Сабақ 10 сыныпқа арналған. БжС технологиясы бойынша құрастырылған. Сабақтың мақсаты: норматив талабына сай оқушылардың логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын және ақпараттық құзыреттілігін дамыту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Пән таңдаймын" (Ашық сабақ)»
Сабақ тақырыбы:Пән таңдаймын.
Сабақ мақсаты : сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзіреттілігін дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.
Міндеттері:
Білімділік: «БжС» технологиясының «Ауызша сабақ -1» картасы бойынша «Пән таңдаймын» тақырыбы төңірегінде мәлімет беру, өз түсінгендерін практикада қолдана білу.
Дамытушылық: зейінді, ойлау жылдамдығын, есте сақтауды дамыту және сабаққа қызығушылықтарын арттыру,сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік : тиянақты болуға, достыққа, ұйымшыл бола білуге тәрбиелеу. Мамандықты дұрыс таңдай білуге жетелеу.
Сабақ типі: «БиС» технологиясы бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.
Технология:«БиС» технологиясы, «Ауызша сабақ -1» картасы .
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, матрица, тірек сөздер, сын тұрғысынан сұрақтар , қарама-қарсы сұрақтар;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту( слайд көрсету)
(Ұжымды белсендіру үшін сыныпкөшбасшысына сөз беріледі).
ІІ.Соңғы өткен тақырыптар бойынша сөздік қорды тексеру
(сөздік норма - 63-тен жоғары, уақыты 5 минут)
Қарама-қарсы сұрақтар:
1. Компьютер деген не?
2. Компьютердің қандай пайдасы бар?
3. Оның қандай зияны бар?
4. Компьютерді ең алғаш кім ойлап тапты?
5. Дербес компьютер қандай құрылғылардан тұрады?
6.Дербес компьютердің пайда болуы қай ғасырдан бастау алады?
7.Алғашқы микропроцессор қай елде құралды?
8.ОС Windows компьютерлік бағдарламасы қашан пайда болды?
9.Дербес компьютерлер пайдалану мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
10.Оқуға арналған дербес компьютерлер неге арналған?
11.Мамандандырылған дербес компьютерлердің қызметі қандай?
12.Шағын дербес компьютерлер не үшін керек?
13.Кеңсе жұмысына арналған дербес компьютерлер қандай жұмыс түрлерін жасауға бағытталған?
14.Ғаламтор деген не?
15.Ғаламтордың адам өмірі үшін қандай маңызы бар?
16.Қандай іздеу жүйелерін білесің?
17.Ғаламторға тәуелді болу деген не?
18.Ғаламторды кім ойлап тапқан?
19.Қандай браузерлерді білесің?
20.Ғаламтор күні деп қай күн бекітілді?
Матрицаны толтыру, пайызды анықтау.(Балалардың жауабы саналады, тақтаға белгі қойылады).
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мұғалім жаңа тақырыпқа қысқаша кіріспе мәлімет береді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан біздің болашағымыз да жастар”,- деп тегіннен-тегін айтқан жоқ. Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан, сендер сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болуларың үшін өз мамандықтарыңды дұрыс таңдап, дұрыс игеріп, өмірден өз орындарыңды дұрыс таба білулерің керек! Әрине, мамандықтың түрі көп (слайдтар көрсету).
Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені мамандық таңдау- өзіңнің тағдырыңды таңдау. Ол сенің жұмысың ғана емес, өзің араласатын ортаң, өмірің.Сондықтан да қазіргі кезден бастап,сол таңдаған мамандықтарыңа сәйкес пән таңдауларың керек.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы осы жайында болмақ (сабақ тақырыбы айтылады)
а) Қабылдауды ұйымдастыру. Тірек сөздермен жұмыс.
Тірек сөздерге түсінік беру.
Тақтадағы тақырыпқа байланысты тірек сөздерді балалар
1 минут ішінде оқып, естесақтайды. Белгіленген уақыт біткен соң сөздер жабылады. Балалар естерінде қалған сөздерді дәптерлеріне жазады. Жазып болған соң, дәптерлерін бір-бірімен ауыстырады. Есте сақтаған сөздерінің саны сұралады Сонан соң жазу ашылады да, балалар қалдырып кеткен сөздерді дәптерлеріне жазып алады. ООМ-на (оқушылардың партада отыруы бойынша ) бірінші баға енгізіледі, тақтаға белгі қойылады.
Пән
Мамандық
Болашақ
Қызығу
Армандау
Таңдау
Талаптану
Іздену
Ерекшелік
Икемділік
Ақ халатты абзал жан
Адамжаныныңарашашысы
Адал қызмет ету
Шешім қабылдау
Оқу, есте сақтау - 1 мин
Оқушылар есте сақтаған сөздерін жазады – 1 мин.
Дәптерлерін алмасады.
Тексеру(14 сөзден 7 сөзді жеңіл есте сақтау) Матрицаны толтыру, пайызды анықтау.
ІҮ. Ойлауды ұйымдастыру.
Мәтінмен жұмыс- (4 минут)
Балалар мәтінді оқып, одан тірек сөздерді тауып, тақырып бойынша мазмұнын ашуы тиіс (4 минут). Сонымен бірге балалар мәтінді көңіл қойып оқуға нұсқау алады. Себебі, мұғалім сабақты сұрау барысында ұсақ детальдарға көңіл қоятындығын ескертеді.
Мәтін:
Пән таңдаймын
Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді.Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады.Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.
Сондықтан мамандық таңдау барысында алдымен өз бойыңдағы икемділікті, қызығушылықты, болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігін де ескеру қажет деп ойлаймын. Мұндай маңызды мәселе жөнінде ішкі ойыңды ата-анаңмен бөлісіп әрі ақылдаса отырып дұрыс шешім қабылдаған жөн.
Әкем менің физика пәнін таңдап, инженер болғанымды қалайды.
Менің анам — дәрігер. Дәрігер — әрі қызық, әрі қиын мамандық.
Мен анамның жолын қуып, дәрігер болғым келеді. Болашақта жақсы білім алып, халқыма адал қызмет етсем деймін. Мен ақ халат киген дәрігерге кішкентай кезімнен қызығамын. Дәрігерлер адам жанының арашашысы ғой. Мен сол ақ халаттылардың бірі болуды армандаймын. Сондықтан биология пәнін таңдаймын. Өз алдыма мақсат қойдым, талаптанып көп оқимын, ізденемін.
Ал менің ағам мектепте оқып жүргенде әдебиет пәнін таңдады. Филолог болғысы келді. Ол ақындардың өлеңдерін қызығып оқитын. Өзі кейде өлең жазатын. Ағама қазақ тілі мен әдебиетінен өте талантты, мықты білімді мұғалім сабақ берді. Оның сөз өнеріне сүйіспеншілігін де оятқан осы кісі болатын. Ағам әлі күнге дейін ол кісіге үлкен рақметін айтады. Мектепте оқып жүрген кезінде сол апайы сияқты мұғалім болғысы келетін. Міне, қазір өз мектебінде қазақ тілінен сабақ беріп жүр.
Ү.Алғашқы түсінікті тексеру.
(Мұғалім барлық оқушыларға мәтін бойынша сұрақтар қояды).
Жаңа мәтін бойынша қиылыс сұрақтарға жауап беру
Қиылыс сұрақтар:
1.Адамдар мамандықты қалай таңдауы керек?
2.Әрбір адамның болашағы неге тікелей байланысты болады?
3.Адам қандай жағдайда бақытты болады?
4.Қандай адамдар қиындықтарға кездеседі?
5. Мамандық таңдау барысында нені ескеру қажет?
6. Маңызды мәселе жөнінде шешім қабылдағанда кіммен ақылдасқан жөн?
7.Әкесі қандай пәнді таңдағанын қалайды?
8.Анасының мамандығы қандай?
9. Дәрігерлер қандай адамдар?
10.Болашақта кім болғысы келеді?
11. Ол үшін не істеу керек?
12.Ағасы мектепте оқып жүргенде қандай пәнді таңдады?
13.Ол қандай мамандық иесі болғысы келді?
14.Ағасы нені қызығып оқитын?
15.Ағасына қандай адам адам сабақ берді?
16. Оның сөз өнеріне сүйіспеншілігін оятқан кім?
17. Ағасы әлі күнге дейін кімге рақметін айтады?
18.Қазір ол қайда жұмыс істейді?
19.Сен өзің қандай пәнді қызығып оқисың?
20. Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?
(тақтаға белгі қойылады)
ҮІ. Алғашқы бекітуді ұйымдастыру.
Сын тұрғысынан сұрақтар қою.
Мұғалім оқушыларға сұрақ қойған кезде әдейі қате жауаптарымен береді. Дұрыс болса- «иә», қате болса- «жоқ» деп толық жауап беруі керек. Сын тұрғысынан сұрау кезеңі диагностикалық болып есептеледі. Бұл кезеңде мәтінмен жұмыс істеудің сапасы анықталады. Бұл кезең балалардың жұмыс істеу деңгейін, яғни, оқу техникасының көлемін және жылдамдығын көтеруді қалыптастырады.
Сыни сұрақтар:
1. Өмірде мамандықтың түрі аз.
2. Дәрігер адамдарды оқытса, мұғалім оларды емдейді.
3.Мамандықты жүрек қалауы бойынша таңдау керек.
4.Мамандық таңдау барысында өз бойыңдағы икемділікті, қызығушылықты ескерудің керегі жоқ.
5. Ата-анаңмен ақылдасу керек.
6. Дәрігер болу - оңай мамандық.
7. Дәрігер болу үшін биология пәнін таңдаудың керегі жоқ.
8. Инженер болу үшін қазақ тілі пәнін таңдау керек.
9. Әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты болмайды.
(балалар бір -бірінің дәптерлерін алмастырып тексереді, мұғалім матрицаға қорытындысын енгізеді)
ІІ.Жаңа тақырыпқа кіріспе.
1) -Балалар , ХХ ғасырдың соңында Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдау жасады. Бұл – еліміздің қай жылға дейінгі даму бағытын анықтайтын бағдарлама ?
-Елбасының Жолдауы туралы не айта аласыңдар ?
- Әрбір адам жеке басының бақыты үшін еңбек етіп, елінің гүлденуіне үлес қосуға тиіс және өз бойына бәсекеге қабілеттілік қасиетін орнықтыру қажет.
-Оның кілті неде? – Білімде.
-Адамзаттық жинақтаған тәжірибелерді оқып, меңгергенде қандай деңгейге көтеріле аламыз ? – Білімді және бәсекеге қабілетті
ІІІ.Оқушылардың өз бетінше тірек сөздерді іріктеуі.
Қабылдауды ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың мәтінмен жұмысы: өз беттерінше кілтті сөздерді табу. Кілтті сөздер жазылған тақта жабулы тұрады, сынып деңгейіне қарай 7,14,21 сөзге дейін беріледі.
Жұмыс уақыты: оқулықтың бір парағына 3 минутберіледі. Оқушылар өздері таңдаған кілтті сөздерді дәптерлеріне жазады.
ІҮ. Есте сақтауды, зейінді дамыту.
Уақыт бойынша жұмысты аяқтау. Оқушылар кілтті сөздерді жазып болған соң, тақта ашылады, оқушылар кілтті сөздерді тексеріп, сәйкес келген сөздер санын санайды, мәліметтер оқушылардың отыру матрицасына енгізіледі, бірінші баға қойылады, пайызы көрсетіледі.
Ү.Түсінікті алғашқы тексеру. Қарама - қарсы сұрақтар..
Қарама-қарсы сұрақтарды қою үшін таңдаған ұяшықты көрсетеді, жауап беруге 3 секунд уақыт беріледі. Мәліметтерді ООМ-на енгізіледі.
Екінші баға қойылады.
1.Қазақстан қысқа мерзім ішінде қандай экономикаға бет бұрды? (нарықтық)
2. Елімізде нелерді дамыту жүзеге асырылуда? (кәсіпкерлікті)
3.Қай жылдары Қазақстанда 200 мыңдай шағын және орта бизнес кәсіпорындары пайда болды? (1991-2001 жылдары)
4.Ауыл шаруашылығында қанша фермерлер өсіп шықты?
(1,3 миллиондай)
5. Елімізде сөз бен баспасөз бостандығы, дін бостандығы, тағы қандай істер жүзеге асырылды ? (демократиялық)
6. Еліміздің қандай салаларының дамуы қамтамасыз етілді? (әлеуметтік)
7. «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» кімнің кітабында көрсетілген? (Н.Ә.Назарбаевтің)
8.Еліміздің алдағы дамуы «Қазақстан - 2030» атты қандай мерзімді бағдарламасында айқындалды ? (ұзақ мерзімді)
9.Мұның бәрі кімнің игілігі үшін жасалып жатыр? (халықтың)
10. Қазақстан қандай мерзім ішінде нарықтық экономикаға бет бұрды ?
11.Елімізде кәсіпкерлікті не істеу жүзеге асырылуда ? (дамыту)
12. Қазақстанда 200 мыңдай нелер пайда болды? (Шағын,орта бизнес кәсіпорындары)
13. Қай салада 1,3 миллиондай фермерлер өсіп шықты ?(Ауыл шаруашылығы саласында)
14.Ненің алдағы дамуы «Қазақстан - 2030» атты ұзақ мерзімді бағдарламасында айқындалды ? (Еліміздің)
V.Сын тұрғысынан сұрақ .
Оқушылар бір-біріне сын тұрғысынан сұрақ қойып, қаншалықты түсінгендерін бақылайды. Оқушы сұрақты кімге қоятынын өзі таңдайды. Жауап беруге 3 секунд уақыт беріледі. Бағасы матрицаға қойылады.
Мұғалім оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін бақылайды, егер түсіну пайызы төмен болса, онда қайтадан түсіндіріліп, толықтырылады.
Үшінші баға қойылады.
VІ. Оқушылар сабақта оқыған, білгендерін, сұрақтарға берген жауаптарын естеріне түсіріп, «Эссе» жазады.
Төртінші баға қойылады.
VІІ. Тексеру: Оқушылар «Эссе» құрамындағы сөздерді санап, астына сөздер санын жазып қояды. Кімнің жазған «Эссесі» көп сөзден құралған болса, сол оқушы бірінші болып оқиды.
VІІІ.Бағалау:
Әр берілген дұрыс жауапқа «+» қойылып, матрица толтырылып отырады, сол нәтиже бойынша оқушы бағаланады .
«5» - ++++; «4» - +++; «3» - ++; «2» - +;
IX.Қорыту :
мұғалім тақырыпты қорытындылайды, сапалы жұмыс жасаған балаларды мадақтайды, матрица бойынша нәтижесін шығарып, баға қояды.
Х.Үйге тапсырма:
«Еліміздің даму бағыттары» туралы әңгімелеп беру.77-бет.
Тақырыбы:Сөйлем мүшелері.
Сабақ мақсаты :
1.Білімділігі: Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін тереңдету, оларды практикалық жолдармен меңгерту.
2.Дамытушылық : Сөйлем ішінен бастауыш пен баяндауышты таптыру, дара, күрделілігін ажыратқызу, сөз құрамына талдату.
3.Тәрбиелік мәні: Зейінді, ойлау жылдамдығын, есте сақтауды дамыту және тақырыпты меңгеру көрсеткішін көтеру.
Тексеру сұрақтарын қою, жаңа білімді құрылымдау, әдіс-әрекеттерді талдау, ұғыну, алғашқы түсінікті бекітуді ұйымдастыру. Қабылданған ақпараттардың күрделілік шегі және дағдысы бойынша олқылықтрды анықтау.
Көрнекілік:
Интерактивтік тақта, сөйлем мүшелерінің жасалу жолдары көрсетілген «Егер - онда» блок-сызбасы, жаттығу тапсырмалары жазылған парақтар.
І.Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:амандасу, сабақ тақырыбы мен мақсатын айту.
ІІ.Ынталандыру жаттығуы:
жалпы сөздік қор уақыты - 5 минут, оқушылардың зейінін сабаққа аудару мақсатын- да жүргізіледі.Оқушылар жазып болған соң , дәптерлері- мен алмасады, сөздерді санап, жалпы санын айтады. Мұғалім оқушылардың партада отыру орындары бойынша тақтадағы матрицаны толтырады. (ООМ)
III.Жаңа сабақ:
Сөйлем мүшелерінің жасалу жолдары көрсетілген «Егер - онда» блок-сызбасы бойынша жаңа сабақты түсіндіру;
(уақыты тақтаға жазылып қойылады)
Сөйлем мүшелері
егер
сөздер сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөздер және сөз тізбегі болса, онда ол -
тұрлаулымүшелер
тұрлаусыз мүшелер
егер
егер
егер
сөйлем құрауға негіз болатын бастауыш пен баяндауыштан құралса,онда ол- тұрлаулы мүшелер деп аталады.
сөйлемдезатты, нәрсені сын-сапалық, сан- мөлшерлік жағынан анықтап, қандай?, қай? кімнің? ненің? сұрақтарына жауап берсе
сөйлемдеқимыл-әрекеттіңжай -күйін,мезгілін,мекенін білдіріп, кім үшін? не үшін?, не мақсатпен?, қайда?, қай жерге дейін?, қайдан? қашан?. қашаннан бері? сұрақтарына жауап берсе
Қарағанды - көмірлі (қандай?) қала.
Бастауыш
Баяндауыш
егер
егер
баяндауышта айтылған қимыл-әрекеттің иесін білдірсе, кім?, кімдер?, не? нелер? деген сұрақтарға жауап берсе
Мысалы: оқушы(кім?), пенал(не?) балалар (кімдер?), пенал(не ?) дәптерлер(нелер ?)
бастауыштыңіс-әрекетін,қимылын,жай-күйін, оқиғаның болған шағын білдіретін болса ,
не істеді?, не қылмақ?, не етпек?, қайтпек ?, кімдікі ?, ненікі? сұрақтарына жауап берсе
күрделі
дара
күрделі
дара
Астана қаласы(не?)- жаңа өмірдің белгісі.
Жаңбыр (не?)құйып кетті.
Машина баяу жүріп келе жатыр.
Олбөлмені жуды.
(не істеді?)
Толықтауыш
анықтауыш
Анықтауыш
Пысықтауыш
егер
егерегер
егер
егер
сөйлемдеқимыл-әрекеттіңжай -күйін,мезгілін,мекенін білдіріп, кім үшін? не үшін?, не мақсатпен?, қайда?, қай жерге дейін?, қайдан? қашан?. қашаннан бері? сұрақтарына жауап берсе
сөйлемдезатты, нәрсені сын-сапалық, сан- мөлшерлік жағынан анықтап, қандай?, қай? кімнің? ненің? сұрақтарына жауап берсе
(сөйлемдер беріледі, түсіндіріледі, түсіндірілу уақыты тақтаға жазылады, оқушылар бірінші төменгі күрделілік шегіндегі тапсырманы орындауы тиіс, оқушылар бәрі бірге бір рет шапалақ соғады, шапалақ біркелкі болуы керек, жұмысқа кіріседі. Бірінші болған бес бала анықталған соң, қалған оқушыларға 30 секунд уақыт беріледі. Уақыт біткен соң, интерактивтік тақтада берілген дұрыс жауаппен өз жұмыстарын тексереді, түсінбегендерін сұрайды. Әр тапсырма бойынша пайызы көрсетіледі.
Байқау
Бекіту
Есте сақтау
ТКШ
15 * 63
15 * 63
15 * 63
АКШ
15 * 63
15 * 63
15 * 63
ЖКШ
15 * 63
15 * 63
15 * 63
I.Байқау
І. Сөйлем ішінен бастауышты тап, сұрақ қой.
ТКШ 1.Мен оқушымын.
АКШ 2.Олар қосылып әнді айтты.
ЖКШ 3.Адамдар табиғатты қорғауға міндетті.
Жауабы: Байқау. Сөйлем ішінен бастауышты тап, сұрақ қой.
ТКШ 1.Мен (кім?) оқушымын.
АКШ 2.Олар (кімдер?) қосылып әнді айтты.
ЖКШ 3.Адамдар (кімдер?) табиғатты қорғауға міндетті.
II кезең. Ұғынуды ұйымдастыру, түзету, екінші рет «Егер-онда» блок-сызбасы бойынша түсіндіру, уақытты жазып қою.
(сөйлемдер беріледі, түсіндіріледі, уақыты тақтаға жазылады , оқушылар екінші аралық күрделілік шегіндегі тапсырманы орындауы тиіс, оқушылар бәрі бірге екі рет шапалақ соғады, шапалақ біркелкі болуы керек ,содан соң жұмысқа кіріседі. Тапсырманы бірінші орындап болған бес бала анықталған соң, қалған оқушыларға 30 секунд уақыт беріледі. Уақыт біткен соң, тақтада берілген дұрыс жауаппен өз жұмыстарын тексереді. Жіберілген қателерін айтып, түсінбеген жерлерін сұрайды. Тақтада дұрыс орындалған жұмыстың пайызы көрсетіледі.)
II.Бекіту
АКШ. Сөйлем ішінен баяндауышты тап,сұрақ қой.
ТКШ 1.Нұрлан сабақ жазды.
АКШ 2.Қазақстан Республикасы- менің Отаным.
ЖКШ 3.Сабақ тез басталды.
Жауабы:
II.Бекіту
АКШ. Сөйлем ішінен баяндауышты тап,сұрақ қой.
ТКШ 1.Нұрлан сабақ жазды. (не істеді?)
АКШ 2. Машина баяу жүріп келеді. (не істейді?)
ЖКШ 3.Сабақ тез басталды. (не істеді?)
III кезең. Алғашқы бекітуді ұйымдастыру, түзету, үшінші рет
«Егер-онда» блок-сызбасы бойынша түсіндіреді, уақыты жазылады.
(сөйлемдер беріледі, түсіндіріледі, түсіндірілу уақыты тақтаға жазылады, оқушылар үшінші жоғары күрделілік шегіндегі тапсырманы орындауы тиіс, оқушылар бәрі бірге үш рет шапалақ соғады, шапалақ біркелкі болу керек, жұмысқа кіріседі. Бірінші болған бес бала анықталған соң, қалған оқушыларға 30 секунд уақыт беріледі. Жұмыстың аяқталуы: 5+30 секунд. Уақыт біткен соң, интерактивтік тақтада берілген дұрыс жауаппен өз жұмыстарын тексереді. Түсінбегенін сұрайды және тапсырманы орындау кезінде жіберген қателерін көрсету керек. Әр тапсырма бойынша пайызы көрсетіледі.)
III. Еске сақтау.
Сөйлем ішінен тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қой.
ТКШ 1.Сен табиғатты қорғауды өзіңнен баста.
АКШ 2. Астана қаласы - жаңа өмірдің белгісі.
ЖКШ.3. Германия суды Швециядан сатып алады.
Жауабы:
III. Еске сақтау.
Сөйлем ішінен тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қой.
ТКШ 1.Сентабиғаттықорғаудыөзіңнен баста. (не істе?)
АКШ 2. Астана қаласы - жаңаөмірдің белгісі. (несі?)
ЖКШ.3. Германиясуды Швециядансатып алады. (не істейді?)
IV. «Егер-онда»блок – сызбасы бойынша тақырыпты қайталап түсіндіріп, бекітіледі.
Уақыт қалып жатса, тақырыптық сөзді қор өткізіледі.Оқушылардың тақырыпты меңгеру сапасы 63% пайызды құраса, келесі сабақта «Биоинтернет» картасына көшеді.
«Алгоритм» картасымен жұмыс жасаған кезде баға қойылмайды.
V.Үйге тапсырма: Ережені жаттау, № 455-тапсырма, 57 бет.