-Сәлеметсіздер ме, балалар! -Сыныпта кім кезекші? -Бүгін сыныпта кім жоқ? -Бүгін қай күн? -Қазір қандай жыл мезгілі? -Бүгін аптаның қай күні? -Келесі қандай жыл мезгілі болады? -Үй жұмысын тексеру Кіріспе: Бүгін біздің сабақ саяхат – сабағы. Сендердің өткен сабақтарда оқыған тақырыптарың бойынша алған білімдерінді сынап, пысықтап, қорытынды жасаймыз, алған білім дағдыларығңды тексереміз, сондықтан бүгін сабақта сендерге сәттілік тілеймін. Оның ішінде түрлі тақырыптардағы аялдамаларға тоқталамыз. Жеке және топ бойынша жұмыс істеп, түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындап, өз білімдерінді көрсетесіңдер. Оқушылар үш топқа бөлінеді, командаларына ат қояды. І – топ: «Журналистер» Ұраны: «Ғылым - теңіз, білім - қайық. Алтын алма, білім ал». ІІ – топ: «Мұғалімдер». Ұраны: «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы». ІІІ – топ: «Дәрігерлер» Ұраны: «Әжеме тіс саламын, Көзіне әйнек тағамын, Сондықтан да өскенде Мен дәрігер боламын» Сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын анықтаңдар: Мұнайшы – нефтяник Аудармашы – переводчик Тәрбиеші – воспитатель Сәулетші – архитектор Күйші – исполнитель кюев Ғарышкер - космонавт Мәтінмен жұмыс 1.Мәтінді оқу 2. Кластер жасау 3. Мазмұндау Біздің елімізде алуан түрлі мамндық иелерін құрметпен атап өтетін жақсы дәстүр бар. Біз шахтер, металлург, артиллерист, геологтер күндерін тойлаймыз. Мұғалімдер күні де бүкілхалықтық мейрамға айналды. Мұғалім әрқашан да балалардың ортасында болады. Ол сендерді тәрбиелейді, оқытады, қоғамның саналы құрыслысшы болып шығуға баулиды. Мұғалім дегеніміз құрметті әрі жауапты мамандық. Ол балаларға деген зор сүйіспеншілікті, сонымен бірге мұғалімнің білімі мен іскерлігін ұдайы жетілдіріп отыруын қажет ететін жұмыс.Олар педагогикалық колледжі немесе институтты бітіріп, мектепте келіп, бұрынғы мұғалімдерінің бастаған игілікті істерін жалғастырады. Мәтінмен жұмыс 1.Мәтінді оқу 2. Кластер жасау 3. Мазмұндау - Монтажшы деген қандай мамандық? Монтажшы жүк көтергіш кранмен құбырдың бір бөлігін іліп алып, өз орнына апарып бекітеді, бірінші бөліктің үстіне екіншісін, екіншісінің үстіне үшіншісін орнатады. Зауыт құбыры заңғар биікке көтерілгенше осылай бірінің үстіне бірі орнатыла береді. Жоғарыда жел екпінінің күштілігі сондай, ол құрыш құбырларды жас шыбықша тербетеді. Осыған қарамастан монтажшылар қақаған аязды да, жаңбырды да, ыстықта да, жел өтінде де тұрып жұмыс істейді. Олардың көбі тұрғын үй құрылысқа зауылттардан дайын бөліктер: тіреулер, терезелер, үй қабырғалары әкелінеді. Монтажшылар бұлардан зәулім үйлер тұрғызады. Сонымен монтажшы өте маңызды әрі қажетті мамандық иесі болып тұр ғой. Мәтінмен жұмыс 1.Мәтінді оқу 2. Кластер жасау 3. Мазмұндау Мамандық таңдау Мамандық таңдау - әр адамның мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең»,- дейді халық. Барлық адамның арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді ол өз қалауымен таңдап алады. Мамандықтың түрі көп. Әнші халық алдына шығып ән салады. Дәрігер – адам өмірінің арашасы. Ұстаз шәкірттерді білімге жетелейді. Жазушы сөзбен өрнек салады. Адам жас кезінен терең білім алуға талпынады. Көп оқиды. Өз бетінше ізденеді. Басқа адамдардың өмірімен танысады. Сондықтан да бала шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады.
Кестені пайдалана отырып, сөйлемдер құрыңдар: Ғарышкер Шахтер Мұнайшы Тәрбиеші Аудармашы Сәулетші Күйші Композитор | өте қиын және керекті мамандық | болу үшін | көп оқу керек, мамандық алу керек, балаларды сүю керек, еңбек ету керек, домбыра шерте білу керек, шет тілін білк керек, жақсы сурет салу керек | Әкемнің, шешемнің, ағамның, олардың, сіздің (мамандық) | «Полиглот» ойыны. учитель- мұғалім -teacher врач- дәрігер - doctor повар –аспаз-cook продавец- сатушы-seller строитель –құрылысшы-builder художник –суретші- painter швея- тігінші-tailor доярка –сауыншы-milker Есімшені тәуелдеңдер: Жақ | Өткен шақ есімше | Келер шақ есімше | Осы шақ есімше | І Менің ІІ Сенің Сіздің ІІІ Оның | Айт+қан+ым Айт+қан+ың Айт+қан+ыңыз Айт +қан+ы | Айт+ар+ым | Айт+атын+ым | Сәйкестікті тап. «Лексика» тест. І Синонимдер Әдемі А) мейрам, мереке Уақыт В) шапшаң, тез Батыр С) көркем, әсем Той Д) мерзім, кез Жылдам Е) ер, қайсар 1______2______3______4______5______ ІІ. Антонимдер Алыс А) семіз Арық В) жеңіл Ұзын С) суық Ауыр Д) жақын Ыстық Е) қысқа 1______2______3______4______5______ ІІІ. Омонимдер. Жас А) возраст, молодой Жүз В) шило, мы Түс С) сто, лицо Біз Д) цвет, сойди 1______2______3______4______5______ Синонимдер | Антонимдер | Омонимдер | 1 – С | 1 – Д | 1 – А | 2 – Д | 2 – А | 2 – С | 3 – Е | 3 – Е | 3 – Д | 4 – А | 4 – В | 4 – В | 5 – В | 5 – С | | Тест сұрақтары. 1. Ашық буынды көрсетіңіз. А) ой В) жас С) бас Д) ал Е) қа 2. «Серт» сөзі буынның қандай түріне жататынын табыңыз. А) Төрт дыбысты ашық буын В) Екі дыбысты бітеу буын С) Төрт дыбысты тұйық буын Д) Үш дыбысты ашық буын Е) Төрт дыбысты бітеу буын 3. Бірынғай тұйық буынды сөзді көрсетіңіз. А) Ең, өте, тым. В) Аш, ат, от. С) Есім, мысал, көп. Д) Ал, жай, көр. Е) Ет, кес, аса. 4. Буынға дұрыс бөлініп тұрған сөзді көрсетіңіз. А) Ша-ппа-шот. В) Көрс-ет. С) Бас-па-сөзд-ен. Д) А-лыс-тан. Е) Ыст-ық . 5. Қазақ тілінде буынның неше түрі барын көрсетіңіз. А) 2 В) 3 С) 4 Д) 7 Е) 5 6. Ашық , тұйық , бітеу буынды сөзді табыңыз. А) Туысқан. В) Жұрағат. С) Қиылыс. Д) Жиналыс. Е) Қатысқан. 7. Тек ашық буыннан құралған сөзді табыңыз. А) Ойбай. В) Алтай. С) Өзге. Д) Шағала. Е) Қарағай. 8. Бір буынды сөзді табыңыз. А) Еңлік. В) Жалт. С) Түлік. Д) Қуатты. Е) Проект. 9. «Мемлекет» сөзінде қанша буын барын табыңыз. А) 3. В) 2. С) 6. Д) 4. Е) 5. 10. Дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталатын буын түрін анықтаңыз. А) Ашық. В) Буын С) Аралас Д) Бітеу Е) Тұйық Жауаптар: Е Е В Д В А Д В А Д | «Менің болашақ мамандығым» эссе жазу Смайликтер арқылы көңіл күйлерін білдіру Әр оқушы өзінің тілек, немесе пікір жазады белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын Жарайсындар, сабақты бәріміз жақсы игеріппіз. Сонымен сабағымыз аяқталды, сау болыңдар, балалар! |