Сабақ барысы: 1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. 5Т 2.Тыныштық сәтi. «Орманға серуен» (3 мин) Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді , қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! Үй тапсырмасын сұрау
Обал мен сауапқа байланысты өз ойларын жазып келу. 1 «Обал болады» , «сауап болады» деген сөздер қандай кезде айтылады? 2 Обал мен сауаптың айырмашылығы неде? 3 Ата-аналарың сіздерге обал мен сауап туралы айтама?
Мәтінмен жұмыс
Обал деген не?
Мазмұнына байланысты 3 сұрақ
1Балалар бір –бірімен неге дауласты? 2Нанды оның қоқымдарын балалар не істеді? 3Бұл дұрыспа? Құндылығына байланысты 3 сұрақ 1Балаларға қандай ақыл айтар едіңдер? 2 Нан дастарқанға қандай еңбекпен келеді? 3 Нан қоқымын қайда тастауға болады?
Дәйексөз. «Обалды біліп өссең –сауапқа кенелесің» Халық даналығы Қандай сауапты іс жасадыңдар? Бәріміз қосылып айту. 2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу. |