Ұйымдастыру | Уақы ты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурстар |
2мин. | І.Ұйымдастыру кезеңі | | |
| Шаттық шеңберін құрайық Бір –біріміздің қолдарымызды ұстап, көздерімізді жұмып, мені мұқият тыңдаңыздар, Бүгін біз барлығымыз әдеміміз, мейірімдіміз, осы мейірімізді алақан жылуы арқылы жіберейік. | Шеңбер болып, бір –бірінің қолын ұстап, көздерін жұмып,бір –бірінің жылылығын сезінеді. | |
| Бір, екі, үш Көзімізді ашайық Күміс күлкі шашайық Сыныпты үш топқа бөлу | Оқушылар түрлі – түсті гүлдермен үш топқа бөлінеді | Түрлі түсті гүлдер |
Үй тапсырмасы | 5 мин. | «Серпілген сауал» әдісі арқылы үй жұмысын пысықтау | Оқушылар сұрақтар жабыстырылған допты бір –біріне лақтырады, қағып алған оқушы оң бас бармағы тиген сұрақты оқып, жауабын береді. Абайдың өлеңдеріне үзінділер сұралады. | Сұрақтар жабыстырылған доп |
Н е г і з г і | 3мин | Мұғалім сөзі Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе. Адамдықты көздесең Жаттап, тоқы, көңілге- деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абай туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, ана тілінің, қазақ поэзиясының өсіп – гүлденуіне зор үлес қосқан қамқоршы. Жақсылық пен жамандықты , әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз, адамгершілік пен арлылық, махаббат пен зұлымдық туралы білгіңіз келсе , Абайды оқыңыз.Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстары мен сырлары туралы білгіңіз келсе, тіршіліктің мәңгі сауалдарына жауап іздеп, он сегіз мың ғаламның құпиясын білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз. | | |
2мин. | Миға шабуыл | | |
| Қай шығармадан үзінді? | Оқушылар Абайдың 31 қара сөзі екенін тауып, жалғасын табады. | |
| Естіген нәрсені ұмытпастыққа 4 түрлі себеп бар? Әрі қарай кім жалғастырады? | Жауабы: Әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек;Екінші сол нәрсені көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; Үшінші сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып, ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші ой кеселдерінен қашық болу керек. Кездесіп қалса салынбау керек.Ой кеселдері- уайымсыздық, салғырттық, ойыншы, күлкішіл, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді . Бұл төрт нәрсе ақыл мен ғылымды, яғни адам баласын тоздырады. | |
| 10мин | Жаңа сабақ | | |
| Олай болса бүгінгі жаңа сабағымыз Абайдың қара сөздері | | |
| Слайдтан М.Әуезовтың пікірін оқыту | | |
| Абайдың 1890-1898 жылдары аралығында жазылған біралуан шығармалары қара сөз деп аталады. Қара сөздер сюжетті шығармалар емес, бұрынғы жазушылар қолданған естелік, мемуар да емес.Абайдың өзі тапқан көркем сөздің бір түрі. Жалпы саны 45, кей деректерде 46. 46-сы қазақтың қайдан шыққандығына арналған дәлелді, деректі қысқа зерттеу.Бұл шығармаларда (қара сөздерінде Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, кеңес құрып отырған ойшыл ұстаз тәрізді.) | | |
| Ол өзінің бірінші қара сөзінде: ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде –кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де ақыры осыған байладым. Енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ. | | |
| Ғақлия сөзіне түсінік беру | | АКТ |
| Ғақлия – көркем қара сөз, нақыл сөздің бір түрі, дүниенің құпия сыры терең таразыланған ойлар мен пікірлер. Ғақлия араб сөзі «дана сөз», «даналық маржан сөздер» деген ұғымды білдіреді. | Оқушылар түсініктемені дәптерлеріне жазады. | |
10мин | Оқулықпен жұмыс | | |
| «Рестоврация» әдісі | І топқа Абайдың 19 қара сөзі таратылып береді. | |
| | ІІ топқа Абайдың 31 қара сөзі таратылып береді. ІІІ топқа 21 қара сөзі таратылып береді. Әр топ қара сөздермен танысып шығу үшін жұптасып оқиды.Қара сөздер жазылған қағаздар қайта жиналып, қара сөз арасынан сөздер қалдырылған қима қағаз қайта беріледі. Оқушылар есінде қалған сөздерді орнына тауып жазады.Соңында топтар бірін – бірі тексереді. | |
3мин | Бейне жазба тыңдату | Оқушылар Абайдың қара сөзін бейне жазбадан тыңдайды. | |
3мин | Сергіту сәті | Оқушылар Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңін музыка сүйемелдеуімен айтады. | АКТ |
| Сабақты қорытындылау | | |
3мин | Тест тапсырмаларын беру | Оқушыларға жеке –жеке тест сұрақтары таратылып беріледі, бірін –бірі тексереді. | Тест сұрақтары |
Рефлексия | 2мин | Сабақтан алған әсерлерін «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланыс арқылы жаздыру. | Оқушылар екі жақсы тілегін, бір жақсартуды қажет ететін тілегін стикерге жазып, тілек ағашына іледі. | Тілек ағашы, стикер |
Бала лау | 2мин | Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау, марапаттау. | | Бағалау стикері |
Үйге Тапс ыр ма | | Абайдың қара сөздерін жаттау |
| | | |