Сыныбы 3
Пәні Қазақ тілі
Күні 5. 12. 2014 ж
Мұғалімі Сулейменова Айнур Садыровна
Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақтың мақсаты: Білімділік:
Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырата
білуіне, жалаң сөйлемнің құрамы бастауыш пен баянда -
уыштан, жайылма сөйлемнің құрамы бастауыш пен баян-
дауыштан басқа тұрлаусыз мүшелерден тұратынын әртүр-
лі әдістер арқылы түсіндіріп, білімін кеңейту;
Дамытушылық:
Оқушыларға сөйлем мүшелерін жан-жақты талдап, олар
дың түрлерін сұрақ қою арқылы таба білуге, жалаң және
жайылма сөйлемнің айырмашылығын ажырата білуге сын
тұрғысынан ойлау технологиясының әртүрлі әдістерін пай-
далана отырып, жаттығуларды өз беттерінше орындай
алуына ой - өрісін, тіл байлығын дамыту;
Тәрбиелік:
Қазақ тілі сабағында суреттер, көрнекіліктер, жаңа техно-
логияның әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, қызығушы-
лығын арттыру, оқулықпен, дәптермен жұмыс жасау кезін-
сауатты, таза, көркем жазуға, ережені білуге, дербестікке,
достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелі қағаздар, кестелер, ережелер жазылған плакаттар, пректор, тақта, слайд.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдері: ішіне-сыртына, сәйкестендіру тесті, рөлдік ойын, топтастыру, саяхат жасау, сұрақ-жауап, жаттығу жазу, ойын ойнау, кестемен жұмыс, ережемен жұмыс, ережені талдау, көрнекілікпен жұмыс.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Дүниетану, музыка, математика, өмірмен, әдебиеттік оқу, халықтық педагогика.
Сабақтың барысы I Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық дайындық
Қайырлы күн ұстаздар,
Қайырлы күн ұстаз.
Қайырлы күн балалар,
Қайырлы күн сыныптас.
2. Сыныпты үш топқа бөлеміз
Талап, жігер, дарын
3. Топты бағалауды таныстыру
Үй тапсырмасына - жасыл түсті,
Жаңа сабаққа - көк түсті,
Жаңа сабақты қорытуға - сары түсті жетонды беремін.
Жасыл түс - жерді, көк түс - аспанды, сары түс - күнді білдіреді. Ал шығармашылықпен жұмыс жасаған оқушылар болса, қызыл түс беремін.
Балалар, аспанымыз ашық, күніміз күлімдеп, жеріміз жайқалып, гүлдеріміз құлпыра берсін!
II Үй тапсырмасын тексеру
III Үй тапсырмасын қорыту
Саяхат жасау
Бүгінгі сабағымызды саяхатқа шығайық. "Ғажайыпстанға саяхат"
Бейнетаспадан Елдос пен Аяжанмен бірге желаяққа мініп саяхат жасаймыз.
1. Қызығушылығын арттыру сатысы
"Дыбыстар әлеміне саяхат"
Сұрақ-жауап:
Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)
Неше дыбыс бар? (40 дыбыс, 2 белгі бар)
Дыбыстар нешеге бөлінеді? (екіге: дауысты, дауыссыз)
Биыл біз қандай дыбыстарды қайталап өттік?
Орыс тілінен енген дыбыстар мен қолданыста аз қданатын дыбыстарды
Олар: э, в, ф, ч, щ, ц, х, һ
Осы дыбыстарға сөздер айтайық
"Сөздер әлеміне саяхат"
Сұрақ-жауап:
Дыбыстардан не құралады?
Буыннан ше?
Сөз дегеніміз ненің атауы? (заттың, санның, қимылдың, сапаның, адамның)
Қандай есімдер бар? (жалпы есім, жалқы есім)
Сөз таптары қанша? (төртеу: зат есім, етістік, сан есім, сын есім)
Ережеге тоқталу
Қандай сөздерді білеміз? (синоним, антоним, омоним)
"Сөйлемдер әлеміне саяхат"
Сұрақ-жауап:
Сөздерден не құралады?
Сөйлем дегеніміз не?
Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
Сөйлем мүшелерін неге отбасы мүшелеріне ұқсатады?
Бастауыш дегеніміз не?
Баяндауыш дегеніміз не?
Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?
Сөйлем мүшелерін қалай табамыз?
ІҮ Жаңа сабаққа дайындық
Мағынаны тану сатысы
"Ойлан тап" ойыны ережесін айт, мысал құра
Зат есім ортада сызықша зат есім
Бастауыш, баяндауыш
Бастауыш, баяндауыш , тұрлаусыз мүше
Ү Жаңа сабақ Жалаң және жайылма сөйлем
Сөйлем бастауыш пен баяндауыштан болса, оны жалаң сөйлем дейміз
Сөйлемде бастауыш та, баяндауыш та тұрлаусыз мүшелер де болса, онда ол сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.
Жалаң деген не? Қалай түсінесіңдер?
жалғыз, біреу, дара, аз
Жайылма деген ше?
жайылып жатыр, созылып жатыр, көп
Жалаң мен жайылманың айырмашылығы: жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден ғана тұрады, жайылма сөйлем: тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерден де тұрады.
Оқулықпен жұмыс
Рөлдік ойын: Білгішбек пен Негешбек (екеуінің диалогы)
Тақтамен жұмыс "Топтастыру" әдісі
97-жаттығу. Сөздерден сөйлем құрап оқы, оларды сөйлем мүшелеріне талда. Құраған жалаң, жайылма сөйлемдеріңді тиісті пойыз вагондарына орналастыр.
Бұл сөйлемдердің бір-бірінен ерекшелігі неде?
Жалаң сөйлем бастауыш баяндауыш Жайылма сөйлем бастауыш баяндауыш
Күн бұлттанды. тұрлаусыз мүше
Динара қуанды. Мұғалім сыныпқа кірді.
Түн ұзарды. Ұшақ биікке көтерілді.
"Шашылған сөйлемдер" ойыны
Үш топқа жұмыс беріледі. Шашылған сөйлемдер ішінен жалаң сөйлемді қоршап алу.
Дәптермен жұмыс
"Ішіне-сыртына" әдісі
98-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Жай сөйлемнің түрін анықта. Ол жалаң сөйлем бе, әлде жайылма сөйлем бе?
Ішіне Сыртына
Боран соқты. Өнерлі өрге жүзеді.
Жаңбыр сіркіреді. Екі дос мектептен қайтты.
Күн ашылды. Жарыс залда өтті.
"Сәйкестендіру тесті"
100-жаттығу. Жай сөйлемдерді түрлеріне қарай сәйкестендір.
Ұшақ биікке көтерілді.
Жалаң сөйлем Айман мені кітапханада күтеді.
Күн жылынды.
Керек - жарақтың бәрі бар.
Жайылма сөйлем Әжем шұлық тоқыды.
Бау байланды.
Әр топқа да сәйкестендіру тесті беріледі.
101-жаттығу. Ребусты шешсең, мақал шығады. Мақалды жай сөйлем түрлеріне және сөйлем мүшелеріне талда.
Тіл - қылыштан өткір.
Сергіту сәті
Тіл туралы мақал жарыс.
ҮІ Жаңа сабақты қорыту
Ой толғау сатысы
І топқа: "Телефон" ойыны
Шарты: Бірінші оқушы жалаң сөйлем айтады, екінші оқушы жайылма сөйлемге аналдырады.
ІІ топқа: Семантикалық карта
Сөйлемдер | Жалаң сөйлем | Жайылма сөйлем |
Оқушы оқыды. | + | |
Мектептен балалар қайтты. | | + |
Жазушылар кездесті. | | + |
Тай шапты. | + | |
Қалада үлкен мереке болды. | | + |
ІІІ топқа: Сөйлем мүшелеріне талдау
Аппақ қар жауды. Шөл даланың өсімдіктерінің тамырлары өте ұзын болады.
Астана қаласында елде жоқ бәйтерек бар. Мен үшінші сыныпта оқиын.
ҮІІ Жаңа сабақты бекіту
Қандай тақырыппен таныстық?
Жалаң сөйлемнің құрамын ата
Жайылма сөйлемнің құрамын ата
Екеуінің айырмашылығы қандай?
ҮІІІ Үйге тапсырма 99-жаттығу Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдырып жаз.
Ережені жаттау, ережеге сай бір шығармашылық жұмыс жасап келу.
ІХ Бағалау Топты, оқушыларды жеке-жеке бағалау
3 "ә" сынып қазақ тілі пәні "Жалаң және жайылма сөйлем"
Сулейменова Айнур Садыровна