kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қосымша білім беру жағдайында оқушының ойы мен белсенділігін дамытуда ойындар арқылы көшбасшылық және басқарушылық қасиеттерін қалыптастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Уақыт талабы оқу-тәрбие үрдісін батыл интенсивтендіру – оқушылардың білім жүйесін сапалық жаңа деңгейге көтеру үшін ұстаздан терең білімділікті, кәсіптік шеберлікті, ыждағаттылықты талап етеді. Осы талаптарға сай мұғалім қызметіндегі шығармашылық негіздерді нығайту –оқушыларға          білімді игертуде бар мүмкіншілікті тиімді пайдалану, барлық әдіс-тәсілдерді жетілдіріп отырғанда ғана сапалы білім, дұрыс тәрбие беру жүзеге асады.

Адам баласы қоршаған орта туралы шындықты белсенді іс-әрекеттің нәтижесінде танып біледі. Ол іс - әрекеттер: ойын, оқу  және еңбек. Баланың жеке тұлға ретінде дамуы, өзіндік көзқарастар қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасынан басталады.

         Ұстаздың әдістемелік жұмысы – бұл кешенді практикалық шара, мұғалімнің өз шеберлігін жан-жақты дамытуы. Ол  оқушының  білім сапасы мен білім деңгейінің өсуіне бағытталған.

         География пәні - өзіндік ерекшелігі бар пән. Ол жалпы құрлық - жер бетін, планетамызды, ондағы тіршілік ететін өсімдік, жануар дүниесін, жер бедерін, байлығын және өмір сүріп отырған бірнеше мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың тіршілігін зерттеп үйрететін ғылым. География пәнінің және бір ерекшелігі – оқушылар өздігінен ізденіп, білім дағдысын толықтыруға әр түрлі суреттер, сызба нұсқалар, карталар, ойындармен көп жұмыстар жүргізуге ерекше назар аударылады. Сабақта жалықпай тыңдап, көңілді отыруына жағдай жасап, білім алуға ынталандыра тусу үшін сабақты түрлендіре өткізіп отыру қажет. Мұғалімдерге өз қалауынша, мүмкіндігі бойынша, өзінде бар әдістемелік құралды, өзінің қолынан келетін тәжірбиесін, әдіс-тәсілін қолдана отырып, сабақты өткізуге мүмкіндік бар.

         Жаңа технология жүйесіндегі мәнді ойындардың маңызы зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың әртүрлі проблемаларды, оларды шешу жолдарын іздестіруге мүмкіншілік туғызып, олардың логикалық ойлау қабілетін дамытады.

        Үйірме жұмыстарына пәнге қызығатын барлық оқушылар қатысуға болады. Бұндай жұмыстар жыл бойы жүргізіледі, одан оқушы керекті, пайдалы, қызықты жаңа мағлұматтар алады. Сондықтан, сабақтан үйірме  жұмыстарының мазмұны әр сынып балаларының деңгейіне сәйкес болу керек. Мұғалім, білім деңгейі жоғары окушыларға әртүрлі тапсырмалар бере алады. Әр оқушы бұндай тапсырмалар арқылы өздерінің білім деңгейін көтереді. 
       Мұғалім үйірме жұмыстарын келесідей ұйымдастыруына болады: 
1) Әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, көзқарасын ескере отырып, тапсырмаларды жеке немесе әртүрлі тақырып бойынша беруіне болады. 
2)  Барлық окушыға берілетін тапсырма бірдей, бірақ, орындау әдісі әртүрлі болуы мүмкін. 
         Жалпы білім беретін және мамандырған реформаға, оның оқу тәрбиелік жұмыстарының сапасын жоғарылатуға үлкен назар аударылады. Осыған байланысты география пәнінен міндетті түрде үйірме жұмыстарын  жетілдіріп отыру керек. 

                 Оқушылардың географиялық зерттеудегі жаңа және ғылыми әдістермен танысуы, әртүрлі құралдармен, аспаптармен жұмыс істеуі оларда зерттеу және іздену жұмыстарына қызығушылық туғызады. 

           География пәнінен үйірме жұмыстарының негізгі мақсаттары мыналар: 
- оқушыларды табиғатты түсінуге және оған сүйіспеншілік туғызуға үйрету; 
- өз аймағы туралы, оның табиғаты, шаруашылығы, экономикасы, мәдениеті жайлы білімдерін тереңдету; 

- оқушылардың табиғи орта және халық шаруашылығының орналасуы туралы түсінігін дамыту; 

- география пәнін оқуға қызығушылығын ояту;

            География пәнінен үйірме жұмыстары білім берудің маңызын, мәселесін шешуге көмектеседі, яғни, оқушының шығармашылық қабілетін дамытады. 
Үйірме жұмыстарының тәрбиелік мәні де өте жоғары. Ол өз аймағының табиғатын және экономикасын тереңірек оқыта отырып, оқушының Отан сүйгіштігін, өз елінің байлығын дұрыс қолдануға, табиғи ескерткіштерді, тарихын, мәдениетін т.б. қорғауға көмектеседі. 

           Үйірме жұмыстары география білімін тереңдете отырып, оқу жұмыстарымен де тығыз байланысты. Бірақ үйірме жұмыстарында окушы саны аз болады, өйткені мұнда тек пәнге қызығатын санаулы оқушылар жұмыс істейді. Бұндай сабақ түрі теориялық білімді практикалық жұмыстармен байланыстара отырып көптеген жақсы нәтижелер әкеледі. 

                Адамның жарқын ерекшеліктерінің бірі – оның сөйлеу қабілеттілігі. Сөз-адам психикасының өмір сүруінің аса маңызды  факторы. Сондықтан адамның барлық психикалық ерекшеліктері сөйлеу арқылы ғана көрініп өмір сүреді. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу – пікір алысу үрдісі арқылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірбиесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады.

Бала қоршаған ортадағының бәрін ойын әрекеті арқылы қабылдайды, одан керегін іріктеп алады. Бала ойын арқылы оқуға, мектепке дайындалады. Сондықтан ойында шамалы еңбек, оқу көрінісі бар дей аламыз. Заттың сан алуан қасиеттерімен де бала, ең алдымен, ойын арқылы танысады. «Балалармен бірге сабақ үстінде жүргізілген қызықты ойындар,-дейді пофессор В.М.Чистяков, - оларды сабаққа қызықтырады, тәртіпке шақырады, дұрыс қорытындылауға, олардың бойында достық, ұйымшылдық қасиеттерін, ойлау қабілеттері дамытады».

         Сөз соңында айтарым Егеменді еліміздің парасатты азаматын қалыптастыруда үйірме жұмыстарының үлесі зор. Өркениетті елдер деңгейіндегі білім мен тәрбие беру, ойлау қабілеті, рухани байлығы жоғары мәдинетті, бүгінгі күн талабына сай іскерлігі мен біліктілігі жоғары деңгейдегі азаматты тәрбиелеу мектеп мұғалімінің де басты мақсаттары болып табылады.

        

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Ахметов.С. «Қуыр-қуыр- қуырмаш.»Алматы 1993 ж

2. Алимбаева А. Электронды оқулықтар.  Қазақстан тарихынан

3. Журнал «Қазақстан мектебі»№ 7 2004/8,9 бет/

4. Ахметов К. Қазақстан Ұлттық энцоклопедиясы./785-786 бет/

5. Бакирова.У. Составитель «Внеклассная работа по географии»

Методический сборник 1991 ж

6. Бейсенова Ә. Әбілмәжінова С. Каймулдинов К. География 7-сынып «Атамұра -2003»

 

 

 

 

 

v

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қосымша білім беру жағдайында оқушының ойы мен белсенділігін дамытуда ойындар арқылы көшбасшылық және басқарушылық қасиеттерін қалыптастыру»

БАЯНДАМА ТАҚЫРЫБЫ: Қосымша білім беру жағдайында оқушының ойы мен белсенділігін дамытуда ойындар арқылы көшбасшылық және басқарушылық қасиеттерін қалыптастыру



БЕКМУРЗАЕВ ТУРЫСБЕК ЕКИЯЕВИЧ

Шардара ауданы

«Қоссейіт» жалпы орта мектебінің

география пәні мұғалімі


  Уақыт талабы оқу-тәрбие үрдісін батыл интенсивтендіру – оқушылардың білім жүйесін сапалық жаңа деңгейге көтеру үшін ұстаздан терең білімділікті, кәсіптік шеберлікті, ыждағаттылықты талап етеді. Осы талаптарға сай мұғалім қызметіндегі шығармашылық негіздерді нығайту –оқушыларға          білімді игертуде бар мүмкіншілікті тиімді пайдалану, барлық әдіс-тәсілдерді жетілдіріп отырғанда ғана сапалы білім, дұрыс тәрбие беру жүзеге асады.

Адам баласы қоршаған орта туралы шындықты белсенді іс-әрекеттің нәтижесінде танып біледі. Ол іс - әрекеттер: ойын, оқу  және еңбек. Баланың жеке тұлға ретінде дамуы, өзіндік көзқарастар қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасынан басталады.

         Ұстаздың әдістемелік жұмысы – бұл кешенді практикалық шара, мұғалімнің өз шеберлігін жан-жақты дамытуы. Ол  оқушының  білім сапасы мен білім деңгейінің өсуіне бағытталған.

         География пәні - өзіндік ерекшелігі бар пән. Ол жалпы құрлық - жер бетін, планетамызды, ондағы тіршілік ететін өсімдік, жануар дүниесін, жер бедерін, байлығын және өмір сүріп отырған бірнеше мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың тіршілігін зерттеп үйрететін ғылым. География пәнінің және бір ерекшелігі – оқушылар өздігінен ізденіп, білім дағдысын толықтыруға әр түрлі суреттер, сызба нұсқалар, карталар, ойындармен көп жұмыстар жүргізуге ерекше назар аударылады. Сабақта жалықпай тыңдап, көңілді отыруына жағдай жасап, білім алуға ынталандыра тусу үшін сабақты түрлендіре өткізіп отыру қажет. Мұғалімдерге өз қалауынша, мүмкіндігі бойынша, өзінде бар әдістемелік құралды, өзінің қолынан келетін тәжірбиесін, әдіс-тәсілін қолдана отырып, сабақты өткізуге мүмкіндік бар.

    Жаңа технология жүйесіндегі мәнді ойындардың маңызы зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың әртүрлі проблемаларды, оларды шешу жолдарын іздестіруге мүмкіншілік туғызып, олардың логикалық ойлау қабілетін дамытады.

Үйірме жұмыстарына пәнге қызығатын барлық оқушылар қатысуға болады. Бұндай жұмыстар жыл бойы жүргізіледі, одан оқушы керекті, пайдалы, қызықты жаңа мағлұматтар алады. Сондықтан, сабақтан үйірме жұмыстарының мазмұны әр сынып балаларының деңгейіне сәйкес болу керек. Мұғалім, білім деңгейі жоғары окушыларға әртүрлі тапсырмалар бере алады. Әр оқушы бұндай тапсырмалар арқылы өздерінің білім деңгейін көтереді. 
Мұғалім үйірме жұмыстарын келесідей ұйымдастыруына болады: 
1) Әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, көзқарасын ескере отырып, тапсырмаларды жеке немесе әртүрлі тақырып бойынша беруіне болады. 
2) Барлық окушыға берілетін тапсырма бірдей, бірақ, орындау әдісі әртүрлі болуы мүмкін. 
Жалпы білім беретін және мамандырған реформаға, оның оқу тәрбиелік жұмыстарының сапасын жоғарылатуға үлкен назар аударылады. Осыған байланысты география пәнінен міндетті түрде үйірме жұмыстарын жетілдіріп отыру керек. 

Оқушы әртүрлі ақпарат көздері арқылы геология, топырақтану, геоморфологая, океанология, гляциология, вулканология, картография, геоурбанистика жөне т.б. сол сияқты ғылымдармен танысады. Окушыны алыс және зерттелмеген елдерге саяхат және географ-саяхатшылар туралы әңгімелер қызықтырады, олар географиялық ашылулар тарихы жайлы толығырақ білгілері келеді. Жоғары сынып оқушылары экономикаға және транспорт географиясы, әлемдік шаруашылық географиясы, ландшафттану сияқты бөлімдерімен таныса бастайды. Оқушылардың географияға деген қызығушылығын қанағаттандыра, терендете отырып, мүғалім, білімге құмар баланы үйірме жүмыстарында еліктіре түседі.

Оқушылардың географиялық зерттеудегі жаңа және ғылыми әдістермен танысуы, әртүрлі құралдармен, аспаптармен жұмыс істеуі оларда зерттеу және іздену жұмыстарына қызығушылық туғызады. 

География пәнінен үйірме жұмыстарының негізгі мақсаттары мыналар: 
- оқушыларды табиғатты түсінуге және оған сүйіспеншілік туғызуға үйрету; 
- өз аймағы туралы, оның табиғаты, шаруашылығы, экономикасы, мәдениеті жайлы білімдерін тереңдету; 

- оқушылардың табиғи орта және халық шаруашылығының орналасуы туралы түсінігін дамыту; 

- география пәнін оқуға қызығушылығын ояту;

География пәнінен үйірме жұмыстары білім берудің маңызын, мәселесін шешуге көмектеседі, яғни, оқушының шығармашылық қабілетін дамытады. 
Үйірме жұмыстарының тәрбиелік мәні де өте жоғары. Ол өз аймағының табиғатын және экономикасын тереңірек оқыта отырып, оқушының Отан сүйгіштігін, өз елінің байлығын дұрыс қолдануға, табиғи ескерткіштерді, тарихын, мәдениетін т.б. қорғауға көмектеседі. 

Үйірме жұмыстары география білімін тереңдете отырып, оқу жұмыстарымен де тығыз байланысты. Бірақ үйірме жұмыстарында окушы саны аз болады, өйткені мұнда тек пәнге қызығатын санаулы оқушылар жұмыс істейді. Бұндай сабақ түрі теориялық білімді практикалық жұмыстармен байланыстара отырып көптеген жақсы нәтижелер әкеледі. 


   Ересектердің қатынас құралы-тіл болса, балалардың қатынас құралы ойын. Ойын сабағында әрбір оқушы жауапкершілікке ие болады. Алдағы мақсатқа жету үшін ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады.  «Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған үрдіс». 

Ойын – бала әрекетінің негізгі түрі. Бала үшін «ойын» - өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін ,қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады. Мұны А.С.Макаренко жақсы көрсете білген. «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса,-деп жазды ол, -балалар өмірінде де ойында сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін, көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәріне бұрын ойын арқылы болады».

         Адамның жарқын ерекшеліктерінің бірі – оның сөйлеу қабілеттілігі. Сөз-адам психикасының өмір сүруінің аса маңызды  факторы. Сондықтан адамның барлық психикалық ерекшеліктері сөйлеу арқылы ғана көрініп өмір сүреді. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу – пікір алысу үрдісі арқылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірбиесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады.

Бала қоршаған ортадағының бәрін ойын әрекеті арқылы қабылдайды, одан керегін іріктеп алады. Бала ойын арқылы оқуға, мектепке дайындалады. Сондықтан ойында шамалы еңбек, оқу көрінісі бар дей аламыз. Заттың сан алуан қасиеттерімен де бала, ең алдымен, ойын арқылы танысады. «Балалармен бірге сабақ үстінде жүргізілген қызықты ойындар,-дейді пофессор В.М.Чистяков, - оларды сабаққа қызықтырады, тәртіпке шақырады, дұрыс қорытындылауға, олардың бойында достық, ұйымшылдық қасиеттерін, ойлау қабілеттері дамытады».

Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта –ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, мұғалім сабағын баланың қабілет –қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланысты жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.

        Ойын өткізудің ережелері.

        1. Ойын - оқытудың маңызды, байыпты түрі.

        2. Ойын барысындағы көтеріңкі дыбыстарды шу деп қабылдамау керек

        3. Балалардың барлығы үздіксіз іс-әрекетте болуы керек.

       4. Егер сізде ойынға қатыссаңыз ойынның барлық тәртібіне бағынуыңыз керек.

       5. Ойынды сырттан бақылап тұруға болады.

      6. Балаларға даяр жауапты бермес бұрын олардың өздері ізденуіне түрткі болыңыз.

      7. Ешқашан балалар айтқан сөзді қайталамаңыз.

     8. Балаларға ойынды өздері ұйымдастыруына уақыт беріңіз.

   9. Көбірек ойнау қажет. Қызықты, жағымды ойындар барысында оқушылар қызығып оқып үйренеді. 

       Үйірме сабағында мынадай ойын түрін пайдалануға болады:

«Жаяу экватор бойымен»

Бұл ойынның шарты бойынша оған 2-4 адам қатысуына болады. Олар еденге кішігірім шеңбер сызып, өздері сол шеңберден тыс бір-бірінен бірдей қашықтықта тұрады. Бірінші ойыншы (оның координаты «0»ендік және  «0»бойлық ) ойынды бастайды, шығыс бағыты бойынша (сағат тіліне қарсы жүреді), ол өзінің жолындағы кездескен объектілерді атайды.

         Мысалы: Атлант мұхиты, Африканың батыс жағалаулары, Конго өзені және т.б. бірінші оқушы ойынның екінші мүшесі тұрған жерге барып тоқтайды,сол кезде ойынның екінші мүшесі әрі қарай жалғастырып әкетеді. Мұғалім немесе ойынды басқарушы ойынша сөзін мұқият тыңдайды. Егер объектінің аты дұрыс аталмаған жағдайда, «қате жауап берді» деген айып ұпайы қойылады. Кімде –кім ойын кезінде, объектілерді жылдам әрі дұрыс атаса, сол жеңімпаз деп саналады. Осыған ұқсас ойындар «Солтүстік тропик бойымен саяхат», «Нөл бойлығы бойынша саяхат».

  «Мен өзенмін».

         Ойын мүшелері шеңбер құрып тұрады. Ойында «Мен Жайық өзенімін» қандай теңізге құямын?  Келесі ойынның мүшесі  жауабын айтады. «Каспий теңізі»-деп, келесі өзеннің атын атап,келесі ойыншыға береді. Егер ойыншы дұрыс жауап бермесе, жолдастары қосымша екі сұрақ қояды. Өтіп жатқан тақырыпқа   байланысты.

  «Қыз қуу» .

Шарты: 1ұл мен 1қызды ортаға шақырамыз. Оларға қойылатын талап географиялық терминдерді жақсы білу керек. Бір-бірін қайталамау керек. Ойынды бірінші боп қыздар бастайды, әр терминді атаған сайын бір қадам алға жүріп отырады.

         Мысалы: Абсалютті биіктік, Азимут, Атмосфералық қысым, Арасан, Ендік, Бойлық деп 6-сыныпқа қайталау сабағын жүргізуге болады.

  «Географиялық диктанттар».

Бір географиялық нысанды алып кейбір сөздерді тастап кетіп, орнын толықтыру оған түгелдей дерлік сынып қатыса алады. 8-сыныпта жер бедеріне байланысты, 9-сыныпта экономикалық аудандарға немесе жергілікті жерге жазуға болады.

  Кескін картамен жұмыс ойыны. 

         Сыныпты екі топқа бөліп,  табиғат зоналарын, аумақтарды, биіктік белдеулерді, ендік, бойлық, теңіз, мұхит, шығанақтарды, экономикалық аудандарды, арал, материктерді түгелімен кескін картаға түсіріп, физикалық картамен қайтадан салыстырады. Жеңімпаз топ марапатталады.

  Жұмбақ қою, мақал-мәтел, жаңылтпаш жарысы.

         Сыныптағы оқушыларды үш топқа бөліп, оларға табиғат, географиялық нысандар жайлы жұмбақ жарысын ұйымдастыруға болады. Мақалдың басын бір оқушы  айтса келесі топтың оқушысы жалғастыруы керек. Жалғастыра ала алмаса ұпай саны кемітіледі. Табиғат туралы мақал-мәтелдер көп болғандықтан жарыс қылып ұйымдастыруға болады. «Табиғат-туған бесігің»

«Өз ұясын ластаған құс жаман», «Ер туған жеріне»,

«Алатауда неше шың бар,

Қаратауда неше шың бар,

Алатауда алпыс шың бар.

Қаратауда алпысшың бар».

Жұмбақтар

«Бір түкті кілем, бір түксіз кілем.»,

«Бір зат дүниеде құшағы кең,

Ұшқан құс, жүгірген аң біріне тән.

Адамзат жан-жануар арасында,

Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген».

Нақыл сөздерді оқушылар өздері айтады.

«Жер ырыстың кіндігі,

 Білім ырыстың тізгіні.

Жер-байлық көзі,

Жер байлық көзі»

«Суды сабама, балығын шошытасың, бұлақты лайлама – құсын кетіресің». «Бұлақ көрсең көзін аш».

          «Географиялық пішіндер»

Бұл ойынды 5-сыныптан бастап өткізуге болады. Әуелі оқушы әр құрлықтың, теңіздің, көлдің аралдардың пішіндерін есте сақтап қалулары керек. Кейін сабақ күрделенеді. Оқушылар объектілердің қай жарты шарда, аралдарды қандай мұхиттар қоршап жатыр т.б. сұрақтарға жауап беретін болады. Бұған да картоннан жасалған 10-15 см көлемдегі  үлестірмелерді дайындаймыз. 10-сыныптарға саяси карталардан мемлекеттерді орналастыруды сұраймыз.

«Брейн-ринг»

   «Не, қайда, қашан? »ойыны.

Бұл ойынның түрін жарыс сабақ қылып өткізуге болады. 8-сыныптарда қайталау сабағына. Мысалы; 1.Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?

                                            2.Жер көлемі жөнінен нешінші орында?

                                            3.Алматыдан Астана қай жылы көшірілді?

                                            4.Қазақстанда қанша облыс бар?

                                            5.Қазақстанды алғаш зерттеген ғалымдар?

                                            6.Қазақтың тұңғыш геогроф-ғалымы?

                                            7.Қ.И.Сәтбаев қай жерлерді зерттеді? т.б

Сонымен қатар 7 сыныпқа  жарыс өткіздім. Сыныпты  2 топқа бөліп ережесімен таныстырып, әр топ басшысын сайлап жарысады.Ойын алты кезеңнен тұрады.1тур-«Не?Қайда?Қашан?»

                            2 тур-«Ең, ең, ең »

                            3 тур-«Кім жылдам ?»

                            4 тур-«Ойлан, тап!»

                           5 тур-«Тапқыр болсаң,тауып көр!»

                           6тур- Топ басшылар сайысы.

     Мысалы: 1.Жер шарындағы барлық төрт мұхит жауып жатқан материк?

                 2.Оңтүстік Америка мен Солтүстік Америка бөліп тұрған канал?

                 3.Ф.Магеллан жер шарын қашан айналып шықты?

                 4.Азия мен Еуропаны бөліп тұрған тау?

                 5.Африканы алғаш ашқан кім?

                 6.Ұлы көлдер қайда орналасқан?

                 7.Еуразия мен Солтүстік Американы бөліп тұрған бұғаз?

                 8.Қай материк екі дүние бөлігінен тұрады?

                 9.Етікке ұқсайтын түбек?

                10.Греландия аралы қай елге тиесілі?  


«Ең-ең» ойыны.

Бұл ойында ең биік, ең төменгі, ең үлкен географиялық объектілерді айтып шығуға болады. Мысалы; 7-сыныпта «Аустралия» материгін қайталауға арналған сабақта қолдандым.

     1.Көлемі ең кіші материк?

                                                  2.Ең ыссы материк?

                                                  3.Ең төмен материк?

                                                  4.Ең соңғы ашылған материк?

                                                  5.Ең кішкентай материк?

                                                  6.Халық ең аз қоныстанған материк?

                                                  7.Қойы ең көп материк?

«Пошта»

Бұл ойынға матадан тігілген 6 кішігірім қалта қажет. Әр қалтаға: Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия, Еуразия, Африка –деп қоямыз. Қатты қағазға материктердің, аралдардың, шығанақтардың контурларын бейнелеп қоямыз. Адрестері бойынша әр қалтаға объектілердің кім жылдам, дұрыс адрестері бойынша тапса сол жеңімпаз болады.

  Бүгінгі таңда  білім беретін мектептердің міндеті өзінің талантын танып және оны таныта алатын жан –жақты жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Ол үшін ең алдымен оқушылардың танымдық іс -әрекетінің маңызды жақтарына көп көңіл аударуымыз қажет .

  Оқушылардың оқу үрдісіндегі қызығушылығына түрткі бола білу – ол мектептегі оқытудың негізгі мәселелері. Сондықтан оқыту үрдісінде оқушылардың білімге деген қызығушылығын қалыптастыру өте маңызды міндет. Оқушының таным әрекеттері ішінде ойлау әрекеті жетекші рөл алады. Оқыту баладан ойлау әрекетімен қатар басқа да психикалық үрдістерді: сезімдер мен эмоцияларын, мотивтер мен қызығушылығын, жігері мен қабілеттерін т.б. жеке бастық қасиеттерін керек етеді. Оқушы белсенділігі берген мәселені сұрау, берілген тапсырманы талдау, салыстру, жинақтау және ғылыми болжам жасау арқылы туындайды. Оқушылардың оқу үрдісінде іс-әрекетін дұрыс қалыптастыру үшін мұғалім сабаққа әр түрлі бейнелі көрнекіліктерді, карта, тірек –сызбаларды қолдану керек.  

   Сөз соңында айтарым Егеменді еліміздің парасатты азаматын қалыптастыруда үйірме жұмыстарының үлесі зор. Өркениетті елдер деңгейіндегі білім мен тәрбие беру, ойлау қабілеті, рухани байлығы жоғары мәдинетті, бүгінгі күн талабына сай іскерлігі мен біліктілігі жоғары деңгейдегі азаматты тәрбиелеу мектеп мұғалімінің де басты мақсаттары болып табылады.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Ахметов.С. «Қуыр-қуыр- қуырмаш .»Алматы 1993 ж

2. Алимбаева А. Электронды оқулықтар. Қазақстан тарихынан

3. Журнал «Қазақстан мектебі»№ 7 2004/8,9 бет/

4. Ахметов К. Қазақстан Ұлттық энцоклопедиясы./785-786 бет/

5. Бакирова.У. Составитель «Внеклассная работа по географии»

Методический сборник 1991 ж

6. Бейсенова Ә. Әбілмәжінова С. Каймулдинов К. География 7-сынып «Атамұра -2003»





























8



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс

Автор: Бекмурзаев Турысбек Екияевич

Дата: 09.02.2018

Номер свидетельства: 456004


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства