғауға үнемі тәрбиелеп отырды.
Қазақ халқы баласын алдымен кәсіпке мал бағуға, қыздарын от басы ошақ қасындағы үй тәрбиесіне баулыды. Тәрбиенің негізгі алтын қазығы етіп адамгершілік, имандылық үлкенді сыйлау дәстүрін қалыптастырды. Ауылда ақсақалдар мен Билер жүйесі жұмыс істеді. Барлық басшылықты осы ұйымдар арқылы іске асырды. Билер жүйесінің ісі қылмысты істерге әділ шешімін айтып отыру болса, ауылдағы басқа ұйымдастыру жұмыстарын ауыл ақсақалының айтуымен іске асырылды. Қазақ халқы тарихында сот прокротура полиция тәрізді қылмыстық істер туралы ұжым болған жоқ, солай болсада қылмыс әдейі кісі өлтіру ісі өте сирек болатын құбылыс. Елдегі ең үлкен қылмыс барымта жер-жайылым дауы мен бірін-бірі сүйген қыз бен жігіттің елден қашып кетуі тек осы кездерде ғана кісі өлімі болып тұрды оны билер реттеп отырды. Сол кездердегі тәрбие үрдісінің күштілігі сондай қылмыс өте аз болды. Қазақ халқы үйіне құлып салуды, киіміне қалта салуды білмеді соған орай ұрлық болған емес немесе өте аз болды. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесінің күштілігі осында.
Қазіргі педагогика ғылымының «тәрбие» үрдісіне берген анықтамасы төмендегіше болып келеді.
«Тәрбие үрдісі» - әлеуметтік кең мағанада алсақ -өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлеуметтік құрылымдар: қоғамдық институттар, ұйымдар, діни және мәдени орталықтар, бұқаралық ақпараттық құралдары мен мектеп және отбасы арқылы өмір сүруге білім алуға тәрбиелі болуға даярлау болып табылады.
Ал тәрбие үрдісі-педагогикалық тар мағанада оқу –тәрбие мекемелерінде арнайы маман педагогтар ұйымдастыруымен және басқаруымен жүргізілетін жаңа формациядағы адамды қалыптастыру.
Жаңа Қазақстанның жаңа ұрпағын даярлау барысында, педагогика саласында «тәрбие технологиясы» деген ұғым пайда болды. Себебі жаңа ұрпақты жаңа заман дәстүріне лайықты тәрбиелеу қажеттігі туындады. Қазіргі педагогтар алдында тұрған міндет қазақ халқының көптеген жылдар бойы қалыптасқан жағымды пайдалы ұлттық құндылықтарын сақтай отырып жаңа заман талабына сай жаңа формациядағы білімді, мәдениетті ұрпақты тәрбиелеу.
Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері:
1. Тәрбие үрдісі көп факторлы оған тек мектеп қана емес мемлекет және қоғамдық, көпшілік ұйымдар қатысады.
2. Тәрбие үрдісі ұзақ жүретін құбылыс, оның жемісін бір-екі жылда көруге болмайды. Тәрбие ісі туғаннан мектепте және одан кейінде жалғаса береді. Француз ғылымы Гельвецкий «өмір сүрудің өзі ұзақ тәрбие» деген
3. Тәрбие үрдісі сатылы сипатта жүргізіледі. Тәрбие алдымен отбасында, мектепте тәртіп ереже ұғымдарын игеру сатысынан өтеді. Одан әрі тәртіп туралы бастапқы ұғымдармен танысса, кейінгі сатысында мінез-құлықтар, көзқарастар қалыптасу сатысы пайда болады да ол одан арғы сатыда дамиды.
4. Тәрбие жұмысы мазмұнының қайталануы. Тәрбие мазмұны қайталанғанда жай ған емес мазмұны кеңіп әрі тереңдей түседі. Мысалы: Тәртіптілік , білімділік туралы әр сыныпта үнемі айтылады.
5. Тәрбие ісі-екі жақты әрі белсенді үрдіс. Тәрбиеші мен оқушының екі жақты белсенділігі қажет. Оқушы әрі тәрбие обьектісі әрі тәрбие субьектісі.
6. Тәрбие үрдісі ұйымдастырушылық істі қажет етеді. Бала тәрбиелеуге бүкіл білім мекемесіне көпшілік ұйымдар жұмылуы керек.
7. Тәрбие үрдісінің нәтижесі бірден білінбейді. Тәрбие динамикалық, диалектикалық үздіксіз үрдіс. Оқыту үрдісі тәрізді-тест, бақылау алып, ЕНТ арқылы тез бағалауға болмайды.
8. Тәрбие үрдісі – мемлекетпен қоғаммен тікелей байланысты. Ол болашақтың қажетін өтейді.
Оқушының тұлға болып қалыптасуына әсер ететін факторлар.
1. Тұқым қуалау үрдісі қазақ халқының 7 атадан қыз алысу үрдісі. Тектілік туралы ұғым. Текті жерден қыз алу. «Шешесін көріп қызын ал», «Алып анадан туады» т.б..
2. Тұрмыстық жағдайлар оқу-тәрбие үрдісіне қажетті шығындар .Лицеи, гимназия, элитарлық білім, шет елде оқу т.б.
3. Мемлекеттің экономикалық жағдайы және мектептің материалдық техникалық жағдайы мен білім мен тәрбие беру жүйесі. Жапон еліндегі камикадзе, харакири.
4. Білім мен тәрбие беретін жоғары, орта және білім мекемелерінің бағыты мен бағдарлама мазмұндары.
5. Қоғамдық көпшілік ұйымдар және мектептен тыс қосымша білім беру мекемелері.
6. От басы ата-ана тәрбиесі
7. Бұқаралық ақпараттық құралдар теледидар, радио, газет, журнал, интернет.
8. Оқушының қоршаған ортасы, көше, ауыл, ықшам, аудан әсері
Жас ұрпаққа тәрбие берудің негізгі бағыттары.
1. Диалектикалық діни дүние таным қалыптастыру (қазақ халқының философиялық және діни дүние танымы)
2. Қоғамдық – саяси тәрбие (Қазақстан: Республикасы жаҺандану қарсаңында)
3. Имандылық адамгершілік тәрбиесі
4. Ұлтжандылық қазақ патриотизм тәрбиесі, (Ұлттық рух, ұлттық намыс)
5. Әскери- патриоттық тәрбие (қазақ халқының батырлық іс-әрекеті Б.Момышұлы
6. Ақыл –ой, мәдениеттілік тәрбиесі
7. Құқықтық тәрбие (Жеті жарғы)
8. Эстетикалық тәрбие
9. Экологиялық тәрбие (Қазақстан Республикасы экологиялық жағдайы)
10.Экономикалық тәрбие (Қазақстан Республикасының экологиялық потенциалы)
11. Электронды ақпараттық тәрбие
12. Еңбек тәрбиесі
ТАПСЫРМА:
Дәрісті түсініп оқып шығып, тезистеп дәптерге жазыңыз.
«Тәрбие» үрдісіне салыстырмалы талдау жасай отырып, мысал арқылы дәлелдеңіз
Тәрбие-қоғамдық құбылыс, себебі:
Тәрбие-мақсатты үрдіс, себебі:
Тәрбие біртұтас үрдіс, себебі:
Тәрбие-ұзақ, күрделі үрдіс, себебі:
Тәрбие-көпжақты үрдіс, себебі.
«Менің басқа адамдарға жасаған қайырымдылығым»» шығарма жазыңыз.