kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?з таптарыны? бірі - сан есім

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сен ?алай ойлайсы??

  1. «Біреу» с?зі ?ай кезде белгісіздік есімдігі ?ай кезде жина?ты? сан есім болады? Мысалмен д?лелде.

Ж.: Есіктен біреу кірді десе, белгісіздік есімдік. Себебі, кім келгені белгісіз.

Мені? ал?ан кітабымны? саны – біреу десе, затты? санын білдіріп т?р, жина?ты? сан есім.

  1. Шы?ыс септігінде т?р?анда ?ай кезде топтау сан есімі, ?ай кезде б?лшектік сан есім?

Ж.:Партаны екі-екіден ?ойды десе, топтау сан есімі. Ал, екіден бір десе, б?лшектік сан есім.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?з таптарыны? бірі - сан есім»

Алматы облысы Талдықорған қаласы Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын М. Арын атындағы № 24 «Экономика және бизнес »арнаулы лицейі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б. Д. Нуркожаева

Қазақ тілі 6 «б»сынып

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Балалар, төмендегі бос орындарға жауап жазыңдар .

( асты сызылған курсив сөздердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)

Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы

мұғалімнің есіне:

I кезең.Төмендегі «Көпір»тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді .Мұғалім алғашқы 5-7 минутта : а) ұйымдастыру сәтін ;б)алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір»тапсырмаларын тексереді )

«Көпір»

тапсырмалары

өткен

тақырыптар

бойынша жаңа

сабақты меңгеруге

негіз болатын

қайталау

тапсырмалары


1Сан есім дегеніміз не?

Ж:Заттың ,санын , мөлшерін ,ретін ,білдіріп, қанша ?неше ?нешеу?нешінші ?тәрізді сұрақтарға жауап беретін сөз табын сан есім дейді.

2.Сан есім құрылысына қарай ,құрамына қарай,мағынасына қарай қалай бөлінеді ?

Ж:Сан есім құрылысына қарай дара, күрделі; құрамына қарай негізгі, туынды;мағынасына қарай есептік, реттік, жинақтық, болжалдық топтау ,бөлшектік болып алтыға бөлінеді .

II кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төменгі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарымен мұғаліммен бірге талдайды (10 минут) Нәтижесін ауызша марапатталады.

Теориясы: «Білу» (тақырын мазмұны бойынша кім? не? қандай? қалай? нені? қашан? не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)

. 1.Бос орындарға қажетті сөздерді жаз

Ел құлағы - ... (елу)

Аласыға ... аз, (алтау)

Бересіге ... көп . (бесеу)

... рет өлшеп , (Екі)

... рет кес. (Бір)

Білгенің ... ... (бір тоғыз)

Білмегенің ... ... (тоқсан тоғыз)

Ұлға ... үйден тыю (отыз)

Қызға ... үйден тыю . (қырық)


Теориясы : «Түсіну»

(неге?неліктен ?

себебі ?не

үшін ?сұрақтары

оқушының жоғарыда берген жауаптарына

оларды тереңдету үшін қойылады)

Тұлпарға мініп , ғарышқа

Көтерілдім бір минутта .

Елудей жұлдыз еркелеп ,

Мыңға жуығы жүр қызықтап .

Аралап қайттым Марсты

Қоржынға жүз-мың жүзік сап .

Анама моншақ сыйладым,

Жүз шақты жұлдыз теріп ап ...

Өтірік өлең жолдарынан сан есімдерді тер ,неліктен ол түріне жататынын анықта .

Жауабы: Сан есімдер: бір,елудей, мыңға жуығы, жүз-мың, жүз шақты

Теориясы:

«Талдау»

  1. Салыстыр,

2.Айырмашылығы неде?

3.Ұқсастығы неде?

4. Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды

Венн диаграмасы арқылы қамтуға бодады.


1. а) Неліктен құрамына қарай дара сан есім деп бөлінеді? Ж.Себебі,неше? деген сұраққа жауап беріп, бір ғана сөзден тұрады.Мысалы :мың ,миллион ,жүз

ә) Неліктен күрделі сан есім деп аталады ,ол қалай жасалады ?

Ж. Себебі, кем дегенде екі сөздің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалып, күрделі сын есім болады. Мысалы : тоқсан (тоғыз он,бірігу арқылы)екі үштен ,бір мың .

