Просмотр содержимого документа
«Менің атам домбыра тартады»
Сабақтың тақырыбы :Менің атам домбыра тартады.
Сабақтың мақсаттары:Білімділік: Оқушыларға ауыл өмірінің ерекшелігі туралы мәлімет беру. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, сөздердің мәнін түсініп, сөйлей білуін қалыптастыру. Тәрбиелік: табиғатты сақтау, қоғамдық тәрбие беру. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап. Көрнекілігі: суретттер, карточкалар І.Ұйымдастыру кезеңі. Армысың шапағатты күніміз! Армысың табиғат анамыз. Әдеппен бас иер баламыз. Қайырлы күн! Қайырлы күн,баршаңа.
Бір жылда неше ай бар? Бір жылда неше жыл мезгілі бар? Күз мезгілін айлары қандай? Күз тақырыбына байланысты сөздерін қайталау : күз, жапырақ, салқын, жаңбыр, ауа райы,бүгін, ертең, кеше, сарғаяды, шөп, гүл,жел, табиғат, жеміс-көкөніс, жылы киім, қолшатыр, неге керек қолшатыр? ІІ. Үй жұмысын тексеру. Қайталап өту: сұрақтарды және сөз таптарын. ІІІ.Жаңа тақырып: Менің атам домбыра тартады. - Сен қайда тұрасың? /мен қалада тұрамын /. Мен Астана қаласында тұрамын. - Сенің атаң және әжең қайда тұрады? Кімнің атасы, әжесі ауылда тұрады? /Бір –бірімен сөйлесу, қайта, қайта айтқызу/
Менің атамның сұйікті ісі. Не істеуді жақсы көреді? Қандай сүйікті іс бар екенің атап айтып берейік. (газет ,жорнал оқу, теледидар көру, саябақта қыдыру, балық аулау, аң аулауды жақсы көреді, шахмат ойнау, домбыра тарту)Атамның сүйікті ісі – теледидар көру, концерт көру, ән тыңдау, саябақта қыдыру, құрбыларымен, көршілерімен әңгімелесу. Осы сөздермен сөз тіркестер құрастыру және сөйлемдер құрастырып шағын мәтін жаздыру. Жұппен жұмыс түрін өткізу. Мен ауылда тұрамын. Ауылда менің атам және әжем, ағам, ... тұрады. Атамда үй жануарлары бар: екі сиыр, екі бұзау, екі жылқы, бес ешкі, 12 қой. Олар ауылда өте ерте тұрады. Құстарға тамақ береді ,сиырды сауады, ешкі, қойларды шөпке айдайды. Жазда атам шөп шабады. Әжем сүттен қаймақ, айран, құрт жасайды.Мен оларға көмектесемін. Менің атам еңбекқор адам.
5 жол стратегиясы. Ауыл.
Зат есім
Сын есім
Етістік
сөйлем
синоним
Берілген сөздерді аудару : Сөздерді аударады,тексеру парағы бойынша тексереді. 7 мин Жазылым Сұрақтарға жауап беру арқылы сөйлемдер жазу.
Кім? Қайда? Не істейді?
Сұрақтарға жауап бере отырып,сөйлемдер жазады.7 мин Үй тапсырмасы.Сөздермен әңгіме құрастырып келу.
Күнделіктеріне тапсырманы жазу 1мин.
Бағалау
Әр топтың бағалаушысының пікірін тыңдау бағалаушының көмегімен әр оқушыға жиынтық баға қою.. 2мин.
Рефлексия.Кері байланыс.Стикерге өзінің ойын жазып, тақтаға жапсырады.2мин.