Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен таныстырады. Бағалау критерийімен таныстырады. Дескрипторы: мәтіндегі ең маңызды тірек сөздер жазылған 4 тамшыны түрлі-түсті қарындашпен бояйды; тірек сөздердің көмегімен мәтінге сөз тіркесімен ат қояды; мәтіннің атын бұлтқа жазады; жұбына мәтінге неліктен ондай ат қойғанын түсіндіреді; түсіндіру кезінде ұсынылған сөз оралымын қолданады.
Тыңдалымалды тапсырмасы Сөздікпен жұмыс. Тыңдалым мәтінінде кездесетін жаңа сөздермен жұмыста мұғалім тақтадан әр сөзді синонимімен немесе мағынасымен және сурет негізінде көрсетеді. Әр оқушыға сөздік таратылады. Жаңа сөздермен танысқаннан кейін мұғалім суреттерді ғана көрсету арқылы жаңа сөздерді қайталатады. Сөз | Сурет | тіршілік, өмір | | ауыз су, тұщы су | | мұздық | | температураны тұрақтандырады, бір қалыпта ұстайды | | тасымалдау, жеткізу | | бүйрек | | бауыр | | қалдық | | жарақаттану, жаралану | | ылғалдандыру | | бұлшық ет | |
Тыңдалым мәтіні Су- тіршілік көзі. Жер бетінің 70 пайызын су алып жатыр. Бірақ оның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды екен. Ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталғандықтан, ғаламшар тұрғындары тек бір пайыз суды ғана пайдалана алады. Сондықтан жер бетіндегі халық саны көбейген сайын тұщы су да жетіспейді. Судың адам денсаулығына пайдасы өте көп. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады», - деп жазады. Мысалы, су дене температурасын тұрақтандырады, ағзаға қажетті азық пен оттегіні тасымалдайды, ұйқыны реттейді, көздің көруін жақсартады, иммунитетті көтереді. Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды тазалап, ағзаға дәрумендер мен минералдардың таралуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, су - мидың жұмысын жақсарту үшін күш және электрлік энергия көзі. Ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғап, теріні ылғалдандырып, емдейді. Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Ал, денеде 20 пайыз су жетіспеушілігі болса, адам денсаулығына үлкен қауіп төнеді екен.
Тыңдалым тапсырмасы Мәтінді мұқият 2 рет тыңдаңыз. Мәтіндегі маңызды тірек сөздер жазылған тамшыларды анықтап, түрлі –түсті қарындашпен бояңыз. Оқушылар тірек сөздерді тақтадағы дұрыс нұсқасымен тексереді.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма Тірек сөздердің көмегімен мәтінге ат қойыңыз.
Жұбыңызға мәтінге неліктен ондай тақырып бергеніңізді түсіндіріңіз. Әр оқушыға 1 минуттан. Тақтадан жауап беруге қатысты өз оралымы көрсетіледі. Мен мәтінге ....... деп ат қойдым, себебі мәтінде............................ туралы айтылады.
Мұғалім кейбір оқушылардан жұбының мәтінге қойған тақырыбы туралы сұрап, жауап алады. Мысалы: Айнұр, сіздің жұбыңыз .............. мәтініне қандай ат қойды және неге? Мұғалім оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийіне еске түсіртеді. Тақтадан шығарып қояды.
Кері байланыс. Сізге бүгінгі тапсырмалардың қайсысы қызықты болды? Неге? Екі тапсырманың қайсысы қиынырақ болды? Неге? |