kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Домбыра халы? ж?регіні? айнасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: О?ушылар?а домбыраны? ?мірлік ?ажеттілігі мен ?зектілігін т?сіндіру; домбыраны ?астерлеу ар?ылы халы?ты? рухани байлы?ын сі?іру ж?не ?з хал?ыны? жанын т?сіну.

Міндеті: ?лтты? ?нерді ?астерлеуге.??рметтеуге т?рбиелеу.

К?рнекілік: плакаттар,буклет,на?ыл сездер.с?з ж?мба?.

Т?рбие саба?ты? барысы:

М??алімні? кіріспе с?зі.Ел аузында мынадай а?ыз бар.

Ертеде ?ылышынан ?ан там?ан ?а?арлы ханны? жал?ыз бойжеткен ?ызы бас?а бір хан баласына атастырылып ?ой?анына ?арамастан кедей жігітке ?ашы? болып к??іл ?осып журеді екен. М?ны біліп ?ой?ан хан жігітті дереу дар?а астыртады. Жігіт ??рбан бол?аннан кейін ?лгі ?ыз мезгіліне жетпей бір ?л, бір ?ыз табады. Ашу?а булы??ан хан ?ос с?биді? к?зін ??ртуды мыстан кемпірге тапсырады. Мыстан кемпір ?мірге жана келген с?билерді жапан т?зуге апарып, жап-жасыл м?уелі ?ара?ашты? басына ?ызды шы?ыс?а, ?лды батыс?а ?аратып іліп кетеді. Н?рестелерді? к?з жасы там?ан а?аш б?та?тары бірте-бірте ?уара бастайды. ?ос ж?рек со?уын то?тат?анда, б?йтерек те ?суін до?арады.

Б?пелерін а?са?ан анасы оларды іздеп жол?а шы?ады. Барма?ан жері, баспа?ан тауы ?алмайды. К?лкісіз к?ндер, ?й?ысыз т?ндер, арманмен айлар, жылаумен жылдар ?теді.

Бірде ді?кесі кетіп шарша?ан ол ?бден ?уарып, шіруге айнал?ан биік а?ашты? т?біне келіп ?исаяды.¥йы?тап кеткен оны ?лдебір саз, си?ырлы ?уен оятады.??ла? т?ріп ты?даса «?н салып»  ?асында?ы биік а?аш екен. «Б?л бір ?асиетті а?аш болды деп, ол к?нде б?йтеректі? т?біне т?неп, сырлы ?уен естіп, к??іл ж?батып тыны?ып ж?реді. Самал жел шы?ыстан со?са а?аштан ащы, зарлы, ал батыстан со?са м??ды, ?о?ыр ?н естіледі.

Бір к?ні ?атты дауыл т?рып ?ара?аш ??лайды. А?ашты? зарлы к?йі жел екілене со??ан сайын к?шейе т?седі. Сорлы ана оны? ??пиясын білмек болып зер сала тексереді.?ара?ан жуан т?бінен жі?ішке басына дейін ?уыс екен. ¥шар басынан екі жа?ында б?та?тан б?та??а керіліп ?ал?ан ішектерк?зге ілінеді. Батыс жа?ында?ы ішек бостау, ал шы?ыс жа?ында?ы ішек ?атты тартылыпты.

Егізіні? ?лімінен хабары жо? м??лы? енді а?аштан к?йді? ?алай шы?атынын т?сінеді де, ?зі де ?уыс а?аштан аспап жасап алып, мана?ы екі ішекті со?ан тартады. Шертіп к?рсе ??ла? т?ндырар керемет ?н шы?ады.Зарлы бейба? бостау тартыл?ан ішекті ?ні м??ды шы?атынды?тан «?лым М??лы?», тым ащы, зарлы шы?атынды?тан ?атты тартыл?ан ішекті «?ызым Зарлы?» деп атап, к?ндіз-т?ні ?олынан тастамай к?й шы?арып, ел кезіп кеткен екен.

Мінекей, екі ішекті домбыраны? д?ниеге келуіне байланысты шы??ан а?ыз осылай сыр тол?айды.

Ал домбыра атауы ?айдан шы??ан?

Б?гінге дейін б?л с?зді? шы?уы ж?нінде д?л пікір жо?. ?аза? музыкалы? аспаптану ?ылымыны? негізін ?алаушы академик Ахмет Ж?банов «Кейбір деректерде "домбыра" с?зі арабты? "дунбахи бурра" тіркесінен, я?ни "?озы??йры?" деген сезінен ?алыптас?ан» дейді. Шынды?ында домбыраны? т?рпаты ?озыны? ??йры?ына ??сайды. Енді бір зерттеушілер "домбыра" атауы "Демвира" деген ?ыз атынан шы??ан болуы керек деп топшылайды.

К?й: ?айра?бай «Мол?о?ыр»

Енді с?з кезегін о?ушылар?а берейін.

1-о?ушы:  домбыра-?аза?ты? бас аспабы, ?рпа?тан ?рпа??а бабамызды? кезіндей аманат?а ?алдырылып,осы уа?ыт?а дейін ?ылы ?исымай жеткен хал?ымызды? к?не м?расы.

2-о?ушы:  домбыра ас?а?тата ?н салып.к?мбірлетіп к?й т?ккен ?нерпаз хал?ымызды? асылынан арты? ?астерлеп ?кі та??ан, жал?ызындай аялап ?а? т?ріне ілген е? ?ымбат, е? с?йікті музыкалы? аспаптарды? бірі.

1-о?ушы:Алатау к?й ты?далады ауылдай боп,

Тас бал?ып, тол?ып жатты бауырдай боп.

А??ылдап алтын ж?рек домбырадан,

??йып т?р жаз?ы жылы жауындай боп.

2-о?ушы: ??лпыртып б?йшешекті кетті шал?ып,

А??удай к?кте к?йлеп, к?лде ?ал?ып.

А?тарып, лекілдетіп,лепілдетіп,

Талдырып, тамшылатып, сы?ып сар?ып.

К?й: А.Желдібаев «Ерке сыл?ым» орындайтын Балтабай Таби?ат.

1-о?ушы: бізді? халы? ?н ??мар халы?..Біреулер ?олына домбыра ?стап ?н сала бастаса, ойда?ы ?ырда?ы жиналып, сегіздегі бала, сексендегі шалына дейін ?алмай ?амалап, айтшы-айтшылап жанын жа?асына келтіреді. Бара бара не болса да сол ?ндегі рух с?йегіне сі?еді, ??ла?ында ?алады.

2-о?ушы: терме

С?з ж?мба?: «Домбыра»

1.??рман?азыны?  ш?кірті

2.?лтты? аспапты? бір т?рі

3.Домбыра   ??рлысыны? бір т?рі

4.Динаны? к?йі

5.??рман?азыны? к?йі

6.?аза? опера ?ншсі

7.?рмалы  аспаптарыны? бірі

К?й: ??рман?азы «Бозшола?» орындайтын С?ма??лова Наркес

2-о?ушы:   Домбыраны ?ол?а алып

К?йшілерше шертейік.

?сем ?уен сазымен

Біз ?нерді жал?айы?.

Бишілерше б?ралып                       Д??гелене билейік.

1-о?ушы: Би: «Еркеназ» тобы Биші ?айы?

1-о?ушы:       XIX ?асырда ?аза? хал?ыны? т?рмысында ана??рлым ке? тара?ан музыкалы? аспап екі ішекті домбыра болды. Егер б?рын?ы заманда к?не аспаптар ?н, жыр с?ймелдеу ?шін ?олданылса, енді жеке шы?арма орындау?а арналып, к?рделі аспаптар ?атарына ?осылды. Домбыра тіпті сонау орта ?асырда белгілі бол?ан. Сол кезде ??рман?азы, Д?улеткерей, Т?ттімбет, Сейтек, Б?серке, ?азан?ап секілді са?ла? к?йшілер д?йім ж?ртты аузына ?арат?ан еді. Б?лар барма?ына бал там?ан майталман домбырашы болумен бірге небір ?ажап к?й шы?ар?ан шын м?ніндегі ?нер иелері болды. Б?л адамдар сол кездегі халы? ?уанышын, м??ын ?кілі домбыра ??діретімен к?й ар?ылы жеткізді.

2-о?ушы:        Та?дырды? т?лкегіне сиынба?ан,

Сезімі ??ба жонда ??йында?ан.

??латпай кейінгіге жеткізер деп

Сеніпті-ау домбыра?а к?йін далам.

Мінекей сол домбыра - м?рам ?т?ан,

Е?істі, е?селіні, ?ияны ???ан.

Елімні? ?зі болып, с?зі болып,

Демігіп са?асынан жыр а?ыт?ан.

