Просмотр содержимого документа
«Мемлекеттік тіл-мені? тілім! »
Сабақтың тақырыбы:
«Мемлекеттік тіл – менің тілім»
Мұғалім: Ибраева Г.Б.
Зерноград негізгі мектебі 2013-2014 оқу жылы
Күні: 10.09.2013ж
Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тіл – менің тілім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: өзге ұлт балаларын мемлекеттік тілімізді қадірлеуге , мәртебесін биік ұстауға баулу. Грамматикалық тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.
Дамытушылық: Қазақ тілі туралы мақал-мәтелдер, өлең, тақпақ,сөзжұмбақ шешу, нақыл сөздер үйрету арқылы оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын молайту.
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, мәдениетті, сауатты болуға тәрбиелеу.
І. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу.
(ҚР Мемлекеттік Гимнін орындау)
Кезекшімен сұхбаттасу
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа тақырып. Мағынаны ашу.
4. Жаңа сөздермен танысайық.
5. Оқулықпен жұмыс
6. Сергіту сәті. «Кел, ойнайық»
7. Грамматикалық тапсырмалар
8. Қорытындылау, бағалау (Ой толғаныс)
9. Үйге тапсырма
Сабақтың айдары:
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Біздің тіліміз ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттік рәміздердің бірі болып табылады
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» деген сөзді қалай түсінесіңдер
(ой толғау. Оқушылар жауабы)
Бүгінгі сабағымыз тілдер мерекесіне арналады.Ата заңымызда бекітілген тіл туралы заңдарға тоқталып кетейік.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың саясаты әрбір халықтың тілі, мәдениеті, салт-дәстнрінің дамуына бағытталған.Қазақстан –көп ұлтты мемлекет.Қазақстанда тұратын әрбір ұлт өкілдері мемлекеттік тіл-қазақ тілін білуге міндетті.
“Тіл туралы заң”
1989 жылы 22 қыркүйекте “Тіл туралы заң” қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін алды.
Ал Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес 22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні ретінде аталып келеді.
Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды. Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі» делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жарлығына сәйкес 22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні деп жарияланған. Тіл - халықтың ұлттық мақтанышы, атадан балаға қалған мұрасы. Мемлекеттік тілді білу - әрбір азаматтың парызы.
Деңгейлік тапсырмалар:
ІІІ деңгей
1. Мәтін бойынша 5 сұрақ дайындаңдар.
2. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар:
ІІ деңгей
1. Мәтін бойынша диалог құраңдар.
2. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар: Республикасының, халықтары.
І деңгей
1. Мәтінді мазмұндаңдар.
2. Берілген сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді табыңдар:
1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев жарлығына сәйкес 22 - кыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні деп жарияланған.
3-тапсырма. Сурет бойынша мақал – мәтелдерді толықтырыңдар.
4-тапсырма. « Кел, ойнайық» СТО
5-тапсырма. Фонетикалық талдау.
Сұрақ - жауап.
1“Тіл туралы заң” қай жылы қабылданды?
Қазақ тілі қандай мәртебе алды?
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығы қай жылы қабылданды?
22 - қыркүйек қандай күн?
5(.Үш тілде) Балалар , біз «50 бәсекелес» елдің қатарына қосылу үшін үш тілде дұрыс сөйлей білуіміз керек.
Қазақ тілі-мемлекетттік тіл.
Орыс тілі- ұлт аралық тіл.
Ағылшын тілі-техника тілі.
Оқушылар ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің «Үш бақытым » өлеңін тізбектеп оқып шығады.
VІ. Рефлексия (Қорытынды):
VIІ. Бағалау.
Үй тапсырмасы: жаңа сөздерді қайталау, «Тіл туралы» заңының 7,3,4 баптарын жаттау.