Венн диаграммасы арқылы дара және күрделі сан есімді салыстыр

Дара Ұқсастығы Күрделі







Теориясы «Жинақтау» (Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)


оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнында «Баға беру» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырамалары орындалады. Нәтижесі ауызша марапатталады.

Практикасы:

«Қолдану» (оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырамалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады)

Оқулықпен жұмыс

146 жаттығу Сан есімге морфологиялық талдау жаса .

Мыс.жиырма бесте –күрделі,есептік сан есім ,түбірі –жиырма бес –

-да –жатыс септігінің жалғауы .

Практикасы «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады

Сен қалай ойлайсың?

1.Мен ағайынды екеумін: біреуі –өзім ,екіншісі –халқым . деген сөйлемде екеумін деген жинақтық сан есім деп ойлайсың ба?Неге?

Ж: Екеумін деген жинақтық сан есім , себебі ,санды жинақтап тұр ,----еу жұрнағы арқылы жасалған .

2.Жұрнақ арқылы жасалған сан есім туынды ма, әлде күрделі сан есім бе?

Ж: Жұрнақ арқылы жасалса, күрделі сан есім емес, туынды сан есім.

ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс.

Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзыреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды+ 3 минут қорытынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Қорытынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.


І деңгей (5 балл)

Теориясы: «Білу»(тақырып мазмұны бойынша кім? не? қандай? қалай? нені? қашан? не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар іріктелініп ІІ кезеңдегіге қарағанда керісінше қойылады )

  1. Құрамында сан есімдері бар бес мақал –мәтел жаз

Жауабы: Алтау ала болса ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса төбедегі келеді

  1. Ат сыны-біреу, ер сыны-мың

  2. Үш жұрттың тілін білген өзгеден

Үш есе биік тұрады

  1. Ағайын- алтау, ана-біреу

  2. Алты жасар бала атқа мінсе,

Алпыстағы шал

Алдынан шығып атын ұстар

  1. Неше арсыз, неше жетім, неше жаман бар? Шешендік сөздерді пайдаланып, жауап беруге тырыс .

Жауабы: Үш арсыз, жеті жетім, он жаман бар

  1. 157- жаттығу. Мәтіндегі сан есімдердің тұлғалық, құрамдық, мағыналық түрлерін ажырат.

Р\с

Мысалы

тұлғалық

құрамдық

мағыналық

1

екі

негізгі

дара

есептік

2

үш-үштен

негізгі

күрделі

топтау

3

екеуі

туынды

дара

жинақтық

4

үшіншісі

туынды

дара

реттік


Практикасы: «ҚОЛДАНУ» (ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)

Сұрақтарға жауап бер .

1.Қай сан есім басқа сан есімдерге негіз болады ?

Жауабы: есептік

2.Қай сан есімдердің саны жетеу?

Жауабы: жинақтық

3.Қай сан есім шығыс септігінің жалғауы арқылы жасалады?

Ж.: топтау

4.Қай сан есімнен заттың нақты санын біле алмайсың ?

Ж.: болжалдық

5.Септік жалғауларының көмегімен жасалатын сан есімдер

Ж.: топтау және бөлшектік


ІІ деңгей (5 балл + 4балл = 9 балл)

Теориясы: «Түсіну» (неге? неліктен? себебі? не үшін? Сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)

Себебін анықта

Жинақтық сан есімдердің астын бір, белгісіздік есімдіктердің астын екі сыз.

1.Біреудің ат көтермес бөзі бар, біреудің ат көтермес сөзі бар.


2. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.


3 Ерегісте ер өлер, екі батыр егессе, екеуінің бірі өлер.


Теориясы: «Талдау»

  1. Салыстыр,

  1. Айырмашылығы неде?

  2. Ұқсастығы неде?

  3. Тақырыптың басты идеясын жаз деген

Тапсырмалар болу керек. немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.

Тақырыптың басты идеясы неде?

Сан есімнің өмірде қажеттілігі бар ма? Не үшін қажет ойыңды санамалап айт?

Ж.: Сан есімнің өмірде қажеттілігі көп. Мысалы сан есім арқылы туған күніңді,қанша жасқа келгеніңді, нешінші сыныпты оқитыныңды, қай жылы туылғаныңды білесің.

1.Бөлшектік сан есім мен болжалдық сан есімді қалай айырасың?

Ж: Жасалу жолдары арқылы.

2.Батырлар жырларынан сан есімнің мағыналық түрлеріне мысал жаз?

Ж.: Етектейін еріннің,

Екі елісі қалыпты,

Жалбыраған жалыннан

Жалғыз қарыс қалыпты;

Қиған қамыс құлақтан,

Бір тұтамы қалыпты;

Бір құлаштай құйрықтан

Бір уыстай қалыпты.

(«Ер Тарғын» жырынан)

Практикасы: «ҚОЛДАНУ» (ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)

Ақтан жыраудың «Не жаман?» толғауын жалғастырып жаз?

Біріншіден не жаман?

Білімсіз болған ұл жаман.

Екіншіден не жаман?

Ананың тілін алмаған,

Қасарысқан қыз жаман.

Ж.: Үшіншіден не жаман?

Үш жерінен буғызып,

Көрге салған – сол жаман.

Төртіншіден не жаман?

Төресін ғаділ бермеген,

Парақор болған би жаман.

Бесіншіден не жаман?

Бес уақыт намазың

Қаза болған – сол жаман.

Алтыншыдан не жаман?

Алғашкы алған әйелің

Көп ішіңде кеңкілдеп,

Тіл алмаған – сол жаман.

Жетіншіден не жаман?

Жеткіншіктен оқ тиіп,

Жетпей калсаң – сол жаман.

Сегізіншіден не жаман?

Серке санды ат мініп,

Сергелдең болған – сол жаман.

Тоғызыншыдан не жаман?

Торғайдай болған бір басың

Топка түскен – сол жаман.

Оныншыдан не жаман?

Оймақ ауыз қиғаш қас,

Жазық маңдай, жалқын шаш,

Бір перзенттің жоғынан,

Мұңлық болған – сол жаман.

ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)

Теориясы: «Жинақтау» (Қорытынды шығаруға бағытталған: мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба, ребус шеш деген сөздер тапсырма шартында болу керек.)

Сөзжұмбақты шеш

  1. Кәделі мүше.

  2. Ел ордасы.

  3. Ас атасы.

  4. «Кет» сөзінің антонимі.

  5. Нәрестенің төсігі.

  6. Киім қыстыратын орын.

  7. Сөздің көркі.


б

а

С


А

с

т

А

н

а



н

а

Н



к

Е

Л


б

е

С

і

к



І

л

г

і

ш

М

а

қ

а

л



Практикасы: «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің

Сияқты тапсырамаар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады

Сен қалай ойлайсың?

  1. «Біреу» сөзі қай кезде белгісіздік есімдігі қай кезде жинақтық сан есім болады? Мысалмен дәлелде.

Ж.: Есіктен біреу кірді десе, белгісіздік есімдік. Себебі, кім келгені белгісіз.

Менің алған кітабымның саны – біреу десе, заттың санын білдіріп тұр, жинақтық сан есім.

  1. Шығыс септігінде тұрғанда қай кезде топтау сан есімі, қай кезде бөлшектік сан есім?

Ж.:Партаны екі-екіден қойды десе, топтау сан есімі. Ал, екіден бір десе, бөлшектік сан есім.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
С?з таптарыны? бірі - сан есім

Автор: Нуркожаева Бакыт Даулетовна

Дата: 26.11.2015

Номер свидетельства: 258618

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "?аза? тілі  "Сан есім" 4 сынып"
    ["seo_title"] => string(23) "kazaktilisaniesim4synyp"
    ["file_id"] => string(6) "320646"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461125266"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Сан есім түрлері"
    ["seo_title"] => string(18) "san_iesim_turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "455924"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1518151748"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) ""Сан есім" ?аза? тілі"
    ["seo_title"] => string(17) "saniesimkazaktili"
    ["file_id"] => string(6) "325159"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1462873255"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(17) "Сан  есім "
    ["seo_title"] => string(11) "san-iesim-2"
    ["file_id"] => string(6) "164896"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422716751"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "конспект урока "Сан есім""
    ["seo_title"] => string(22) "konspiekturokasaniesim"
    ["file_id"] => string(6) "256034"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448034552"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства