| Уақыты: 12.01.2016 | Қазақ тілі | Мұғалім: А.Абитаева | Сынып: 8 |
| Сабақ тақырыбы: | Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем |
| Жалпы мақсат: | а) Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем турлы түсінік беру; ә) Түрлі тапсырмаларды орындау негізінде жеке тұлғалық қабілетін ашу; б) Отаншылдыққа, білімпаздыққа, достыққа адал болуға тәрбиелеу; |
| Сілтеме: | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық Қазақ тілін оқыту әдістемесі Үлестірме материалдары |
| Оқу нәтижесі: | Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау |
| Сабақта қолданылатын материалдар: | Интербелсенді тақта, қима фигуралар, постер, маркерлер, стикерлер, желім, қайшы, оқулық, суреттер. |
| Оқыту әдістері: | Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық. |
| Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Оқушылар назарына «Қазақстан шетелдіктердің көзімен» видеоролигін ұсынады. | Оқушылар видеоролик бойынша өз пікірлерін айтады. |
| Қызығушылықты ояту | «Аукцион» тапсырмасы арқылы оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді. Берілген жауабына қарай символдар беру | Талдайды, жинақтайды, қорытады, топқа бөлінеді. |
| Жаңа тақырып | Тақтаға бір сөйлем жазып, сөйлемнің салалас құрмаластың қай түріне жататынын анықтауды тапсырады. «Жақсы сөзді ел жаттар, өйткені ел жаттар сөзде салмақ бар» Жаңа сабақтың тақырыбын дәптерге жаздыртады. | Сөйлемді анықтап, жаңа сабақтың тақырыбын ашып, дәптерлеріне жазады. |
| Тапсырма | Екі топқа да тапсырма береді. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем және оның ыңғайлас салалас құрмаластан айырмашылығы. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем және оның ыңғайлас салалас құрмаласпен ұқсастығы | Оқушылар топ болып берілген тапсырманы орындайды, қорғайды. |
| Оқулықпен жұмыс | 150 – жаттығу. Мәтіннің мазмұнына байланысты себеп-салдар салалас құрмаласқа 5 сөйлем құрастырып жаз деген тапсырма береді. 151 – жаттығу. Жалғаулықты немесе жалғаулықсыз дауыс ырғағы арқылы байланысқан салаласқа екі-екіден өз ойларыңнан мысал келтіріңдер деген тапсырма береді. 152, 153 – жаттығуларды жеребе таңдау арқылы орындатады. | 150 – жаттығуды оқиды, тапсырманы орындайды. 151 – жаттығуды жекелей орындайды. 152, 153 – жаттығуларды берілгені бойынша орындайды. |
| Сергіту сәті | «Сағат достар» тренингісін өткізеді. | Тренингке қатысады. |
| Шығармашылық жұмыс | «Кім жүйрік?» марафонын ойнату (ауызша) | Оқушылар сызбаға байланысты мысалдар ойлап табады. |
| Қорытындылау | Перфокартамен жұмыс. Әр оқушыға жеке таратып береді. | Оқушылар перфокартаны толтырады. |
| Үйге тапсырмасын беру | 154 – жаттығудың берілгенін түсіндіреді. | Үй тапсырмасын білу, түртіп алу |
| Бағалау | Формативті бағалау | Топтардың бірін-бірі бағалауы |
| Рефлексия | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру | Тақтада ілулі тұрған «Тілек ағашына» стикерлерін жапсырады. |