Сабақтың тақырыбы: Төбешікке сатылап көтерілу. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға шаңғымен төбешікке көтерілудің шырша және баспалдақ әдісін үйрету, түсінігін кеңейту. Дамытушылық: Оқушыларға шырша және баспалдақ әдісі арқылы көтерілуде дене шынықтыру сабағына деген қызығушылығын арттырып, дене қимылын дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, салауатты өмір салтын а баулу. Сабақтың түрі: Аралас. Сабақтың әдісі: Түсіндіру, үйрету, сұрақ – жауап. Сабақтың жабдықталуы: Көрнекілік суреттер, шаңғы, аяқ киім, шаңғы таяқшасы.
Өтетін орны: Таза ауадағы спорт алаңы. Сыныбы: 4 Өтетін уақыты: 45 мин.
I. Кріспе бөлімі – 13 мин 1. Сапқа тұру, сәлемдесу, баянат беру, түгендеу, сабақтың мазмұнын қысқаша түсіндіру. 2 мин Кезекші сыныптың сабаққа дайын екендігін мұғалімге баянат ету 2. Саптағы бұрылу жаттығулары: А) оңға бұрыл Ә) солға бұрыл Б) кері бұрыл 1 мин
Дұрыс бұрылуын қадағалау 3. Жүру жаттығулары: 2 мин А) қол жоғарыда аяқтың ұшымен Ә) қол белде аяқтың өкшесімен Б) Жартылай отырып жүру В) толық отырып жүру
4. Жүгіру жаттығулары: А) Бір қалыпты жүгіру Ә) оң қапталмен жүгіру Б) сол қапталмен жүгіру В) тізені көтеріп жүгіру Г) аяқты артқа сермеп жүгіру Д) бұрыштан бұрышқа жүгіру Е) дем алу, саптық жүріс
5. Бір орында жасалатын жаттығулар: А) Аяқ иық көлемінде қол белде. Басымызды оң жаққа 1 - 2 рет, сол жаққа 3 - 4 айналдырып, 5 - 6рет қайталаймыз. Ә) Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, екі қол иықта, оң қол оң иықта, сол қол сол иықта, 1 - 2 қолды алға айналдырамыз. 3 - 4 қолды артқа айналдырамыз. Б) Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, оң қол жоғарыда, сол қол төменде, қолды ауыстырып сермейміз. В) Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, қол белде, белді оңға 1 - 2, солға 3 - 4 айналдырып, 5 - 6рет қайталаймыз. Г) Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, оң қол жоғарыда, сол қол белде, қолды ауыстырып кезек - кезек екі жаққа иілеміз. 5 - 6рет қайталаймыз. Д) Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, қол тізеде, іщке1 - 2, сыртқа 3 - 4 айналдырып, 5 - 6рет қайталаймыз. Е) Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, қолды алға созып10 - 15 рет отырып тұрамыз 5 мин Алақанды қарама - қарсы ұстаймыз Қолды белде ұстаймыз Қолды алға созамыз Қолды тізеде ұстаймыз Жүгіру жаттығулары кезінде аяқты дұрыс қою және қолдың жұмыс істеуіне мән беріп бақылау. Жылдам жүгіру
Жаттығудың бірдей жасалуына мән беру Денені тік ұстаймыз, көзді жұмбаймыз Денені тік ұстаймыз, қолдың иыққа толық тиюін және толық айналуын қадағалаймыз Денені тік ұстаймыз қолдың жазылуын, қолдың бүгілмеуін қадағалаймыз Қол белде, дұрыс еңкеюін қадағалаймыз Толық еңкейеміз Толық айналдырамыз
Дұрыс отырып тұруын қадағалаймыз II. Негізгі бөлім – 27 мин I. Оқушыларды сапқа тұрғызу.
II. Психологиялық дайындық. - Оқушыларды II - топқа бөліп, тақырыпты сурет бойынша ашады. 1 - топ «Баспалдақ» әдісі; 2 - топ «шырша» әдісімен жұмыстанады.
III. «Шырша» жасау әдісімен көтерілу;
- Суретте көріп тұрғандай «шырша» әдісімен биікке көтерілген кезде шаңғының екі басы екі жанға қарай қиғаш қойылады.
- «Шырша» жасау әдісімен көтерілу екі шаңғымен кезек аттап басу арқылы орындалады.
IV. «Баспалдақ» әдісімен көтерілу;
- «Баспалдақ» әдісімен көтерілу тік беткейге шыққанда қолданылады.
- Шаңғымен төбе басына көлденең қалыпта қойып кезекпен басу арқылы орындалады.
Тыныштық сақтау. Оқушылардың сұраққа дұрыс жауап беруіне назар аудару. Ережелерді еске сақтау. - Шаңғының екі басын алшақтатып ұстау; - Өрге шыққанда өте не алға еңкеймеу, немесе тым артқа қарай шалқаймау; - Таяққа сүйену; - Көтерілгенде шаңғымен көлденең көтерілу, аяқтарын дұрыс алу;
III. Қорытынды бөлім – 5 мин 1. Шаңғыны шешу. 2. Сапқа тұру. 3. Сабақты қорытындылау. - Кемшіліктер мен жетістіктерді атап өту. 4. Үйге тапсырма.
«Баспалдақ» әдісі мен «шырша» әдісі. 5. Қоштасу. 2 мин 1 мин Шаңғыны шешіп қарын тазарту.