Астана қаласы Т Айбергенов атындағы №16 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Аюпова Айгуль Серікқызы Сабақтың тақырыбы: Мен не үйрендім?«Киімдер»
Сабақтың мақсаты: Жыл мезгілдерінде киетін киімдерді ажырата білу
Білімділік: модуль бойынша алған білімдерін саралап, қорытынды жасау;
Дамытушылық: оқушының ақыл-ойын, білімге деген ынталарын дамыту, сұрақ-жауап беруге машықтандыру;
Тәрбиелік: киімге деген таза ұстау білімін арттыру.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелесу, топтық жұмыс.
Көрнекіліктер: киімдердің суреттері, сиқырлы сандық, доп, қуыршақтар, қағазға жазылған сөздер, плакаттар.
Сабақтың мазмұны мен жүрісі.
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу,
оқушылар қонақ мұғалімдермен сәлемдеседі,
Сәлем саған алтын күн
Сәлем саған көк аспан
Сәлеметпе достарым
Сендерді көрсем қуанам
оқушыларды түгендеу,
оқушыларды сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Мұғалім сөзі: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар.
Сабаққа дайынсыңдар ма?
Топқа бөлініп отырдыңдар ма? Дайын болсаңдар, сабағымызды бастайық.
ІІ. Сұрақ-жауаптармен жұмыс.
- Менің қойған сұрақтарыма жауап беріңдер.
Бүгін аптаның қай күні? (бүгін аптаның дүйсенбі күні)
Қазір қай ай? (қазір-қазан айы)
Тағы қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?(қыс, көктем, жаз, күз жыл мезгілдері)
ІІІ. Жоспар бойынша жаңа материалды баяндау. Топпен жұмыс.
- Балалар, бүгін біз сабақта осы жыл мезгілдерінде киетін киімдерді қайталаймыз, топпен жұмыс істейміз, әр түрлі тапсырмалар орындаймыз, білімімізді көрсетеміз.
Мына менің қолымдағы сиқырлы сандықта конверттерде топтың аттары жасырылған.Кәне, әр топтан бір оқушы шықсын, топтың атын таңдайық. (сөйтіп төрт топ пайда болады).
Олар: «қысқы киімдер» тобы, «көктемгі киімдер» тобы, «жазғы киімдер» тобы, «күзгі киімдер» тобы.
Енді тапсырмаларға көшейік. (Әр топқа плакаттар таратамын).
Қыста, көктемде, жазда, күзде қандай киімдер киесіңдер? Екі минут уақыт беріледі. Оқушылар жауаптарына қарай «3», «4», «5» деген ұпай алады.
! топ: көктемгі киімдері (күртке, шалбар, бәтеңке, джемпер)
ІІ топ: жазғы киімдері (жейде, көйлек, қалпақ, туфли
ІІІ топ: күзгі киімдері (пальто, күртке, бәтеңке, джемпер
IVтоп: қысқы киімдері (тон, құлақшын, бөкебай, пима, етік, қолғап)
- Ал, балалар, бір-біріміздің жауаптарын тыңдап, қателерді жөндейік.
Слайд киімдер
Слайдтан киімдердің суреттері шығадыІ
Ал енді балалар,- Алена мен Майклдың дүкендегі көрінісіне назар аударайық Екі оқушы шығады
2 тапсырма. Дәптермен жұмыс.
- Ал, бізге Дымбілмес келді. Сендер оған 2-тапсырманы орындауға көмектесесіңдер ме?
- Иә, көмектесеміз.
- Тапсырманы тыңдаңдар. Берілген сөздердегі жоқ әріпті табу.(тақтаға әр топтан бір оқушы шығады)
Қ.лақшын, ет.к, к.йлек, бәте.ке
- Балалар, тақтаға қарап, тапсырманы тексерейік.
Сергіту сәті
- Келесі тапсырма «Ойнайық та ойлайық» деп аталады.тәуелдік жалғауын қайталайық. (мұғалім допты лақтырып, «менің» деп айтады. Допты қаққан оқушы «қолғабым» деп айтуы керек. Сөйтіп «қалпақ, етік, көйлек» сөздерімен ойын жалғасады.
Келесі тапсырма «Пирамида» ойыны. Берілген сөздерден сөз өрбіту.
Жейде. Бөкебай.
Мынау – жейде Мынау – бөкебай.
Мынау – менің жейдем. Мынау – менің бөкебайым.
Мынау – менің жылы жейдем. Мынау – менің ұзын бөкебайым.
Мынау – менің жылы,қара жейдем. Мынау – менің ұзын, жаңа бөкебайым.
Келесі тапсырма Ойын: «Қуыршақты киіндіру» деп аталады. (сурет қуыршақты әр топқа жыл мезгіліне қарай киіндіріп, қандай киім кигізгендерін айтады)
Үлгі: Мен қуыршақтың басына құлақшын, аяғына пима, қолына қолғап, үстіне тон кигіздім.
Мен қуыршақтың басына қалпақ, аяғына етік, үстіне күрте кигіздім.
Мен қуыршақтың үстіне жасыл көйлек кигіздім.
Мен қуыршақтың аяғына қара, жаңа туфли кигіздім. Ал енді балалар сергіту сәті “Көңілді күн”
V. Пысықтау.
VІ. Cабақтың қорытысын шығару.
- Балалар, бүгін не туралы сөйлестік?
- Қандай киімдер туралы сөйлестік?
- Біздің қонағымыз қандай киімдер киіп келді?
- Дымбілмеске нені үйреттік?
- Бүгін сабақта тағы біз не істедік?
- Сабақтан сендер қандай білім алдыңдар?
VІІ. Бағалау. Алған ұпай сандары бойынша бағалау.
VІІІ. Үй жұмысы 6 тапсырма 42 бет жатта