kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Статья "Толерантное воспитание на уроках казахского языка и литературы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тесты по казахскому языку охватывают все основные темы по предмету. Первый раздел фонетика, где даны отдельно тесты по гласным звукам в целом и отдельно мягкие, твердые гласные. Согласные звуки, отдельно глухие, звонкие, сонорные звуки. Слоги, виды слогов-открытые, закрытые, полузакрытые слоги. Закон сингармонизма: слоговой сингармонизм, звуковой сингармонизм. Охвачены все части речи: зат есім, сын есім, сан есім, етістік, ?стеу, есімдік, шылау с?здер, о?шау с?здер. Производная и непроизводная основа слова. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Статья "Толерантное воспитание на уроках казахского языка и литературы"»






Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Мектеп –лицей» ММ









«Қазақ тілі мен әдебиет сабағында толеранттық тәрбиелеудің маңызы»







Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі: Жиеналина Гауһар Сағиқызы
















Лисаковск қаласы 2015 жыл






Толеранттық, төзімділік-адамның әлеуметтік өмірдегі, тұрмыс-тіршіліктегі әр түрлі процестерге, қоғамдағы әр түрлі қайшылықтарға барынша сабырлы және орнықты қарым-қатынасы. Адамның жеке өмірінде, қоғамның дамуына кездесетін көптеген қиындықтар, үйлесімсіздіктер, ауытқулар объективтік сипаттағы заңды құбылыстар. Олар тұлғаның жеке өміріндегі, әлеуметтік субъектінің рухани жетілу барысындағы қажетті асулар, маңызды баспалдақтар. Қиындықтарды жеңе білу адамның әлемге деген қатынасының белгілі бір оңды бағытта, құндылықтық бағдарда қалыптасуына негіз болады. Сонымен қатар осы қатынастардың негізінде дүниетанымдық жүйеде мағыналық негізге шынайы руханилықпен, мәнділікпен көмкерілген құрылымдардың қалыптасуына мүмкіндіктер ашылады. Толеранттық адамның дүниеге қатынасындағы шыдамдылықпен біршама биікке көтерілген деңгей. Өйткені шыдамдылық адамның табиғи қасиеттерінің маңызды көрінісінің бірі болса, төзімділік осы шыдамдылықтың сабырлылықпен астасқан сапалы көрініс болып табылады. Шыдамдылыққа табиғи қайсарлық, табиғи рухтың мықтылығы көмектессе, төзімділікке парасаттылық пен зерделіліктің, ақыл менруханилықтың өзара бірігуі негіз болады. Сондықтан толеранттық ешқашанда пенденің кез келген шешімге басын шұлғып, қисынсыз әр нәрсеге көнгіштік танытуымен, принципсіз іс-әрекеттерімен, қоғамды бұзушыларды қолдауымен айқындалмайды. Ол адам үшін негізінен ақиқаттың шынайы жолына, тұлғалық жетілудің биігіне баратын алғашқы баспалдақ іспетті. Толеранттық өзінің дүниетанымдық көкжиегіне құрамдас бөлік еткен адам ақ пен қараның, жақсы мен жаманның, парасаттылық пен зулымдықтың ара жігін ажыратуға мүмкіндік алады. Ол үнемі әділеттіліктің ақ жолына түсуді өзіне мақсат етіп қояды. Әрине толеранттық танытумен барлық рухани дамудың мәселелері шешілмейді. Дегенмен, рухани жетілудің шынайы қадамдары осы толеранттық сияқты адам өзініңдүниетанымына, өмір сүру салтына негізгі бағдар, ұстаным етіп алғанда ғана белсенді түрде жүзеге аса бастайды. Онсыз адамның өмірінде көптеген істерге рухани адамгершілік іргетас қаланбайды, әділеттілік үшін күрескен тұлғаның алға басқан аяғы артқа кетеді. Сабырлыққа мұсылман діні сияқты басқа діндер де шақырады. Дегенмен, белгілі бір діннің кейбір айырмашылықтарын басқа діни бағыттардан айрықшалап, ерекшеліктерді абсолюттеу конфессиялық қайшылықтарды туындатады, діни төзімсіздіктің қанат жаюына түрткі болуы мүмкін. Төзімсіздіктің ең жоғарғы көріністері нәсілшілдік, ұлтшылдық, діни фанатизм кең тараған әлеуметтік кеңістікте көбінесе көрініс береді. Қазіргі кезеңде дүниетанымдық деңгейі тұрпайы ортада діндік








