Сабақтың мақсаты: " Бірлік" ұғымының адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: - бірлік туралы түсінік беру; - көпшіл болу іскерліктерін дамыту; - бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу. | Ресурстар: ( белсенді тақта, кітап, дәптер, ғаламтор желісінен жаңа ақпараттар, сюжетті суреттер) |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті. Жайлы,баяу музыка қойылады. Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріміздерге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңыға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.....Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде....Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық отыра тұрыңыз.... Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. 1.Үй тапсырмасын тексеру. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал- мәтелдерді аяқтаңдар 1. Ынтымақ түбі- ... 2.Бірлік, ынтымақ- байлық, ... 3....- табылмас бақыт Қажетті сөздер: татулық, береке, бақ. | |
3.Әңгімелеу Ырыс алды ынтымақ Баяғыда бір ақылды қария болыпты, оның тоғыз ұлы бпр екен. Бірақ балалары әкесінің ақылын тыңдамай әрқайсысы өз бетінше жүріп тұрды. Олардың бұл қылығын былайғы жұрт күлкі етеді. Үлкен кішісін аямайды, кішісі үлкеніне ақшия қарайды. Айласы таусылған шал таудан бір құшақ тобылғы әкеліп, балалардың түгел шақырып алады. Содан соң: - Қане балаларым, күштеріңді сынап көрейік, мына тобылғыны тобымен сындырдыңдар,- дейді. Тоғыз ұлы кезектесіп күштерін сынайды.Буылған бір құшақ тобылғыны ешқайсысы сындыра алмай, әбден шаршайды. Қария тобылғының бауын шешіп: Балалары тобылғыны сол заматта шарт шарт бөліп: « Міне сындырдық»,- деп мақтансынады. Шал балаларын отырғызып, нұсқалы сөзін бастайды. Мен сендердің келешектеріңді ойлап қапа боламын. Дұшпандарың көп, ынтымағың жоқ болса, дұшпан сендерді жаңағы жалғыз тал тобылғыдай бырт бырт сындырады. Менің айтарым сол, дейді. Көп ұзамай шал дүниеден өтеді. Балалары ақылға келіп, бірлесіп тіршілік етіп, кем -кетікке көмектесіп, ынтымақты өмір сүреді.» Ырыс алды -ынтымақ» деген сөз содан қалған екен. Оқылған әңгімеге сұрақ- жауап: 1.Қария балаларына бірліктің мәнін қалай ұғындырады? 2. « Бірлік болмай, тірлік болмас» деген мақалды қалай түсінесіңдер? | |