1-о?ушы:       Мектебімізді? жас маман м??алімі Т?легенова Назерке, ?аршы?а Ахмедияровты? к?йі «К?ткенде»

2-о?ушы:  ?н «Домбыра туралы баллада» орындайтын Д?улет?ызы Назым.

1-о?ушы: Б?гінгі ?рпа?, біздер домбыраны ?асиетті м?ра деп есептеуіміз керек. ?олына домбыра ?стап халы?ты? ?нерді?, домбыраны? ??діретін паш ететін ?йгілі ?нші-к?йшілеріміз ?аншама! Осы ж?рекке туыс ?н ?азір ?р бала ?олына домбыра алса, рахаттанып сала береді, ?асырдан ?асыр?а ?тіп келе жат?ан ж?рекжарды сыр?атолы ?уенмен ж?здеседі.

2-о?ушы: Хал?ыны? тарихын, хал?ыны? інжу-маржанын с?йер ?ауым ша?ыра? пен бесікке, от жан?ан оша??а ж?не домбыра?а бас иеді, ?адірін т?сірмей ?астерлеп оны ??уы ?ажет. Домбыра - тім ?ріден, ??мда ізі, ?а?азда с?зі ?алма?ан алыс ата- бабаларды? б?гінге, келешекке ?алдыр?ан а?жолды аманаты.

1-о?ушы:       Б?л к?н т?ра?ты орын алып т?рден,

?р ?йді? санасына жары? берген.

Домбыра сырын жайып сан?асырды?

 Зар - м??ын балаларды? алып келген.

Т?гілтіп к?мейі?нен н?рын далам,

Шертеді сан алуан сырын ма?ан.

Осындай к?н с?улелі са?аттарда.

?зі? боп к?й т?геді б?гін ?алам.

2-о?ушы:       Ты?даса? сені к?нде т?леп ?шам,

Кезіккен ?р адамды к?ле ??шам,

Си?ызып бар сезімін шана?ына

Н?р т?ккен ?аза?ымны? ж?регі сен.

Домбыра, осы к?йден тайма д?йім,

Жар?ырат жан с?улесін айнадайын.

?келген сені емірге керік ?ылып Данышпан бабамыздан айналайын!

1-о?ушы: М??алімдер ансамбльі «Тои тол?ау» «Адай»

?орытынды: Ойымызды т?йіндей келе, «Домбыра-?аза?ты? ?асиетті д?ниесі. Оны тарта алмаса? да ?адірлей біл. Себебі баланы? бойына халы?ты? рухани байлы?ын сі?іру домбырадан басталады. Домбыраны? сырлы сазына ауызданба?ан бала уызы жарыма?ан к?терме ?озыдай болады. Домбыраны ?астерлей білмеген ?аза?ты? баласы ту?ан хал?ыны? жанын білмейді. Ал халы?ты? жанын тусінбеу деген - тамыры шабыл?ан а?ашпен те?. Ондай а?аш жапыра? жайып, саяда болмайды,жеміс те бермейді» деген Бауыржан  Момыш?лыны? аталы с?зімен т?мамда?ым келеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Домбыра халы? ж?регіні? айнасы »

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Шиелі аудандық балалар әуез мектебінің Домбыра сыныбының мұғалімі Бимурзаева Куралай Абдисаматкызы

Домбыра халық жүрегінің айнасы

Мақсаты: Оқушыларға домбыраның өмірлік қажеттілігі мен өзектілігін түсіндіру; домбыраны қастерлеу арқылы халықтың рухани байлығын сіңіру және өз халқының жанын түсіну.

Міндеті: ұлттық өнерді қастерлеуге.құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: плакаттар,буклет,нақыл сездер.сөз жұмбақ.

Тәрбие сабақтың барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі.Ел аузында мынадай аңыз бар.

Ертеде қылышынан қан тамған қаһарлы ханның жалғыз бойжеткен қызы басқа бір хан баласына атастырылып қойғанына қарамастан кедей жігітке ғашық болып көңіл қосып журеді екен. Мұны біліп қойған хан жігітті дереу дарға астыртады. Жігіт құрбан болғаннан кейін әлгі қыз мезгіліне жетпей бір ұл, бір қыз табады. Ашуға булыққан хан қос сәбидің көзін құртуды мыстан кемпірге тапсырады. Мыстан кемпір өмірге жана келген сәбилерді жапан түзуге апарып, жап-жасыл мәуелі қарағаштың басына қызды шығысқа, ұлды батысқа қаратып іліп кетеді. Нәрестелердің көз жасы тамған ағаш бұтақтары бірте-бірте қуара бастайды. Қос жүрек соғуын тоқтатқанда, бәйтерек те өсуін доғарады.

Бөпелерін аңсаған анасы оларды іздеп жолға шығады. Бармаған жері, баспаған тауы қалмайды. Күлкісіз күндер, ұйқысыз түндер, арманмен айлар, жылаумен жылдар өтеді.

Бірде діңкесі кетіп шаршаған ол әбден қуарып, шіруге айналған биік ағаштың түбіне келіп қисаяды.¥йықтап кеткен оны әлдебір саз, сиқырлы әуен оятады.Құлақ түріп тыңдаса «ән салып» қасындағы биік ағаш екен. «Бұл бір қасиетті ағаш болды деп, ол күнде бәйтеректің түбіне түнеп, сырлы әуен естіп, көңіл жұбатып тынығып жүреді. Самал жел шығыстан соқса ағаштан ащы, зарлы, ал батыстан соқса мұңды, қоңыр үн естіледі.

Бір күні қатты дауыл тұрып қарағаш құлайды. Ағаштың зарлы күйі жел екілене соққан сайын күшейе түседі. Сорлы ана оның құпиясын білмек болып зер сала тексереді.Қараған жуан түбінен жіңішке басына дейін қуыс екен. ¥шар басынан екі жағында бұтақтан бұтаққа керіліп қалған ішектеркөзге ілінеді. Батыс жағындағы ішек бостау, ал шығыс жағындағы ішек қатты тартылыпты.

Егізінің өлімінен хабары жоқ мұңлық енді ағаштан күйдің қалай шығатынын түсінеді де, өзі де қуыс ағаштан аспап жасап алып, манағы екі ішекті соған тартады. Шертіп көрсе құлақ тұндырар керемет үн шығады.Зарлы бейбақ бостау тартылған ішекті үні мұңды шығатындықтан «ұлым Мұңлық», тым ащы, зарлы шығатындықтан қатты тартылған ішекті «қызым Зарлық» деп атап, күндіз-түні қолынан тастамай күй шығарып, ел кезіп кеткен екен.

Мінекей, екі ішекті домбыраның дүниеге келуіне байланысты шыққан аңыз осылай сыр толғайды.

Ал домбыра атауы қайдан шыққан?

Бүгінге дейін бүл сөздің шығуы жөнінде дәл пікір жоқ. Қазақ музыкалық аспаптану ғылымының негізін қалаушы академик Ахмет Жұбанов «Кейбір деректерде "домбыра" сөзі арабтың "дунбахи бурра" тіркесінен, яғни "қозықұйрық" деген сезінен қалыптасқан» дейді. Шындығында домбыраның тұрпаты қозының құйрығына ұқсайды. Енді бір зерттеушілер "домбыра" атауы "Демвира" деген қыз атынан шыққан болуы керек деп топшылайды.

Күй: Қайрақбай «Молқоңыр»

Енді сөз кезегін оқушыларға берейін.

1-оқушы: домбыра-қазақтың бас аспабы, ұрпақтан ұрпаққа бабамыздың кезіндей аманатқа қалдырылып,осы уақытқа дейін қылы қисымай жеткен халқымыздың көне мұрасы.

2-оқушы: домбыра асқақтата ән салып.күмбірлетіп күй төккен өнерпаз халқымыздың асылынан артық қастерлеп үкі таққан, жалғызындай аялап қақ төріне ілген ең қымбат, ең сүйікті музыкалық аспаптардың бірі.

1-оқушы:Алатау күй тыңдалады ауылдай боп,

Тас балқып, толқып жатты бауырдай боп.

Аңқылдап алтын жүрек домбырадан,

Құйып тұр жазғы жылы жауындай боп.

2-оқушы: Құлпыртып бәйшешекті кетті шалқып,

Аққудай көкте күйлеп, көлде қалқып.

Ақтарып, лекілдетіп,лепілдетіп,

Талдырып, тамшылатып, сығып сарқып.

Күй: А.Желдібаев «Ерке сылқым» орындайтын Балтабай Табиғат.

1-оқушы: біздің халық ән құмар халық.....Біреулер қолына домбыра ұстап ән сала бастаса, ойдағы қырдағы жиналып, сегіздегі бала, сексендегі шалына дейін қалмай қамалап, айтшы-айтшылап жанын жағасына келтіреді. Бара бара не болса да сол әндегі рух сүйегіне сіңеді, құлағында қалады.

2-оқушы: терме

Сөз жұмбақ: «Домбыра»

1.Құрманғазының шәкірті

2.Ұлттық аспаптың бір түрі

3.Домбыра құрлысының бір түрі

4.Динаның күйі

5.Құрманғазының күйі

6.Қазақ опера әншсі

7.Ұрмалы аспаптарының бірі

Күй: Құрманғазы «Бозшолақ» орындайтын Сұмағұлова Наркес

2-оқушы: Домбыраны қолға алып

Күйшілерше шертейік.

Әсем әуен сазымен

Біз өнерді жалғайық.

Бишілерше бұралып Дөңгелене билейік.

1-оқушы: Би: «Еркеназ» тобы Биші қайың

1-оқушы: XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған музыкалық аспап екі ішекті домбыра болды. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр сүймелдеу үшін қолданылса, енді жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптар қатарына қосылды. Домбыра тіпті сонау орта ғасырда белгілі болған. Сол кезде Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Бәсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан еді. Бұлар бармағына бал тамған майталман домбырашы болумен бірге небір ғажап күй шығарған шын мәніндегі өнер иелері болды. Бұл адамдар сол кездегі халық қуанышын, мұңын үкілі домбыра құдіретімен күй арқылы жеткізді.

2-оқушы: Тағдырдың тәлкегіне сиынбаған,

Сезімі құба жонда құйындаған.

Құлатпай кейінгіге жеткізер деп

Сеніпті-ау домбыраға күйін далам.

Мінекей сол домбыра - мұрам ұтқан,

Еңісті, еңселіні, қияны ұққан.

Елімнің өзі болып, сөзі болып,

Демігіп сағасынан жыр ағытқан.

1-оқушы: Мектебіміздің жас маман мұғалімі Төлегенова Назерке, Қаршыға Ахмедияровтың күйі «Күткенде»

2-оқушы: Ән «Домбыра туралы баллада» орындайтын Дәулетқызы Назым.

1-оқушы: Бүгінгі ұрпақ, біздер домбыраны қасиетті мұра деп есептеуіміз керек. Қолына домбыра ұстап халықтың өнердің, домбыраның құдіретін паш ететін әйгілі әнші-күйшілеріміз қаншама! Осы жүрекке туыс үн қазір әр бала қолына домбыра алса, рахаттанып сала береді, ғасырдан ғасырға өтіп келе жатқан жүрекжарды сырғатолы әуенмен жүздеседі.

2-оқушы: Халқының тарихын, халқының інжу-маржанын сүйер қауым шаңырақ пен бесікке, от жанған ошаққа және домбыраға бас иеді, қадірін түсірмей қастерлеп оны ұғуы қажет. Домбыра - тім әріден, құмда ізі, қағазда сөзі қалмаған алыс ата- бабалардың бүгінге, келешекке қалдырған ақжолды аманаты.

1-оқушы: Бұл күн тұрақты орын алып төрден,

Әр үйдің санасына жарық берген.

Домбыра сырын жайып санғасырдың

Зар - мұңын балалардың алып келген.

Төгілтіп көмейіңнен нұрын далам,

Шертеді сан алуан сырын маған.

Осындай күн сәулелі сағаттарда.

Өзің боп күй төгеді бүгін ғалам.

2-оқушы: Тыңдасаң сені күнде түлеп ұшам,

Кезіккен әр адамды күле құшам,

Сиғызып бар сезімін шанағына

Нұр төккен қазағымның жүрегі сен.

Домбыра, осы күйден тайма дәйім,

Жарқырат жан сәулесін айнадайын.

Әкелген сені емірге керік қылып Данышпан бабамыздан айналайын!

1-оқушы: Мұғалімдер ансамбльі «Тои толғау» «Адай»

Қорытынды: Ойымызды түйіндей келе, «Домбыра-қазақтың қасиетті дүниесі. Оны тарта алмасаң да қадірлей біл. Себебі баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру домбырадан басталады. Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала уызы жарымаған көтерме қозыдай болады. Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді. Ал халықтың жанын тусінбеу деген - тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып, саяда болмайды,жеміс те бермейді» деген Бауыржан Момышұлының аталы сөзімен тәмамдағым келеді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Домбыра халы? ж?регіні? айнасы

Автор: Бимурзаева Куралай Абдисаматкызы

Дата: 19.09.2015

Номер свидетельства: 231804


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства