Сабақтың көрнекілігі: ҚР қартасы, рәміздер,карточкалар, сөзжұмбақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
1.Амандасу.
2. Кезекшінің рапорты.
3. Түгендеу.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Жаңа сабақты жариялау мақсатымен таныстыру.
Сынып екі топқа бөлінеді.
2. Сұрақтарға жауап беру.
- Сен қандай мемлекетте тұрасың? Мен Қазақстанда тұрамын
- Қазақстан қандай мемлекет? Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет
- Қазақстанның ел басшысы кім? Қазақстанның ел басшысы Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев
- Қазақстанның астанасы қай қала? Қазақстанның астанасы, Астана қаласы
- Қазақстанның рәміздері қандай? Қазақстанның рәміздері: ту, елтаңба, әнуран
- Қазақстанда мемлекеттік тілі қандай тіл? Қазақстанда мемлекеттік тілі –қазақ тілі
- Сен Қазақстанның қай облысында тұрасың? Мен Қостанай облысында тұрамын
-Халқының саны қанша? Халқының саны он жеті миллион
-Қазақстан қайда орналасқан? Қазақстан Еуразия құрлығында орналасқан
- 16 желтоқсан қандай мереке? Он алтыншы желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
3.Қазақстан Республикасының картасына шолу жасайық.
1-ші оқушы: Қазақстанда ірі қалалар көп. Олар –Астана,Алмата,Қызылорда, Ақтау,Ақтөбе,Шымкент,Атырау, Тараз, Қостанай, Қарағанды,Павлодар, Өскемен, Петропавл, Жезқазған.Қазақстанның жері бай. Қарағанды мен Екібастұзда көмір, Ақтау мен Маңғыстауда мұнай, Балқашта мыс,Өскеменде мырыш өндіріледі.
2-ші оқушы: Мен Қазақстанда тұрамын.Қазақстан- менің атамекенім. Ол – керемет ел. Қазақстанда кең – байтақ дала, асқар таулар, мөлдір көлдер, өзендер бар. Қазақ халқы – мейірімді, қонақжай халық. Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі, мемлекеттік тіліміз. Қазақ тілі – өте әдемі, бай тіл. Мен Отанымды мақтан етемін.
3-ші оқушы: Астана – Қазақстан Республикасының елордасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана көрікті қала. Мұнда әсем ғимараттар, мұражайлар, ескерткіштер бар. Астана жылдан- жылға көркейіп келе жатыр.
4. Оқушылардың жылдамдығын, тапқырлығын дамыту мақсатында «Қазақстан» тақырыбына 8 сөз тауып, дәптерлеріне жазып алындар
т
ә
у
е
л
с
і
з
р
ә
м
і
з
д
е
р
е
л
б
а
с
ы
и
т
а
о
т
а
н
и
н
с
п
қ
а
з
б
а
в
о
Тәуелсіз,елбасы, рәміздер, отан,ел, ас, бас,ер, қазба
5. Сан есімдерді сөйлет.
1991 1992 1993 1997 1991 2011 1991
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялады.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті сайланды
1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіз Республика болып жарияланды.
1991 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.
1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы айналымға енді.
1997 жылы Астана қаласы Қазақстанның елордасы болды.
2011 жылы Қазақстанда қысқы Азия ойындары өткізілді.
6 «Сиқырлы тақия» ойыны арқылы Отан туралы кім қандай мақал білетінін анықтайық. Парақта мақалдың басы жазылада, оқушы оны оқып жалғасын айтады