«?аза?стан ?лемде жо?ары білімді, хал?ы ?ш тілді де: ?аза? тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ?лтаралы? ?атынас тілі ретінде ж?не а?ылшын тілін – жа?анды? экономика?а н?тижелі ?туді? к?мекші тілі ретінде еркін ме?герген ел болып танылуы керек». Н.?. Назарбаев «Жа?а ?лемдегі жа?а ?аза?стан»
Біз білім беру саласыны? ?зекті м?селелерін ?айта ?арастыруды талап ететін, адам ?ызметіні? барлы? салалары жа?андану ?дерісін кешіп жат?ан д?уірде ?мір с?ріп ж?мыс істейміз. Сонды?тан, б?гінгі та?да а?паратты? ж?не коммуникативтік ??зыреттілікпен ?атар к?пм?дениеттілік те жа?анды? білім беру ?ауымдасты?ыны? тануынша білім ке?істігін ?алыптастыруда?ы басты ба?ыттарды? бірі болып саналады.
«Жеті т?рлі білім біл,жеті ж?ртты? тілін біл», депдана хал?ымыз айт?андай, білім беру саласында ?ол жеткізілген бітімні? м?ні о?ушылар ?шін білімні? де, да?дыларды? да те? д?режеде ма?ызды екендігіне саяды. Заманауи т?сілді? е? негізгі ерекшелігі – о?ушыларды? ал?ан білімдерін жай ?ана иеленіп ?оймай, оларды орынды жерде ?олдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал XXI ?асырда талап етілетін да?дыларды? м?ні осында.
Орта білім беру ж?йесінде ?лемдік жо?ары де?гейге ана??рлым танымал о?ыту ?дістемелері арасында сындарлы ( конструктивті) теория?а негізделген т?сіл ке? тара?ан. О?ытуды? сындарлы теориясы о?ушыларды? ойлауын дамыту, оларды? б?рын?ы ал?ан білімдері мен жа?а немесе сыныпта?ы т?рлі дерек к?здерінен, м??алімнен, о?улы?тан ж?не достарынан ал?ан білімдерімен астастырыла ж?зеге асады деген т?жырым?а негізделеді.
Сындарлылы? теориясына негізделген о?ытуды? ма?саты – о?ушыны? п?нді тере? т?сіну ?абілетін дамыту, ал?ан білімдерін сыныптан тыс жерде, кез – келген жа?дайда тиімді пайдалана білуін ?амтамасыз ету.
?зге ?лт ?кілдеріне мемлекеттік тілді ме?гертуде «диалогтік о?ыту» ма?ызды р?л ат?арады. Диалог саба?та о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттырумен ?атар, оларды? білім де?гейіні? ?суіне ?лес ?осады. Диалогтік о?ытуда о?ушылар бір-бірімен ?арым- ?атынас жасай отырып, ж?ргізілген ж?мыс балаларды? о?уына ж?не танымды? дамуына ?сер етеді.
1934 жылды? ?зінде-а? Выготский ?зіні? «Ой мен тіл» атты е?бегінде о?у ?шін ??гімелесуді? ма?ызды екендігін тілге тиек еткен. Выготскийді? о?ыту моделі о?ушы диалог ??ру н?тижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сонды?тан, о?ушыны? білім де?гейін дамыту?а ?леуметтік ?олдау к?рсетуде м??алімні? р?лі ерекше. О?ушыларды? к?бірек білетін бас?а адамдармен, ?рине, б?л р?лдерде сыныптастары мен м??алімдері болуы м?мкін, диалог ж?ргізу м?мкіндігі бол?ан жа?дайда, о?ыту же?іл болма?.
Тіл – т?жірибені ?жымды? ?абылдауды? негізгі ??ралы. Негізінде, білім алу диалог ар?ылы беріледі де, о?ушыларды? сыныпты? ж?мыста?ы ?зара байланыс пен келіспеушілікті ?абылдау де?гейін білдіретін ?ызметті? диалогпен ?алайша жанасатынына байланысты болады. М??аліммен ж?не бас?а о?ушылармен ??гімелесу – о?ушыны? ?ызмет белсенділігін ?амтамасыз ететін ж?не т?сінігін дамытатын ма?ызды ??рал. О?ушылар?а сыныпта ?рт?рлі т?сілдер ар?ылы ж?ргізілген ж?не ке?ейтілген диалогтар?а ?атысу?а м?мкіндік берілгенде, олар ?зіндік жеке т?сініктеріні? ?рісін зерттей алады. Б?л м?мкіндіктер оларды? тілді білімді ??ру ??ралы ретінде ?олдануды? жа?а т?сілдерін т?жірибесінен ?ткізуіне жол ашады.
Диалогтік о?ыту – ?арым – ?атынас жасауды? бірсарынды ?дерісі емес, керісінше, ??гіме барысында идеялар екіжа?ты ба?ытта ж?ріп, соны? негізінде о?ушыны? білім алу ?дерісі ал?а жылжитын белсенді ?деріс. Диалог барысында о?ушылар (сонымен ?атар оларды? м??алімдері де) келісілген н?тижеге жету ?шін к?ш- жігерін ж?мсайтын, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында те? ???ылы серіктестіктер болып табылады. Пікір алмасу – о?ушылармен диалог ??ру ар?ылы іске асады, дегенмен оны о?ушылар бірлескен зерттеу барысында да аны?тай алады.
Зерттеуші Мерсер сыныпта тал?ылау кезінде д?йектеуді? ?ш т?рін аны?тады:
- Зерттеушілік ??гіме, ?сыныстар жайында к?м?н туып, ?арсы дау айтылып, негізделген д?лел мен сын т?р?ысынан ойлау ар?ылы жал?асады.
Зерттеу ж?мыстарын талдау барысында о?ушыларды? білім алуы, ты?дауы ж?не
с?йлеуі арасында?ы байланыс аны?талады. Зерттеушілік ??гіме барысында о?ушылар ?з сыныптастарымен ша?ын топтарда ж?мыс істейді. Оларда орта? проблема болады, б?л м?селе бойынша бірлескен т?сінік ?алыптастырылады. Бас?аша айт?анда, о?ушылар бірге ойланады. О?ушылар зерттеушілік ??гімеге тартыл?анда, ?з ойларын дауыстап айтады; болжамдар ?сынып, тал?ылайды. Тал?ылау кезінде олар «м?мкін», «егер», «б?лкім» деген сия?ты с?здерді ?олданып, ?з идеясын д?лелдеу ?шін «сонды?тан» деген с?зді пайдаланып, топ тарапынан ?олдау ?ажет бол?анда «солай емес пе?» деген с?ра??а с?йенеді.
Осындай сценарий бойынша о?ушылар бір-бірін ты?дап, ?з жауаптарын талдайды. Б?лай ж?мыс істеген о?ушыларды? д?лелдері пікір алмасуды? н?тижесі болып шы?ады.
Балалар зерттеушілік ??гіме ж?ргізе алатын ортада о?у жетіле бермек. О?ушылар б?ндай ортада ж?мыс істегенде ??гімелеріне ?арай оларды? ой-пайымдары да ай?ындала т?седі, ?рі м??алімдері мен ??рдастарыны? к?мегімен одан ?рі дамытылуы м?мкін. Со?ан ?арамастан, б?ндай ??гіме ж?ргізу да?дылары о?ушылар?а жайдан-жай келе салмайды, балалар бірлескен ??гімені? м?нін ??ынып, ?абылдауы ?шін м??алімдерге оларды ба?ыттап отыру керек болады.
С?ра? ?ою – ма?ызды да?дыларды? бірі болып табылады, себебі: с?ра? д?рыс ?ойыл?ан жа?дайда о?ытуды? тиімді ??ралына айналады ж?не де о?ушыларды? о?уына ?олдау к?рсетіп, оны жа?сарта ж?не ке?ейте алады. О?ушыларды? та?ырыпты т?сінуіне ?ол жеткізу ?шін м??алімдер с?ра?ты? екі т?рін: т?мен д?режелі ж?не жо?ары д?режелі с?ра?тарды ке? ?олданады. Кей кездері т?мен д?режелі с?ра?тарды «жабы?» с?ра?тар деп те атайды. Олар жаттап алу?а ба?ыттал?ан ж?не де о?ан берілген жауап «д?рыс» немесе «д?рыс емес» деп ба?аланады. Ал жо?ары д?режелі с?ра?тар ?ойыл?анда, о?ушылар а?паратты белгілі бір жолдармен ?олдану?а, ?айта ??ру?а, ке?ейтуге, ба?алау?а ж?не талдау?а тиіс болады. Тиімді педагогика аясында б?л с?ра?тарды? екеуі де ?олданылады, тек ?ойылатын с?ра?ты? т?рі оны? ма?сатына ?арай ?згеріп т?рады. Оны? ?стіне, с?ра?ты о?ушыларды? білім алу ?абілеттеріне с?йкес болатындай етіп ??ру ?ажет. Т?рлі м?мкіндіктерге ж?не т?рлі о?ушылар?а ?арай с?ра?тарды саралау?а болады. О?ушыны? білім алуын ?олдау ?шін с?ра? ?оюды? т?рткі болу, сына?тан ?ткізу ж?не бас?а?а ба?ыттау сия?ты ?рт?рлі т?сілдерін пайдалану?а болады.
Т?рткі болу: т?рткі болу?а арнал?ан с?ра?тар бірінші жауап алу ?шін ж?не о?ушыны? жауабын т?зетуге к?мектесу ?шін ?ажет, айталы?, с?ра?ты ?арапайым етіп ?ою, ?ткен материал?а оралу, ой?а салу, д?рысын ?абылдау ж?не толы?ыра? жауап беруге итермелеу.
Сына?тан ?ткізу: сына?тан ?ткізуге арнал?ан с?ра?тар о?ушылар?а ана??рлым толы? жауап беруге, ?з ойларын аны? білдіруге, ?з идеяларын дамыту?а к?мектесетіндей етіп ??рылуы ?ажет, сондай-а? «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» деген сия?ты с?ра?тар тапсырманы орындау барысында о?ушы?а ба?дар беріп отырады.
Бас?а?а ба?ыттау: с?ра?ты бас?а о?ушылар?а ?айта ба?ыттау, мысалы, «к?мектесе алатындар бар ма?»
??гіме ж?не ой елегінен ?ткізу к?мегімен ойын жина?тау?а к?мек береді, іс- ?рекеттерін тере?детеді ж?не шо?ырландырады;
О?ытуды ?иындатып, кедергі келтіретін ?иынды?тар мен т?сінбестіктерді аны?тайды.
Диалогтік о?ыту ?дісін к?нделікті саба?та ?олдану керек. Оны? себебі: мемлекеттік тілді ме?гертуде «диалогтік о?ыту» ?дісіні? тигізер ?сері мол, ?рі тиімді.
Саба?та ж?пты? ж?мыс, топты? ж?мыс, жеке ж?мыс т?рлерін ?олдана отырып, м?тінмен ж?йелі ж?мыс жасау керек. М?тінді аз уа?ыт ішінде диалог ар?ылы ме?гертуге болады. Ол ?шін м?тін топ санына ?арай б?ліктерге б?лінеді. ?р топ ?з б?лігін ме?геріп, топты? бір м?шесі келесі топ?а барып ?з т?сінігін айтады. Осылай бір-біріне ауысуы ар?ылы м?тін т?гел ме?геріледі.
С?ра?-жауап ?дісі – о?ушыларды? та?ырып бойынша ?з ойларын білдіруіне м?мкіндік береді. С?ра? ??растыру, о?ан жауап іздеу – о?ушы ойыны? дамуына, ізденіске т?суіне т?рткі болады.
Та?ырып бойынша диалог ??растыру, я?ни, екі адамны? с?йлесуі – барлы? о?ушыларды ?амту?а, ?аза? тілінде шебер с?йлеуге м?жб?рлейді. Б?л ?діс ар?ылы м??алімдер о?ушыларды? ?андай де?гейде ?аза? тілін білетіндігін бай?ау?а м?мкіндік туады.
Постермен ж?мыс – та?ырыпты ашуды? тиімді т?сілі. Ж?мыс барысында о?ушылар т?рлі идея тастап, оны д?лелдеу ?шін е?бек етеді. О?ушыны? ойлануы, ол ойын жеткізуі тілді ме?геру ?шін ?те тиімді. Постерді ?ор?ау – шешендік ?нерді ?ажет етеді.
Диалогтік о?ытуды ?олдану ар?ылы о?ушыларда ынта пайда болып, ?з ойларын айту?а бейімделе бастайды. Топты? ж?мыста бірлесіп, ынтыма?тасты?пен ж?мыс істеуге да?дыланады. О?ушылар бір-бірінен ?йреніп, білмегендеріне к?мек к?рсету барысында ?з білімдерін жетілдіріп отырады. ?з бетімен жасай алмайтын тапсырмаларды бірлесіп орындау ар?ылы н?тижеге ?ол жеткізеді. Диалогтік о?ыту немесе с?ра? беріп, жауап алу барысында о?ушылар бір н?тижеге жету ?шін бар білімін салып, бірлесіп, ж?птасып, топтасып ой б?лісіп, пікір алмасады. Диалогтік с?йлесуде о?ушылар тере? ойлап, к?рделі тапсырмаларды шешуге, берілген с?ра?тар?а д?рыс жауап бере білуге, с?з жарыстыра ж?ргізуге (дебат), достарымен, бауырларымен ж?не ту?ан-туыстарымен тіл табысу?а ?йренеді. Диалог ж?ргізу кезінде о?ушылар сыни т?р?ыдан ойлап, зерттеу ж?мыстарын ж?ргізуге ?абілетті бола т?седі. Диалогтік о?ыту о?ушыларды? саба??а деген ?ызы?ушылы?ын арттырумен ?атар білім сапасыны? к?терілуіне к?птеп к?мегін тигізеді.
?орыта айт?анда, о?ушыларды? білетіндігін ж?не білмейтіндігін аны?тау ?шін жа?сы ?арым-?атынасты?, тілдік да?дылар ж?не т?сіністікпен ?арау талап етіледі. Диалогтік с?хбаттасу – м??алімдер де, о?ушылар да білім алу?а ?ома?ты ?лес ?осатын ?зара іс-?имылды? шын м?ніндегі тиімді т?рі болып табылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Заманауи ?діс-т?сілдер ар?ылы мемлекеттік тілді ме?гертуді? жолдары»
Заманауи әдіс-тәсілдер арқылы мемлекеттік тілді меңгертудің жолдары Джуманова Светлана Аманжоловна Шалқар қаласы, №2 мектеп-гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек». Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
Біз білім беру саласының өзекті мәселелерін қайта қарастыруды талап ететін, адам қызметінің барлық салалары жаһандану үдерісін кешіп жатқан дәуірде өмір сүріп жұмыс істейміз. Сондықтан, бүгінгі таңда ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілікпен қатар көпмәдениеттілік те жаһандық білім беру қауымдастығының тануынша білім кеңістігін қалыптастырудағы басты бағыттардың бірі болып саналады.
«Жеті түрлі білім біл,жеті жұрттың тілін біл», депдана халқымыз айтқандай, білім беру саласында қол жеткізілген бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі – оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал XXI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы ( конструктивті) теорияға негізделген тәсіл кең тараған. Оқытудың сындарлы теориясы оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.
Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез – келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгертуде «диалогтік оқыту» маңызды рөл атқарады. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады. Диалогтік оқытуда оқушылар бір-бірімен қарым- қатынас жасай отырып, жүргізілген жұмыс балалардың оқуына және танымдық дамуына әсер етеді.
1934 жылдың өзінде-ақ Выготский өзінің «Ой мен тіл» атты еңбегінде оқу үшін әңгімелесудің маңызды екендігін тілге тиек еткен. Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ.
Тіл – тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім алу диалог арқылы беріледі де, оқушылардың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс пен келіспеушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал. Оқушыларға сыныпта әртүрлі тәсілдер арқылы жүргізілген және кеңейтілген диалогтарға қатысуға мүмкіндік берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олардың тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибесінен өткізуіне жол ашады.
Диалогтік оқыту – қарым – қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, әңгіме барысында идеялар екіжақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш- жігерін жұмсайтын, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестіктер болып табылады. Пікір алмасу – оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.
Зерттеуші Мерсер сыныпта талқылау кезінде дәйектеудің үш түрін анықтады:
- Әңгіме – дебат, оқушылар бәсекеге қабілетті, басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды қаламайды;
- Кумулятивтік әңгіме, мұнда оқушылар бір-бірінің үлесін сынамайды және сындарлылыққа негізделеді;
- Зерттеушілік әңгіме, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сын тұрғысынан ойлау арқылы жалғасады.
Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және
сөйлеуі арасындағы байланыс анықталады. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырылады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.
Осындай сценарий бойынша оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды. Бұлай жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады.
Балалар зерттеушілік әңгіме жүргізе алатын ортада оқу жетіле бермек. Оқушылар бұндай ортада жұмыс істегенде әңгімелеріне қарай олардың ой-пайымдары да айқындала түседі, әрі мұғалімдері мен құрдастарының көмегімен одан әрі дамытылуы мүмкін. Соған қарамастан, бұндай әңгіме жүргізу дағдылары оқушыларға жайдан-жай келе салмайды, балалар бірлескен әңгіменің мәнін ұғынып, қабылдауы үшін мұғалімдерге оларды бағыттап отыру керек болады.
Сұрақ қою – маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі: сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кең қолданады. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екеуі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Оның үстіне, сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға қарай сұрақтарды саралауға болады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сияқты әртүрлі тәсілдерін пайдалануға болады.
Түрткі болу: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.
Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге , өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, сондай-ақ «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырады.
Басқаға бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, «көмектесе алатындар бар ма?»
Оқытудың диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:
Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;
Білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауына көмектеседі;
Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне , басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;
Әңгіме және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс- әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;
Оқытуды қиындатып, кедергі келтіретін қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды.
Диалогтік оқыту әдісін күнделікті сабақта қолдану керек . Оның себебі: мемлекеттік тілді меңгертуде «диалогтік оқыту» әдісінің тигізер әсері мол, әрі тиімді.
Сабақта жұптық жұмыс, топтық жұмыс, жеке жұмыс түрлерін қолдана отырып, мәтінмен жүйелі жұмыс жасау керек. Мәтінді аз уақыт ішінде диалог арқылы меңгертуге болады. Ол үшін мәтін топ санына қарай бөліктерге бөлінеді. Әр топ өз бөлігін меңгеріп, топтың бір мүшесі келесі топқа барып өз түсінігін айтады. Осылай бір-біріне ауысуы арқылы мәтін түгел меңгеріледі.
Сұрақ-жауап әдісі – оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді. Сұрақ құрастыру, оған жауап іздеу – оқушы ойының дамуына, ізденіске түсуіне түрткі болады.
Тақырып бойынша диалог құрастыру, яғни, екі адамның сөйлесуі – барлық оқушыларды қамтуға, қазақ тілінде шебер сөйлеуге мәжбүрлейді. Бұл әдіс арқылы мұғалімдер оқушылардың қандай деңгейде қазақ тілін білетіндігін байқауға мүмкіндік туады.
Постермен жұмыс – тақырыпты ашудың тиімді тәсілі. Жұмыс барысында оқушылар түрлі идея тастап, оны дәлелдеу үшін еңбек етеді. Оқушының ойлануы, ол ойын жеткізуі тілді меңгеру үшін өте тиімді. Постерді қорғау – шешендік өнерді қажет етеді.
Диалогтік оқытуды қолдану арқылы оқушыларда ынта пайда болып, өз ойларын айтуға бейімделе бастайды. Топтық жұмыста бірлесіп, ынтымақтастықпен жұмыс істеуге дағдыланады. Оқушылар бір-бірінен үйреніп, білмегендеріне көмек көрсету барысында өз білімдерін жетілдіріп отырады. Өз бетімен жасай алмайтын тапсырмаларды бірлесіп орындау арқылы нәтижеге қол жеткізеді. Диалогтік оқыту немесе сұрақ беріп, жауап алу барысында оқушылар бір нәтижеге жету үшін бар білімін салып, бірлесіп, жұптасып, топтасып ой бөлісіп, пікір алмасады. Диалогтік сөйлесуде оқушылар терең ойлап, күрделі тапсырмаларды шешуге, берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере білуге, сөз жарыстыра жүргізуге (дебат), достарымен, бауырларымен және туған-туыстарымен тіл табысуға үйренеді. Диалог жүргізу кезінде оқушылар сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілетті бола түседі. Диалогтік оқыту оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырумен қатар білім сапасының көтерілуіне көптеп көмегін тигізеді.
Қорыта айтқанда, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынастық, тілдік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. Диалогтік сұхбаттасу – мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.
Пайдаланылғанәдебиеттер:
1. Бұзаубақова Қ.Ж. , «Жаңа педагогикалық технология». Тараз, 2003 жыл
2. Қадашева Қ. «Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері: өзге тілді дәрісханалардағы қазақ тілі». Алматы, 2001жыл
3.Выготский Л.С.«Проблема культурного развития ребенка». Москва,1991 год
4.Мирсеитова С. «Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы»., 1998 жыл
5.Мырзабаева А. «Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері». Алматы, 2005 жыл
6.Рақышова Г.А., Игибаева А.К. «Жаңаша оқыту- жетістік көзі». 2006 жыл
7. «Қазақстан мектебі» журналы, №4. Тұрғынбаева Б. «Шығармашылық қабілеттерін дамыту». 2001жыл 8. Давыдов В.В. «Деятельностная теория мышления». Москва, «Научный мир», 2005 год