айырмашылықты немесе нәсілдік өзгешелікті желеу етіп төзімсіздік таныту құбылыстары кездеседі. Әсіресе, осындай деректер біршама өркениетті дамыған елдерде де байқалып жүр. Қоғамдағы толеранттық құрылымдары жетекші рөл атқара бастаса ғана үйлесімді ұлтаралық, конфессияаралық қатынастар жүйесін қалыптастыруға мүмкіндіктер туындайды. Толеранттық қалыптастыру, орнығу үшін әрбір отбасында, барлық деңгейдегі оқу орындарында әлеуметтік интернаттар мен мемлекеттік органдар, бұқаралықақпарат құралдары арқылы осы құбылыстардың іргелі және жасампаз тұстары насихатталуы тиіс. Жалпы әлеуметтікпсихологияда басқа халықтарға, басқа діндерге деген құрметпен қараушылық кешенді түрде қалыптасқаны абзал. Қоғамдағы әрбір жастың діліндегі ұстанымдар жалпыұлттық психологияның іргелі бағдарларымен астасып жатады. Текетірестік , шендесу қарым-қатынастары толеранттық құбылысының тереңдеп орнығуына барынша кедергі жасайды. Мәселен, талай ғасырлар бойы саяси, идеологиялық қырғиқабақ танытыпкеле жатқан халықтардың өкілдері үшін толеранттық таныта қою оңайлыққа түспейді. Сондықтанәр түрлі қайшылықты үрдістердің алдын алу үшін жеке адамның өміріндегі армандардың орындалуы үшін бұл қасиеттердің орны ерекше. Кез келген қоғамдағы терең мағынадағы толеранттық ішкі тұтастықты нығайта түсетін маңызды құбылыстардың қатарына жатады.

Қазақтың рухани-эстетикалық, мәдени құндылықтарының асыл арнасы, халықтың бар данышпандығын бойына жинақтаған- ана тілі, сөз өнері, әдеби мұралары. Ата-бабаларымыз «Өнер алды –қызыл тіл» деп санап, ойлы да саналы сөзді сап алтынға балап, тілді- адамның сәбилік шағынан, жер қойнына кіргенге дейінгі тұлға өмірінің айнасы, халықтың мәдениеті мен ақыл-ойының алтын қоймасы деп бағалаған. Ұрпақтарға өсиетнама болатын мұра қалдырған ақын-жыраулар, сал-серілер, шешендер өнерін жоғары бағалап, олардың туындылары мазмұнындағы тәлімдік өсиеттер мен аталы сөздерді, нақылдарды, афоризмдерді, ұрпақ тәрбиелеудің тәлімгерлік мектебінің құралы санаған.

Бүгінгі мектеп оқушыларының имандылық-эстетикалық дамуын қамтамасыз ететін бірден-бір басты оқу-тәрбие құралы-әдебиет пен өнер пәндері. Кез-келген өнер түрі өзіне тән көркем бейнелеу мәнерлілік тілімен балалардың санасына эмоциялық мәнде ықпал етеді, олардың қоршаған өмір құбылыстары мен әсемдігіне деген сезімдік әсерлерін, танымын, талғамын қалыптастырады.

Мектептік «Қазақ әдебиетій пәнінің мазмұны, имандылықты дәріптейтін: қоғамдық, әлеуметтік құбылыстар мен адамдар арасындағы қатынастың этикалық нормалар сырын, ауыз әдебиеті (ертегілер, аңыздар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер т.б.) мен ақын-жыраулар поэзиясынан тәлімі мол рухани құндылықтарды








балалардың танып білуіне, ал көркем сөз бен поэзия тілі арқылы қоршаған өмір мен табиғаттың әсемдігін, сұлулығын эстетикалық сезімталдықпен игере білуіне зор ықпал жасайтын тәрбие құралы. Сондықтан да, еліміздің ғалым педагогтары жасаған ұлттық мектеп тұжырымдамасы мазмұнында : қазақ мектебінде ана тілдің беделін қамтамасыз еті, білім беру проблемасы ұлттық рухани мәдениетті игеру проблемасымен түбірлес жүргізілуі сияқты тіл мен әдеби құндылықтарға, өнерге

байланысты оқу-тәрбиелік іс-шараларды жүзеге асыру міндеттері басты орын алған. Осы міндеттер негізінде, жеткіншек ұрпаққа мектепте, мектепке дейінгі және мектептен тыс тәлім-тәрбие мекемелерінде имандылық-эстетикалық тәрбие жүйесін, ұлттық ерекшкліктеріміз бен рухани мәдениетіміздің құндылығын ескере отырып қайта құруға бағытталған ғылыми-теориялық еңбектер, арнайы педагогикалық бағдарламалар жарық көрді. Жас ұрпақты мәдени құндылықтармен қауыштыру, әдебиет пен көркемөнер негізінде олардың рухани-эстетикалық мәдениетінің дамуын жандандыру мәселелері арнайы зерттеулер нысанасына айналды. Дегенменде, бұл мәселенің өзектілігі әлі де күн тәртібінен түскен емес. Соның дәлелі, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени, рухани құндылықтарды игеру арқылы жас ұрпаққа имандылық-эстетикалық тәлім-тәрбие берудің негізгі бағыттары мен идеяларын қамтитын «Этномәдениет тәрбие тұжырымдамасы», «Мәдени мұра» бағдарламаларының жасалуы және оны жүзеге асыру міндеттерінің мемлекеттік деңгейде қаралуы.

Қазақ әдебиеті, сан-алуан жанрларымен, өзіне тән, сұлулықты айшықты бейнелейтін көркем-мәнерлілік тілімен, адам бойында имандылық пен эстетикалық қасиеттерді дарытуға қызмет ететін-ұлттық өнеріміздің басты тұрі. Сондықтан, оның туындыларындағы қоғамыдқ, адами жарасымды қатынастар мен қасиеттерге баулитын мазмұн мен рухани-эстетикалық мазмұны арасындағы тәлім-тәрбиелік тұтастық өзара бірлікте қарастырылуы тиіс деп санаймыз.

Озық жетістіктерге негізделген білім нәрімен қатар, ұлттық тәрбие құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақтар ғана ұлт тағдырын тереңінен таразылайды.

Отанды сүю, өз халқын құрметтеп, оған адал болу, Отанды қорғауға әзір тұру, халықтар арасындағы достықты нығайту, бейбітшілікті сүю, ел үшін

жанын пида ету, ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру, ұлтаралық татулық пен келісімді нығайтуға ықпал ету, әрбір оқушының бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың үздік үлгілерін үйлестіре дарыту, гуманистік, барлық адамдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу, т.с.с. мектептік адамгершілік тәрбиесінің өзекті арқауы болып табылады.








Жеке адамды адамгершілік тұрғыдан қалыптастыру- әр түрлі факторлар мен жағдайлардың әсерімен іске асатын күрделі де, жан-жақты процесс. Жас жеткіншек әр түрлі ішкі және сыртқы, қоғамдық және табиғи факторлардың әсерімен дамиды. Оған қоршаған ортадағы көптеген құбылыстар тікелей әсер етіп, оның мінез-құлқы мен моральдық бейнесінің қалыптасуында жарқын із қалдырады. Жас жеткіншектерді адамгершілікке тәрбиелеу проблемасы қазіргі педагогика ғылымында да айрықша маңызға ие болып отыр.

Қазіргі тәрбие үрдісіне тән құбылысы-әрбір оқушының бітім-болмысы мен адамгершілік қадір-қасиеттерін гуманистік, адамға сүйіспеншілік бағытта тәрбиелеп, дамыту, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін барынша ізгілендіруге баса назар аудару. Міне сондықтан, қазіргі заманғы мазмұны жағынан жаңарған гуманистік идеялар мен іс-әрекеттер, адамдардың жан-жақты және жарасымды дамуы үшін, жеке адамның шын бақыты мен бостандығы, жарқын өмір сүруі үшін қажетті барлық алғы шарттарды жасауда. Оқушылардың бойына гуманистік идеяларды сіңдіру-бұл өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойларына өзара сыйластық пен құрмет тұтушылық ұрығын себу, араларындағы қатынастың биік парасаттылық пен адамгершілік сыйластық сезімдерге толы болуын дарыту, оларды әр адамның ар-намысына тиіспеуге, абыройларын, ождандарын құрметтеуге, жоғары, адамгершілік пен әдептілікке баулу, дамды сүйе, сыйлай, құрметтей, қадірлей білуге үйрету, адамшылықтың шынайы иесі болуға талаптандыру.

Жалпыадамзаттық құндылықтар қатарына орын алатын адамгершілік қадір-қасиеттер мен сапаларды оқушылардың бойына дарыту үшін, ең алдымен, олардың саналығын көтеру, екіншіден, жұғымды мінез- құлықтың тәртіп дағдыларына баулу, үшіншіден, адамгершілік құндылықтарды игерте отырып, қазіргі қоғамдық талаптар негізінде әлеуметтендіру қажеттңлңгң туындайды.

Әрбір оқушының бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, биік мақсат-мұраттарды, жоғары адамгершілік қадір-қасиеттерді, дүниеге ғылыми, шығармашылық-ізденімпаздық көзқарасты қалыптастыруда тәрбиелік іс-шараларда үнемі ескеріп, жүзеге асырып отыру қажет. Мектепте ұйымдастырылатын тәжірибелік іс-шаралардың мақсаты- оқушылардың дүниетанымын дамытып, тұлғалық мінез-құлық тәртібін, моральдық сезімін қалыптастыру, өмір-өзі тәрбиелеуіне, өмірдегі өз орнын түсінуге, олардың ерік-жігерін шыңдауға баулуға бағытталады.








Ұсыныс


Бүгінгі таңда баяндаманың тақырыбы өзекті және маңызды. Қазақ тілі мен әдебиет сабағында толеранттық тақырыбына әр қашанда бет бұрып отырамыз.

Толеранттық тәрбиенің мақсаты- ер жетіп келе жатқан ұрпақтарды жеке адам, адам тобының—ұлтына, дініне, ой-пікіріне, көзқарасына ,мінезіне қарамастан талап- қажеттілігін және дайындық сындарлылық өзара әрекеттенуін тәрбиелеу.

Сондықтан, баяндамада берілген материалды қазақ тілі мен әдебиет сабағында пайдалануға ұсыныс беріледі.


Рекомендация


На сегодня тема доклада очень актуальна и важна. На каждом уроке казахского языка и литературы мы, учителя, обращаемся к теме толерантности.

Цель воспитания толерантности- воспитание в подрастающем поколении потребности и готовности к конструктивному взаимодействию с людьми и группами людей независимо от их национальной, социальной, религиозной принадлежности, взглядов, мировоззрения, стилей мышления и поведения.

Поэтому рекомендую материал доклада использовать как на уроках казахского языка , так и на уроках казахской литературы.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Статья "Толерантное воспитание на уроках казахского языка и литературы"

Автор: Жиеналина Гаухар Сагиевна

Дата: 11.02.2016

Номер свидетельства: 291629

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Формирование толерантности у младших школьников. "
    ["seo_title"] => string(52) "formirovaniie-tolierantnosti-u-mladshikh-shkol-nikov"
    ["file_id"] => string(6) "126421"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1415176003"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Игра на уроках русского языка "
    ["seo_title"] => string(33) "ighra-na-urokakh-russkogho-iazyka"
    ["file_id"] => string(6) "190371"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427139448"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(129) "ВОСПИТАНИЕ ТОЛЕРАНТНОГО ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ НА УРОКАХ ТЕХНОЛОГИИ В ШКОЛЕ. "
    ["seo_title"] => string(76) "vospitaniie-tolierantnogo-vzaimodieistviia-na-urokakh-tiekhnologii-v-shkolie"
    ["file_id"] => string(6) "245483"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1446133427"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "Этнодемографическое развитие РК. (посвящено 20-летию Ассамблеи народа Казахстана)"
    ["seo_title"] => string(93) "etnodiemoghrafichieskoie-razvitiie-rk-posviashchieno-20-lietiiu-assambliei-naroda-kazakhstana"
    ["file_id"] => string(6) "279184"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1453205033"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства