• Ертегінің авторы Ыбырай Алтынсарин туралы оқушыларға мәлімет беру.
- Балалар, Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы. Ол балаларға арнап мектептер ащқан. Өзі мектепте мұғалім болады. «Қазақ хрестоматиясы» деген кітап жазған. Бүгін біз сендермен Ы.Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісімен танысамыз.
Сөздікпен жұмыс
Мейіз – изюм
Тауып алады – нешел (а)
Қатығын төгеді – выливает кефир
Құйрығын кесіп алады – отрезает хвост
Жапырақ – листья
Шөлдеп тұрмын – сильно хочется пить
Жұмыртқа – яйцо
Дән – зерно
Тышқан – мышь
Көреді – увидит
Бас салады – хватает
Тары - пшено
• Мәтінмен жұмыс
Оқып, аударту
Ертегіні рөлге бөліп оқытқызу
• Тапсырмалар:
Ертегідегі негізгі кейіпкерлер мен қосалқы кейіпкерлерді жеке-жеке топтаңдар.
Тышқан, мысық, тауық, дүкенші, қыздар, ағаш, сиыр, Мақта қыз.