Мен Малаев Н?рлыбек Серикбаевич 1992 жылы 2 маусымда ?ызылорда облысы, ?арма?шы ауданында д?ниеге келдім. ?лтым ?аза?. 1999 - 2010 жылдар аралы?ында ?арма?шы ауданында?ы №105 А.Жанпейісов атында?ы ?аза? орта мектебінде білім алдым. 2010 - 2013 жылы ?ызылорда облысында?ы "Болаша?" университетіні? колледжіндегі "Информатикадан бастауыш білім беру м??алімі" маманды?ы бойынша білім алдым. 2013 жылы ?арма?шы ауданды? О?ушылар ?йіне "Жайдарлы Жас ?лан" ?йірмесіне ж?мыс?а ?абылдандым.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«К?рініс ашы? саба?»
«Бекітемін»
«___» «________» 2014 жыл
Аудандық оқушылар үйінің
басшысы: Н.Наурызбаева
Сабақтың тақырыбы: Көрініс (СТЭМ)
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік:Үйірме оқушыларына жайдармандағы көрініс сайысы туралы мәлімет беру.
Көрініс сайысының шарттарын, қағидаларын таныстыру. Көрініс кезінде
оқушылардың ақыл – ой қабілетін, актёрлық шеберлігін арттыру;
Ә) Дамытушылық: Көрініс сайысы кезінде оқушылардың тіл байлығын, жайдарманға
деген сүйіспеншілігін, жайдарманшы топ болып жұмыс істеу
дағдыларын дамыту;
Б) Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетімен ізденуге, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу, өз бетімен жұмыс жасауды қалыптастыру;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: білімділік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, видеоролик, ой қозғау т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
ә) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар бейнесайыс туралы өз түсініктерін айтады.
Бейнесайыстың неше түрі бар?
Пародиялық бейнесайысты калай түсінесің?
Оқиғалы фильм (бейнесайыс) қалай түсінесің?
Промо – ролик бейнесайысын қалай түсінесің?
Бейнесайы неше минуттан тұрады?
Оқушылар үй тапсырмасына бейнебаян дайындап келеді.
ІІІ. Өткен білімді тексеру.
Өткен тақырыптар бойынша оқушыларға қайталау сұрақтарын қою?
Жайдарманды қалай түсінесің?
Жайдарман ойыншылары дегенді қалай түсінесің?
Сахналық іс – қимыл дегеніміз не?
Жайдармандағы топтың келбетін қалай түсінесің?
Сәлемдесу сайысы дегеніміз кандай сайыс?
Сәлемдесу сайысында қанша уақыт беріледі?
Сәлемдесу сайысында кем дегенде неше әзілден тұрғаны жөн?
Үй тапсырмасы сайысын қалай түсінесің?
Үй тапсырмасында неше көріністен аспауы тиіс?
Жамбы ату сайысын қалай түсінесің?
Бұл сайыстың орысша баламасы? (Биатлон)
Бес жаңалық сайысы дегеніміз қандай сайыс?
Бір әуен аясында деген сайысты қалай түсінесің?
ІҮ. Жаңа білімді меңгерту. Теориялық бөлім.
КӨРІНІС (СТЭМ): Бұл әлдебір сюжетке негізделген кішігірім театрландырылған қойылым. Ең басты ерекшелігі сахнада бір уақытта тек 3 адам өнер көрсете алады. Әдете көрініске 4 минут уақыт беріледі. Сондықтан оқиғаны көп созбай шиеленіскен тұстан бастаған жөн. Қойылымды бір адам ойнай ма, әлде бес кейіпкер кезектесіп шыға ма, болмаса бастан-аяқ үш адам ойнап шығады ма – ол тек команданың таңдауына байланысты. Бұл сайыста алдымен мәтін және актерлік шеберлік бағаланады. Сондықтан, актерлік шеберлігіңіз төмен болса мәтінге баса мән берген дұрыс.