Просмотр содержимого документа
«Шана, ша??ы тебемін 3-сынып»
Сабақ жоспары
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 3в
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Шаңғы, шана тебу
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың “Қыс” тақырыбына байланысты алған білімдері жинақталып, сөздік қоры молаяды, зат есімнің жалғауларын ажырата біледі. Дамытушылық: тілін жаттықтырып, әдемі сөйлеуге дағдыланады; әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттері дамиды. Тәрбиелік: елін, жерін, табиғатты сүюге, шығармашылық қабілеті дамыған, білімді азамат болуға тәрбиеленеді. Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру. Сұрақ-жауап. Кезекшінің мәліметі. — Сыныпта кім кезекші? — Топта кім жоқ (Кезекші сұрақ-жауап жұмысын жүргізеді) — Қазір қай сабақ? (қазақ тілі) — Қазақ тілі нешінші сабақ? (үшінші) — Қазір қай ай? (қаңтар) — Ақпан қыстың нешінші айы? (үшінш
II. Үй жұмысын тексеру. Сөздік жаттау
ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Ой қозғау: — Қазір жылдың қай мезгілі? (қыс) — Қыс мезгілінде сендер қандай ойындар ойнайсыңдар?
Сөздік жұмысы а) жаңа сөздерді мәнерлеп оқиды, аудармасымен танысады. ә) жаңа сөздерден сөз тіркестерін, сөйлемдер құрап айтады. түрлері — виды сырғанау — кататься пайдалы — полезно шынығу — закаляться аязды — морозно
ІҮ. Суретпен жұмыс. 1 сурет Кім? Не? Сұрағына жауап беретін зат есімдерді ата. 2 сурет Сөйлемдер құрап айт. 3 сурет Сұрақтар құрастырып қағазға жазып, қорапқа салады. (оқушылар сұрақтарға кезекпен келіп жауап береді)
ҮI. Сергіту. “Шаңғымен сырғанау“ ойыны. Екі оқушы (жұппен) тақтаға шығып, тақырып бойынша сөз тіркестерін айтып жарысады.
ҮП. Мәтінмен жұмыс. 1. Мәтінді мұғалім оқиды, 2. Оқушылар мәнерлеп оқып, аударыңдар.
Қысқы ойындар
Қысқы ойындардың түрлері көп. Олар: хоккей, шаңғы тебу, шана және конькимен сырғанау. Далада қар жауып тұр. Бүгін ауа райы жаман емес, күн сәл аязды. Соған қарамастан балалар далада ойнап жүр. Олар шаңғы, коньки теуіп, бір-біріне қар лақтырып ойнап жүр. Қыстың аязында далада біраз ойнап, серуендеу адамның денсаулығына пайдалы.
3. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
III деңгей 1. Мәтіннен сөз тіркестерін жазыңдар. 2. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңдар. Қыс айлары: …, …, … . Жерді қалың … жапты. Қыста жиі … жауады, … соғады. Ағаш бұтақтары … жамылған. Шанасын сүйретіп … далаға шықты.
II деңгей 1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар. 2. Сөйлемдерді аударыңдар: Зима. Декабрь, январь, февраль – зимние месяцы. Зимой дни становяться короткими, ночи длинными. Дни стоят холодные, морозные. Реки и озёра замерзают. Дети катаются на лыжах и санках, скользят на коньках.
І деңгей: Көп нүктенің орнына зат есімнің жалғауларын қойып жазыңдар.
Мен кезекші… Болат… шанасы, сенің дәптер… қыс… ортасы, шана… үстінде менің дос…
Таудан түссем, тоқтауды білмейді, Тауға қарай тартсам да жүрмейді.
Табаныма байладым, Қос таяқпен айдадым
Х. Үйге тапсырма 6-тапсырма 156-бетте
2. Оқушылар мәнерлеп оқып, аударыңдар.
Қысқы ойындар
Қысқы ойындардың түрлері көп. Олар: хоккей, шаңғы тебу, шана және конькимен сырғанау. Далада қар жауып тұр. Бүгін ауа райы жаман емес, күн сәл аязды. Соған қарамастан балалар далада ойнап жүр. Олар шаңғы, коньки теуіп, бір-біріне қар лақтырып ойнап жүр. Қыстың аязында далада біраз ойнап, серуендеу адамның денсаулығына пайдалы.
3. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
III деңгей 1. Мәтіннен сөз тіркестерін жазыңдар. 2. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңдар. Қыс айлары: …, …, … . Жерді қалың … жапты. Қыста жиі … жауады, … соғады. Ағаш бұтақтары … жамылған. Шанасын сүйретіп … далаға шықты.
II деңгей 1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар. 2. Сөйлемдерді аударыңдар: Зима. Декабрь, январь, февраль – зимние месяцы. Зимой дни становяться короткими, ночи длинными. Дни стоят холодные, морозные. Реки и озёра замерзают. Дети катаются на лыжах и санках, скользят на коньках.
І деңгей: Көп нүктенің орнына зат есімнің жалғауларын қойып жазыңдар.
Мен кезекші… Болат… шанасы, сенің дәптер… қыс… ортасы, шана… үстінде менің дос…
1. Жұмбақтардың жауабын табыңдар.
Шымшып алады қолсыз, Сырғанақ жоқ онсыз.
Аппақ, аппақ ақ мамық, Жерде жатыр тапталып.
Таудан түссем, тоқтауды білмейді, Тауға қарай тартсам да жүрмейді.