1)Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту және оларды сөйлеу әрекетінде дұрыс пайдалана білуге үйрету.Сан есімдер ережесін білу
2) Сөздік қорын молайту,оқу,жазу,есте сақтау,ойлау, тындап қайталау қабілетін дамыту.
3) Пән сүйгіштікке,әдептілікке тәрбиелеу
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу: - Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? - Сыныпта кім кезекші? - Сыныпта кім жоқ? 1. 2. Оқушыларға сұрақтар қою: - Бүгін қай жыл мезгілі? - Қыстың қай айы? - Ақпанның нешесі? - Аптаның қай күні? - Ауа райы қандай? II.Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру:
Сан есім
Заттың санын білдіретін сөздерді сан есім дейді. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: Мен жиырма бестемін. Ол отызда.
Қазақ тілінде сан есімдер 6 топқа бөлінеді:
1. Есептік сан есім заттың есебін білдіреді.
Мысалы: бір оқушы, екі әйел, үш кітап.
2. Реттік сан есім заттың ретін, қатарын білдіреді, ол –ыншы,
-інші, -ншы, -нші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Райхан екінші үйде тұрады. Мұхтар бесінші бөлмеде отырады. Серік алтыншы сыныпта оқиды.
3. Жинақтық сан есім заттың жинақтық мөлшерін білдіреді, ол –ау, -еу жұрнағы арқылы жасалады.
Мысалы: Менде кітап үшеу. Асанда дәптер жетеу.
4. Бөлшектік сан есімі заттың мөлшерін бөліп, бөлшектеп көрсетеді. Мысалы: Жұмыстың үштен бір бөлігі бітті.
5. Топтау сан есімі затты топтап көрсете отырып, -нан, -нен,
-тан, -тен, -дан, -ден жұрнағы арқылы жасалады. Мысалы: Ойынға жиналған балалар оннан-оннан бөлініп тұрады. Киноға адамдар екеуден-үшеуден келіп жатыр.
6. Болжалдық сан есім заттың мөлшерін болжалдап көрсетіп,
-ер, -даған, -дей жұрнағы арқылы жасалады.
Мысалы: Үйде ондаған адам отыр. Жиналысқа елудей адам келді.
Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Адам мәдениетінің алғышарты - дұрыс сөйлей білу. Түсіне білгенге сейлей білу де өнер. Тілін білмеген - түбін білмейді. Ондай адам күлдірем деп күйдіреді, сүйсіндірем деп сүріндіреді, білдірем деп бүлдіреді, куантам деп қуар-тады, келтірем деп кетіреді, жұбатам деп жылатады. Біздщ қазақ: «Аталы сөз - баталы сөз» дегенде, осы дүрыс сөйлей білуді айтқан.