kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Иманды болу парызың

Нажмите, чтобы узнать подробности

Имандылық –инабаттылық мұраты.

Имандылық араб тіліндегі нану,сену деген мағынадағы иман сөзінен шыққан.Ислам  дініндегі бес парыздың бірі.Оның  мәнісі-Алланың  жалғыз екеніне,одан басқа  алланың жоқтығына сену.Әдетте,ол дін жолынан  қия  баспауды,ар-ождан тазалығын,обал-сауап талаптарын сақтауды, қылдай  қиянат жасамауды,қайырымдылықты, адалдықты жинақты түрде көрсететін адамгершілік  ұғым  атауы  болып  табылады.

    Имандылық пен әдептілік  бір-біріне  балама ұғымдар емес.Бірақ  олардың  арасында тығыз байланыс,табиғи  шарттылық бар.Өйткені  екеуінің негізінде де  ізгілік пен ар-ұят  жатыр.

    Иман  дегеніміз-сенім.Имансыз сөзі-сенімі жоқ  дегенді білдіріп,мұсылмандарда,соның  ішінде біздің,түбі бір,діні бір  бауырлас  халықтарымыздың түсінігінде  ар-ұяттан  ада,азғын  мағынасынан  береді.Шынында да,еш нәрсеге сенбейтін,яғни  сиынбайтын,ешбір шарапаттылықты,ізгілікті мойындамайтын адамнан асқан азғын, қауіпті нәрсе бола ма?Адамға  керегі ішу,жеу ғана емес.Бір нәрсеге сеніп,сиынып өмір сүру оның табиғатына  тән.Ол  солай жаратылған.Адам ақылды, қайратты да тәжірибелі,сонымен қатар әлсіз,уайымшыл.Өйткені  оны  өзінің  құдіретті санасы қинайды,алда не  болатынын ойлауға  мәжбүр етеді.Сол кезде  ол өзө әлсіздігін,шарасыздығын  сиынуменен,сенім-иланыммен  толықтырады.Сеніммен күн кешу адамға жеңіл  болады.Сондықтан  адамдардың  сеніміне  нұқсан  келтіру-үлкен әдепсіздік.Адам  мен  адам арасында пікірталас,айтыс-тартыс болуы мүмкін,алайда  оның  сеніміне  тиісу 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Иманды болу парызың»

Имандылық –инабаттылық мұраты.

Имандылық араб тіліндегі нану,сену деген мағынадағы иман сөзінен шыққан.Ислам дініндегі бес парыздың бірі.Оның мәнісі-Алланың жалғыз екеніне,одан басқа алланың жоқтығына сену.Әдетте,ол дін жолынан қия баспауды,ар-ождан тазалығын,обал-сауап талаптарын сақтауды, қылдай қиянат жасамауды,қайырымдылықты, адалдықты жинақты түрде көрсететін адамгершілік ұғым атауы болып табылады.

Имандылық пен әдептілік бір-біріне балама ұғымдар емес.Бірақ олардың арасында тығыз байланыс,табиғи шарттылық бар.Өйткені екеуінің негізінде де ізгілік пен ар-ұят жатыр.

Иман дегеніміз-сенім.Имансыз сөзі-сенімі жоқ дегенді білдіріп,мұсылмандарда,соның ішінде біздің,түбі бір,діні бір бауырлас халықтарымыздың түсінігінде ар-ұяттан ада,азғын мағынасынан береді.Шынында да,еш нәрсеге сенбейтін,яғни сиынбайтын,ешбір шарапаттылықты,ізгілікті мойындамайтын адамнан асқан азғын, қауіпті нәрсе бола ма?Адамға керегі ішу,жеу ғана емес.Бір нәрсеге сеніп,сиынып өмір сүру оның табиғатына тән.Ол солай жаратылған.Адам ақылды, қайратты да тәжірибелі,сонымен қатар әлсіз,уайымшыл.Өйткені оны өзінің құдіретті санасы қинайды,алда не болатынын ойлауға мәжбүр етеді.Сол кезде ол өзө әлсіздігін,шарасыздығын сиынуменен,сенім-иланыммен толықтырады.Сеніммен күн кешу адамға жеңіл болады.Сондықтан адамдардың сеніміне нұқсан келтіру-үлкен әдепсіздік.Адам мен адам арасында пікірталас,айтыс-тартыс болуы мүмкін,алайда оның сеніміне тиісу жарамайды.

