«Мағынаны тану» кезеңі Мұғалімнің сөзі: Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:” Өздік есімдігінің түрленуі”. «Миға шабуыл» стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ тасталады.Өздік есімдігі туралы не білесіңдер? Кесте беріледі. Осы кестеге қарап отырып, олар есімдік қалай түрленіп тұрғанын айтады. Өзім | Өзім | Өзіммін | Өзім | Өзімсің | Өзімнің | Өзімсіз | Өзіме | Өзім | Өзімді | | Өзімде | | Өзімнен | | Өзіммен | Өздік есімдігіне бір ған өз сөзі жатады. Өз есімдігі түбір күйінде ешқашан қолданылмайды. Бұл есімдік тек жекеше , көпше түрде әуелі тәуелденіп, содан соң септеліп,жіктеліп барып қолданылады. Мысалы:өзім,өзің,өзіңіз,өзі,өзіміз өздерің Өздік есімдігінің жіктелу үлгісі: Жақ | Өзім | өзің | өзі | өзіміз | I | Өзім-мін | Өзің-мін | Өзі-мін | Өзіміз-біз | II | Өзім-сің | Өзің-сің | Өзі-сің | Өзіміз-сіңдер | | Өзіміз-сіз | Өзіңіз-сіз | Өзі-сіз | Өзіміз-сіздер | III | Өзім | Өзің | Өзі | Өздер-іміз | Өздік есімдігінің септелу (тәуелді септеу) үлгісі: Септік тер | Жекеше | Көпше | I жақ | II жақ | III жақ | I жақ | II жақ | III жақ | А.с | Өзім | Өзің | Өзі | Өзіміз | Өздерің | Өздері | І.с | Өзім-нің | Өзің-нің | Өзі-нің | Өзіміз-дің | Өздерің-нің | Өздері-нің | Б.с | Өзім-е | Өзің-е | Өзі-не | Өзіміз-ге | Өздерің-е | Өздері-не | Т.с | Өзім-ді | Өзің-ді | Өзі-н | Өзіміз-ді | Өздерің-ді | Өздері-н | Ж.с | Өзім-де | Өзің-де | Өзі-нде | Өзіміз-де | Өздерің-де | Өздері-нде | Ш.с | Өзім-нен | Өзің-нен | Өзі-нен | Өзіміз-ден | Өздерің-нен | Өздері-нен | К.с | Өзім-мен | Өзің-мен | Өзі-мен | Өзіміз-бен | Өздерің-мен | Өздері-мен | Өз есімдігі қосарланып та жұмсалатынын сендер білесіңдер. Сонымен бірге өз есімдігі өзі орнына жүретін жіктеу есімдігімен және зат есіммен де тіркесіп келіп, бір сөйлем мүшесі болатынын да білгендеріңіз жөн. |