Білімділік: сөйлем құрамы мен сөйлем мүшелері туралы түсінік беру. Мысалдар арқылы тақырыпты аша отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Білімділік: сөйлем құрамы мен сөйлем мүшелері туралы түсінік беру. Мысалдар арқылы тақырыпты аша отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
Дамытушылық: түрлі әдістер арқылы оқушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа, талдау машықтарын дамыту;
Тәрбиелік: сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа, ұйымшылдылыққа,сөйлем мүшелері мен құрамын өз бетінше ажырата білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: «Автобус аялдамасы», «Лентадағы сұрақтар»,«Ойлан, топтас, бөліс», т.б.
Топқа бөлу. Лента арқылы бөлу. Үш түсті лентаны таңдату. Таңдаған ленталарын көршісіне байлайды. Сол түстер бойынша топқа бөлінеді.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Лентанын астында сұрақ нөмірлері бар, сол бойынша экраннан шыққан сұрақтарға жауап береді.
Сөйлем дегеніміз не?
Сөйлемдер айтылу сазына қарай қалай бөлінеді?
Хабарлы сөйлем дегеніміз не? Мысал арқылы дәлелдеңіз.
Бұйрықты сөйлемге мысал келтіріңіз.
Лепті сөйлемнің жасалу жолы.
Сұраулы сөйлем дегеніміз не? Ойды анықтауға көмек қылатын сұрақтарды біз ....,.....,..... сұрақтар деп атаймыз.
Негізгі, жетек, анықтауыш сұрақтар қалай жасалады?
(Смайликтер арқылы бағалау)
3. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.
Бүгін олар көшеттерді жылдам отырғызды.
Балалар, берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талдап көрейік. Бүгінгі сабаққа бұл сөйлемнің қандай қатысы бар? Сабағымыз не туралы деп ойлайсыздар? (Оқушылар жауабы тыңдалады).
Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымыз сөйлем құрамы және сөйлем мүшелері деп аталады.(Оқушылар күннің жадысы мен сабақ тақырыбын дәптерлеріне жазады).
Сөйлем мүшелері – сөйлем құрауға қатысатын толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер.
Тұрлаулы мүшелер сөйлем құрауға негіз болатын мүшелер болса, тұрлаусыз мүшелер өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүшелер.Сөйлем мүшелері құрамына қарай үшке бөлінеді.
«Ойлан, топтас, бөліс» тұжырымдамалық картаарқылы топтарға тапсырмалар беріледі.
1-топ: Дара мүшелер
2-топ: Күрделі мүшелер
3-топ: Үйірлі мүшелер.
Топтар осы тақырыптарды постерге түсіреді. Уақыт аяқталған соң, «Автобус аялдамасы» әдісі арқылы бір-біріне түсіндіреді.
(Смайликтер арқылы бағалау)
Дара мүше толық мағыналы бір сөзден болған мүше.
Күрделі сөз, тұрақты тәркес және шылаулы тіркестен болған мүше.
Үйірлі мүше бірнеше сөзден құрылып, өз ішінде бастауыштық-баяндауыштық қатынаста тұратын, бір сөйлем мүшесі қызметін атқаратын сөздер тобы.
Тапсырма. Берілген сөйлемдерді сөйлем құрамына (дара,күрделі,үйірлі мүшелер) талдаңдар.
1-топ: Егін орақпен, шалғымен орылады. Бірлі-жарым лобогрейка жұмыс істейді. Орылған аңыздан біз масақ тереміз.
2-топ: Білімі күшті мыңды жығады. Мәмбет жұртшылықты онша риза қыла қоймады.
3-топ: Жаз шыға қойшылар жайлауға қарай бет алды. Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас.
Оқулықпен жұмыс. Ауызша орындау.
49-жаттығу. Берілген мәтінді оқып, сөйлем мүшелеріне талдау.
(Смайликтер арқылы бағалау)
4. Бекіту. «Иә», «Жоқ» әдісі.
Тапсырма.
«Иә»
«Жоқ»
1.Сөйлем мүшелері құрамына қарай 3-ке бөлінеді.
2. Тұрлаулы мүшелер өздігінен сөйлем құрай алмайды, тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұрады.
3.Сөйлем ішіндегі барлық сөздер сөйлем мүшесіне талданады.
4.Үйірлі мүше өз ішінде бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұрады.
5.Күрделі мүше тұрақты тіркестерден, шылауларлы тіркестерден және күрделі сөздерден жасалады.
5. Үйге тапсырма.
Үйірлі, күрделі мүшелері бар бірнеше сөйлем жазып, талдап келу.