Сенім,соған байланысты иман ұғымы діни дүниетанымнан туған.Ол,тұтастай алғанда, жанды-жансыздың пайда болу себебі,адамдардың бұл дүниелік және ол дүниелік тіршілігі,жаратқанның алдындағы,бір-бірімен қарым-қатынастағы парыздары мен міндеттері,

оларды өтеу мен өтемеудің салдардары,т.б. туралы тұтас бір жүйе болып табылады.Ғасырлар бойы адамзат қоғамы сол жүйенің аумағында ғұмыр кешіп келеді.Дүниедегінің бәрін,соның ішінде адамды да жаратқан Құдай - ол әрі құдіретті,әрі әділ,жолын адал ұстап,әмірін бұлжытпай орындаған пендесіне мейірбан,о дүниеде пейіште ұстап,рахаттқа бөлейді,ал жолынан тайып, күнәкәр болғандарды аяусыз жазалап,жанын тозақ отында азаптайды деп біледі.Бұл сенім мыңдаған жылдар бойы адамдардың рухани және материалдық өмірінде, ой-арманы мен сол жолдағы күресінде өшпес із қалдырып,тарихын бірге жасасқан.Адамзаттың күрделі де қат-қабат тарих көшінде осы сенім қайғысын жеңілдетіп, жұбату рөлін атқарып ,бір-біріне адал,әділ болуға , әлсізге,жоқ-жітік,кемтарға қайрымдылы,ұрлық-қарлық,қиянат,алдау-арбау сияқты кеселді қылықтарға жол бермеуге өте-мөте көп септігін тигізіп келген.Мұны мойындамаудың, тәрк етудің қандай сорақылықтарға ұрындырғанын коммунистік идеологияның құрсауында өткен кешегі КСРО-ның болмысы айқын көрсетті.

Адам сенімсіз,үмітсіз,армансыз өмір сүре алмайды.Олай болса,адамға шынайы сенім,дұрыс көзқарас қажет.Сонда адам неменеге сену керек?Адамда ождан бостандығы болуға тиіс.Осы арада бір айта кететін жайт: бізде кейде ождан мен иманды бір-бірімен шатастырушылық кездеседі.Имансыздық дегенді ұятсыздық,ождансыздық деп түсінеді.Иман жүзді деп - ізгі-ілтипатты,тура сөзді,мейірімді адамды айтады.Бұдан дін мен әдеп-инабат ұғымдарының тоғысып кеткені көрінеді. Өзіндік мәні жөнінен ождан дегеніміз- адамның өз іс-қылықтарын өзінің іштей таразылап,басқаларға қатынасы жағынан әдеп-инабат талаптарын сақтау жауапкершілігін сезінуі және өз іс-әрекеттерінің дұрыс немесе бұрыстығын қоғамдық көзқарас тұрғысынан қадағалап, тексеру болып табылады.Ал ождан бостандығына келсек,ол-адмның әдеп-инабат талаптарын басшылыққа ала отырып жасайтын іс-қимылдары.

Сөйтіп,адам неменеге сенуі керек?Адамдар ертеде тауға,тасқа,ай-жұлдызға,аң-құсқа,табиғат құбылыстарына,әулие-әмбиеге, жын-шайтанға,бақсы-балгерге,көп құдайларға,бүгінде бір Аллаға сенуде.

Бұлардың қайсысы дұрыс,қайсысы бұрыс деп жатуға болмайды. Өз кезі үшін бәрі де дұрыс. Сонда діни сенім адамдардың көпшілігінің жан дүниесінде ұялап отырған және ғылыми материалистік көзқарас адамдардың ақыл-ойын баурап алған жағдайда қалай болмақшы?

Кеңес өкіметі жылдарында барша жұрт дерлік коммунизм идеясына сенді.Шынында,ол да иланым болатын.Дінде «Бұл дүниеде қорлық көрсең,о дүниеде бейішке барасың» десе, коммунистік идеологияда «Жаныңды аямай еңбектенсең,коммунизм орнайды» дейтін. Дін бұл жарыста жеңіп кетті, өйткені бейішке өлгеннен кейін барасың деп уәде етілуіне байланысты, оның қашан болатынын ешкім білмейді,ал коммунизм болса, қанша жақын дегенмен,адамдардың көзін талдырды.

Қазір адамзат қоғамында дүниеге діни және материалистік,идеялистік көзқарас қатар орын алып отыр. Мұны қалай түсіндіруге болады? Дін ғұламалары исламды ілім деп санайды.Егер ислам- ілім болса, онда ол да дүниеге көзқарас, дүниені танып-білу ғылымы деген сөз.

Қалай болғанда да, діни иланым адамдардың ғұмырын жеңілдететіні,мінез-құлқын жұмсартып, меірбандылығын арттыратыны, бірлігін бекемдеп, әдептілікті орнықтыратыны даусыз.Демек,адамға мұндай сенім керек.Діннің өзекті қағидалары:нысап, нәпсіні тыю,қайрымдылық,ғайбат сөз айтпау,кісіге қиянат жасамау, жоқ-жітік,кемтарларға қайыр-садақа беру,ұрлық-қарлық жасамау,алдап-арбап,өтірік айтпау,ата-ананы ардақтау,жетім-жесірді налытпау, күш көрсетпеу, т.б.адамдардың тату, бейбіт қоғамдасып өмір сүруінің мызғымас негізін қалайды, мұны адамзат қоғамының тарихы айқын дәлелдеді. Кешегі шаңырағы күйреп, ортаға түскен камунистік құрылымның ең бір сорақылығы адамдардың діні нанымдарымен есептеспеуінде еді. «Құдай қолдамаған», яғни адамдардың табиғи сенімімен санаспаған түзімнің ақыры жолы болмады.

Ғылыми – материалистік дүниетаным болса айналадағы әлем мен оның құбылыстарын, оның ішінде адамның өзін де материяның – заттық тектің қозғалысы мен өзгеруі, дамуы ретінде қарап соның заңдылықтарын ашып анықтайды. Сөйтіп, алуан түрлі қарама – қайшылықтардың заңдары мен сырларын біліп, адамзаттың шындықты тануына, соған сәйкес дұрыс жол табуына көмектеседі.

Материалистік көзқарас: адам өз тұрмысындағы барлық қиыншылықтарымен күресу керек. «Пешенеге жазылғаны болады» деп отыра бермей (Құдайда жатыпішер жалқаулықты жаратпаған ғой. Халық ондайларды «Құдайдан үміт жоқ» деп күстаналап, «Талапты ерге нұр жауатынын» айтады ғой), табиғаттан, қоғамнан өзіңе керегіңді алу керек, ауруды емдеу, өмір жасты ұзарту, тұрмысты күннен- күнге жақсарта беру үшін күресу керек» деп үйретеді.Сондықтан жақсылықты тәңірден күтіп отырмай,тұрмыс игіліктерін дұрыс пайдалану,қоғамға,халыққа пайдалы нәрселер істеп,өз бақытың үшін өзің күресу,тұрмысты көркейтуге ат салысу,оған зиянды пікір-ниеттен іркілу керек.Демек,көріп отырғанымыздай,адамға сенім керек екен.Сенім болғанда да: шындықтың жеңетініне,жақсылықтың,адалдық пен ізгіліктің өмірдің бұлжымас баянды мұраты екеніне сенім керек.

Егер оқымысты өзінің зертеушілік қабілет – қарымына,ақыл-ойына,өзіне дейінгі ғылым жетістіктеріне сенбесе, көксеген ғылыми ізденісі жолында табысқа жете алмас еді.

Ғылыми дұрыс сенім адамды өрелі міндетке,үлкен жеңістерге рухтандырады, рухани және дене күшін жұмылдырады.Қоғамның көркеюіне,ғылымның заңдылығына,білім мен нақты өмір шындығына негізделген сенім адамдырдың қолғанат-көмекшісіне айналып,дем береді.

Кім-кімде-инженер,дәрігер,мұғалім,өнертапқыш,жұмысшы немесе диқан-өз ісінің пайдалы игілікті және қажеттігіне сенбесе,оған саналы түсініп,көзін жеткізбесе,ол істі барлық күш-жігерімен,көтеріңкі рухпен істей алмайды.Ол жұмысты қажетті сенімсіз,бейберекет орындаушы болып қалады.

Әрбір адам орындалады деп сенгендіктен,алдына меқсат қояды.Өйткені ол күллі адамзат тұрмысы бағынатын әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарға сүйеніп, қоғамды көркейтудің қажеттігін біледі. Ол күллі адамзаттың тарихи тәжірибесін басшылыққа алып, өзінің ұстанған жолының дұрыстығын тексереді.

Сенім білімнен шығады, сонымен қатар сенім білімнің қанаты да. Білімсіз сенім бос қиял болып табылады. Адамның талпыныстары қиялға ғана ілесіп отыруы мүмкін емес. Ғылымға негізделген сенім – табиғат пен қоғам заңдылықтарына сүйенген өмір тәжірибесін басшылыққа алған, саналы да бекем сенім.

Діни сенімнің көз – бастауы жаратқан иемнің құдіретін мойындауда жатыр да, ғылыми сенімнің көз – бастауы адамның дүниенің заңдылықтарын танып – білу мүмкіндігін мойындауында жатыр.

Сеніммен үміттену келіп шығады.Үмітсіз өмір сүру мүмкін емес.Егер ауру кісі өзінің жазылып кететінінен үміттенбесе және сол үшін күреспесе,ем-домға көнетін аурулардың өзін дәрігерлердің кеселден айықтыруы қиын екен.Өйткені ондай ауру уайымымен ағзаның қарсылық жасау қабілетін әлсіретіп ,тіпті жойып жібереді екен.Жеңістен үміттенбеген спортшының жарыста озып шығуы екі талай.Үміт қаншалық күшті болса, адам соншалық жігерлене,шабыттана түседі.Сондықтан адамдардың бай, кедей демей, құқық теңдігі,шынайы демократиялық заңдар аясындағы іс – қимыл және сенім бостандығы болуы керек. Қандай идеология болса да, осы басты талаптарға қайшы келмеуге тиіс. Қазіргі тәуелсіз еліміздегі әркімнің сенім бостандығын қолдап, ғасырлар бойы халқымыздың көкірегіне ұялап, қанына сінген ислам дінінің имандылық қағидаларын адамдар арасындағы ізгілік, қайрымдылық, адалдық, әділдік қарым – қатынас негізіне алып , жас ұрпақты тәрбиелеуге пайдалана отырып, зайырлы мемлекет құру жолын ұстануды таңдауымыздың себебі де сол екені айқын. Өйткені белгілі діндар – ғұлама Халифа Алтай қажы айтқандай «Иманды елде ізгілік пен адамгершілік салтанат құрып, қылмыс пен бұзақылық тиылып, оларға жол қалмайды».

Демек, егемендік алып, ұлттық және жалпыадамзаттық қоғам дамуы ұрдісіне түскен елдің жас ұрпағы шындық болмыстың дұрыс мәнін түсініп, нақты үмітті басшылыққа алуы қажет. Шынында да, ежелгі заман философы Вергилйдің «Жеңіске сенген адам ғана жеңіп шығады», - деген сөзі де сол өмір ақиқатын меңзеп тұр емес пе? Сондықтан біздің жастарымызды жақсылық сенім рухында, рухани табандылықа, өмір шындығынан туындайтын үмітке тәрбиелеу – зор міндетіміз.





















Парасат – ақыл – мінез жарастығы

Парасат – жеке тұлғаның қадір – қасиетін, кісілік кемелдігін білдіретін жиынтық ұғым. Әдетте, бұл сөз тілімізде ақыл, пайым сөздерімен қосарлана, қос сөз жасай: ақыл – парасат, парасат – пайым түрінде де айтылады. Соған байланысты терминологиямызды парасат сөзі орыстыңразум атауының орнына алынып жүргенімен, олардың мағыналары барлық уақытта бірдей бір – біріне сәйкес келе бермейді. Парасат сөзі жастардан гөрі, көбіне оң – солын ажыратып, ақыл тоқтатқан, сақа жастағы және үлкен адамдарға қатысты қолданылады.Сөйтіп,ол жеке тұлғаның интеллектуалдық және мінез-құлық жағынан толысып, жетілгендігін, жоғары мәдениеттілігін көрсетеді. Француз философы Г. Мабли (1709-1785); «Біздің бойымызға біткен қасиеттердің ішіндегі ең маңыздысы және ең ізгісі- парасат»,-дейді.

Парасатты адамға істейтін ісін,сөйлейтін сөзін, қабылдайтын шешімін алдымен ақыл таразысынан өткізіп алу, әдеп-инабат,адамгершілік жағынан кінәрәтсыздық, салиқалық пен мейірімділік, ізгілік пен кең мінезділік тән. Сондықтан парасат даналық ұғымына жақын, көптеген ақын сол мәнде де қолдана береді.Басқа қандай артықшылығы болғанымен, ұшқалақ, күйгелек,шәмкес, шәлкес мінезді адамдарды парасатты демейді. Сонда парасат ұғымы жеке адамның толысқан кемелдігінің белгісі ретінде үлкен сана мен келісті әдет, инабаттылығының, кең, бай мінезінің жарасты тұтастығын білдіреді.

Мынау сан құбылып, кейде алай-түлей, бұрқ-сарқ қайнап жататын тіршілікте адамның парасат биігінде қалуы үшін,ақыл мен мінезге қоса, үлкен ерік-жігер керек. Сонда ғана адам қанды бұзатын,әдеп-ізет шеңберінен шығаратын ашу-ызаға,ғапыл сөз-әрекетке тізгін бермей, салтанатты, салиқалы қалпын сақтай алады.

Кемеңгер Абай өзінің өлеңдері мен қарасөздерінде бұл мәселеге әлденеше рет қайталап оралады. Ол парасат ұғымын адам болу( «Адам болам десеңіз...»),толық адам(кәмил иксан ) деген сөздермен белгілейді.Осы аяда өткен заман ғұламаларының нағыз адам, кемел адам туралы пайымдауларын сын көзбен тексере келе:

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат,нұрлы ақыл, жылы жүрек,-

деген өзінің өзінің әйгілі тұжырымын жасайды. Бірақ Абай осы үш асыл сипатты (ыстық, нұрлы,жылы) үш қасиет(қайрат, ақыл, жүрек) тұтасқанда ғана адам толық (нағыз,кемел) адам болатынын көрсетіп:

Ақыл,қайрат,жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден ерек,-

дейді. Мұндағы елден ерек толық болу- парасатты болу дегенді білдіреді,ол үшін әлгі үш асыл қасиетті бірдей ұстау, яғни олардың үйлесімі, жарастығы керек. Ұлы ақын осы үшеуінің басын қосатын ғылым (бұл сөзді Абай жалпы дүние туралы білім-білік мағынасында қолданады) деп біледі. («Ғылым сол үшеуінің басын қоспақ».)

Адамзаттың рухани даму, ақыл-ой тарихына көз жіберсек,қай заманның болса да, данагөй ойшылдарының адамның асыл,аяулы қасиеттеріне тәнті болып,сырына, жаратылысына үгілмегендері кемде-кем екенін көреміз.

Даналардың тұжырымдауынша, ақыл-парасаттылық мынадай он нәрседен: біріншіден, адамдарға кіші пейіл һәм нәзік сезімталдықпен қараудан; екіншіден, өзінің кім екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, шахтарға қызмет етіп, олардың тілек-армандарын орындаудан; өз сырларын достарына білдіру – білдірмеуді білуден; бесіншіден,өзінің және басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, шахтардың сарайында сақ болып, адамдарды шырын тілмен баурап ала білуден; жетіншіден,тілге ие болып, артық сөйлемеуден; сегізіншіден , мәжілістерде тыныш, үндемей отырудан , әдеп сақтап, сұрамаған нәрсені айтпаудан және өкіндіретін сөздердің тілге ілігуінен сақтанудан; тоғызыншы, қатесін бірден мойындап,кешірім сұраудан; оныншы, біреудің ісіне араласпаудан , басыңа пайдасы жоқ сөзді сөйлемеуден тұрады.

Адамдар парасатты болу үшін,сондай- ақ терең ілім-білімі болу керек. ( Абай: «Ғылым сол үшеуінің басын қоспақ».) Күннің жер жүзін жайнатып,әлемге мәңгілік өмір сыйлағаны сияқты, ілім де жанды нұрға бөлеп, адамның мерейін өсіреді. Білім адамды надандық тұмшалаған қараңғы қапастан жарық, кең әлемге алып шығады. Бұл жағынан алғанда, ақыл-парасаттың өзі білім- миуа ағашының жемісі іспеттес. Білім парасаттың ішкі нәрі, сыртқы шырай,әрі деуге болады. Оның жемісі көптің игілігі, оның жарығы айналасына түседі,оның нәрі қайырымдылық,қамқорлық тамырлары арқылылы төңірегіне тарайды, оның биік те мығым діңі,яғни әулетті тұлғасы – көптің сүйеніші. Сол үшін парасат иесін басқалар қатты құрметтеп , ізет тұтады.

Білім, әрине, тек басқаларға үйрету үшін қажет емес, қызығын иесі көрмеген білімнің мәні болмайды. Сондықтан шығар, бұрынғының ақылмандары: «Адам білім мен дәулетін әуелі өзі пайдаланып, содан кейін басқаларға үлестіріп беруі керек» дейді екен.

Парасатты адам әрқашан да алды-артын бағамдап алып,әрекет жасайды. Қолға алған ісінің ақыры қалай аяқталғанын, сөйлеген сөзінің түбі неге соғатынын ойлап, болжап алады. Яғни, тәмсіл сөзде айтылатындай, кірер есігін ғана емес, шығар есігін де біліп алып, табалдырықтан содан кейін айттады.

Парасатты адам тарих тағылымын, ата-бабалардан қалған өмір сабақтарын, жол-жосынды, үлгі-өнегені зердесіне ұстап, өз кезінің өзгешеліктерін ескере отырып, пайдаланады. Ол әрқашан өзінің іс-қылығына сын көзбен қарап,өзім білермендіктен сақтанады. Білімді, парасатты адамға тән ерекше қасиет – зиянды нәрсенің өзінен пайдалы сабақ ала білу, яғни паймшылық, жасампаздық.

Кімде-кім қолға алған игі ісін аяқтап шықпай, орта жолда қалдырып, дәрменсіздікке, жалқаулыққа бой алдырса, дұрыстығы күмәнді немесе жалған сөзді шын деп ұғып әрі басқаларға солай таратар болса, суайттың өтірігіне сенсе,сұмдардың айтқанына иланып, жазықсыз жандарды ренжітсе, игі міндеттерді арлы, ақылды адамдарға тапсырмаса,ондай адамның парасат биігіне көтерілмегені немесе парасат тізгінін қолдан шығарып алғаны.

Жаза баспайтын,қателеспейтін пенде жоқ. Парасатты кісі жанына қанша ауыр тисе де, өз қатесіне қате жамап, адасқан үстіне адаса береді. Аурудың алдын алмаса, ақыры неге соғары белгілі.

Сондықтан да «Білмегендіктің ешқашан да жамандық жасамайтынын ескеріңіздер,- кеңес береді әйгілі педагог әрі білімпаз Ж. –Ж. Руссо.- Тек адасу ғана қатерлі. Адамдар білмегендіктен емес, өзін білімдімін деп ойлағандықтан адасады». Осы ойды орыстың ұлы суретткері Л.Н. Толстой да айтады: «Даналық білмеуден қорықпайды, бір ғана нәрседен – білмейтінін білем деуден қорқады»,-дейді. Бұл, яғни аса мол білім – білікке ие бола отырып, болдым – толдым демеу – парасаттылықтық басты белгілерінің бірі.

Парасаттылыққа кереғар ұғымның бірі – еліктеушілік. Өз түйгені, өз пікірі жоқ, жақсы менен жаманды ажыратпайтын адам ерме келеді. Кейде біз еліктеушілік пен ақкөңілділікті, сенушілікті, адалдықтыажырата алмай қаламыз. Соғы айтылған үш ұғымадам бойындағы асыл қасиеттер санатына қосылса, еліктеу, әдетте, парықсыздық, түйіксіздік ретінде айыпталып, күстәналанады. Өйткені еліктеу көбне – көп кісіні түзу жолдан тайдырады, ғайбат сөзге, жалған мадаққа иланып, жөнді адамның өзі көпе – көріну біреуге қиянат қылады, жолын кеседі, бағын байлайды немесе лақап сөзге еріп, лайықсыз, жөнсіз әрекет істейді. Лайықсыз жандарға қошемет көрсетіп, арашаға түседі. сөйтіп, өзі де опық жейді, өзгені де өкіндіреді. сондықтан өзін анық білмейтін, жыға тамайтын адамды біреу айтты деп, мүйіздеу яки дәріптеп, аспанға көтеру, әдетте ұятқа қалдырып, өкінішке соқтырып жататынын ұмытпау керек.

Парасатты адам көптің пікірімен, көңіл райымен санаса тұра, данышпан Абай айтқандай:

Көп айтса көнді,

Жұрт айтса болды, -

деп, «әдеті надан адамның» ісін істемейді, әр нәрсеге өз ақыл, тәжірибесі арқылы көзін жеткізіп барып, пікір түйеді. Ондай адам өзін өзгелердің орнына қою, өзгені өз орнына қою арқылы таниды, өзіне лайық көрмегенді басқаға да жөн санамайды. Парасат иесі қателіктен ізін суыту, жасыру арқылы емес, түзету, сабақ ету арқылы құтылу жолын ұсынады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Иманды болу парызың

Автор: Алибекова Анар Нурмановна

Дата: 24.05.2018

Номер свидетельства: 470874

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Иманды болу - парызы?"
    ["seo_title"] => string(19) "imandy-bolu-paryzyn"
    ["file_id"] => string(6) "257617"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448366490"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "«Иманды болу парызың» баяндама"
    ["seo_title"] => string(29) "imandy_bolu_paryzyn_baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "466389"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1523874453"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Иманды болу парызың"
    ["seo_title"] => string(19) "imandy_bolu_paryzyn"
    ["file_id"] => string(6) "447732"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1515003411"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Конспект урока на тему: Ислам дініндегі жи?ад ??ымы. "
    ["seo_title"] => string(57) "konspiekt-uroka-na-tiemu-islam-dinindieghi-zhihad-u-g-ymy"
    ["file_id"] => string(6) "171994"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423750175"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "Рухани адамгершілік т?рбие негізі- толеранттылы? іспеттес"
    ["seo_title"] => string(60) "rukhaniadamghiershiliktrbiienieghizitolieranttylykispietties"
    ["file_id"] => string(6) "283452"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453827975"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства