kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқушының ойы мен белсенділігін дамытудағы ойынның рөлі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

     Уақыт талабы оқу-тәрбие үрдісін батыл интенсивтендіру- оқушылардың білім жүйесін сапалық жаңа деңгейге көтеру үшін ұстаздан терең білімділікті, кәсіптік шеберлікті, ыждағаттылықты талап етеді. Осы талаптарға сай мұғалім қызметіндегі шығармашылық негіздерді нығайту- оқушыларға білімді игертуде бар мүмкіншілікті тиімді пайдалану, барлық әдіс-тәсілдерді жетілдіріп отырғанда ғана сапалы білім, дұрыс тәрбие беру жүзеге асады.

      Адам баласы қоршаған орта туралы шындықты белсенді іс-әрекеттің нәтижесінде танып біледі. Ол іс-әрекеттер: ойын, оқу және еңбек. Дегенемен жас жеткіншектер үшін ойын- ең маңызды іс-әрекеттің бірі.

      «Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған үрдіс.»

       Ойын- бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін «ойын»- өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады. Мұны А.С.Макаренко жақсы көрсете білген. «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса,- деп жазды ол,- балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін, көбінесе, сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады.»

      Дидактикалық ойындар баланың таным үрдісін және тілін дамытады. Бала еліктеу, қабылдау арқылы әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді. Оын әрекеті- психикалық қабілеттерін жетілдіріп, баланың жеке басын қалыптастырып, әлеуметтік өмірмен жанастыратын әрекеттің бірі. Баланың ойын тәжірибесінде ұжымдық өмір дағдылары қалыптасады. Бала қылығын ережеге  бағындыруға, керексіз амал-әрекетті тоқтатып, кедергіні ығыстыруға үйренеді. Рөлді ойында баланың ойлауы, тілі дамып жетіледі.

         Дидактикалық ойын баланың дүние танитын қабілетін, іс-әрекетін жетілдіреді. Ойынның әдісін, мақсатты мазмұнын, ережелерін мектепте педагогтер дайындап отырады. Оның үстінде баланың эмоциялық күйі және көңілі көтеріңкі болады. Манипуляция жасайтын жасқа толғанмен балалар нәрселердің ойын үстіндегі жаңа көріністеріне мәз болады. Рөлді ойындарда ойын ережесіне сай атқарған рөлі баланы көңілдендіреді. Қимыл ойындарында бала өзінің ептілік істеріне масайрайды. Дидактикалық ойындарда жаңалап өнер үйренгеніне бала рақаттанады.

    Ойын үстінде баланың сана-сезімі, еркі, өзін-өзі  бақылауы, өзінің іс-әрекетімен салыстыру қасиеттері жетіледі. Сондай-ақ зейін, ес, қиял сияқты психикалық  үдрістері қалыптасып, сөйлеу тілі дамиды.

       Қозғалыс ойындары арқылы баланың зейіні қалыптасады. Зейін деп- адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.

      Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Зейін туралы орыс педагогы К.Д.Ушинский былайша көрсеткен еді: «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірден-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе қалмайды.»

       Ес – күрделі психикалық үрдістердің бірі. Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмтылуын бейнелейтін үрдіс. Ес адамның басқа жан құбылыстарымен де тығыз байланысып жатады. Ол, әсіресе, ойлау үшін аса қажет. Нәрсе есте дұрыс сақталмаса, бұл жәйт ойлауға қиындық келтіреді.  Ж.Аймауытов: «Еске түсіру өнері дегеніміз ойлац өнері, байланыстардың мәнісі- ойлау деген сөз»,- дейді.

       Жанның өзінде бұрыннан бар суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай алуы қиял деп аталады. Қиял еңбек әрекетінде пайда болған. Қиялдың дамуы адамның қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланыста болып отырады. Баланың қиялы, әсіресе, ойында жарыққа шығады. Ойын- балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағы әсерлермен пайдаланады. Айналасындағы тұрмыстан нені көрсе соны істейді.

       Адамның ең жарқын ерекшеліктерінің бірі- оның сөйлеу қабілеттігі. Сөз-адамның психикасының өмір сүруінің аса маңызды факторы. Сондықтан адамның барлық психикалық ерекшеліктері сөйлеу арқылы ғана көрініп, өмір сүреді. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу –пікір алысу үрдісінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу үрдісі арқылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады. Ойдың тілі-сөз. Бір сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз.

         Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты балаға сөзді бұзып сөйлемеу керек және балаға ұқпайтын жат сөз үйретпеу керек. Екінші, бала өзі теңдес балалармен бірге ойнағаны мақұл. Баланы еш уақыт сөзден тыймау керек. Былдырласын, шолжаңдасын, сөйлей берсін.

         Бала қоршаған ортадағының бәрін ойын арқылы қабылдайды, одон керегін іріктеп алады. Сөйтіп, ол өзінің тілегін ғана іске асырады. Бірақ жасаған әрекетінің неден басталып, немен аяқталатынына, одан шыққан нәтижеге ой жібермейді. Бала ойын арқылы оқуға, мектепке даярланады. Сондықтан ойында шамалы еңбек, оқу көрінісі бар дей аламыз. Заттың сан алуан қасиеттерімен де бала, ең алдымен, ойын арқылы танысады. Өмірді әр қырынан көре бастайды. Ойлауға, әрекет жасауға ешкімнің қысымынсыз, еркін үйренеді. Одан ләззат алады. Ойынның құпиясы да, психологиялық құндылығы да осы.

      «Балалармен бірге сабақ үстінде жүргізілген қызықты ойындар,- дейді  профессор В.М.Чистяков, - оларды сабаққа қызықтырады, тәртіпке шақырады, дұрыс қорытындылауға, олардың бойында достық, ұйымшылдық қасиеттерін, ойлау қабілеттерін дарытады».

      Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін қажет етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастырады. Демек, мұғалім сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланысты жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады., оқушыларды жалықтырмайды.

      Ойын өткізуді ережелері:   

1.Ойын оқытудың маңызды, байыпты түрі.

2.Ойын барысындағы көтеріңкі дыбыстарды шу деп қабылдамау керек.

3.Оқушылардың барлығы іс-әрекетте болуы керек.

4.Оқушыларға даяр жауап берместен бұрын олардың өздері ізденуіне түрткі болыңыз.

5.Көбірек ойнау керек. Қызықты жағымды ойындар барысынды оқушылар қызығып оқып үйренеді.

        География пәні мұғалімдеріне сабақта пайдалану үшін мына төмендегі ойын түрлерін ұсынамын:

« Жаяу экватор бойымен»

2-4 оқушы қатысады. Еденге кішігірім шеңбер сызып, өздері сол шеңберден тыс бір-бірінен бірдей қашықтықта тұрады. Бірінші ойыншы ойынды бастайды, шығыс бағыты бойынша жүреді. Ол өз жолындағы кездестірген объектілердің бәрінін атын дауыстап айтады.

«Ендік және бойлық»

   Ойынға 4 адамнан кем қатыспауы керек. 4 топқа бөлінеді. 1-ші топ-«солтүстік ендік», 2-ші топ-«оңтүстік», 3-ші топ-«шығыс бойлық», 4-ші топ- «батыс». Ойынға қатысушы оқушылар бір қатарға тұрады. Жүргізуші бір географиялық объектіні дауыстап айтады. Оқушылар айтылған географиялық объектінің орнын еске түсірулері керек. Ойын мүшелері қай «бойлық», «ендік» топтарының өкілдері болса, аты атлаған географиялық объектінің сол жерде орналасуын дәлелдеу үшін тізе бүгіп отырулары керек.

«Сіз білесіз бе?»

Мысалы:

А-ағаш               Ж-жапырақ

С-су                    Г-гүл  

Б-бұта                Т-тас      т.б.

    Егер мұғалім ойынды сабақтың басында қолданатын болса, ондай ойын мақсаты оқушылардың ойын бір жерге жинақтау, жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру, сондай-ақ олардың белсенділігі мен қабілеттерін арттыру.

     Сын тұрғысынан ойлау мен экологиялық тәрбиелеуде дамыта оқытумен қатар оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін ойын элеменеттерін көбірек қолдану қажет. Ойын баланың ой-өрісін дамытады. Икемділік, сергектілік, тапқырлыққа, табиғатпне сырласуғы шақырады. Викториналық сұрақтар мен жұмбақтар шешу ой сергітіп, білімін байыта түсуге септігін тигізеді. Ең бастысы ойынды мазмұнды, қызықты ету, ой-санаға лайықты ету- ойыншының өз қолында. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқушының ойы мен белсенділігін дамытудағы ойынның рөлі.»

Оқушының ойы мен белсенділігін дамытудағы ойынның рөлі.

(баяндама)

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Оқушының ойы мен белсенділігін дамытудағы ойынның рөлі.

Автор: Амантаев Бейбит Исмайлович

Дата: 26.05.2017

Номер свидетельства: 418831

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(263) "Қосымша білім беру жағдайында оқушының ойы мен белсенділігін дамытуда ойындар арқылы көшбасшылық және басқарушылық қасиеттерін қалыптастыру"
    ["seo_title"] => string(80) "k_osymsha_bilim_bieru_zhag_daiynda_ok_ushynyn_oiy_mien_bielsiendilighin_damytuda"
    ["file_id"] => string(6) "456004"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1518175515"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(193) "МОДУЛЬДІК О?ЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ Т?РТІБІНДЕ ?АЗА? ТІЛІ МЕН ?ДЕБИЕТ САБА?ТАРЫН ?ТКІЗУДІ? Д?СТ?РЛІ ЕМЕС ФОРМАЛАРЫ "
    ["seo_title"] => string(118) "modul-dik-ok-ytu-tiekhnologiiasy-t-rtibindie-k-azak-tili-mien-diebiiet-sabak-taryn-otkizudin-d-sturli-iemies-formalary"
    ["file_id"] => string(6) "210733"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431495834"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(212) "Баяндама "?аза? тілі ж?не ?дебиеті саба?тарында ?зге ?лт ?кілдеріні? шы?армашылы? де?гейлерін дамытуды? тиімді жолдары". "
    ["seo_title"] => string(136) "baiandama-k-azak-tili-zh-nie-diebiieti-sabak-tarynda-ozghie-u-lt-okildierinin-shyg-armashylyk-dien-ghieilierin-damytudyn-tiimdi-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "156291"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421405446"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "«?стазым мені шы?армашылы??а шабыттандыр»"
    ["seo_title"] => string(40) "ustazymmienishygarmashylykkashabyttandyr"
    ["file_id"] => string(6) "267739"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1450450947"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(164) "Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық дамуы мен балаланың іс-әрекетінің түрлері."
    ["seo_title"] => string(80) "mumkindighi_shiektieuli_balalardyn_psikhologhiialyk_damuy_mien_balalanyn_is_riek"
    ["file_id"] => string(6) "444460"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513313023"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства