kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Береке – бірлікте, ырыс – ынтыма?та" т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі балалар?а арнал?ан 1-мамыр к?ніне арнал?ан "Береке - бірлікте, ырыс - ынтыма?та" атты т?рбие са?аты. Т?рбие са?аты екінші кіші топтарда?ы балалар?а арнал?ан. Ма?саты: Балаларды? бірлік, ынтыма?тасты? туралы т?сініктерін ке?ейтіп, к?п ?лтты хал?ымызды? тынышты?ы мен бірлігін ны?айту?а ат салысатын азамат болу?а т?рбиелеу.

К?рнекіліктер: ?рандар, ?лтты? костюмдер, ?р-т?рлі ?лттарды? суреті.

(?н ?ран орындалады.)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Береке – бірлікте, ырыс – ынтыма?та" т?рбие са?аты»

Тақырыбы: Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта

Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ұрандар, ұлттық костюмдер, әр-түрлі ұлттардың суреті.

(Ән ұран орындалады.)

Тәрбиеші:

Бірлік пен ынтымағы халықтың -

Көгімізде жарасқан жарық күн!

Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,

Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!

  • дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Береке-бірлікте, ырыс-ынтымақта» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Гүлнәз:

Жан біткендей жас тауға,

Шуақ ойнап арайлы.

Күн күлімдеп аспанда,

Мамыр әні тарайды.

Жайдары жаз түрге еніп,

Жадыратты жанымды.

Жер-дүние тербеліп,

Дала, қала құлпырды.

Мади:

Болсын жер мен су да ортақ.

Болсын біздің ту да ортақ.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Аруна:

Сары, ақпыз, қарамыз,

Бәрімізде баламыз.

Біз Отанда тұрамыз,

Біз мектепке барамыз.

Маис:

Қырғыз, қазақ, өзбектер,

Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,

Армян, тәжік, грузин,

Орыс пенен украин,

Терезесі тең жатыр.

Кәусар:

Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бірімен-бірі туысқан,

Қол ұстасқан ел жатыр.

Хормен:

Отан ортақ,

Жер ортақ,

Еңбекпен қостық тағдырды.

Тәрбиеші:

Отаным ордасы ғой игіліктің,

Көңіліне күн орнатқан күлкі жұрттың.

Шаңырағы кң биіктен Отанымның,

Баянды бағы өрлеген әрбір ұлттың!

-демекші біздің Республикамызда әр ұлшттың өкілдері тұрады.

Жүргізуші:

Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,

Болашақтың қасиетті көзіміз.

Барлық ұлтпен бауыласып жетерміз,

Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз.

  • дегендей XXI ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық болып, еліміздің егемендігі ұзағынан болсын деп тілейміз.

Ән «Достық». Орындайтын: Гүлнәз бен Аида


Тәрбиешіі:

Міне, осындай кең байтақ Республикамыздың егінді даласы, күмісін шашқан көлдері, кенге байтақ өңірі, малға толы өрісі, Қазақстан Республикасының болашақ ұрпағы, келешек азаматтары, сендерге өсиет болып қалады. Елбасының «Қазақстан-2030» бағдарламасында:

«Қазақстан келешекте дамыған мемлекеттердің біріне айналуы үшін мұнда тұратын барлық халықтар өзара достығы мен бірлігін нығайтып, сапалы білім, саналы тәрбие алуға құлшына алу керек» делінген. Балаларды ұлттық киімдермен таныстыру.

Балалардың орындауында «Біз -өмірдің гүліміз!»

Тәрбиеші: Ал балалар кім Отан, бірлік, ынтымақ туралы мақал –мәтелдер біледі.

Медина:

«Бірлік бар да –тірлік бар»,

Бірлік бар жерде, бақыт бар!

Разия:

Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.

Евгений:

Отан –оттан да ыстық.

Сергіту сәті:

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз - бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан.

Ойын: Балалар қане біз «Достық жібі» - деген ойынды ойнайық.

Шарты: Сендер дөңгеленіп жайғасып тұрыңдар. Мен мына қолымдағы жіп орамын Даянаға беремін, жәй бермеймін оған тілек айтып беремін, ал Даяна болса оған да дәл осылай ойлаған тілегін айтып береді.

Мысалы: Маис мен саған бақыт тілеймін.


Қорытындылау: Балалар қанекей қолымызды жоғары көтерейік, жіп орамы арқылы біз тілегіміз бір болып, бір тұтас болғанын көріп тұрамыз. Біз әрқашан біргеміз.

Ал балалар «Біз бақытты балдырған» өлеңін айтайық.


Ақмола облысы

Бұланды ауданы

Макинск қаласы

«Балдырған» мектеп-балабақшасы












Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта»










Өткізген: Бекбаева З. Д








2014-2015 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Береке – бірлікте, ырыс – ынтыма?та" т?рбие са?аты

Автор: Ахметжанова Аягоз Темирбековна

Дата: 27.03.2016

Номер свидетельства: 310835


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства