Сабақ тақырыбы: | Менің отбасым үлкен |
Білімділік: Дамытушылық: Тәрбиелік: | Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлем үлгілерін қолдану негізінде өзі, өзінің отбасы туралы толық ақпарат бере білуге машықтандыру. Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Қысқа мәтіндер арқылы отбасы мүшелерін қадірлеуге, үлкенге, кішіге деген ізеттілікке тәрбиелеу. |
Сілтеме: | Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы, жазу дәптері |
Жетістік критерийлері: | Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): отбасы мүшелерін таныстыра алады, туысқандық атауларға байланысты сөздерді меңгереді. Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): отбасы мүшелерін қарапайым сөйлемдер арқылы сипаттай алады. Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен диалог құра алады, қарапайым үлгілер арқылы тілдесімге келеді. |
Негізгі түсініктер: | Өзі, адам, үлкен, шағын. |
Сабақта қолданылатын материалдар: | Интерактивті тақта, слайдтар, оқушылардың отбасыларының суреттері, плакат, маркерлер, доп, дөңгелек жасыл, сары, қызыл қағаздар, суреттер не фотолар, смайликтер, «Бағдаршам» плакаты, «Өрмекші торы» жібі, әр түрлі пішіндер және т.б |
Оқыту әдістері: | Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциаграмма, «Менің отбасым» дидактикалық ойыны, «Суреттер» блиц ойыны, «Өрмекші торы» стратегиясы, «Бағдаршам» тәсілі, сергіту жаттығуы. |
Дереккөздері: | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Мұғалім «шаттық шеңберін» құрғызып, ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін оқушыларға: – Сен жағымды сөздерді білесің бе? — деп сұрайды. | Жағымды сөздерді пайдаланып, бір-біріне жақсы тілектер айтады. Қайырлы күн, достым! Әр күнің сәттілікке толсын! |
Өткен сабақты тексеру | 2-сыныпта өткен тақырыптар бойынша сұрақ қояды. | Сұрақтарға жауап береді. |
Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
І.Қызығушылықты ояту | Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «отбасы» сөзіне ассоциаграмма құрғызады. | Әр оқушы тақтада ілулі тұрған плакатқа маркермен өз түсінігін жазады. |
ІІ. Мағынаны тану | 1. Отбасы – шағын мемлекет. Онда бір-біріне өте жақын адамдар тұрады. Олар бір-біріне көмектеседі, тату тұрады. Сендердің отбасыларының қандай ерекшелігі бар? Айтыңдаршы. | Тілдесім. Отбасыларымен бірге түскен суреттеріне қарай отырып, өз отбасыларын сипаттайды. |
2. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын (Өзі – сам, адам – человек, отбасы мүшесі – член семьи) айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. | Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. |
3. «Өрмекші торы» әдісі А) «Тыңда. Қайтала. Оқы» айдарымен берілген Әлібек пен Әнелдің диалогін екі оқушыға оқытады, диалогтағы тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді оқушыларға түсіндіреді, қайталатады. | Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді. Тыңдалым. Оқылым. Диалогті тыңдайды, оқиды, жаңа сөздерді қайталайды. |
Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады. | Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды. |
4. Жұптық тапсырма. Шашыраған қима қағаздардан сөйлемдер құрастыру. А) Айтылым. Қисынды ойлау қабілетін жандандыру үшін 2-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Суретке қарап, сөйлемді толықтырып айтады. |
Ә) Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады. | Оқылым. Жазылым. Сөйлемдерді оқиды, сұрақтарға жауап жазады. |
Б) Тілдесім. Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін 6-тапсырманы орындатады. | Тілдесім. Диалог құрады, досынан сұрайды. |
В) «Сыр сандықтағы» сөздер. | «Сыр сандыққа» салынған сөздерді есте сақтайды, талдайды. |
4. Сергіту сәті Оқулықтағы «Кел, жаттығайық!»өлеңді мәнерлеп оқып береді. Оқушыларға жаттатады, мәнерлеп оқуға машықтандырады. Отбасым – мерекем, Отбасым – берекем. Ата-анам – бәйтерек, Жапырақ – мен екем! | Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Тыңдайды, дұрыс оқуға машықтанады, жаңа сөздерді қайталайды. |
Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
ІІ. Мағынаны тану | 5. Сергіту сәті. «Менің отбасым» дидактикалық ойынын ойнатады. Ойынның шарты бойынша оқушылардың қолына доп береді. | Оқушылар шеңбер құрады, бір- біріне допты лақтыра отырып отбасылары туралы жағымды сөздер мен тілектер айтады. Мысалы: менің отбасым керемет ... Мен отбасыма бақыт тілеймін ... |
ІІІ. Ойтолғаныс | Мұғалім оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін «Суреттер» блиц ойынын ұйымдастырады. Әр оқушыға бір суреттен не фотодан (әке, ана, іні, әпке, т.б.) таратады. | Берілген суреттегі адамның мінезін, отбасындағы рөлін сипаттайды. Жұмыс аяқталғаннан кейін суреттер тақтаға ілінеді. Оқушылар өздерінің мінездемесін оқиды, басқалары ол адамның кім екенін табады. |
IV. Бекіту | Тақырыпты бекіту үшін оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады. | Тапсырманың шарты бойынша досымен тілдеседі. |
V. Бағалау | Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды. | Топ спикерлері бағалау парақтарына бағалайды |
VI. Үйге тапсырма | Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау. |
VII. Рефлексия | Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді. | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді бағдаршамға жапсыру арқылы көңіл-күйлерін білдіреді. |