kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Армысы?, Жа?а жыл!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Армысы? жа?а жыл!

Ж?ргізуші:

?ош келді?із б?гінгі Жа?а жыл кешімізге

Жа?а табыс тілейік ісімізге

Келе жат?ан Жа?а жыл ??т ?келсін,

Мына отыр?ан барша жан б?рімізге.

Ж?ргізуші: Ендеше б?гін ?сем шырша жанында жа?а жылды ?арсы алу мерекесіне келген балдыр?андарымызды ?арсы алайы?.

(Музыка ыр?а?ымен сахна?а балалар шы?ады)

Ж?ргізуші: Б?рекелді! ??рметті халайы?! Б?гінгі жа?а жыл кешін к?тері?кі к??іл к?й мен, ?сем ?н, с?нді бимен ?ткізуге ат салысамыз деген ?мітіміз бар.

 (Те?із суыны? тол?ыныны? дауысы естіледі)

Ж?ргізуші: Балалар, б?л нені? дауысы?

Балалар: Суды?

Ж?ргізуші: Сылдырлап а??ан су, тол?ы?ан те?ізді? дауысы сия?ты. Біз ?зімізді те?із жа?асында ж?рміз деп елестетейік.Ол жерде нендей ?ызы?тар болар екен? Ендеше ертегілер еліне саяхат?а барайы?.

Ж?ргізуші: Ерте, ерте, ертеде, ескі бір жер ?йде 33 жыл шал мен кемпір ?мір с?ріпті. (Осы с?тте орта?а шал шы?ады) Жа?дайлары да м?з болмапты. Балы? аулап к?нелтіпті. Шалды? ауына балы? т?спегеніне к?п айды? ж?зі болыпты. Жейтін тама? жо?. ?йге барса кемпірі ай?ай?а басып шалды? мазасы кетіпті. Бір к?ні шалды? ауына  бір балы? т?сті-ау ?йтеуір. Шал ?уанып:

Шал: О, жарат?ан! Тілегімді орындады-ау ?йтеуір. Кемпірім ?уанатын болды. Б?гін енді тойып тама? жейтін болды?.

Ж?ргізуші: Дей бергені сол еді, балы??а жан бітіп, с?йлей ж?нелді. С?йтсе балы? жай балы? емес, алтын балы? екен. Адам ??сап жалынып, тіл ?атыпты:

Балы?:Жібере к?р мені, ?арт. Е?бегі?ді жемеймін, ?алауы?ды айтса? болды, не айтса? да орындаймын.

Шал:Еште?ені? де керегі жо?. Бара ?ой жолы? болсын .

Ж?ргізуші: Шал не бол?анын ?зі де т?сінбей, балы?ты жіберіп, кемпіріне келді.

Кемпір: Шал-ау, мен жалы?тым, кескінім мынау, келбетім мынау. Алтын балы??а барып, мені? тілегімді айт. Мен ?демі, к?рсе к?з тоймайтындай с?лу бол?ым келеді.

Шал: ?й, кемпір-ай! К?рілік бізге жеткелі ?ашан. Бізге с?лу болып не керек? Ай тілегі?ді Алтын балы? орындаса болар еді.

Кемпір: ?й, шал. К?п с?йлемей бар.

Ж?ргізуші: Шал та?ы да кемпірді? тілегін орындама? болып, те?ізге келеді.

Шал:  Балы?, ау Алтын балы?. Кемпірім жіберді, са?ан оны? арманын айтсам, орындамайсы? ба деп т?р?аным. Кемпірім к?ріліктен шаршапты. ?демі, к?рсе к?з тойматын с?лу бол?ысы келеді.

Ж?ргізуші: Алтын балы? тіл ?атпай, су?а с??гіп кете береді. ?йіне келсе кемпірі зар е?іреп, жылап отырады. ?араса кемпірі к?ндегіден де ажарсыз мыстан?а айналыпты.

Кемпір: Б?ріне сен шал кін?лісі?. Сен мені ?дейі осындай болсын деп тіледі?. ?айтар б?рын?ы кейпімді.

Ж?ргізуші: Деп, шал?а тарпа бас салады.

Уа?ыт: Еркін 4Б ?же, сіз ?апаланба?ыз. Уа?ыт емші деген емес пе? Б?рі орнына келер.

Ж?ргізуші: Д?рыс айтасы?, уа?ыт. Балалар, біз ?жемізді? к??ілін к?теру ?шін бір ойын ойнап жіберейік. Ойын «Алдау» деп аталады.Мен ?азір сіздерді алдаймын. Я?ни, мен бір дене м?шемді ?стап т?р?анымды айтамын, сендер сол жерлері?ді ?стаулары? ?ажет. Ал мен бас?а дене м?шемді ?стап, сендерді алдаймын. Сіздер жа?ылыспаулары? керек.

-Мен басымды ?стадым.(?зі ?олын ?стайды)

-Мен ?олымды ?стадым.(?зі ??ла?ын ?стайды.)

-Мен м?рнымды ?стадым.(?зі ??ла?ын ?стайды)

-Мен ая?ымды ?стадым.(?зі ?олын к?тереді)

(Ойын солай жал?асады.)

Кемпір:  Ма?ан ?ызы? емес. ?й, шал. Бар Алтын балы?ы?а ?айтарып берсін б?рын?ы келбетімді.

Ж?ргізуші: Шал та?ы да кемпірді? тілегін орындама? болып, те?ізге келеді.

Шал: Балы?, ау Алтын балы?. Мен са?ан ?мір сыйладым. Сен мені? тілегімді орындаймын деген еді?. Керісінше мені? тілегімді орындауды? орнына кемпірімді мыстан?а айналдыр?аны? не бол?аны??

Алтын балы?: Ата, ол сізді? тілегі?із емес ?ой. Мен сізді? кез келген тілегі?ізді орындаймын. Себебі сіз ма?ан ?мір сыйлады?ыз. Б?л тойымсыз ?жені? тілегі болатын.  Сіз ?йге ?айты?ыз, сізді бір тосын сый к?тіп т?р.

Ж?ргізуші: Шал ?уана, емпе?деп ж?гіре ж?нелді. Ойы кемпірі жас , ?демі с?лу ?ыз?а айнал?ан болар деді. С?йтсе, ?йіне ж?гіріп келе жатып, атамыз Аяз ата?а айналып кетеді.

(Орта?а Аяз ата келеді)

Аяз ата:  Амансы?дар ма балалар. Мені танымады?дар ма? Мен ?ой аталары?. Мені Алтын балы? Аяз ата?а айналдырып жіберді ме? Не болып кетті ?зі?

Кемпір: Ай, алжы?ан шал. Сен мені мыстан?а айналдырып, ?зі? ?п-?демі шал бола ?алыпсы? ?ой. Б?рі сені? кесірі?. ?айтар мені? келбетімді.

Ж?ргізуші: Деп кемпір Аяз ата?а тарпа бас салады. ?же сіз ашуланба?ыз . Сіз одан да Алтын балы??а ?зі?із барып к?рі?із. М?мкін ?зі?із барса?ыз тілегі?ізді орындар.

Кемпір: Д?рыс айтасы?, ?ызым. ?зім барсам, ?зім барайын. Алтын балы??а барып, ?з келбетімді талап етейін.

(Кемпір кетеді)

Ж?ргізуші: Ал, балалар Аяз атамыз орта?а келіп те ?ал?ан екен, кімні? ?андай ?нерлері бар ?

Аяз ата: ?ызым, кемпірім келгенше мына балалармен ?н айтып, би билейік.

Ж?ргізуші: Д?рыс айтасыз ата. Бізді? балаларымыз шетінен ?нерлі. Балалар Аяз атамыз?а арнап, ?німізді айтайы?.

Аяз ата:  ?ызым-ау. ?же? кешікті ?ой. Мен те?ізге барып ?айтайын.

Ж?ргізуші: Жо?, ата. ?жеміз к?п кешікпей келер. Алтын балы? ?жемізді? тілегін орындау ?шін ойланып жатыр?ан болар. Біз ?жемізді? е? с?лу, е? ?демі болып келеріне сенейік. Тойымызды ?рі ?арай жал?астырайы?. ?азір ата мен балалармен, мына отыр?ан ?она?тармен бір ойын ойнап жібергенді ж?н к?ріп отырмын. ?алай ?арайсыз?

Аяз ата: Жарайды, ?ызым.

Ж?ргізуші: Орта?а 5 ер бала ?з ата-анасымен шы?сын. (5ж?п орта?а шы??аннан кейін,ойын шарты т?сіндіріледі ) Мен ?олымда?ы арнайы тігілген шортыларды бірінші балалары?ыз?а кигіземін. Музыка ?осылады, сіздер билейсіздер. Музыка то?та?ан уа?ытта, шортыды киіп т?р?ан ойыншы шешеді де ж?бына береді. Ж?бы шортыды алып, киіп алуы ?ажет. Б?л жерде шапша?ды?ты талап етеміз. ?ай ж?п со??ы болса, сол ж?п ойыннан шы?арылады.

Ойын: «Кім шапша??»

(Же?імпаздар марапатталады)

?ыс: Мен барлы? жер бетіне аппа? ?арымды шашып ж?ргенмін. Сол кезде А?ша?арды к?рдім. Ол бізге ?арай бет алды. Ол келіп те ?алды.

(Осы с?тте А?ша?ар келеді)

А?ша?ар:  Амансы?дар ма, балалар. Мені таныды?дар ма?

Балалар: Амансыз ба, А?ша?ар.

А?ша?ар: Мен кіммін?

Балалар: ?рине А?ша?арсыз

А?ша?ар: Шынымен де танымады?дар ма? Мен к?дімгі ?желері?мін ?ой. Мені Алтын балы? А?ша?ар?а айналдырды.

Аяз ата: Б?се, б?се. Б?л мені? кемпірімні? дауысы сия?ты. Жо-жо-жо?. Б?л т?сім бе, ?лде ??ім бе? (Аяз ата басы айналып, ??лап ?ала жаздайды)

Ж?ргізуші:Балалар ?андай керемет! А?ша?арымыз да келді. ?же, о-о-ой А?ша?ар. Сізге осындай кейіпке т?су о?ай болма?ан шы?ар. Алтын балы? м?мкін сізге талап ?ой?ан шы?ар.

А?ша?ар:?рине, онсыз бола ма? Ма?ан Алтын балы? билеп беруін ?тінді. Мен билеп беріп едім, А?ша?ар?а айналдырды да жіберді.

Ж?ргізуші:Ендеше сол биі?ізді бізге билеп бересіз бе?

А?ша?ар: ?рине, мен е? ?демі, е? с?лу А?ша?ар?а айнал?аныма ?те ?уаныштымын. Сонды?тан мен сіздерге билеп те беремін. ?ане мені? ?аршаларым ?айда? Со?ымнан ере ?ойы?дар.

Би: «А?ша?арлар биі»

?лу: Ата мен те?ізіме ?айтайын. Денемні? барлы?ы ??р?ап бара жат?ан сия?ты.

Аяз ата: Балалар, барлы?ымыз ?луды те?ізге апарып су?а жіберейік. Ол бізбен 1 жыл бірге болды. Енді ?айтсын. О?ан рахметімізді айтайы?.

Балалар: Рахмет са?ан, ?лу.

Ж?ргізуші:Балалар, жол ?ашы?. Сонды?тан барлы?ымыз бір-бірімізді? белімізден ?стап жол?а шы?айы?. Адасып ?алуымыз м?мкін.

А?ша?ар: Балалар,бойымыз м?здап ?алмауы ?шін  мен жаса?ан ?имылдарды ?айталап отыры?дар.

(Музыка ыр?а?ымен балалар шыршаны айналып А?ша?арды? ?имылдарын жасайды. ?олдарын к?тереді, ?оян?а ??сап секіреді, аю?а ??сап ?орба?дайды т.с.с)

Ж?ргізуші:Балалар біз те?ізге де келдік. Ендеше ?лумен ?оштасайы?.

Балалар: Сау бол, ?лу жылы.

?лу:   Сау болы?дар балалар!

(?лу кетеді)

Алтын балы?: Ата, ?же. Мен сіздерді Аяз ата?а, А?ша?ар?а айналдырдым. Себебі сіздерді м??гі ?мір с?рсін, жылда келіп осы балаларды ?уантсын дедім. Ал енді Аяз ата, А?ша?ар со??ы бір тілектері?ізді орындайын, ол ?шін ата мен кеткен со? мына балы? аулайтын ауы?ызды та?ы да су?а тастарсыз. Ал мен кетейін, суыма.

Аяз ата мен А?ша?ар бірге:Рахмет, са?ан Алтын балы?. (Алтын балы? кетеді)

Ж?ргізуші:Ата, А?ша?ар ендеше барлы?ымыз те?ізге ауды салайы?. Алтын балы?ты? бізге ?андай тосын сиы бар екен?

(Балалар барлы?ы музыка ыр?а?ымен ?имыл жасайды, судан ауды тартады.Ау?а ?лкен ??мыра ілініп шы?ады.)

Аяз ата: Мынау не болды екен а?

(Аяз ата ??мыраны? аузын ашып ?ал?анда ішінен музыка ыр?а?ымен жылан шы?ады)

Жылан: Армысы?дар, балалар. Армысыз ата.

Аяз ата: Ай мынау биыл?ы Жа?а жылымыз Жылан ?ой.

Ж?ргізуші:Балалар, с?йінші Жа?а жыл Жылан келді.

?лім 4Б Келеді жылдар, келеді айлар ауысып,

?луменен жылан жылы ауысып.

Береке, бірлік, бейбітшілік т?рінде

Т?райы? ?ркез татулы?пен ?ауышып.

Жылан:Армысы?дар, ??рметті халайы?!

Жа?сылы??а ба?ыттал?ан,

Жыланмын мен Жа?а жыл.

Жа?а жылда барлы?ы?ыз,

Жа?а ?міт таба біл.

?лу жылыны? мерекесін,

Берекеге жал?аймын.

Елде, жерде, таби?атта,

Бейбіт жолды ?олдаймын.

?лу тапсыр?ан аманат?а адал болу?а, халы??а жайлы, ел тілегіне сайлы болу?а ант етемін. Жа?а жылда жа?а ба?ыт, тынышты?, досты?, бірлік болсын! Еліміз тынышты?та, хал?ымыз берекелі ?мір с?рсін! Нанымыз к?п, уайым-?ай?ымыз жо? болсын!

Аяз ата:  ?ызым, балалар , мен кетейін. Алтын балы? бізге ?за? ?мір сыйлады. Барлы? елді аралап ?уаныш?а б?ле деді. Сол себепті бізді де бас?а балалар к?тіп отыр?ан болар, біз кетейік. Алжы?ан басым Алтын балы?ты? балалар?а берген сыйлы?ын да бермеппін. ?ызым ?айдасы?? Мына сыйлы?тарды балалар?а таратайы?.

(Сыйлы?тар таратылады)

Ж?ргізуші: ??рметті б?гінгі мерекемізге жинал?ан ата-аналар, ?она?тар, кішкентай б?лдіршіндеріміз! Жа?а жыл ??тты болсын! Б?гінгі атамызды? ?арма?ына т?скен Алтын балы? сіздерді? де ?арма?тары?а т?сіп барлы? арман тілектері?ізді орындасын. Жа?а жыл ?р отбасына аманды?, денсаулы?, молшылы? ?келсін! Мерекемізді? осындай керемет ала?да ?туіне атсалыс?ан ?р сынып демеушілеріне мектеп ?кімшілігіні? атынан шексіз ал?ысымызды білдіреміз. Мерекемізді? со?ын ?сем ?нмен ая?таймыз, орта?а шы?ып билеу с?ралады.

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Армысы?, Жа?а жыл! »

Армысың жаңа жыл!

Жүргізуші:

Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа жыл кешімізге

Жаңа табыс тілейік ісімізге

Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан бәрімізге.

Жүргізуші: Ендеше бүгін әсем шырша жанында жаңа жылды қарсы алу мерекесіне келген балдырғандарымызды қарсы алайық.

(Музыка ырғағымен сахнаға балалар шығады)

Жүргізуші: Бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін көтеріңкі көңіл күй мен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.

(Теңіз суының толқынының дауысы естіледі)

Жүргізуші: Балалар, бұл ненің дауысы?

Балалар: Судың

Жүргізуші: Сылдырлап аққан су, толқыған теңіздің дауысы сияқты. Біз өзімізді теңіз жағасында жүрміз деп елестетейік.Ол жерде нендей қызықтар болар екен? Ендеше ертегілер еліне саяхатқа барайық.

Жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде, ескі бір жер үйде 33 жыл шал мен кемпір өмір сүріпті. (Осы сәтте ортаға шал шығады) Жағдайлары да мәз болмапты. Балық аулап күнелтіпті. Шалдың ауына балық түспегеніне көп айдың жүзі болыпты. Жейтін тамақ жоқ. Үйге барса кемпірі айқайға басып шалдың мазасы кетіпті. Бір күні шалдың ауына бір балық түсті-ау әйтеуір. Шал қуанып:

Шал: О, жаратқан! Тілегімді орындады-ау әйтеуір. Кемпірім қуанатын болды. Бүгін енді тойып тамақ жейтін болдық.

Жүргізуші: Дей бергені сол еді, балыққа жан бітіп, сөйлей жөнелді. Сөйтсе балық жай балық емес, алтын балық екен. Адам құсап жалынып, тіл қатыпты:

Балық:Жібере көр мені, қарт. Еңбегіңді жемеймін, қалауыңды айтсаң болды, не айтсаң да орындаймын.

Шал:Ештеңенің де керегі жоқ. Бара ғой жолың болсын .

Жүргізуші: Шал не болғанын өзі де түсінбей, балықты жіберіп, кемпіріне келді.

Шал:Кемпір-ау, кемпір. Қызық бір оқиғаның куәсі болдым. Ауыма бір балық түсіпті. Өзі жай балық емес, сөйлеп тіл қатты.Мені жіберші, тілегіңнің барлығын орындаймын деді. Сөйтіп балықты суға жібере салдым.

Кемпір: Ой алжыған шал! Жаңа жыл болса таяп қалды. Үйде не жейтін тамақ жоқ. Екеуміз де қартайдық. Ең болмаса биылғы жылды жақсылап, өзімізше көңіл көтеріп өткізейік та. Бар теңізге алтын балықты шақырып ал да, шырша сұра. Өзі әдемі болсын, жарқырап тұратын болсын.

Шал: (Теңізге келіп)Балық-ау, алтын балық! (Осы кезде балық келеді) Кемпіріме шырша керек екен. Өзі әдемі, жарқыраған болса екен дейді. Жаңа жылды жақсылап шырша жанында қарсы алғысы келеді.

Балық:Қартым. Үйге алаңдамай бара бер. Тілегің орындалады.

(Шал үйіне келсе, әдемі шырша тұрады. Кемпірі ұйықтап жатады.)

Шал:Кемпір, ай кемпір. Тұр. Мына ғажапты қара. Алтын балық тілегімізді орындады.

Кемпір: Ой, құрғыр шал! Адамға ұйқы бермедің ғой.

(Ұйқысын ашып, шыршаны көреді)

Кемпір: Міне, ғажап! Мыналар кімдер? (балаларды көрсетіп)

Бала: Амансыздар ма ата, әже. Бізді алтын балық сіздермен бірге Жаңа жылды тойласын деп жіберді.

Жүргізуші: Ата, әже. Не істеп тұрмыз? Ендеше балалармен бірге көңіл көтерейік.

Бала: Дұрыс қой. Бірақ әсем шыршамыздың шамдарын жарқыратап жағып алсақ қалай болады?

Жүргізуші: Дұрыс айтасың балақай.

Тауда тұрып, тауда өскен,

Шырша келді ортаға.

Бәріміз бір дауыспен,

Дейік енді шыршаға.

Қуант, бізді таңырқат.

Шамдарыңды жарқырат.

(Осы сәтте шырша шамы жанады)

Кемпір: Ой, қандай керемет. Шал-ау аяқ астынан балалы да болып қалдық. Балаларымның арасында ән айтып, би билейтіндер жоқ па екен?

Жүргізуші: Балалар кім айтады теңізде, өзен, көлдерде нелер тіршілік етеді?

Балалар: Балықтар, киттер, акулалар, ұлулар, балдырлар (оқушылар теңіздегі тіршілік иелері туралы айтады)

Кемпір: Шал-ау. Сен әлгі алтын балыққа бар. Теңізде тіршілік ететіндердің бірін бізбен бірге жаңа жыл мерекесін тойлауға жіберсін де.

Жүргізуші: Шал Алтын балыққа келіп бұйымтайын айтады.

Шал: Балық, ау Алтын балық. Кемпірім шыршаңа дән риза болды. Енді бізбен бірге Жаңа жылын тойлауға теңіздегі тіршілік иелерінің бірін жіберсін дейді.

Алтын балық: Ата. Мен ол тілегіңізді орындай алмаймын. Себебі былтыр осындай уақытта ұлуды жібергенмін. Әуелі оны қайтаруларыңыз керек.

Жүргізуші: Шал кемпіріне келеді.

Шал: Кемпір-ау. Алтын балық ол тілегімді орындамады. Былтыр ұлуды жібердім дейді. Қайда жүр өзі?

Ұлу: Мен мындамын ата, әже. Мен сіздермен 1 жыл бойы бірге болдым. Мен теңізіме қайтатын уақытым жақындады. Себебі маған құрлықта көп жүруге болмайды. Маған өкпе-наздарыңыз болса айтыңыздар.

Жүргізуші: 1 жыл бойы бірге болдық, саған ұлужан қандай өкпеміз болсын. Балалар мынау өтіп бара жатқан жылда мол бақытқа жетіп, көп қуанышқа бөлендік емес пе.Жаңаша қуаныш әкелетін Жаңа жыл да жақын.Ұлужан уақытыңның таяп қалғаны да рас. Әне, көңілді уақыт та келіп жетті.

(Уақыт келеді)

Уақыт: Еркін 4Б Уақыт деген жүйрікпін

Тоқтамастан құйғыттым.

Жаңа жылға жақынмын,

Жарандар той сый күтсін.

Тірлікте-бақытпын,

Бірлікшілге-шаттықпын!

Еселенген өмірді,

Есептеген-уақытпын!

Жаңа жылмен хабарласып жіберейін жақындап қалған шығар.

(Уақыт телефонын қолына алып)

Уақыт: Еркін 4Б Алло! Алло! Жаңа жыл!

Саған дайын жаңа жыр!

Уақытың көңілді

Жалғастырам өмірді.

Ау, Жаңа жыл жарқыным!

Мен өзіңе жақынмын.

Бар адамға қуаныш

Алып келе жатырмын!

(Жаңа жылдың дауысы естіледі)

Дауыс: Жаңа жыл: Уа, құдіретті де, құрметті уақыт аманбысың? Мен-Жаңа жылмын. Мен барғанша жер анада шырша жайнап тұрсын. Барлық адамға бақыт болып келемін. Қымбатты Уақыт! Желтоқсанның соңғы күндерін салтанатпен өткіз.Өтіп бара жатқан жыл өркені өскен табысты жыл болды. Құрметте оны! Абай бол! Жылдардың арқауы үзілмесін.

Уақыт: Еркін 4Б Рас айтасың жақсылығы мол Жаңа жылым.

Ер жүрек елім аман болса, әрбір минутымды бақытты өткіземін.Менімен бірге жыл мезгілдері де келді. Күтеміз сізді Жаңа жыл! (Телефонын тастайды)

Кемпір: Шал-ау, мен жалықтым, кескінім мынау, келбетім мынау. Алтын балыққа барып, менің тілегімді айт. Мен әдемі, көрсе көз тоймайтындай сұлу болғым келеді.

Шал: Әй, кемпір-ай! Кәрілік бізге жеткелі қашан. Бізге сұлу болып не керек? Ай тілегіңді Алтын балық орындаса болар еді.

Кемпір: Әй, шал. Көп сөйлемей бар.

Жүргізуші: Шал тағы да кемпірдің тілегін орындамақ болып, теңізге келеді.

Шал: Балық, ау Алтын балық. Кемпірім жіберді, саған оның арманын айтсам, орындамайсың ба деп тұрғаным. Кемпірім кәріліктен шаршапты. Әдемі, көрсе көз тойматын сұлу болғысы келеді.

Жүргізуші: Алтын балық тіл қатпай, суға сүңгіп кете береді. Үйіне келсе кемпірі зар еңіреп, жылап отырады. Қараса кемпірі күндегіден де ажарсыз мыстанға айналыпты.

Кемпір: Бәріне сен шал кінәлісің. Сен мені әдейі осындай болсын деп тіледің. Қайтар бұрынғы кейпімді.

Жүргізуші: Деп, шалға тарпа бас салады.

Уақыт: Еркін 4Б Әже, сіз қапаланбаңыз. Уақыт емші деген емес пе? Бәрі орнына келер.

Жүргізуші: Дұрыс айтасың, уақыт. Балалар, біз әжеміздің көңілін көтеру үшін бір ойын ойнап жіберейік. Ойын «Алдау» деп аталады.Мен қазір сіздерді алдаймын. Яғни, мен бір дене мүшемді ұстап тұрғанымды айтамын, сендер сол жерлеріңді ұстауларың қажет. Ал мен басқа дене мүшемді ұстап, сендерді алдаймын. Сіздер жаңылыспауларың керек.

-Мен басымды ұстадым.(Өзі қолын ұстайды)

-Мен қолымды ұстадым.(Өзі құлағын ұстайды.)

-Мен мұрнымды ұстадым.(Өзі құлағын ұстайды)

-Мен аяғымды ұстадым.(Өзі қолын көтереді)

(Ойын солай жалғасады.)

Кемпір: Маған қызық емес. Әй, шал. Бар Алтын балығыңа қайтарып берсін бұрынғы келбетімді.

Жүргізуші: Шал тағы да кемпірдің тілегін орындамақ болып, теңізге келеді.

Шал: Балық, ау Алтын балық. Мен саған өмір сыйладым. Сен менің тілегімді орындаймын деген едің. Керісінше менің тілегімді орындаудың орнына кемпірімді мыстанға айналдырғаның не болғаның?

Алтын балық: Ата, ол сіздің тілегіңіз емес қой. Мен сіздің кез келген тілегіңізді орындаймын. Себебі сіз маған өмір сыйладыңыз. Бұл тойымсыз әженің тілегі болатын. Сіз үйге қайтыңыз, сізді бір тосын сый күтіп тұр.

Жүргізуші: Шал қуана, емпеңдеп жүгіре жөнелді. Ойы кемпірі жас , әдемі сұлу қызға айналған болар деді. Сөйтсе, үйіне жүгіріп келе жатып, атамыз Аяз атаға айналып кетеді.

(Ортаға Аяз ата келеді)

Аяз ата: Амансыңдар ма балалар. Мені танымадыңдар ма? Мен ғой аталарың. Мені Алтын балық Аяз атаға айналдырып жіберді ме? Не болып кетті өзі?

Кемпір: Ай, алжыған шал. Сен мені мыстанға айналдырып, өзің әп-әдемі шал бола қалыпсың ғой. Бәрі сенің кесірің. Қайтар менің келбетімді.

Жүргізуші: Деп кемпір Аяз атаға тарпа бас салады. Әже сіз ашуланбаңыз . Сіз одан да Алтын балыққа өзіңіз барып көріңіз. Мүмкін өзіңіз барсаңыз тілегіңізді орындар.

Кемпір: Дұрыс айтасың, қызым. Өзім барсам, өзім барайын. Алтын балыққа барып, өз келбетімді талап етейін.

(Кемпір кетеді)

Жүргізуші: Ал, балалар Аяз атамыз ортаға келіп те қалған екен, кімнің қандай өнерлері бар ?

Аяз ата: Қызым, кемпірім келгенше мына балалармен ән айтып, би билейік.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыз ата. Біздің балаларымыз шетінен өнерлі. Балалар Аяз атамызға арнап, әнімізді айтайық.

Аяз ата: Қызым-ау. Әжең кешікті ғой. Мен теңізге барып қайтайын.

Жүргізуші: Жоқ, ата. Әжеміз көп кешікпей келер. Алтын балық әжеміздің тілегін орындау үшін ойланып жатырған болар. Біз әжеміздің ең сұлу, ең әдемі болып келеріне сенейік. Тойымызды әрі қарай жалғастырайық. Қазір ата мен балалармен, мына отырған қонақтармен бір ойын ойнап жібергенді жөн көріп отырмын. Қалай қарайсыз?

Аяз ата: Жарайды, қызым.

Жүргізуші: Ортаға 5 ер бала өз ата-анасымен шықсын. (5жұп ортаға шыққаннан кейін,ойын шарты түсіндіріледі ) Мен қолымдағы арнайы тігілген шортыларды бірінші балаларыңызға кигіземін. Музыка қосылады, сіздер билейсіздер. Музыка тоқтаған уақытта, шортыды киіп тұрған ойыншы шешеді де жұбына береді. Жұбы шортыды алып, киіп алуы қажет. Бұл жерде шапшаңдықты талап етеміз. Қай жұп соңғы болса, сол жұп ойыннан шығарылады.

Ойын: «Кім шапшаң?»

(Жеңімпаздар марапатталады)

Қыс: Мен барлық жер бетіне аппақ қарымды шашып жүргенмін. Сол кезде Ақшақарды көрдім. Ол бізге қарай бет алды. Ол келіп те қалды.

(Осы сәтте Ақшақар келеді)

Ақшақар: Амансыңдар ма, балалар. Мені таныдыңдар ма?

Балалар: Амансыз ба, Ақшақар.

Ақшақар: Мен кіммін?

Балалар: Әрине Ақшақарсыз

Ақшақар: Шынымен де танымадыңдар ма? Мен кәдімгі әжелеріңмін ғой. Мені Алтын балық Ақшақарға айналдырды.

Аяз ата: Бәсе, бәсе. Бұл менің кемпірімнің дауысы сияқты. Жо-жо-жоқ. Бұл түсім бе, әлде өңім бе? (Аяз ата басы айналып, құлап қала жаздайды)

Жүргізуші:Балалар қандай керемет! Ақшақарымыз да келді. Әже, о-о-ой Ақшақар. Сізге осындай кейіпке түсу оңай болмаған шығар. Алтын балық мүмкін сізге талап қойған шығар.

Ақшақар:Әрине, онсыз бола ма? Маған Алтын балық билеп беруін өтінді. Мен билеп беріп едім, Ақшақарға айналдырды да жіберді.

Жүргізуші:Ендеше сол биіңізді бізге билеп бересіз бе?

Ақшақар: Әрине, мен ең әдемі, ең сұлу Ақшақарға айналғаныма өте қуаныштымын. Сондықтан мен сіздерге билеп те беремін. Қане менің қаршаларым қайда? Соңымнан ере қойыңдар.

Би: «Ақшақарлар биі»

Ұлу: Ата мен теңізіме қайтайын. Денемнің барлығы құрғап бара жатқан сияқты.

Аяз ата: Балалар, барлығымыз ұлуды теңізге апарып суға жіберейік. Ол бізбен 1 жыл бірге болды. Енді қайтсын. Оған рахметімізді айтайық.

Балалар: Рахмет саған, ұлу.

Жүргізуші:Балалар, жол қашық. Сондықтан барлығымыз бір-біріміздің белімізден ұстап жолға шығайық. Адасып қалуымыз мүмкін.

Ақшақар: Балалар,бойымыз мұздап қалмауы үшін мен жасаған қимылдарды қайталап отырыңдар.

(Музыка ырғағымен балалар шыршаны айналып Ақшақардың қимылдарын жасайды. Қолдарын көтереді, қоянға ұқсап секіреді, аюға ұқсап қорбаңдайды т.с.с)

Жүргізуші:Балалар біз теңізге де келдік. Ендеше ұлумен қоштасайық.

Балалар: Сау бол, ұлу жылы.

Ұлу: Сау болыңдар балалар!

(Ұлу кетеді)

Алтын балық: Ата, әже. Мен сіздерді Аяз атаға, Ақшақарға айналдырдым. Себебі сіздерді мәңгі өмір сүрсін, жылда келіп осы балаларды қуантсын дедім. Ал енді Аяз ата, Ақшақар соңғы бір тілектеріңізді орындайын, ол үшін ата мен кеткен соң мына балық аулайтын ауыңызды тағы да суға тастарсыз. Ал мен кетейін, суыма.

Аяз ата мен Ақшақар бірге:Рахмет, саған Алтын балық. (Алтын балық кетеді)

Жүргізуші:Ата, Ақшақар ендеше барлығымыз теңізге ауды салайық. Алтын балықтың бізге қандай тосын сиы бар екен?

(Балалар барлығы музыка ырғағымен қимыл жасайды, судан ауды тартады.Ауға үлкен құмыра ілініп шығады.)

Аяз ата: Мынау не болды екен а?

(Аяз ата құмыраның аузын ашып қалғанда ішінен музыка ырғағымен жылан шығады)

Жылан: Армысыңдар, балалар. Армысыз ата.

Аяз ата: Ай мынау биылғы Жаңа жылымыз Жылан ғой.

Жүргізуші:Балалар, сүйінші Жаңа жыл Жылан келді.

Әлім 4Б Келеді жылдар, келеді айлар ауысып,

Ұлуменен жылан жылы ауысып.

Береке, бірлік, бейбітшілік төрінде

Тұрайық әркез татулықпен қауышып.

Жылан:Армысыңдар, құрметті халайық!

Жақсылыққа бағытталған,

Жыланмын мен Жаңа жыл.

Жаңа жылда барлығыңыз,

Жаңа үміт таба біл.

Ұлу жылының мерекесін,

Берекеге жалғаймын.

Елде, жерде, табиғатта,

Бейбіт жолды қолдаймын.

Ұлу тапсырған аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін. Жаңа жылда жаңа бақыт, тыныштық, достық, бірлік болсын! Еліміз тыныштықта, халқымыз берекелі өмір сүрсін! Нанымыз көп, уайым-қайғымыз жоқ болсын!

Аяз ата: Қызым, балалар , мен кетейін. Алтын балық бізге ұзақ өмір сыйлады. Барлық елді аралап қуанышқа бөле деді. Сол себепті бізді де басқа балалар күтіп отырған болар, біз кетейік. Алжыған басым Алтын балықтың балаларға берген сыйлығын да бермеппін. Қызым қайдасың? Мына сыйлықтарды балаларға таратайық.

(Сыйлықтар таратылады)

Жүргізуші: Құрметті бүгінгі мерекемізге жиналған ата-аналар, қонақтар, кішкентай бүлдіршіндеріміз! Жаңа жыл құтты болсын! Бүгінгі атамыздың қармағына түскен Алтын балық сіздердің де қармақтарыңа түсіп барлық арман тілектеріңізді орындасын. Жаңа жыл әр отбасына амандық, денсаулық, молшылық әкелсін! Мерекеміздің осындай керемет алаңда өтуіне атсалысқан әр сынып демеушілеріне мектеп әкімшілігінің атынан шексіз алғысымызды білдіреміз. Мерекеміздің соңын әсем әнмен аяқтаймыз, ортаға шығып билеу сұралады.









Кері қайту












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Армысы?, Жа?а жыл!

Автор: Д?рмен??лова Л?ззат Ж?мам?рат?ызы

Дата: 13.01.2015

Номер свидетельства: 154597

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "«Он екі ай» ертегісі желісімен алынған жаңа жылдық сценарий"
    ["seo_title"] => string(70) "on_ieki_ai_iertieghisi_zhielisimien_alyng_an_zhan_a_zhyldyk_stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "378566"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484234323"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) ""Армысы?, Жа?а жыл!" ерте?гілігі "
    ["seo_title"] => string(36) "armysyn-zhan-a-zhyl-iertien-ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "149903"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420366105"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Армысы?,?з Наурыз! "
    ["seo_title"] => string(18) "armysyn-z-nauryz-5"
    ["file_id"] => string(6) "221724"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1435566147"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Армысың, аппақ қыс!""
    ["seo_title"] => string(18) "armysyn_appak_k_ys"
    ["file_id"] => string(6) "448071"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1515170777"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "" Наурыз-жыл басы! "  т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(32) "nauryz-zhyl-basy-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "198010"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1428338930"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства