Просмотр содержимого документа
«М??а?али – м??гілік ??мыр »
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр
Мақсаты: а) Мұқағали Мақатаевтың өмірімен жан-жақты таныстыру, шығармашылық жолынан мәліметтер беру, ақын жырларының құдіретін сезіну, адам тіршілігіндегі маңызын, тіл шұрайн таныту; ә)оқушыларды ақынның өлеңдері арқылы халқын сүюге, туған жерін қадірлей білуге, адал болуға тәрбиелеу; б)Мұқағалидың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойына поэзия әлеміне сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.
Түрі: әдеби-сазды кеш
Көрнекілігі: Мұқағали портреті, слайдтар, ақын-жазушылардың Мұқағалиға арналған ұлағатты сөздері.
Кеш барысы.
Батар күн, келер түн,
Атар таң, шығар күн,
Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын,
Осы мен осылай мәңгілік тұрармын.
Осы мен сірә да өлмейтін шығармын.
Өмірім сірә да әріден басталған,
Әріден басталып мәңгіге тасталған.
Осы мен өлмейтін, өшпейтін шығармын,
Сәл ғана мызғып ап қайтадан тұрарын.
Мұқағали – біздің заманымыздың ғажайып ақыны. Ақынның өзі «Кімде-кім шынымен менің өткен өмірімді білмек болса, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпасын. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін» деген екен.
Жүргізуші: - Өзі тебіреніп жырлап өткен Қарасаз өңірінде, құнарлы топырақта, қасиетті мекенде 1931 жылдың ақ қыраулы ақпан айында Мұхамедқали дүниеге келген екен.
- Сол кезде аупарткомда өзінің білімімен, адамгершілігімен көпке үлгі болып жүрген Мұхамедқали есімді жігіт болған. Сол жігіттей елеулі азамат болсын деп бұл есімді нағашысы қойған. Жеңгелері Пайғамбардың аты аталатын бұл есімді атауға жүрексініп, оны Мұқағали атап кеткен екен. Ақынның өзі де есейген шағында «Бұл есімнің қадір-қасиетін түсініп алып жүре алам ба?! Одан да Мұқағали болып қалғаным дұрыс шығар» деп құжатқа да осылай жаздырып алған дейді.
«Менің анкетам» (екі оқушы диалог түрінде оқиды)
Туған жерің?
Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
Туған жылың?
1931. Құрдасымын Шәмілдің.
Жынысың кім?
Еркекпін ғой, еркекпін
Және дағы тәуірмін.
Мекен-жайың?
Мекен-жайым – жер менің,
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!
Кештің бөлімдері:
«Поэзия, менімен егіз бе едің?» (өлеңдерін мәнерлеп оқу)
«Жазылар естеліктер мен туралы» (ақын жайлы естеліктер оқу)
«Ән сал, жаным» (әндерін орындау)
«Жырлайды жүрек» (оқушылар шығармашылығы)
«Аққудың қанатына жазылған жыр» (көрініс)
Жүргізуші: Поэзияның аламан бәйгесінен оза шауып, шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз.
Ендеше, тақтаға назар аударайық (слайдар).
Жүргізуші: Зайыбы Лашын әңгімесінде Мұқағали жайлы былай дейді: «Мен Мұқағалиды данышпан, көреген, әулие еді дер едім. Ол тек өлеңде емес, өмірде де айтқаны, болжауы келіп отырды. Оған кішкентай дәлел, Мұқағали соңғы жылдары «Мен елу жылдығымды тойлауға қатыса алмаймын, бірақ өзім бұл өмірден кеткенше қысылмай жететін жырлар жазып кеттім. Ол сендерді де асырайды, туған жерім Қарасаздың атын да әлемге жаяды, сол өлеңдерді шашау шығарма, соларды күт, балаларға бас ие бол, мықты едің ғой, одан да мықты бол» деп отыратын».
Тірісінде сый көрмей қайран ақын.
Тек өлген соң атағын жайған ақын.
Ежелден қазақтың бұл қасіреті –
Бармаған тістеп кейін ойланатын.
Күн сүйіп кереқарыс маңдайынан,
Лағыл жырлар төгілген таңдайынан.
Барында бағаламай, білдік кейін
Қазақтың айрылғанын қандай ұлдан.
Жүргізуші: Ақын «Өткенде ғажап түс көрдім. Шешем Нағиман Батанқызы басында ақ жаулығы бар, Абай атамыздың қасында қуана басып келе жатыр екен. Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп ұзақ толғаныстан соң «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келді» деп айтқан екен.
«Шеше, сен бақыттысың» 5сынып оқушысы Қайырболат Дильназ
«Жазылар естеліктер мен туралы» 9-сынып оқушысы Бисенбай Әділбек
«Музаға» » 9-сынып оқушысы Муратова Жанерке
«Дәрігеріме» » 9-сынып оқушысы Туманова Гүлжан
1. «Ғажайып даналықтың бір көзі – Мұқағали поэзиясы, бізде енді поэзия дәуірі басталды» (Әбділда Тәжібаев). 2. «Жұмыр жердің қай жеріне барсақ та Мұқағали алдымыздан шығады» (Оразақын Асқар).
3. «Мұқағали мөлдірліктен, тазалықтан, биік адамгершіліктен тұратын еді» (Лашын Әзімжанова). 4. Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім (Мұқағали). 5. Сенің жырың жаралған Гималайдың, Төбесінде ойнаған найзағайдан (Тұманбай Молдағалиев). 6. «Қазақтың тілін білген Мұқағали поэзиясын сүйген адам халқына адал, жеріне ие, табиғатқа жанашыр бола алады» (Күләш Ахметова). 7. «Қазақ даласының ең биігі – Нарынқол, ал қазақ поэзиясының Хантәңірі - Мұқағали» (Әкім Тарази). 8. «Мақатаев жырлары – тіршілік тамырындай өміршең, мәңгі жырлар» (Фариза Оңғарсынова). 9. «Арамыздан тым ерте кеткен тамаша ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың алғашқы қадамында-ақ оның аяқ алысынан айрықша талант иесі екенін аңғаруға болатын еді. Аңғармаппыз» (Мұхаметжан Қаратаев). 10. «Қазақ тілін білген адам Мұқағали поэзиясын сүйген адам халқына адал, жеріне ие, табиғатқа жанашыр бола алады» (Күләш Ахметова).
Жүргізуші: Мұқағалидың сөзіне жазылған әндер халық жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Мұқағали өлеңдеріне жазылған әндердің саны 45-ке жуық.
Келесі кезекті ақын өлеңдеріне жазылған әндерге берейік.
Жүргізуші: «Жырлайды жүрек» енді жас ақындарымыздың Мұқағали ақынға арнап шығарған арнау өлеңдеріне кезек берейік.
11-сынып оқушысы Қазиолла Аида
11-сынып оқушысы Базарбай Айгерім
11-снып оқушысы Нурум Аяжан
8-сынып оқушысы Құрманғазы Назерке
8-сынып оқушысы Патчагулова Гүлназ
8-сынып оқушысы Диланов Мадияр
Жүргізуші:- Ақын шығармаларының үлкен бір саласы – оның поэмалары. Ең асылы, ең биігі – «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Бұл поэма 1973 жылы «Жалын» журналында жарияланды. Поэманы алғаш Ғабит Мүсіреповке оқып бергенде, ол алтын қаламын сыйға тартқан екен. Енді осы поэмадан сахналық көріністі тамашалаңыздар.
Қатысушылар:
Әке
Ана
Бала
Бақсы
Жылқышы қарт
Ауыл адамдары
Аққулар - қыздар
Автор
Автор:
Өзен де жоқ сыймаған арнасына,
Жылға да жоқ даламен жалғасуға
Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,
Қалай біткен мына көл тау басына?
Ортаймаған Жетімкөл, толмаған да,
Болған өмір ұқсайды болмағанға.
Сызат та жоқ, бетінде сызық та жоқ,
Айдынына аққуы қонбаған ба?
Беу, дүние-ай, аққулар оралғанда,
Жетісіп бір «Жетім көл» қалушы еді-ау,
Тынушы еді-ау теңселген қара орман да.
Әлдилеп ақ төсінде бермей тыным,
Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын.
Бұл көлге мылтық атқан саятшы емес,
Тірі жан аяқ басып келмейтұғын...
Аққулар оралмайды осы маңға,
Жылдар өтті, байғұстар шошыған ба?
«Жетім көл» жетімсіреп қала берді,
Арман-ай, аққуымен қосылар ма?
І көрініс
Сахнада қазақы үйдің іші, жасау-жабдық. Төсекте ауырып, қызуы көтеріліп, сандырақтаған бала. Төсектің жанында, баланың қолын ұстаған, аһлеп-үһлеп есі шыққан әке мен ана.
Ана: Жаңағы бақсы шал да кешікті-ау! Құдай-ай, енді қайттік? Сорлы балам-ай...
Әке: Я, Құдай, бақсы ата келді, мінекей, өзі де келді!
(Әлем-жәлем киінген, басына қауырсын қадаған, сылдырмағы көп, ақ таяғы бар бақсы келеді).
Бақсы: (баланың тамырын ұстап): Апыр-ай, мына бала қатты ауырып қалыпты ғой! Жын! Жын! Жын қамап тұр екен! Алдымен жынды қуу керек! Мен дем салайын.
Таудан аққан сумен кет,
Есіп соққан желменкет
Жортып жүрген аңмен кет,
Көкте ұшқан құспен кет. Кет! Кет» Кет! (Баланы шыркөбелек айналып, қиқу салып, жерді таяғымен тоқылдатып, сылдырмағын қағып, ақыры «уһ» деп жерге құлайды. Әке мен ана сыбырласады).
Ана: Қарашы, балам көзін ашты ма? Оң өзгеріс бар ма?
Бақсы: (Орнынан атып тұрады): Бұл баланы аққумен аластау керек! Аурудың иесі сол екен. Емі аққудың қанатында, сонымен ұшықтау керек. Ертеңге дейін қалай да аққу табыңдар! Әйтпесе баладан айрыласың (Бақсы шығып кетеді).
Ана: (Басы төсекке сүйеп отырып, сандырақтаған күйі): Жаңағы тәуіп шал не деп кетті? Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті. «Аққумен баланы аластаңдар!» - деді-ағы жөніне жөнеп кетті...(Әлдене есіне түскендей, басын жұлып алып, күйеуіне қарап өктем дауыспен) Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға. Неткен жансың санасыз жаратылған?! Жаңағы бақсы шалдың айтқан сөзі ұмытылып кетті ме санатыңнан? Айналайын аққудың қанатынан. Қайтеміз, ол да адамға бола туған. Жетімкөлге барып қайт таң жамылып, таң атқанша қалайда тауға ілік.Біреулердің көзіне түсіп қалма, дүрліктірме, әйтеуір салма бүлік.
Әке: (дағдарып): Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?! Атармын аққу құсты қалай ғана?! Айдынның аққулары ұйықтағанда, өрген мал, өскен шырша абайлаған. Барлығы қасиетке қарайлаған, оқ атам қасиетке қалай ғана?! Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!
Ана: Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі! Балам өлсе, бақыттың керегі не?!
Топан су басып кетсін қалғандарын. Перзент сұрап, несіне армандайсың?! Құрысын, онсыз сенің жанған бағың! Мылтықты әкел! Атты ертте! Жалған бәрі! (Ана жинала бастайды)
ІІ көрініс
Сахна ашылады. Жетімкөл бейнеленген картина. Судың сылдыры мен құстардың сайраған үні. Ол арада екі аққу-қыз қалықтап тербетіліп жүр. Бір бұрышта қолында мылтығы бар ана бас бұғып, аққуларға тамсана қарап отырады.
Автор:
Қысқа таң. Бұлбұл үні, көл бетінде,
Аққулар жүзуде, әне, тербетіле.
Бас бағып жағада отыр жалғыз ана,
Таңданып тәкәппар құс келбетіне.
Аққулар! Аққу мойын, сүмбе қанат
Алаңсыз тарануда күгше қарап.
Айдынның еркелері, білмей тұрмын,
Етермін тағдырыңды кімге аманат?!
Жаны сұлу, ақ еркем, ары сұлу!
Бір мамығы майысса ауырсынып,
Тарақ етіп, тұмсығын тарйды кеп,
Тарайды кеп, тарайды қауырсынын,
Құм тұрса да бір түйір ауырсынып,
Жаны сұлу, ақ еркем, ары сұлу!
(Осы кезде «Аққу» күйі ойналады да, аққу боп қыздар билейді. Би аяқтала бергенде мылтық атылып, бір аққу қансырап, жерге құлайды. Келесі аққу жерде жатқан аққуды айнала айнала блеп ұшып кетеді. Ана оған қолын созған күйі құлайды. Осы кезде сахнаның бір бұрышынан қолында ұзын құрығы бар жылқышы шығады).
Жылқышы:
Апыр-ай, бұл кім болды, таңсәріде,
Көргенсіз көл басында мылтық атқан?
Құстардың зәре-құтын шырқыратқан,
Неғылған қаніпезер құлқы қатқан?!
Бұл маңның адамы емес, сірә-дағы,
Білейін, табайын да бір амалын,
Қаруы бар кәззапқа құрықпенен,
Ұмтылса, қалай қайрат қыла аламын!?
Жөн болар алыс тұрып сұрағаным...
Ей, кімсің? Тірісің бе? Жаның бар ма?
Аққуды неге атасың, арың бар ма?
Басыңды көтер-дағы, келгін бері,
Келгін бері, кеудеңде жаның барда!
Ана: Кешір, ата!
Адам емес, мен енді жай тулақпын,
Жемісіне тас аттым гәкку-бақтың.
Жалғыз ұлым ауырып, амалсыздан,
Тәуіптің айтуымен, аққуды аттым!
Жылқышы: Әй, балам, болмады ғой, болмады ғой...
Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.
Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,
Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой»
Мін атқа, қайт ауылға тағат қыл да,
...Білмеймін, сор аттың ба, бақ аттың ба?
Аққуға кезенерде ырым жасап,
Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?
Ана:Әлек боп, арпалысып сор-қайғымен,
Жоқ, ата, жасамадым ондайды мен.
Жасымнан естігенім бар-тын еді,
Әйтеуір, аққу атқан оңбайды де...
(Ана мылтығын алып, кетуге жиналады).
Автор:
... Ат басын шұғыл бұрып, тайып тұрды,
Жетімкөл жетімсіреп қалып қойды.
Әлденеден сұм жүрек сескенеді,
Аракідік әлдене ес береді.
Табиғаттың, таудың да, аққудың да,
Байқұстың болмай қалды еш керегі,
Келеді ана сезбейді ештеңені.
Бай ұмыт, әлсіз жатқан бала да ұмыт,
Қайтқан құстай алыстап барады үміт.
Көліменен қоштасқан аққу үні,
Құлағына келеді аракіжік.
...Абыр-сабыр үй маңы дүрбелең-ді,
Алғаш ана абыржып білмеген-ді.
Өң бе, түс пе, әйтеуір таласуда,
Өлі менен тірінің арасында.
Отырғандай Жетімкөл жағасында,
Аққу жатыр көзінің шарасында.
Аунап түсіп атынан, үйге енді,
Есіне алып ерін де, баласын да.
Өліп жатқан ұлына қарасын да,
Қалсын ана Жетімкөл жағасында
Өлі менен тірінің арасында...
Ана: (көкке қолын жайып):
Қазір, ботам...
Мінекей, таң атады...
Қазір, ботам, аққуменен ұшықтаймын,
Жазыласың, құлыным, балапаным.
Қасиет!
О, қасиет. Осындай ма ең?!
Сорымның қалыңдығы шашымдай ма ең?...
Қасиет! Қасиеттер ұшып кетті,
Қасірет қасымдағы досымдай ма ең!
Қасиет... Қасірет...
Қасірет... Қасиет...
Автор:
Сол кеткеннен мол кетті, оралмады,
Жерді аңсаймын...
Жалғыз-ақ сол арманым.
Қиын екен қимасың екі бірдей,
Көз алдыңда ғайып боп жоғалғаны...
Аққулар...
Аңыз көп қой олар жайлы.
Көзіңмен көргеніңдей бола алмайды...
Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,
Шошыса, екінші рет оралмайды.
Орнында екен, Жетімкөл жоғалмапты,
Ортаймапты немесе тола алмапты.
Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,
Қасиетті аққулар оралмапты.
Жүргізуші:
-Бәрі өтуде
Күн батып, кеш кіруде,
Жаңаруда дүние, ескіруде.
Болашақтың бейтаныс ұрпағымыз,
«Босат» деп тұр орнымды,
Естідің бе?!
1976 жылы 26 наурыз. Бұл күні қазақ поэзиясының басына қара бұлт үйірілген, орыны толмас өкініш пен қайғыға толы қаралы күн болды. «Ажал» атты келешектің кемесі өз «Барсакелмесіне» өр тұлғалы, ғаламат ақынымызды мәңгілікке алып кетті.
-«Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам оған, жұртым, елеңдестің.
Өлсе – өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім», - деген еді ол. Расында да, Мұқағалидың өлеңдері де, өзі де ешқашан өлмек емес.